Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі N 792 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.»"Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1458  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 681-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінде:

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;";

      18-тармақтың 2) тармақшасында "суда жүзетін жабайы құстардан" деген сөздер "құстардан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркеліп және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік бажды төлеп, аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгісі бар аңшылық куәлігінсіз;";
      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      мына:

"Суыр (боз суыр немесе дала суыры)

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Суыр (ұзын құйрықты немесе қызыл, сұр немесе алтайлық-тянь-шаньдық)

1 шілдеден бастап ұйқыға жатқанға дейін

Бөдене, кептер (дыркептер,
түзкептер, көк кептер, құз
кептер), түркептер (кәдімгі,
үлкен), шалшықшы (қызғыш,
күжіркей, шаушалшық, тауқұдірет,
ауылдық тауқұдіреті, маңқы, тау
маңқысы, орман маңқысы, үлкен
шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен
шырғалақ, кіші шырғалақ)

20 тамыз - 30 қараша
дейін (аң аулайтын
иттермен және қыран
құстармен 15 шілдеден
бастап ұшып кеткенге
дейін бөдене аулау,
солтүстік аймақта 15
шілдеден бастап, ұшып
кеткенге дейін
шалшықшыларды аулау)

Маймаққаз (қара жемсаулы және
қызыл жемсаулы), қаз (ақмаңдайлы,
қырманқаз, сүр) қарашақаз, үйрек
(барылдауық, отүйрек, сарыалақаз,
қырылдақ шүрегей, ысылдақ
шүрегей, даурықпа шүрегей,
бозүйрек, сарыайдар үйрек,
қылқұйрық, жалпақ тұмсық,
қызылтұмсық сүңгуір, қызыл бас
суңгуір, көк сүңгуір, айдарсыз
сүңгуір, айдарлы сүңгуір, ұшқыр
үйрек, сусылдақ, қара тұрпан,
айдарлы үйрек, секпілтас
бейнарық, бейнарық, кіші
бейнарық), қасқалдақ

20 тамыз - 15 желтоқсан аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңіне 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі

Құр, жылқышы

1 қыркүйек - 30 қараша аталықтарын көктемгі аулауға 1 наурыз - 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі

Сібір тау ешкісі, сібір елігі

1 қыркүйек - 31 желтоқсан аталығына 1 тамыздан бастап" 

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:  

"Суырлар*

15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы

1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін (аталық жылқышыны көктемгі аулауға 1 наурыз- 30 сәуір кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, кептер, түркептер

20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ

1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Құр

1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін (аталық құрларды көктемгі
аулауға 1 наурыз - 15
мамыр кезеңінде 15
күнтізбелік күннен
аспайтын мерзімге
рұқсат етіледі)

Сібір елігі

20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі

1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады