Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің шекара және өзге де ведомстволарының
сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда
болуы және оны реттеу (жою) кезінде көмек
көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы
ережені бекіту туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттері;
халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормаларын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізге алған құжаттарын басшылыққа ала отырып,
Тараптардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуын қамтамасыз етуші ажырамайтын шарттары болып табылатын бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауды тани отырып,
1996 жылғы 17 мамырдағы сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара әрекеттестігі туралы Келісімді бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында,
төмендегі туралы келісті:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы Хаттама Тараптар қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы депозитаримен үшінші хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осындай рәсімдерді кеш орындаған мемлекеттер үшін, ол депозитаримен тиісті хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
3. Ережеге осы хаттаманың 2-тармағында қарастырылған тәртіпте күшіне енетін жеке хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
4. Осы хаттама күшіне енгеннен кейін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін ол депозитаримен тиісті хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткеннен соң күшіне енеді.
5. Әрбір Тарап шығуына дейін алты айдан кешіктірмей депозитариға осы туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы хаттамадан шыға алады. Осы Хаттамадан шығу мемлекетті осы Хаттаманың Тарапы болған уақытта, ол алған қаржылық міндеттерден босатпайды.
200__жылғы "_____"__________ _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данасында жасалды. Түпнұсқалық дана осы Хаттамаға қол қоюшы әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасы үшін
Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін
Түркіменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғызстан Республикасы үшін
Украина үшін
Жоба
________ жылғы "___"__________
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің шекара
және өзге де ведомстволарының
сыртқы шекараларда дағдарысты
жағдайлардың пайда болуы және
оны реттеу (жою) кезінде көмек
көрсетуде өзара іс-қимылын
ұйымдастыру туралы ережені
бекіту туралы хаттамаға қосымша
Сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда
болуы және реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттері
шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара
әрекеттесуін ұйымдастыру жөніндегі
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және реттеу (жою) кезінде өзара көмек көрсетуде ТМД қатысушы мемлекеттерінің шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың және тетігінің негізін белгілейді.
I. Жалпы ережелер
1.1. ТМД қатысушы мемлекеттерінің сыртқы шекараларында дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және реттеу (жою) кезіндегі қызметінің құқықтық негізі халықаралық құқықтың, ТМД қатысушы мемлекеттері заңнамаларының, БҰҰ Жарғысының және басқа да халықаралық, оның ішінде ТМД шеңберінде жасалған шарттардың (келісімдердің), сондай-ақ осы Ереженің көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормалары болып табылады.
1.2. Осы Ережеге байланысты терминдер (анықтамалар) мыналарды білдіреді:
"сыртқы шекаралар" - ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен, ТМД қатысушы мемлекеттері мемлекеттік шекараларының учаскелері;
"дағдарысты жағдай" - сыртқы шекаралар учаскелеріндегі жағдайды тұрақсыздандыратын және оның тұрақтылығы үшін ұжымдық шараларды қабылдауды талап ететін әскери-саяси және әлеуметтік жанжалдардың жиынтығы;
"дағдарысты жағдайды реттеу (жою)" - дағдарысты жағдайларды шектеуге, тұрақтандыруға және жоюға бағытталған Тараптардың келісілген шұғыл ұйымдастырушылық және нақты шаралар кешені;
"Тараптар" - осы Ережеде белгіленген келісілген іс-шаралар кешенін өткізуге қатысушы ТМД қатысушы мемлекеттері;
"сұрау салатын Тарап" - оның сыртқы шекарасы учаскесінде дағдарысты жағдай пайда болған кезде көмек көрсету туралы сұрау салатын Тарап;
"сұрау салынатын Тарап" - сұрау салатын Тарапқа оның сыртқы шекара учаскесінде пайда болған дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөнінде көмек көрсету туралы сұраумен өтініш білдіретін Тарап;
"қабылдаушы Тарап" - күшпен құрылған топтардың дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі міндеттерін шешетін сыртқы шекарадағы Тарап;
"бағыттаушы Тарап" - сұрау салатын Тараптың өтініші бойынша құрылатын топтардың құрамына шекаралық және басқа да ведомстволардың құрамаларына бағыттайтын Тарап;
"құзыретті органдар" - осы Ережені іске асыру бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті Тараптардың мемлекеттік билік органдары;
"шекаралық ведомстволар" - осы құжаттың мақсаттары үшін олардың мемлекеттік шекараларын қорғау және күзету функциясын ТМД қатысушы мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес жүзеге асырушы мемлекеттік құрылымдар;
"басқа да ведомстволар" - дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және реттеуі кезінде өзара әрекеттестік жасайтын Тараптармен уәкілдендірілген мемлекеттік органдар;
"мандат" - топтардың уәкілеттілігін, құрамын, дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) міндеттері мен мерзімін, топтарды енгізу-шығару тәртібін белгілейтін құжат;
"топ" - дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) үшін Тараптармен бағытталған шекаралық және басқа да ведомстволар күштері мен құралдарының жиынтығы;
"бірлескен штаб" - топтарды басқару үшін тікелей көзделген уақытша басқарушы орган;
"топтардың мәртебесі" - дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) мақсатында қабылдаушы Топтардың аумағында уақытша орналасқан Тараптар құрамаларының құқықтық ережесі;
"топтардың жеке құрамы" - Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволар құрамында қызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ топтар немесе азаматтық мамандар ретінде қалыптастыруға уақытша жіберілгендер құрамына кіретін әскери бөлімдерде, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін азаматтық тұлғалар (азаматтық персонал);
"дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және оны реттеу (жою) кезіндегі өзара әрекет" - дағдарысты жағдайды ең тиімді реттеу (жою) үшін Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарының мақсаттары, міндеттері, тәсілдері, орындары және уақыттары бойынша келісілген өзара әрекеттері;
"өзара әрекетті ұйымдастыру" - Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволары әрекеттерінің келісуі бойынша басқару және қамтамасыз ету тәртібін анықтау, сондай-ақ дағдарысты жағдайларды реттеуде (жоюда) бірлесе орындауда олардың күштерін бірлестіруге Тараптармен алдын ала жүргізілген іс-шаралардың өзара байланысқан кешені;
"құрамалардың қозғалмалы мүлігі" - құрамалардың жұмыс істеуі үшін қажет Тараптардың штаттық (табельдік) меншігі болып табылатын әскери-техникалық мүлігі, қару-жарақтардың, әскери техниканың, көліктің және басқа материалдық-техникалық құралдардың барлық түрлері;
"қозғалмайтын мүліктер (қозғалмайтын мүлік нысандары)" - жер учаскелері және оларда орналасқан басқа казармалар мен тұрғын үй-жайлар, коммуналдық құрылыстар, әскери кәсіпорындар (мекемелер), кірме темір жолдар, аэродромдар, оқу орталықтары және полигондар, байланыстың стационарлық басқару пункттері мен тораптары, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз етудің стационарлық құралдары, арсеналдардың ғимараттары мен құрылыстары, сақтау базалары, қоймалары және қабылдайтын Тараптардың меншігі болып табылатын және оның келісімімен басқа Тараптар құрылымдарының уақытша пайдалануындағы басқа объектілердің инфрақұрылымдары.
II. Ұйымдастырудың негізі және өзара әрекеттесу тетігі
2.1. Тараптардың әрқайсысы өз заңнамаларына сәйкес дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында топтардың құрамына қосу үшін құрамаларды алдын ала анықтайды. Сыртқы шекарадағы жағдай туралы ақпаратты жинақтауды Шекаралық әскерлер қолбасшылығы Кеңесінің Үйлестіру қызметі жүзеге асырады және дайындалған материалдарды Тараптардың шекаралық ведомстволары басшыларына жолдайды.
2.2. Топтардың күштері, құралдары және болу шарттарының қажеттілігі әрбір нақты жағдайда шешілетін міндеттерге сәйкес анықталады және келісім бойынша нақтылануы мүмкін.
Дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) міндеттерін орындау үшін Тараптармен:
Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволары өзара әрекеттерінің жоспарларын әзірлеу және уақытылы нақтылау;
топтардың құрамы мен санын анықтау, оны қару-жарақтармен және әскери техникалармен, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі ескертпелік сипаттағы бірінші кезекті іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
топты басқаруды, хабарландыруды және жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) барысындағы әрекетке жеке құрамды моральдық-психологиялық дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүргізу қосылған күштер мен құралдарды алдын ала дайындау жүргізіледі.
2.3. Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволық өзара әрекеттері:
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) барысында бірлескен іс-шараларды жүргізу және қамтамасыз етуде жағдайды болжаудағы әрекеттерін үйлестіру;
міндеттер, бағыттар, шептер және уақыттары бойынша күш пен құралдар әрекеттерінің жалпы тәртібін, бірізділігін және нақты тәсілдерін жасау;
Топ құрамаларының барлық басшылығымен әр түрлі дағдарысты жағдайдағы мақсаттарды, міндеттерді және тәсілдерді түсінуге бірыңғай көзқарасты анықтау;
дағдарысты жағдайдың дамуын болжауынан шыға отырып бірлескен әрекеттерінің нұсқаларын келісу;
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі әрекеттерге тартылатын барлық күштер мен құралдардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін жан-жақты іс-шаралар өндіру;
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі міндеттерді топтардың орындауын қамтамасыз ету;
шекара күзетінің күшейтілген режимінде дағдарысты жағдайды реттеу (жою) барысында сыртқы шекара учаскелерінің күзетін қамтамасыз ету;
Тараптар аумағына енген террорлық топтар және заңсыз қаруланған құрамаларды іздеу мен жою;
Шектес мемлекеттер азаматтарының Тараптар аумағына санкциясыз, бұқаралық кіруінің алдын алу, дағдарысты жағдай болған сыртқы шекара учаскелері арқылы босқындардың өтуін ұйымдастыру;
арнайы шекаралық операциялар, кешенді жедел-іздестіру және алдын алу шараларын жүргізу;
Тараптардың Мемлекеттік шекара арқылы жарылғыш заттары, қару-жарақтар, жарылғыш қондырғылары, қару және оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуін сақтандыру;
Тараптардың мемлекеттік шекарасы арқылы олардың аумағына террорлық топтардың және оларға қатысты тұлғаларды анықтау және қозғалыс бағыттарын жабу мақсаттарында жүзеге асырылады.
2.4. Дағдарысты жағдайды реттеуге (жоюға) қатысқан Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволары арасындағы әрекеттердің мақсаттары, міндеттері, орындары (нысандары), уақыттары, бағыттары және түрлері бойынша өзара әрекеттері ұйымдастырылады. Бұдан толық өзара әрекет жақын арадағы міндеттерді орындау кезеңіне және негізгі күштер шоғырланған бағыттарда ұйымдастырылады.
2.5. Бірлескен өзара әрекеттерді әзірлеу Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарымен алдын ала жүзеге асырылады.
Өзара әрекет жоспарының мәні:
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) тәртібінен;
дағдарысты жағдайдың дамуы ықтимал ауданда сыртқы шекара күзетінің тәртібінен;
сыртқы шекара күзетінің уақытша шебі және олардағы әрекеттер тәртібінен;
Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволары бөлімшелерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аудандарға шығаруға арналған бағдарлардан;
дағдарысты жағдайдың салдарын жою тәртібінен;
шекара өкілеттілігінің жұмыстары жөніндегі міндеттер мен іс-шаралардан тұрады.
Өзара әрекеттесулер жоспары түсіндірме жазбасы бар картада әзірленеді және екі данада рәсімделеді. Бірінші дана қабылдайтын Тараптың шекаралық ведомствосында, екіншісі - оны қалыптастырғаннан кейін Бірлескен штабқа беріледі. Қажеттілігіне байланысты, өзара келісім бойынша даналардың саны көп болуы да мүмкін.
Картада графикалық:
дағдарысты жағдайдың ықтимал дамуы;
топтың ықтимал құрамы;
жауапты учаскелер (аудандар), топ бөлімшелерінің қойылған жерлері;
дағдарысты жағдайларды реттеу (жою) кезінде топтар және өзара әрекеттесетін бөлімшелер әрекеттерінің құрамы, міндеттері мен ықтимал сипаты;
топ бөлімшелерінің дағдарысты жағдайды реттеу (жою) үшін бөлінген қозғалу бағдарлары, кездесу пункттері және шоғырланған уақыттары;
басқару пункттерінің орналасқан орындары;
әрекет учаскелерінде (аудандарда) инженерлік бөгеттер қондырғыларының орындары:
Тараптардың құрамын, орналасқан жерлері мен қорларды қолдану тәртібі көрінеді;
дағдарысты жағдай ерекшелігімен негізделетін басқа мәселелер көрсетіледі.
2.6. Күнделікті әрекеттер жағдайында Тараптар өзара әрекетті келесі жолдармен ұйымдастырады:
дағдарысты жағдайды реттеу (жою) тәртібін реттейтін құжаттарды әзірлеуге бірлесіп қатысу;
өзара әрекеттесу жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жаттығулар, оқулар өткізу;
дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі міндеттерді орындау барысындағы бірлескен әрекеттерді, оның ішінде басқару және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде келісу;
Тараптардың құзыретіне қатысты ақпараттарды өзара алмасу;
дағдарыстық жағдай барысында басқару органдарын іс-әрекетке үйрету;
дағдарыстық жағдайды ескерту және реттеу (жою) мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу;
бірлесіп өзара әрекеттесу жоспарларын әзірлеу (нақтылау) және өзге де мәселелерді шешу.
2.7. Тараптардың құрамаларын бірлесіп әзірлеу жаттығулар, басшылық-штабтық және жедел-тактикалық оқулар өткізу барысында жүзеге асырылады.
Тараптар өзара келісім негізінде дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі мүмкін әрекеттерді жасай алатын құрамалардың бірлескен оқуларын өткізе алады.
2.8. Тараптардың бірінің сыртқы шекара учаскелерінің бірінде дағдарыстық жағдай пайда болған немесе пайда болу қаупі бар жағдайда оның өтініші немесе басқа да Тараптардың өтініші бойынша тез арада осы учаскелерде қалыпты жағдайды қамтамасыз етудің кешенді шараларын анықтау мақсатында консультация өткізіледі.
2.9. Тараптар консультациясы құзыретті органдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізу жолымен немесе оларды қызықтыратын мәселелер жөніндегі ақпараттарды құжаттамалық алмасу түрінде өткізіледі.
2.10. Сұрау салатын Тарап және/немесе басқа да Тараптар қажетті негіздемемен Тараптарға консультация өткізу жөніндегі өз ойларын жазбаша хабарлайды.
Хатта (ұсыныста) талдау үшін ұсынылған мәселелер тізімі, консультация мақсаты, қатысушылардың құрамы және олардың құзыреті, кездесуді өткізу нысаны, уақыты және орны, консультацияның ықтимал ұзақтығы көрсетіледі.
2.11. Сұрау салатын Тарап және/немесе басқа да Тараптар өтініш білдірген Тараптар түскен ұсыныстың мәні бойынша барынша қысқа мерзімде нақты жауап береді.
Консультация барысында талдауға ұсынылатын құжаттар жобасын алдын-ала әзірлеумен сұрау салатын Тарап айналысады.
Консультация сұрау салатын Тараптың аумағында өткізіледі. Оларды өткізуге қатысты шығындар сұрау салатын Тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Консультациялар жасырын негізде өткізіледі. Өткізілген жасырын кездесу және оның қорытындысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру немесе оларды өзгеше жариялау туралы шешім Тараптармен келісіледі және қабылданады.
2.12. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі шешімді мандатты бекітетін және топты тікелей басқару үшін топтың басшысын (қолбасшыны) тағайындайтын Хаттамаға қатысушы - мемлекеттер басшылары қабылдайды.
2.13. Топтың басшысы (қолбасшысы) сұрау салатын Тараптың келісімі бойынша дағдарыстық жағдайдың дамуы мен күрделілігіне қатысты Біріккен штабтың құрылымын, оның бөлімшелерінің сандық құрамын, міндеті мен функцияларын анықтайды.
Біріккен штабтың құрамына Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволарының өкілдері кіреді.
Топта орыс тілі жұмыс тілі болып табылады.
2.14. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) шараларын жоспарлау және орындау барысында Біріккен штаб:
дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі шараларды әзірлеуге;
өзара әрекеттесудің біріккен жоспарын нақтылауға, оның орындалуын ұйымдастыруға;
өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
дағдарыстық жағдайды реттеуге (жоюға) қатысушы Тараптардың шекаралық және басқа да ведомстволары құрамаларының қызметін үйлестіруге және олардың арасында тығыз қарым-қатынас ұйымдастыруға;
дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі шараларды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыруға;
қабылдаушы Тарапты дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі өткізіліп жатқан шаралар туралы уақытында хабарлауға;
топтың күші мен құралдарын дағдарыстық жағдайда әрекетке дайындыққа келтіруге міндетті.
2.15. Қабылдаушы Тараптың және/немесе бастамасы бойынша келісімімен оның бөлінген жергілікті жері (ауданы) және нысаны аумағының учаскесі шеңберінде топпен қойылған міндеттерді орындауға байланысты жедел және жауынгерлік дайындық бойынша басшылық-штабтық және әскери оқулар, өзге де шаралар өткізілуі мүмкін.
Сонымен қатар, оқуларды өткізудің ауданы, тәртібі және мерзімі, қатысушы құрамалардың саны, олардың қозғалу бағдары, жауынгерлік атулардың кезеңдері, қауіпсіздік аумағы, экологиялық және өзге де мәселелер Қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарымен топтың басшысымен (қолбасшысымен) келісіледі.
Бұл іс-шараларды бөлінген аудандар мен нысандардан тыс жерде өткізуге қабылдаушы Тараптың құзыретті органының келісімі бойынша ғана жол беріледі.
2.16. Дағдарыстық жағдай пайда болғанда Тараптар жедел (кезекшілік) қызмет желісі бойынша:
дағдарыстық жағдайдың пайда болу мерзімі және уақыты (мәскеулік);
дағдарыстық жағдайдың пайда болу орны (шекаралық бірлестіктің (құралымның) учаскесі, өңірі, республикасы, аймағы, облысы, елді мекені);
дағдарыстық жағдайдың пайда болу себебі;
дағдарыстық жағдайдың таралу аймағы;
дағдарыстық жағдайды реттеуге (жоюға) жұмылдырылған күштер мен құралдар туралы хабар береді.
Қабылданған шешімдер туралы және өзара әрекеттесу жоспарын іске қосу туралы өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады және Тараптардың құзыретті органдарына баяндама ұсынылады.
2.17. Қабылдаушы Тарап жеке құрамды, техниканы, қару-жарақты, арнайы құралдарды және топтарды қабылдау мен орналастыру бойынша қамтамасыз ету материалдарын жеткізу үшін, сонымен қатар оны аэродромдармен, тіреу пункттерімен, теміржол кіреберіс жолдарымен, көлікпен, пошталық және өзге байланыс түрлерімен, тамақпен, электроэнергиямен, сумен қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайды, қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде коммуналдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетеді, топқа есептік-кассалық қызмет көрсетуді толық көлемде жүзеге асырады және Тараптармен топтың кедергісіз қозғалуы мәселелерін келіседі.
2.18. Тараптар Тараптардың құрамаларының және олардың жүктерінің белгіленген орынға өз аумақтары бойынша кедергісіз қозғалуын, сонымен катар оларға алдын-ала тапсырыстың негізінде теміржолдық, автомобильдік, теңіздік, өзен және әуе көліктері мен көлік коммуникациясын бірінші кезекте ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тараптар құрамаларының авиация ұшулары маршруттар бойынша, сонымен қатар қабылдаушы Тараптардың әуе бақылау органдарымен және әуе қозғалысын басқару органдарымен, әскери басқару органдарымен келісілген аймақтарда (аудандарда) орындалады. Қабылдау, аэродромдық-техникалық қамтамасыз ету және әскери және азаматтық аэродромдарда әуе кемелерін күзету Тараптардың аэродромдық қызметтері қайтарымсыз жүзеге асырады.
Тараптардың құрамаларының корабльдер мен кемелерінің Қабылдаушы Тараптың сулары мен олардың порттарында болуы қойылған міндеттерді орындауға қажеттілік есебімен қабылдаушы Тараптар белгілеген тәртіппен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Топ құрамаларының қабылдаушы Тараптың аумағындағы қозғалысы қабылдаушы Тараптың құзыретті органның арнайы келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Қабылдаушы Тарап аумағында топтардың немесе олардың жекелеген құрамалардың қозғалысы қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарының бақылауымен жүргізіледі.
Тараптық болып есептелмейтін, мемлекеттің аумағы бойынша топтардың немесе олардың жекелеген құрамаларының транзиттік қозғалысы тәртібі мен жағдайларына қатысты мәселелерді, аумағы бойынша транзит жүзеге асырылатын мемлекетпен бірлесе отырып сұрау салатын Тарап шешеді.
2.19. Қабылдаушы Тарап басқа Тараптарды өзінің мемлекеттік шекарасын кесіп өту орны, уақыты және тәртібі туралы жазбаша хабарлайды және бару ауданына немесе транзитпен кетіп бара жатқан әскери эшелеондардың, әуе және теңіз (өзен) кемелері мен корабльдердің, жеке Құрам мінген, техника, қару-жарақ және басқа да материалдық-техникалық құралдары тиелген автомобильдер легін өзінің аумағында кедергісіз және тегін орын ауыстыруына қажетті жағдайлар жасайды, сонымен катар инфрақұрылым объектілеріне орналасуды және қолдануды тегін қамтамасыз етеді.
Дағдарысты жағдайды реттеу (жою) жөніндегі іс-шараларды өткізудің тиімділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында Тараптар дағдарысты жағдайды реттеу (жою) орнына бара жатқан топтардың құрамаларына мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұлттық заңнамамен белгіленген тәртіптердің орындалуын жеделдетуді қамтамасыз етеді.
2.20. Топтық құрылымның жетекшісі Тараптың мемлекеттік шекарасы арқылы еткізу пунктінде осы Тараптың өкілетті органымен расталған жеке құрамның есімдік тізімін, қару-жарақ пен әскери техниканың, арнайы құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының тізімін ұсынады.
Топтық құраманың әскери қызметшілері Тараптардың мемлекеттік шекарасы олармен кесіп өтілген кезде өздерінің ұлттық құрамаларының әскери нысанындағы киімдерін киуі керек. Әскери техника тіркеу нөміріне қосымша ретінде оның қай мемлекетке жататындығын көрсететін, анық көрінетін белгімен жабдықталуы керек.
Топтық құраманың жеке құрамы қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасын жіберуші Тараптың заңнамаларымен белгіленген, олардың жеке басын және топқа жататындығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы өтеді.
2.21. Қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өтуші және дағдарысты жағдайды реттеу (жою) орнына бара жатқан және кері қайтатын топтық құраманың жеке құрамы осы Тараптың заңнамаларына сәйкес тек жеке қолданысқа арналған тауарларды алып өту кезінде кедендік және басқа да алымдардан босатылады.
Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін және дағдарысты жағдайды реттеу (жою) орнына бара жатқан және кері қайтатын топтық құраманың қару-жарағы мен әскери техникасы, арнайы құралдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдары кедендік және басқа да алымдардан босатылады.
2.22. Топ басшысының сәйкестендіру құралдарымен қамтамасыз етілген қызметтік құжаттар (хат алмасу) тексерілмейді. Аталмыш құжаттарды жеткізетін курьерде, оның өкілеттілігін растайтын және құжаттардың саны туралы ақпараты бар үстіне қойылып қамтамасыз етілу түрінде оларды жеткізуге өкімі болуы керек. Тараптың шекаралық ведомстволарына және кедендік органдарына олар туралы ақпарат ұсынылатын лауазымды тұлғалардың қолы қойылады.
III. Бірлескен іс-шараларды аяқтау және
даулы мәселелерді шешу тәртібі
3.1. Дағдарысты жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шара, дағдарысты жағдайды оқшаулауға, жоюға және тұрақтандыруға бағытталған кешенді келісілген шұғыл ұйымдастырушылық және практикалық шаралар орындалғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.
3.2. Дағдарысты жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шараның аяқталғандығы туралы шешім қабылдаушы Тараппен қабылданады.
Топтың жетекшісі (қолбасшысы) дағдарысты жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шараның аяқталғандығы, Бірлескен штабты тарату туралы тиісті бұйрық шығарады және бұл туралы Тараптардың өкілетті органдарын хабарландырады.
3.3. Қабылдаушы Тарап топтық құрылымның жеке құрамының, қару-жарағы мен әскери техникасының, арнайы құралдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жөнелтілуін қамтамасыз етеді.
Топтық құрылымның қолданылмаған арнайы құралдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдары дағдарысты жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шара біткеннен кейін қабылдаушы Тараптың аумағынан әкетілуі керек.
Егер ерекше жағдайларға байланысты арнайы құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарды алып кету мүмкін болмаса, онда мүдделі Тараптардың өкілетті органдары өзара келісімнің негізінде оларды қабылдаушы Тарапқа бере алады.
3.4. Қабылдаушы Тарап жіберуші тарапқа және топтың басшылығына дағдарысты жағдайды реттеуге (жоюға) байланысты өлімге, дене жарақатына және жеке тұлғаның еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкелген жеке немесе заңды тұлғаларға тигізген зиянның, сонымен қатар оның жылжымайтын мүлкіне, табиғи ресурстарына, мәдени және тарихи құндылықтарына келтірілген зиянның, орнын толтыруға талап қоюдан бас тартады.
3.5. Топ қабылдаушы Тараптың аумағында уақытша болу кезеңінде олармен қолданылатын жылжымайтын мүліктің, табиғи ресурстарына, мәдени және тарихи құндылықтарының бүтіндігін қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы жылжымайтын мүліктің бүтіндігіне, сонымен қатар әскери құрылымдардың орналасу (орналасу орны) аудандарындағы экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауға жауапкершілікті топ басшысы алады.
Қабылдаушы Тараптың жеке тұлғаларына, жылжымалы және жылжымайтын мүлігіне дағдарысты жағдайды реттеуге (жоюға) байланысты емес жағдайларда құрылым келтіруі мүмкін зиян мандатпен қарастырылған, мүдделі Тараптардың келісімі бойынша, ал егер келісе алмаушылық туындағанда - осы Ереженің 3.7. тармағына сәйкес орны толтырылады.
Топты құрған, сұрау салынған Тараптардың тартқан шығындарының, әкелінген арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарының жоғалуын, толық немесе жартылай жойылуын қоса алғандағы шығындарының орнын толтыру мүдделі Тараптардың арасында келісім бойынша белгіленеді.
3.6. Егер Тараптардың бірі, басқару органымен қойылған міндеттерге сәйкес емес әрекетімен топқа кіретін құрылымдар келтірілген зиянды есептеген жағдайда, онда туындаған келісе алмаушылық мүдделі Тараптармен 3.7. тармаққа сәйкес шешіледі.
3.7. Осы Ережені қолдану немесе талдау кезінде туындаған даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультация және келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Даулы мәселелерді шешу үшін құрамына әрбір Тараптан өкілеттілер және топ жетекшілерінің өкілеттілері тағайындалатын келісім комиссиясы құрылады. Келісім комиссиясы Тараптармен белгіленген өкілеттіліктердің шеңберінде әрекет етеді.
Тікелей келіссөздер және келісім комиссиясы барысында шешіле алмайтын таластар, қатысушы-мемлекеттер басшылығының Хаттамасына шешімге жіберіледі.
IV. Топтың мәртебесі
4.1. Топтың жеке мәртебесі халықаралық құқықтың, қатысушылары жіберуші және қабылдаушы Тараптар болып табылатын, сонымен қатар қабылдаушы Тараптың заңнамаларын, халықаралық келісімдердің көпшілік мойындалған қағидаттары мен нормаларын сақтайды.
4.2. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі шараларды еткізу барысында қабылдаушы Тарап топтың жеке құрамына өтемақы төлейді және оның заңнамаларында қарастырылған тәртіпте және көлемде жарақат алу, мертігу және қайтыс болумен байланысты шығындарды оның отбасына төлейді. Сонымен қатар топтың жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелеріне топты құраған жіберуші Тараптың заңнамаларында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақылар сақталады.
4.3. Тараптардың әрбірі топтың жеке құрамының құқықтық жағдайын сыйлайды және халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормаларына сәйкес оған азаматтық құқық және еркіндікті толығымен қамтамасыз етеді, оған қойылған міндеттерді орындауды қиындататын әрекеттерге жол бермейді, оларға қатысты кез-келген құқыққа қарсы әрекеттерді ескерту және жолын кесу шараларын, құраманың қару-жарағын, әскери техникасы және материалдық-техникалық құралдарын, құжаттамалары мен ресми ақпараттарын қоса, топтың жеке құрамын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз аумағының шеңберінде барлық қажетті шараларды қолданады.
4.4. Қабылдаушы Тараптың аумағында топтың уақытша болуымен байланысты құзырлы мәселелерде Тараптар келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
топтың жеке құрамы 1996 жылғы 17 мамырдағы Сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлар пайда болған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттері шекаралық әскерлерінің өзара әрекеттесуі туралы Келісім шеңберіндегі қызметтік міндеттерін орындау барысында жасалған әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты қабылдаушы Тараптың құкімінен босатылады;
қабылдаушы Тараптың құкімінен топтың жеке құрамының иммунитеті оны жіберуші тараптың құкімінен босатпайды.