Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 893 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Хисамутдинов         - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Ильдар Ибрагимович     комитетінің Қызметі директорының
                       орынбасары (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Богушевич Владимир Георгиевич, Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады