"Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 860 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.10.29. N 1005 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер
енгізу туралы

      1-бап. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы, 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 316-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) шетел валютасынан басқа, әкелінетін тауарларға декларант растаған жөнелтуші елдің кеден декларациясының немесе оны алмастыратын құжаттың көшірмесі";
      2) 383-баптың 1-тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "шетел валютасынан басқа, әкелінетін тауарларға декларант растаған жөнелтуші елдің кеден декларациясының немесе оны алмастыратын құжаттың көшірмесі";
      2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады