"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі N 810 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

    Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1,4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      1) 100-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 144-баптың 27) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 320-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айда есептелген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.";
      2-тармақтағы "аталған әлеуметтік жәрдемақылардың төленген" деген сөздер "аталған әлеуметтік жәрдемақының төленген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж.,№ N 9, 65-құжат; Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      1) 50-баптың 3-тармағындағы "жүктілігі мен босануына байланысты берілетін жәрдемақыларды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 113-бапта:
      1-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы "ақылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      3) 159-бапта:
      тақырыбындағы "жәрдемақылар" деген сөз "жәрдемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "жәрдемақылар" деген сөз "жәрдемақы" деген сөзбен ауыстырылсын, ", жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) демалыста болу уақыты үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) 193, 194-баптардың тақырыбындағы және мәтіндегі "ақылы" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 317-баптың 1-тармағы 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлерге арнаулы киім мен аяқ киім беруді және оларды жөндеуді қамтамасыз етуге, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес оларды профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауға;";
      6) 328-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жатады.";
      4) тармақшадағы "жатады" деген сөз алынып тасталсын;
      7) 331-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары:
      1) уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзіреті шегінде хабардар етуге;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жағдайы туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес жүргізуге және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын ұсынуға міндетті.".
      3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39- құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20- құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      1) 14-баптың 3-тармағындағы "он бес еселенген" деген сөздер "жиырма бес еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13- құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 157-құжат; 2005 ж., N 23, 98-құжат; 2006 ж., N 12, 69-құжат):
      1) тақырыбы, кіріспесі мен 1-баптың 1) тармақшасы "жұмыстарда" деген сөзден кейін "немесе еңбек жағдайлары зиянды әрі ауыр жұмыстарда" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
      1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін N 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтар:
      еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
      әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
      2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін N 2 Тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген жұмыс стажы бар азаматтар:
      еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
      әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жыл аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
      3. Осы Заңға сәйкес N 2 Тізім бойынша талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда N 1 Тізім бойынша жұмыс стажы есепке алынады.".
      4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті тәртіппен шыққан азаматтарға қолданылмайды."6
      3) 6-бапта:
      тақырыбындағы "мөлшері" деген сөз "мөлшерлері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 1 Тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің N 2 Тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.".
      5. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      1) 1-бапта:
      9) тармақша "асыраушысынан айрылуына" деген сөздерден кейін ", жүкті болуына, босануына және бала бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) тармақша "асыраушысынан айрылуына" деген сөздерден кейін ", жүкті болуына, босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) жүкті болған және босанған жағдай;
      5) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жағдай.";
      12-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент;
      2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент.";
      2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының заң актілерінде" деген сөздер "тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 процент, бірақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 4 процентінен кем емес;
      2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 процент, бірақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 процентінен кем емес мөлшерде болады.";
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "болады" деген сөз алынып тасталсын;
      5) 16-баптың тақырыбы "төлеу" деген сөзден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Әлеуметтік аударымдарды төлеу және аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      6) 20-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.
      Қордан әлеуметтік төлемдер алу құқығы:
      еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда - әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;
      асыраушысынан айрылған жағдайда - қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап, не азаматты хабарсыз кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап;
      жұмысынан айрылған жағдайда - ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген күнінен бастап;
      жүкті болған және босанған жағдайда - еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген, жүкті болуы және босануына байланысты демалыс берілген күннен бастап;
      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жағдайда - баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап туындайды.
      Бұл орайда, Қордан жұмысынан айрылған, жүкті болған және босанған, бала бір жасқа дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейінгі он екі айдан асырмай тағайындалады.";
      7-тармақ "тағайындауға" деген сөзден кейін "21-баптың 2-тармағында, 22-баптың 4-тармағында, 23-баптың 2-тармағында, 23-1-баптың 2-тармағында және 23-2-баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса" деген сөздермен толықтырылсын;
      21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "мәліметтер" деген сөзден кейін "(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе адрес бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "бір жарым жасқа" деген сөздер "үш жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 23-баптың 2-тармағының 2-тармақшасы "мәліметтер" деген сөзден кейін "(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе адрес бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:
      "23-1-бап. Жүкті болған және босанған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және оның мөлшері
      1. Жүкті болған және босанған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
      2. Жүкті болған және босанған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе адрес бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
      3) еңбекке жарамсыздық парағы;
      4) салық төлеушінің куәлігі;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.
      3. Жүкті болған және босанған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем белгіленген тәртіппен берілген жүктілігі және босанғаны жөніндегі еңбекке жарамсыздығы парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады.
      4. Жүкті болуы және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы он екі күнтізбелік айда алынған орташа табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған, немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
      Ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдердің жүкті болуы және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтаған кезде 5,7 коэффициенті, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда - 6,2 коэффициенті қолданылады.
      Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтау кезінде - 1,9 коэффициенті қолданылады.
      Табыстың орташа айлық мөлшері, егер осы ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, әлеуметтік қатер жағдайы басталған айды қоса, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген барлық табыстың сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
      Егер әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен артық болса, онда қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табысы табыс ретінде алынады.
      23-2-бап. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің тағайындалуы және оның мөлшері
      1. Бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем бала күтімін жүзеге асырушы және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алу құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
      2. Екі және одан да көп бала туған жағдайда балалар бір жасқа толғанға дейін олардың күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем әр балаға жеке тағайындалады.
      3. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе адрес бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
      3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері), сондай-ақ салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
      4) салық төлеушінің куәлігі;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі.
      4. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген күннен бастап ол бір жасқа толған күнге дейін тағайындалады.
      5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер орташа айлық табыс мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.
      Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер осы ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, әлеуметтік қатер жағдайы басталған айды қоса, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген барлық табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
      Табысты алмастыру коэффициенті - 0,4 құрайды.
      Бұл орайда, әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық процентінен аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс";
      11) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу және арттыру Қордан берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
      Қордан берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.";
      12) 26-бапта:
      бірінші бөлікте "жұмысынан айрылған жағдайда" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жүкті болған, босанған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлігі алынып тасталсын.
      6. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
      мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      "16-1-бап. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі
      психоневрологиялық аурулар қатарындағы
      мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік
      көмек
      1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж (бұдан әрі - қамқорлықтағылар) мүгедектерге берілетін әлеуметтік төлемдер қамқоршылары (бұдан әрі - медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі) екінші деңгейдегі банктерде ашатын олардың банк шоттарына есептеледі және медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі оны қосымша тамақ, дәрі-дәрмек, киім, аяқ-киім, төсек-орын және іш киім, бірінші қажеттіліктегі заттар, жұмсақ және қатты инвентарь, санитарлық гигиена және медициналық көмек құралдарын сатып алу үшін қамқорлықтағылардың жеке мұқтажына қатаң түрде жұмсайды.
      2. Медициналық-әлеуметтік мекеменің әкімшілігі қамқорлықтағылардың алынған әлеуметтік төлемдерінің пайдаланылуы туралы есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің қамқорлықтағылардың әлеуметтік төлемдерін дұрыс жұмсауына бақылауды жүзеге асырады.".
      7. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 12, 44-құжат):
      1-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "толғанға дейін" деген сөздер "толған күнін қоса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
      бала күтімін жүзеге асыратын адам, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
      2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда;";
      3) 5-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);";
      4) тармақша "(азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе адрес бюросының анықтамасы немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 8-баптың 1-тармағында:
      "толғанға дейін" деген сөздер "толған күнін қоса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын, 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.";
      5) 10-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктің 1), 2) тармақшаларындағы "15", "3", "3,5", "4", "4,5" деген сандар тиісінше "30", "5", "5,5", "6", "6,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте "Жәрдемақы" деген сөз "Жәрдемақылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "мүмкін" деген сөзден кейін "немесе оны алу құқығына әсер ететін" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, қайта есептеу анықтау фактісі бойынша жүргізіледі.";
      6) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) өтініш берушінің жәрдемақыны (жәрдемақыларды) заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер беруі негіз болып табылады.";
      2) тармақшадағы "негіз болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жәрдемақыны төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап, жәрдемақы тағайындалған кезеңге тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтаруға жатады.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жәрдемақылар қайтыс болған айды қоса төленеді.".
      2-бап. Осы Заң бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларын қоспағанда, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады