Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 850 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 957 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.11.2015 № 957 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына және 230-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2007 жылғы 27 қыркүйектегі
N 350 қаулысымен     
бекітілген        

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі

      Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерінің лауазымдары:
      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде:
      жоғары оқу орны (ЖОО);
      ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ);
      орталық (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауіпсіздігі саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-енгізу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндірістік, өндірістік, жобалау-іздестіру, зейнетақы төлеу жөніндегі);
      біліктілікті арттыру институты;
      институт;
      ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиника;
      мәдениет және мұрағат ісі, спорт;
      ЖОО оқу-есептеу орталығы;
      зертхана; жасақ; қызмет;
      су жолдары қазыналық кәсіпорны;
      мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемесі құрамындағы станция (оның ішінде автоматтық), тренажер, гарнизондық жатақхана;
      сауда өкілдігі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші).
      2. Бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі), филиал, факультет), оның ішінде:
      азаматтық қорғаныс штабы (оның ішінде ЖОО); кафедра; кабинет; суда құтқару қызметі; бөлімше; станция; филиал; шлюз; кешен; цикл;
      зертхана; жасақ; қызмет; орталық;
      су жолдары қазыналық кәсіпорны;
      көркемдік жетекші;
      консультация; инспекция;
      ЖОО кітапханасы; бөлім (қызмет); жасақ; суда құтқару қызметі топтары;
      халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залы;
      топ;
      ғылыми-практикалық орталық;
      біліктілікті арттыру институты; институт;
      әдістемелік кабинет басшысы.
      Бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі), филиал, факультет), оның ішінде:
      халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық залы;
      станция, шлюз, кешен, цикл;
      зертхана; жасақ; қызмет; орталық;
      су жолдары қазыналық кәсіпорны;
      топ;
      консультация; инспекция басшысының орынбасары.
      3. Әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің, оның ішінде: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшіру-көбейту), монша, вивария, бейнетека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киім бөлмесі, жылу қазандығы, сүтхана, жатақхана, кір жуатын бөлме, жалға беру пункті, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлім, экспедиция басшысы.
      4. Дәріхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, ЖОО-ның аспирантурасы, база, монша-кір жуу комбинаты, бассейн (соның ішінде ЖОО-ның), кітапхана, интернат, клуб, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, ЖОО-ның лагері, шеберхана, жөндеу-механикалық шеберхана, мұражай, кинофильмдерді жалға беру бөлімшесі, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы), өндіріс, арнайы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдаланушылық-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт құрылыстары, стадион, асхана, труппа, оқу кабинеті, оқу зертханасы (оның ішінде ЖОО-ның), бөлім (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цех меңгерушісі.
      5. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, агроном, агрохимик, әкімші, аккомпаниатор, акушер, актер, әртіс, археограф, мұрағатшы, сәулетші, маманның ассистенті (көмекшісі), режиссердің ассистенті, карантиндік зертхана бактериологы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, биохимик (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), бухгалтер, карантиндік зертхана вирусологы, мал дәрігері, мал фельдшері, жетекші, тәрбиеші, гельминтолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), геодезист, герболог (оның ішінде карантиндік зертхананың), гидрогеолог, гидротехник, емдәм бикесі, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, флот жөніндегі диспетчер, дыбыс режиссері, зоотехник, тіс дәрігері, тіс технигі, инспектор, барлық мамандықтағы инженер (оның ішінде геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженері), нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), капитан, кинорежиссер, кинооператор, командир, конструктор, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), концертмейстер, корректор, мәдени ұйымдастырушы, тілші, зертханашы, орманшы, шебер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, менеджер, әдістемеші, механик, миколог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), микробиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), музыкалық жетекші, музыкатанушы, қоюшы оператор, кинобейнепроекциялық аппаратураны басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, аң аулау маманы, палеограф, паразитолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), аудармашы, режиссердің көмекшісі, жетекшінің көмекшісі (оның ішінде ЖОО, ҒЗИ, ұлттық ғылыми-практикалық орталық), оқытушы, провизор, бағдарламашы, жобалаушы, продюсер, жұмыс жүргізуші (прораб), психолог, радиолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), редактор, режиссер, қоюшы режиссер, репетитор, рентген зертханашысы, референт, үйірме жетекшісі, балық өсіруші, селекционер, күкірттанушы (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), солист, әлеуметтанушы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, құтқарушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мамандандырылған медициналық бике, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, зерттеуші-тағылымдамадан өтуші, статистик, технолог, барлық атаудағы техниктер, ветеринарлық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), фармацевт, фельдшер (-зертханашы), фитопатолог (оның ішінде карантиндік зертхананың), шкипер, штурман, эколог, экономист, энергетик, экскурсовод, электроншы, карантиндік зертхананың энтомологы, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), заң кеңесшісі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші), академик-хатшы, ғалым хатшы (оның ішінде бас), кеңесші, профессор, доцент, сарапшы (оның ішінде жетекші, бас).
      7. Техникалық орындаушылар, оның ішінде: мұрағатшы; ассистент, кезекші әкімші; рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодтаушы; кодификатор; комендант; билет тексеруші; көшіруші; шетел мәтінімен жұмыс істейтін, диктофондық топтың, редакцияның, бюроның машинисткасы, машинист-стенографисші; әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, телевизиялық жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі, кассалық, дизельдік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшіру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасы, байланыс жүйелері, қауіпсіздік қызметі, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызмет операторы; күзетші, паспортшы; медициналық бикенің, тәрбиешінің кемекшісі; баспасөз хатшысы; тіркеуші; хатшы; хатшы-машинист; хатшы-стенографист; оқу бөлімінің хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргізуші; табельші; есепке алушы; фельдъегерь; экспонат сақтаушы; сызушы, экспедитор.
      8. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес еңбегі кәсіби даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар.
      Ескертпе:
      Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолданылады, сондай-ақ мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша қызметкерлердің функционалдық міндеттерін ескере отырып, өзге де лауазым атаулары теңестіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады