"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1011 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
7 ақпандағы N 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс
енгізу туралы

      "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығын іске асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
       1. » "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 7, 73-құжат; 2004 ж., N 14, 173-құжат; 2006 ж., N 20, 194-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      1-бөлімде:
      төртінші абзацтағы»"этникалық топтардың тілдерін дамыту" деген сөздерден кейін»"және ағылшын тілін іскерлік қарым-қатынасқа енгізу" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзац»"енгізуді жүзеге асыру" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "республика азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасау";
      3-бөлім мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сонымен бірге Президент»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "... "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс...", - деп айтқан болатын. Осыған орай қазақ тілін - мемлекеттік тіл, орыс тілін - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде дамытуды да мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде қолға алу керек.";
      4-бөлімде:
      3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік терминология комиссиясының мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау;
      тарихи материалдар негізінде ұлттық ономастиканы одан әрі дамыту жөніндегі бағыттарды айқындау;
      ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, іске асыру тетіктерін және жүзеге асыру нысандарын әзірлеу.";
      "компьютерлендіру мәселелерін шешу" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасау:
      барлық жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру;
      кадрларды даярлаудың, оқу процесін әдістемелік және оқу құралдарымен қамтамасыз етудің икемді жүйесін жасау.";
      5-бөлімнің 5.1-кіші бөлімінде:
      бірінші абзацта:
      "үш" деген сөз алынып тасталсын;
      "топ" деген сөз "топтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Тіл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында" деген тарау мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сонымен бірге»"тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерімен қатар әлемдік экономикаға кірігу тілі - ағылшын тілін мемлекеттік қызметшілерге үйрету мәселелерін де шешу қажет.";
      "Білім беру және тіл оқыту салаларында тілдік даму" деген тарауда:
      төртінші абзац мынадай мазмұндағы алтыншы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыру мақсатында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасын арттыру және үш тілде оқытуды дамыту жөніндегі мәселелерді қарастыру қажет.";
      "Ғылыми қамтамасыз ету" деген тарау мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Ұлттық терминологияның ғылыми-теориялық, практикалық базасын жетілдіру, бекітілген терминдерді пайдалану әрі сәйкестендіру жөніндегі жұмысты үйлестіру, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер дайындайтын жекелеген мамандардың, ғалымдардың, ұйымдардың жұмысын үйлестіру мақсатында Мемлекеттік терминология комиссиясы жанынан салалық терминологиялық секциялар құру қажет.
      Сонымен бірге ономастикалық қызметтің ғылыми-фактологиялық базасын жетілдіру, тарихи қалыптасқан қазақ топонимдерін есепке алуды және жүйелеуді жүргізу, қазақ топонимдерінің қолданылу жиілігін зерделеу қажет.";
      7-бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "оқушылардың түрлі санаттарының ағылшын тілінде толыққанды білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындауды жүзеге асыру".
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады