Бейбітшілік және Келісім сарайын республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 967 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының теңгерімінен Астана қаласы, Первая көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан Бейбітшілік және Келісім сарайын (бұдан әрі - объект) республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Астана қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, объектіні қабылдау-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады