Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.19. N 162 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1.»"Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламада:
"Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Жергілікті мемлекеттік органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру" деген 5-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5.5-жолдың 5-бағанында»"2007 жылдың ақпаны" деген сөздер "2008 жылдың ақпаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі