Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 791 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2015 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жобалау ісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.»"Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 27, 304-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
      3-бөлімнің 21-тармағындағы»"алдын ала жобалау құжаттамасы бойынша" деген сөздердің алдынан»"Бюджеттік инвестициялық жобаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1-бөлім. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекітудің жалпы тәртібі
      24-1. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің, құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың сметалық құны:
      1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге тиіс;
      2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс.
      24-2. Құрылысы мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты не мемлекет кепілгерлігі есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарыз алушының ұсынуы бойынша осы Ережеде белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және қайта бекітеді.
      24-3. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы бекіту (қайта бекіту) осы Ереженің 24-1 және 24-2-тармақтарында бекітілген тәртіппен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың есеп айырысу немесе сметалық құнын көрсете отырып, жүзеге асырылады.
      Құрылыстың ұзақтығы бір жылдан жоғары объектілер бойынша жұмыстардың құны тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің негізінде анықталатын қайта есептеудің жоспарлы коэффициентін қолдана отырып, жылдар бойынша көлемді бөліп, құрылыстың нормативтік мерзімін ескере отырып анықталады.
      24-4. Ереженің 24-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау алдындағы құжаттаманы бекіту үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға:
      1) жобалау алдындағы құжаттаманы;
      2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысын;
      3) экономикалық сараптаманың қорытындысын ұсынады.
      24-5. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы бекіту үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға:
      1) жобаға түсіндірме жазбаны;
      2) жобалау-сметалық құжаттаманы;
      3) мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.
      24-6. Жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама бекітілген (қайта бекітілген) сәттен бастап оларды әзірлеу аяқталды деп саналады.";
      мынадай мазмұндағы 3-2-бөліммен толықтырылсын:
      "3-2. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы түзетудің және оларды қайтадан бекітудің (қайта бекітудің) ерекшеліктері
      24-7. Егер жобаны іске асыру басталғанға дейін немесе белгіленген объектінің құрылысы барысында оған объектінің конструктивті схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық немесе технологиялық шешімдерге әсер ететін қағидатты сипаттағы негізделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі, сондай-ақ құндық және басқа да бекітілген техника-экономикалық көрсеткіштерді қозғайтын өзге де объективті факторлар туындаса, бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қайта әзірленуі мүмкін.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету (қайта бекіту) қажеттілігі құрылыс процесінде туындаған жағдайда, құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер мен орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері бекітетін инстанцияға ұсынып отырған құжаттаманың құрамына енгізіледі.";
      көрсетілген Ережеге»"Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде пайдаланылатын ұғымдар" қосымшасы мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Қайта есептеудің жоспарлық коэффициенті - 2001 жылдың айлық есеп айырысу көрсеткішіне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында белгіленген тиісті жылдың айлық есеп айырысу көрсеткішінің өзгеру индексі".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады