"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 894 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім
шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы
пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға
толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, ол 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтырулар енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы N   Жарлығымен
мақұлданған     

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім
шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы
пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға
толықтырулар енгізу туралы хаттамасының жобасы

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттер, 2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) және 2002 жылғы 7 қазанда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) негізінде Тараптардың әскери де және контртеррористік әлеуетін де дамыту мүдделерінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Хаттаманың 3-бабының екінші абзацы "ұлттық қарулы күштерінің" деген сөздерден кейін»", өзге де әскери құралымдарының, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінің" деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      200_жылы "____"___________ ___________ қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.

       Армения Республикасы үшін       Ресей Федерациясы үшін
      Беларусь Республикасы үшін      Тәжікстан Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін     Өзбекстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады