Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 827 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Жедел жұмысты жүзеге асыру және арнайы су көлігін оңтайлы пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлімде:

      "Теңіз" деген бағанда:

      "Атырау" деген жолдағы "1" деген сан алынып тасталсын;

      "Маңғыстау" деген жол "1" деген санмен толықтырылсын;

      "Шағын көлемді" деген бағанда:

      "Алматы" және "Атырау" деген жолдардағы "2" және "1" деген сандар тиісінше "1" және "2" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады