"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1056 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2008.03.11.  N 231  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133. 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат: 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1,4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46- құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжат: N 3, 19, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат: 2007 жылғы 10 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Салық саясаты.
      1. Салық саясаты - мемлекет пен салық төлеушілердің мүддесін үйлестіру негізінде мемлекеттің қаржылық мұқтаждығын қамтамасыз ету мақсатында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, алып тастау және өзгерту бойынша шаралардың жиынтығы.
       2.   Салық саясаты салық саясатын қалыптастыру бойынша уәкілетті органның жүргізуіне қатысты."
      2) 2-баптың 3-тармағында "тек салық саясатын қалыптастыру бойынша уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада "кредиттер үшін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кредиттер (қарыз) және (немесе) кредиттер (қарыз) шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшада "табыс" деген сөзден кейін "; акциялар болып табылатын депозиттік қолхаттар, базалық активтер" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-2), 14-1) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-2) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы түрін, ғимараттардың қасбетін, үй-жайлардың интерьерлерін жобалау жөніндегі қызметтер көрсету; көркемдік құрастыру;
      14-1) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржы, инвестициялық, заң қызметтері, стратегиялық жоспарлау, жалпы іс-әрекетті оңтайландыру, бизнесті жүргізу мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтер;
      15-1) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі мен айналымы саласында зерттеуге және болжамдауға, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі мен айналымының үздік экономикалық жағдайын жасау үшін өндірісті бағдарлау және шаралар жүйесін әзірлеу үшін талдауға және болжауға байланысты қызметтер көрсету;";
      20) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Салық агентіне, сонымен қатар заңды тұлға, оның ішінде осы Кодекстің 177-бабы 6-1 тармағының ережелеріне сәйкес келісім-шарт бойынша шетелдік персонал ұсынылған тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес те жатады;";
      22-2) тармақшада "және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында" деген сөздер алып тасталсын;
      25-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмыс тікелей атқаратын жеке тұлға, мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; заңды тұлға-резидентке немесе осы Кодекстің 177-бабының 6-1-тармағының ережесіне сай келетін заңды тұлғаға, персоналды ұсынудың келісім-шартты бойынша тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент емеске ұсынылған шетелдік персонал;";
      4) 22-баптың 2-тармағы "оның ішінде келісілген тәртіппен банктік, коммерциялық және басқа да заңды құпиямен қорғалатын ақпараттарды беру жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 29-баптың 6-тармағында "салықтар" деген сөзден кейін "мен төлемақыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 31-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша "салық тексеруі нәтижелері" деген сөздердің алдынан "осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшасында "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7) 38-бапта
      1-2-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 1-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Салық төлеуші" деген сөздерден кейін "осы Кодекстің ерекше бөлімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      "салықтың" деген сөзден кейін ", төлемақылар мен өсімпұлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 39-бапта:
      2-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
      4-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде, кеден" деген сөздер "Кеден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "салықтардың" деген сөзден кейін "және өсімпұлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      "салықтардың" деген сөз "кеден телемдерінің, салықтың және өсімпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтардағы "салықтың" деген сөзден кейін "және (немесе) төлемақылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 46-баптың 9-тармағында "2-тармағында" деген сөздер "3 және 5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 47-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұнда үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі мемлекеттік уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғаның тыйым салу туралы шешімінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданбайды.";
      2-тармақ мынадай мазмұнда екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Банктің салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органдарының өкімін орындаудан кейін талап етілген мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды тұлғаның салық төлеушінің   банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу құқығы бар шешімі мұндай өкім жойылғаннан кейін орындалады.";
      11) 65-баптың 3-тармағы "қорлар есебі" деген сөздерден кейін ", егер осы Кодексте басқаша көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 68-баптың 5-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      "арнаулы салық режимдерін" деген сөздердің алдынан "патент негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қызмет өтініште" деген сөздер "Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызмет   өтініште" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Патент негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке    кәсіпкерлер   қызметін өтініште көрсетілген мерзімге уақытша тоқтатылуға жатады":
      13) 69-балта:
      7-1-тармақта:
       "кәсіпкер"   деген сөзден кейін "адвокат, жеке нотариус" деген сөздермен толықтырылсын,
       "кәсіпкерлік" деген сөзден кейін "адвокаттық, нотариалдық" деген сөздермен   толықтырылсын;
      9-тармақтың бірінші бөлігіндегі:
      "немесе есептілік жөнелтілімі электрондық почта арқылы жеткізілгендігі туралы   хабарланған күн" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Салық есептілігін электрондық почта арқылы тапсырған кезде салық есептілігі   жеткізілгендігі туралы хабарланған күн қабылдаған күн болып табылады.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Салық есептілігі алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
      Егер салық есептілігі:
      1) тапсырылған нысан бойынша салық кезеңіне сәйкес келмесе;
      2) салық төлеушінің тіркелген нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
      3) салық есептілігінің "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде мәліметтер көрсетілмесе;
      4) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса;
      5) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген электрондық пішімнің құрылымы бұзылса;
      6) Осы Кодекстің 458-бабының 5-тармағында және 465-бабының 5-тармағында қарастырылған жағдайда уәкілетті органдармен куәландырылған салық есептілігі жоқ болса салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.
      бірінші абзацтың екінші бөлігінде "есептілігінде" деген сөз "есептілігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) тапсырылған нысан бойынша салық кезеңімен сәйкес келмесе;
      2) салық төлеушінің тіркелген нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
      3) салық есептілігінің "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде мәліметтер көрсетілмесе;
      4) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса;";
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген электрондық пішімнің құрылымы бұзылса;
      6) Осы Кодекстің 458-бабының 5-тармағында және 465-бабының 5-тармағында қарастырылған жағдайда уәкілетті органдармен куәландырылған салық есептілігі жоқ болса салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.";
      14) 71-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Салық төлеушіге салық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
      1) салықтық тексеру кезеңі - салық тексеруі жүріп жатқан кезеңде;
      2) шағымданған салық кезеңі - салық тексеру нәтижелеріне шағымданған мерзім ішінде және шағымды қарау кезеңінде жол берілмейді.";
      15) 76-тармақтың 1-1-тармағында "толық жұмыс күні үшін" деген сөздер алып тасталсын;
      16) 82 бап 1 тармағында "қажеттіліктер" деген сөз "мұқтаждықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      17) 89-бап 1-тармағының бірінші бөлігіндегі 2)-тармақшасында "мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған субсидияларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      18) 90-баптың 2-тармағында:
      2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) эмитент шығарылған акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының Номиналдық құнынан немесе орналастыру бағасынан асып кетуі және эмитенттің өзі шығарған акцияларын өткізуі кезіндегі құн өсімі табыс ретінде қаралмайды.";
      19) 91-баптың 1-тармағында 2) тармақша алып тасталсын;
      20) 92-бапта:
      5-тармақтағы "мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін" деген сөздер "осы Кодекстің 104-бабы 3) тармақшасында көрсетілгендерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) үшін, сонымен қатар құрылыс объектілердің құнына кіретін құрылыс аяқталуына дейін төленетін құрылысқа пайдаланатын және басқа да мақсаттарға алынған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы.";
      21) 94-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) үшін, сонымен қатар құрылыс объектілердің құнына кіретін құрылыс аяқталуына дейін төленетін құрылысқа пайдаланатын және басқа да мақсаттарға алынған кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыларды;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) тәуелсіз тарап кепілдікпен берген кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақысы, өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптардың депозиті, кепілдемесі немесе қамтамасыз етудің өзге түрі.
      Осы тармақтың мақсаты үшін өзара тәуелді немесе өзара байланысты емес тараптар тәуелсіз тарап деп танылады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сыйақы бойынша шегерім:
      салық кезеңі үшін тараптарға байланыссыз салық төлеуші төлейтін сыйақы сомасына мынаны сомаларды қоспай:
      кепілдікпен берілген депозит, кепілдік немесе өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптарды қамтамасыз ететін басқа да нысандағы кредиттер (қарыздар) бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы,
      осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салу жеңілдігі бар елде тіркелген тұлғаларға төлейтін сыйақыларының сомасы, кепілдікпен берілген депозит, кепілдік немесе өзара тәуелді және өзара байланысты тараптарды қамтамасыз ететін басқа да нысандағы займдар (қарыздар) бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы қосу жүргізілген мөлшер сомасы:
      меншікті капиталдың орташа жылдық сомасының міндеттемелердің орташа жылдық сомасына қатынасының шекті коэффициент,
      салық төлеуші төлеуге (төленген) жататын сыйақы сомасы:
      1) өзара байланысты немесе өзара байланыссыз тараптар;
      2) өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптарға
      кепілдікпен берілген депозит, кепілдік немесе өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптарды қамтамасыз ететін басқа да нысандағы займдар (қарыздар) бойынша;
      3) осы Кодекстің 130-бабына сәйкес айқындалатын салық салу жеңілдігі бар елде тіркелген тұлғаларға төлейтін сыйақыларының сомасы шегінде жүргізіледі.";
      3-тармақтың 2) тармақшасында "сыйақы төленетін міндеттемелердің" деген сөздер алып тасталсын;
      22) 96-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде "шегерімге жатқызуы" деген сөздерден кейін "осы баптың 1-тармағында сәйкес осы талап күмәнді болып табылған салық кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 97-баптың 2-тармағында:
      бірінші бөлігінде:
      "операцияларының жекелеген түрлерін" деген сөздерден кейін "қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі банктік заем операцияларын жүргізуге уәкілетті орган берген лицензия негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа)" деген сөздер алып тасталсын;
      "кредиттерге" деген сөзден кейін "(қарыздарға)" деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      24) 101-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және аймақтардың әлеуметтік саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарында белгіленген сомалар шегінде шегерімге жатады.
      Жер қойнауын пайдаланушының көрсетілген шығыстары коммерциялық табудан кейін өндіруді бастау сәтінен бастап, осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарында белгіленген сомалар шегінде шегерімге жатады.";
      25) 104-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) осындай айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын төлеген кезге дейін, немесе осындай айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын төлеген сәтке 90 күнтізбелік күн кезеңінде,
      немесе кредитті (қарызды) қайтару мерзімі өткен күннен бастап 365 күнтізбелік күн кезеңінде:
      мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын қоспағанда, мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген);
      қарыз алушыда кредитті (қарызды) өтеуге жеткілікті ақша қаражаты болған кезде кредит (қарыз) шарттары бойынша өзара тәуелді немесе өзара байланысты тарапқа төлеуге жататын (төленген) айыппұлдар мен өсімпұлдар, тұрақсыздық, айыбын;";
      26) 106-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Салық төлеушінің қосылу, бірігу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты негізгі құралдарды алу және (немесе) шығып қалу кезінде қайта ұйымдастыру аяқталған күнге салық мақсатында анықталған қалдық құны осы негізгі құралдардың бастапқы құны болып табылады.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) үшін, сонымен қатар құрылыс объектілердің құнына кіретін құрылыс аяқталуына дейін төленетін құрылысқа пайдаланатын және басқа да мақсаттарға алынған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.";
      27) 107-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қызмет ету мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік теңгермесінде есепке алынатын материалдық емес активтер жатады.";
      28) 109-бапта:
      1-тармақта:
      "лизинг алушының сатып алуы," деген сөздерден кейін "өндірісте," деген сөзбен   толықтырылсын;
       "алуы   кезінде" деген сөзден кейін ", қосылу, бірігу немесе бөліну қайта ұйымдастыру нәтижесінде" деген сөздермен толықтырылсын
       2-тармақтың   үшінші абзацында "кезінде" деген сөзден кейін ", қосылу, бірігу немесе бөліну   жолымен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде" сөздермен толықтырылсын;
      29) 121-баптың   3-тармағындағы "сондай-ақ грант, қайырымдылық  көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдықтар түрінде алынған қаражат" деген сөздер алып тасталсын;
      30) 127-баптың 2-тармағындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      31) 129-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы баптың 3 және 4-тармағында көзделген кірістерді қоспағанда Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төлеген табыс салығының және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алған кірістері бойынша табысқа салынатын салық сомасы есептелген және алынған табыстар мен төленген салықтар сомаларын растайтын шетел мемлекетінің салық органы куәландырған құжаты болған кезде Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Шетелдік салық Қазақстан Республикасында мынадай кірістерге қатысты есепке жатқызылмайды:
      1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес түзетуге жататын;
      2) салық есептігінде бейнеленбеген және Қазақстан Республикасында салық салынбаған.";
      32) 130-баптың 1-тармағында:
      "табыс алатын" деген сөздер "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "негізделе отырып" деген сөздер "резидент емес заңды тұлғаның шоғырландырылған пайдасының жалпы сомасының туындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) 139-баптың 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы "тіркелген активтер пайдалануға берілген" және "тіркелген активтерді пайдалануға берген" деген сөздер тиісінше "тіркелген активтерді пайдалануға беруге меншік құқығы пайда болған" және "тіркелген активтерді пайдалануға беруге меншік құқығы пайда болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      34) 140-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "140-бап. Преференциялардың қолданылуы
      1. Преференциялардың қолданылуы осы Кодексте белгіленген мерзімде басталады, бірақ келісім-шартта белгіленген күннен ерте емес";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1.  Преференциялардың  қолданылуы  осы  Кодекстің   139-бабының 9-тармағын ескере отырып, келісім-шартта көрсетілген мерзімде тоқтатылады не мұндай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
      Преференциялардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.";
      35) 144-бапта:
      4-1) тармақта "борыштық" деген сөз алып тасталсын, "дивидендтер," деген сөз "дивидендтер және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "16) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелер жүргізетін өтемдерді қоспағанда, қызметтік іссапарлар кезінде осы Кодекстің 93-бабында белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;";
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "16-1) қызметтік іссапар кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелер жүргізетін өтемдер;";
      мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
      "42) үш және одан аса жылдарда меншік құқығында болған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған жылжымайтын мүлікті немесе меншік иесінің тұрақты тұратын жерінде тіркелген жері болып табылатын тұрғын үйді өткізу кезіндегі құн өсімі;
      43) мемлекеттік тіркелуі тиіс және бір және одан аса жылдарда меншік құқығында болған немесе механикалық көлік құралдары мен (немесе) тіркемелерді иеліктен шығару құқығымен басқаруға сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі";
      36) 153-баптың 1-тармағында "салық жылы ішінде" деген сөздер "әрбір ай үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      37) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "156-бап. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдері
      1. Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлем жүзеге асырылған әрбір ай үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.
      2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан салық төлеушілердің зейнетақы жинағынан жинақтаушы   зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт ережелеріне сәйкес төлемді жүзеге асыратын әрбір ай үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшеріне азайтылады.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын жиынтық зейнетақы төлемдері салық төлеушілердің өтініші бойынша   тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген   жалақының ең төменгі мөлшеріне азайтылады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген тәртіпте мұраланған жинақтаушы зейнетақы түріндегі жеке тұлғалардың жиынтық табысы салық төлеушінің өтініші негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшеріне азайтылады.
      Бірнеше мұрагері болған кезде жеке табыс салығы әрбір мұрагер бойынша оның үлесіне барабар бөлек есептеледі. Бұл ретте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшеріне азайту әрбір мұрагердің табыс төлемі кезінде қолданылады.
      5. Салымшы бір ай ішінде бір уақытта міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары, және (немесе) ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алған және (немесе) бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алған жағдайда салық төлеуші жинақтаушы зейнетақы қорына берген өтініші бойынша   төлем жүзеге асырылатын әрбір ай үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі   мөлшеріне азайтуға құқылы.";
      38) 164-баптың 3-тармағы "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) адвокаттар мен жеке нотариустер";
      39) 166-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      "қажеттіліктер" деген сөз "мұқтаждықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      а) тармақшасындағы "бір жылдан" деген сөздер "меншік иесінің тұрақты тұратын жерінде тіркелген жері болып табылатын тұрғын үйді қоспағанда үш жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен алынған, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген табыс болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Сатып алу құны болмаған жағдайда сатылатын мүлікке меншік құқығы пайда болған кездегі мүлікті сату құны мен нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.
      Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы пайда болған кезде нарықтық құны болмаған жағдайда, мүлікті сату құны мен осы Кодекстің 364-бабының 1-тармағында белгіленетін құн арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.";
      40) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "168-бап. Салықты есептеу және төлеу
      Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен есептеледі."
      41) 177-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы бір немесе байланысты жобалар шеңберіндегі қызмет Қазақстан Республикасында күнтізбелік алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
      Байланысты жобалар деп өзара байланысты және өзара тәуелді болып табылатын жобалар, келісім-шарттар танылады.
      Өзара байланысты келісім-шарттар деп келісім-шарттар, олар бойынша резидент емес немесе оның өзара тәуелді (өзара байланысты) тарабы сол салық агентіне немесе оның өзара тәуелді (өзара байланысты) тарабына көрсететін ұқсас қызметтері (жұмыстар) танылады.
      Өзара тәуелді келісім-шарттар деп міндеттемелердің біреуінің орындалмауы басқа келісім-шарт бойынша міндеттемелердің жүзеге асуына ықпал ететін келісім-шарт танылады.";
      42) 179-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 3-тармағында көзделген табыстарды қоспағанда осы баптың жағдайына сәйкес резидент еместің бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстары төлем көзінен салық салынуға жатады.
      1-2. Бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізетін резидент емес салық агентіне сатып алу құнын растайтын құжатты табыс етпеген жағдайда сату құны төлем көзінен салық салынуға жатады.";
      3-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4-1) тармақта "борыштық" деген сөз алып тасталсын, "дивидендтер," деген сөз "дивидендтер және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміндегі, "Листингтік емес бағалы қағаздар" секторын қоспағанда осы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс;";
      43) 181-бапта:
      1) және 2)-тармақшаларында бірінші бөлігіндегі "күні ішінде" деген сөздер "күнінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін "мен жедел банктік салымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      44) 182-бапта:
      бірінші бөліктегі "төлем көзінен алынған" деген сөздерден кейін "резидент еместердің есептелген және төленген табыстарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "табыстары" деген сөздің алдынан "есептелген бірақ төленбеген" деген сөздермен толықтырылсын;
      45) 183-бапта:
      1-тармақ "осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген" деген сөздерден кейін "салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған" толықтырылсын;
      1-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Мына табыстар:
      1) осы Кодекстің 179-бабының 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендер;
      2) осы Кодекстің 183-1-бабында сәйкес салық салынуы тиіс табыстар салық салуға жатпайды.";
      2-тармақтағы "резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздер "Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде резидент емес заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      46) мынадай мазмұндағы 183-1-баппен толықтырылсын:
      "183-1-бап. Бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасы да жер қойнауын пайдалануға байланысты қатысу үлестерін, Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістерді есептеу, ұстау және аудару ерекшеліктері
      1. Осы бап резидент еместің мыналарды сатуы кезіндегі кірістеріне қолданылады:
      1) резидент еместер шығарған бағалы қағаздар және резидент емес заңды тұлғаның қатысу үлестері, егер резидент емес заңды тұлғаның осындай акциялары, қатысу үлестері құнының 50 проценттен астамын Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға құқылы заңды тұлғаның мүлкі құраса;
      2) резиденттер шығарған бағалы қағаздар және резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығы бар консорциумдағы және (немесе) Қазақстан Республикасында орналасқан және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға байланысты мүліктегі қатысу үлестер;
      3) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент еместердің кірістері осы Кодекстің 179-бабының 3-тармағының 4) және 4-2) тармақшаларында көрсетілген кірістерден басқа, осы кодекстің 180-бабында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай төлем көзінде табыс салығы салынуы тиіс.
      3. Салық агенті табыс салығының сомасын аударуды төлем көздерінен табыс салығы бойынша есеп-қисаптарды ұсына отырып осы Кодекстің 182-бабында белгіленген мерзімде осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде жүргізеді.
      Осы баптың мақсатында резидент емес салық төлейтін, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, филиалының, өкілдігінің бар немесе жоқ болуына байланыссыз резидент емес тұлға салық агенті болып танылады.
      4. Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, жылжымайтын мүлікті өткізетін, резидент емес салық агентіне сатып алынғанның құнын растайтын құжатты бермеген жағдайда төлем көзінен салық салуға өткізу құны жатқызылады.
      5. Салық агенті резидент еместің бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізгенде өсім құнынан табыс салығын аудармағанда немесе толық аудармаған жағдайда салықтық берешек сомасы бағалы қағаздары, қатысу үлесі өткізілетін немесе мүліктері резидент емес заңды тұлғалардың өткізілген акцияларының, қатысу үлесі құнының 50 процентінен астамын құрайтын заңды-тұлға-резиденттен өндіріліп алуға жатқызылады.
      6. Салық агенті резидент еместің Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлкін өткізген кезде өсім құнынан табыс салығын аудармағанда немесе толық аудармаған жағдайда салықтық берешек осы Кодекстің 53-бабында белгіленген тәртіп бойынша жылжымайтын мүлікті өткізу есебінен өтеуге жатқызылады.
      7. Салықты төлем көзінен мемлекеттік бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндет пен жауапкершілік салық агентіне жүктеледі.";
      47) 187-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) осы Кодекстің 187-2-бабына сәйкес салық салынатын табыстарды"
      5-1) тармақшада "борыштық" деген сөз алып тасталсын, "дивидендтер," деген сөз "дивидендтер және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-2) "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторын қоспағанда, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміндегі бағалы қағаздарды осы сауда алаңында ашық сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1 Бағалы   қағаздарды, қатысу үлестерін өткізетін резидент емес салық агентіне сатып   алу құнын растайтын құжатты табыс етпеген жағдайда сату құны төлем көзінен салық салынуға жатады";
      48) 187-1-баптың 6-тармағында "түзетілген" деген сөз "қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын:
      49) Мынадай мазмұндағы 187-2 баппен толықтырылсын
      "187-2 бап.   Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізген кезде өсім құнынан және   Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен түсетін табыстан салықты есептеудің, ұстап қалудың және аударудың ерекшеліктері
      1. Осы бап резидент еместердің өсім құнынан табысқа:
      1) Егер резидент еместер шығарған бағалы қағаздар, резидент емес заңды тұлғадағы қатысу үлесі осындай акцияларының 50 проценттен астамы, қатысу үлестері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырумен байланысты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығы бар резидент емес заңды тұлғаның мүлкін құрайтын болса;
      2) резиденттер шығарған бағалы қағаздар, резидент емес заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығы және   (немесе) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлкі және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырумен байланысты консорциумдағы қатысу үлесі бар;
      3) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлік іске асырылған кезде қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент еместің табысына осы Кодекстің 180-бабына сәйкес белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай табыс салығын салуға жатқызылады, осы Кодекстің 187-бабының
      5-2) және 6) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа.
      3. Салық агенті табыс салығының сомасын аударуды төлем көздерінен табыс салығы бойынша есеп-қисаптарды ұсына отырып осы Кодекстің 182-бабында белгіленген мерзімде осы Кодекстің 181 бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде жүргізеді.
      Осы баптың мақсатында резидент емес салық төлейтін, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, филиалының, өкілдігінің бар немесе жоқ болуына байланыссыз резидент емес тұлға салық агенті болып танылады.
      4. Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, жылжымайтын мүлікті өткізетін, резидент емес салық агентіне сатып алынғанның құнын растайтын құжатты бермеген жағдайда төлем көзінен салық салуға өткізу құны жатқызылады.
      5. Салық агенті резидент еместің бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізгенде өсім құнынан табыс салығын аудармағанда немесе толық аудармаған жағдайда салықтық берешек сомасы бағалы қағаздары, қатысу үлесі өткізілетін немесе мүліктері резидент емес заңды тұлғалардың өткізілген акцияларының, қатысу үлесі құнының 50 процентінен астамын құрайтын заңды-тұлға-резиденттен өндіріліп алуға жатқызылады.
      6. Табыс салығын төлем көзінен мемлекеттік бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндет пен жауапкершілік салық агентіне жүктеледі.
      50) 188-баптың 2-тармағының екінші бөлімінде "түзетілген" деген сөз "қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      51) 190-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасындағы көздерден салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстарына салық салынуы тиіс, табыстардың мынадай түрлерін қоспағанда:
      осы Кодекстің 187-2 және 191-баптарына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды;
      осы Кодекстің 187-бабының 1-тармағында көрсетілген салық салынудан босатылатын.";
      4-тармақ алып тасталсын;
      52) 191-баптың 8-тармағында және 192-баптың 1-тармағында "түзетілген" деген сөз "қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      53) 198-бапта:
      6-тармақтағы "пайдасына банкке" деген сөздер "ашылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ "салық органына" деген сөздердің алдынан "шартты банк салымына табыс салығын орналастырған күннен бастап бес жыл ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Резидент емес осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім ішінде салық органына өтінішті табыс етпеген жағдайда, банк салық органының жазбаша өтініші бойынша шартты банк салымына табыс салығын орналастырған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде шартты банк салымында орналастырылған салық сомасын мемлекеттік бюджетке аударады.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.
      Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы салық агентіне олардың өтініш берген резидент еместің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстап қалу бойынша салық міндеттемелерін орындауы мәніне тақырыптық салық тексеруін жүргізеді.
      Салық агенті таратылған жағдайда салық органы резидент еместің резиденттік елінің құзырлы органына салық агенті мен резидент еместің өзара қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беру туралы сұрау салу жібереді.";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы кодекстің 203-бабына сәйкес резидент еместің құжаттарды қоса уәкілетті мемлекеттік органға берген өтініш бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өтініш тіркелген сәттен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей негізделген шешім шығарады.";
      54) 198-1-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, салық органына өтініш берген күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде салық органы өтінішті қарайды, және өтініште көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстің 40-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргізеді.
      Резидент еместің өтінішін қарау кезінде салық органы салық агентіне олардың өтініш берген резидент еместің табысынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстап қалу бойынша салық міндеттемелерін орындауы мәніне тақырыптық тексеру жүргізеді.
      Салық агенті таратылған жағдайда салық органы резидент еместің резиденттік елінің құзырлы органына салық агенті мен резидент еместің өзара қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беру туралы сұрау салу жібереді.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы кодекстің 203-бабына сәйкес резидент еместің құжаттарды қоса уәкілетті мемлекеттік органға берген өтініш бойынша уәкілетті мемлекеттік орган өтініш тіркелген сәттен бастап қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей негізделген шешім шығарады.";
      55) 200-бапта:
      1 -тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) қолданыс мерзімі тұрақты мекеме құру үшін халықаралық шартта белгіленген мерзімнен аспайтын, және ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (қызметтер) резидент емес немесе оның өзара байланысты және өзара тәуелді тарабы орындайтын резидент емес пен салық агентінің және/немесе оның өзара байланысты және өзара тәуелді тарабының арасындағы бір немесе байланысты жобалар шеңберінде жасасқан өзге келісім-шарттармен байланысты емес келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) алған табысы.
      Осы тармақты қолдану мақсатында резидент емес салық агентіне құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе сауда тізілімінен көшірме жазба табыс етеді;";
      2-тармақтағы "және ұсталған" деген сөздерден кейін "(ұсталмаған)" деген сөзбен толықтырылсын;
      56) 203-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салық төлеуші өтінішпен бірге:
      жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
      резидент емес заңды тұлғаның өзара байланысты және өзара бағынышты тараптарын көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;";
      2) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
      57) 211-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшадағы "бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне" деген сөздер "құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын заңды тұлға мен құрылымдық бөлімшелері арасындағы тауар жөнелтуін;";
      2-тармақты мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) заңды тұлғаның дербес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшеге жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін, сондай-ақ дербес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшенің заңды тұлғаға жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.";
      3-тармақта:
      7) тармақшадағы "басқа да дебиторлық берешекті" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) эмитенттің бағалы қағаздардың бағалы қағаздардың екінші рыногында бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды одан әрі эмитент етіп өткізуді орналастыруды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитент етіп орналастыру өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";
      58) 212-баптың 2-тармағындағы "тәртіппен" деген сөзден кейін "қосылған құн салығын төлеушісі болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      59) 215-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Жұмыстарды" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жылжымайтын мүліктің орналасу орны жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу орны болып табылады;";
      4) тармақшаның үшінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
      "консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу, ақпараттар беру жөніндегі қызмет көрсетулерге;";
      60) 221-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеушінің салық салынатын айналымы" деген сөздер мен ауыстырылсын;
      61) 223-тармақтың 3-тармағындағы "1 және 2-тармақтарына" деген сөздер "1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      62) 225-бапта:
      6) тармақша алып тасталсын;
      6-1) тармақшада "қажеттіліктер" деген сөз "мұқтаждықтар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      63) 226-баптың 2-тармағындағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
      64) 242-бапта:
      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "лауазымды тұлғалар" деген сөздер "жұмысшылар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      65) 243-баптың 1-тармағындағы "кезінде" деген сөзден кейін "осы Кодекстің 218-бабына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      66) 246-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі тоқсан болып табылады.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      67) 247-баптың 1-тармағы "декларацияны" деген сөзден кейін "орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына" деген сөздер мен толықтырылсын;
      68) 247-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есепті тоқсан ішінде) сатып алынған және сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралар тізілімінің нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";
      69) 248-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы Кодекстің 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңінен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.";
       70) 249-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған импортталатын шикізат пен материалдарға;";
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) импортталатын тауарларға - су, газ, электр энергиясына импортталатын тауарларға қосылған күн салығын төлеу мерзімін өзгертеді.
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шикізаттарды және (немесе) материалдарды өнеркәсіптік қайта өңдеу ретінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды бастапқы төрт белгінің кез-келгенінің деңгейіндегі пайдаланылған шикізаттардан және (немесе) материалдардан ерекшеленетін өнімді (тауарды) алу үшін оларды өндірісте пайдалану түсіндіріледі.
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша өнім (тауар) коды бастапқы төрт белгінің кез-келгенінің деңгейінде өзгеруіне қарамастан:
      1) қарапайым құрастыру операциялары (шегендеу, дәнекерлеу, желімдеу, құрастыру және басқа сол сияқты операциялар);
      2) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының азық-түлік тағамдарын қайта өңдеуі;
      3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау (партияларды ұсақтау, жөнелтілімдерді қалыптастыру, сорттау, орау, қайта орау) жөніндегі операциялар;
      4) тауарларды (компоненттерді) алынған өнімге оны Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша кез-келген бастапқы төрт белгінің деңгейіндегі бастапқы құраушыдан ерекшелендірілетін сипаттама берместен араластыру өндірістік қайта өңдеуге жатпайды.";
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Осы баптың ережелері жеңіл автомобильді қоспағанда, акцизделетін тауарлар өндірісі үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды.";
      71) 251-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзацтағы "де мына шарттар орындалатын болса" деген сөздер алып тасталсын;
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қосылған құн салығын төлеуші салық төлеушілер мониторингіне жатса және (немесе) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жүзеге асырылған және ол бойынша қайтаруға өтініш берілген салық кезеңінің алдындағы алты ай ішінде айына бір реттен көп емес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жүзеге асырған болса;
      2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым жүзеге асырылған және қайтарып алуға өтініш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым еткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 проценті болса, қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 252-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.";
      72) 252-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "түрлері" деген сөзден кейін "және (немесе) осы Кодекстің 39-бабында көзделген тәртіппен төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші және үшінші абзацтардағы "басқа да салық" деген сөздерден кейін "және (немесе) төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) және 6) тармақшалардағы "басқа да салық" деген сөздерден кейін "және   (немесе) төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "қосылған құн салығын төлеушінің" деген сөздер "салық төлеушінің"   деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қосылған құн салығын төлеушінің" деген   сөздер "салық төлеушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігіндегі "басқа да салық" деген сөздерден кейін "және (немесе) төлемдер"   деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың төртінші бөлігінде:
      1) тармақшада:
      бірінші абзацтағы "қарсы тексерулер" деген сөздер "1) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қарсы тексерулер жүргізілмейді:" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер міндетті қарсы тексеруге жатады;";
      төртінші абзац алып тасталсын;
      73) 286-бапта:
      1-тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1. Салық сараптамасы - салық режимінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың жобасына, бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына толықтырулар мен өзгерістерге сәйкестігіне арналған міндетті сараптама.";
      2-тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, бұрын жасалған келісім-шарттарда айқындалған салық режимдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін қабылданып, олар енгізілген жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілу тиіс";
      74) 317-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақ салық төлеушілер осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оларға қолданылмайды.";
      75) 318-баптың 1-тармағында:
      екінші бөлік мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Әлеуметтік салықты есептеу, жұмыс берушінің жеке тұлғаға бұрынғы жұмыс орны (орындары) бойынша жасалған шығындарын есепке алмай, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргізіледі.";
      үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      76) 342-бап мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Салықтық міндеттемелер туындаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін салық сомаларын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.";
      77) 346-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мамандандырылған өрт сөндіру, медициналық және құтқару көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.";
      78) 348-бапта:
      2-тармақтың бірінші абзацындағы "жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;
      3-тармақта:
      бірінші абзацта "болып табылмайтын" деген сөздер "оның ішінде;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада "жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын" деген сөздер "оның ішінде, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға,
адвокаттарға" деген сөздер алып тасталсын;
      79) 348-1 тармақ мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жеке тұлғалар салық жылының 5 шілдесінен кешіктірмей 1 шілдеге дейін меншік құқығында болған көлік құралдары бойынша салық төлемін жүргізеді."
      80) 365-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "365-бап. Салық ставкалары
      Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

1) 1 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

салық салу объектілері құнының
0,05 %;

2) 1 000 000 теңгеден жоғары -
2 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеден
асатын сомадан 0,08 %;

3) 2 000 000 - нан теңгеден
жоғары - 3 000 000 теңгеге
дейін қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 %;

4) 3 000 000 теңгеден жоғары
- 4 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 %;

5) 4 000 000 теңгеден жоғары
- 5 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

3 800 теңге + 6 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,2 %;

6) 5 000 000 теңгеден жоғары
- 6 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

5 800 теңге + 5 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,25 %;

7) 6 000 000 теңгеден жоғары
- 7 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 %

8) 7 000 000 теңгеден жоғары
- 8 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

11 300 теңге + 7 000 000
теңгеден асатын сомадан 0,35%

9) 8 000 000 теңгеден жоғары
- 9 000 000 теңгеге дейін қоса
алғанда

14 800 теңгеден 8 000 000   асатын сомадан 0,4% 

10) 9 000 000 теңгеден жоғары
- 10 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000   теңгеден   асатын сомадан 0,45 %  

11) 10 000 000 теңгеден
жоғары - 30 000 000 теңгеге
дейін қоса алғанда

23 300 теңге + 10 000 000   теңгеден асатын сомадан 0,5%

12) 30 000 000 теңгеден жоғары
- 50 000 000 теңгеге дейін
қоса алғанда

123 300 теңге + 30 000 000 теңгеден асатын сомадан 1 %

13) 50 000 000 теңгеден жоғары

323 300 теңге + 50 000 000   теңгеден асатын сомадан 2 %

      81) 371-баптың 3-тармағында:
      4) тармақшадағы "елді мекендерде" деген сөздер "облыс аудандарында, қалаларда, облыстарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының және 121-бабы 1 және 2-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін заңды тұлғалар.";
      82) 376-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:
      "Салық органы оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді осы бапта көрсетілген жағдайларды анықтағанда, шарттардың өзгеруі (көрсеткіштердің артуы) болған салық кезеңінен кейінгі айдың 1-нен салықтарды есептеу мен төлеуді жоғарыда көрсетілген өтінішсіз жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшіруге құқылы.";
      83) 377-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      84) 398-баптың 1-тармағындағы "және олардың" деген сөздер "сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын;
      85) 406-1 баптың 2-тармағындағы "заңнамалық актімен" деген сөздер "заңнамалық актілермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      86) 441-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып байланыс" деген сөздер алып тасталсын;
      87) 458-баптың 5-тармағындағы "аумақтық" деген сөз "өңірлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      88) 459-баптың 3-тармағындағы "жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      89) 463-баптың 2-тармағындағы "ұйымдар үшін" деген сөздер "төлеушілер үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      90) 465-бапта:
      2-1-баптағы "ұйымдар" деген сөз "төлемақы төлеушілер" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтағы "жөніндегі" деген сөз "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      91) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "484-бап. Салық есептілігі
      Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешікпейтін мерзімді ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";
      92) 484-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "484-6-бап. Салық есептілігі
      Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешікпейтін мерзімді ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";
      517-баптың 2 тармағының 10) тармақшасы "алу" деген сөзден кейін ",бағалау, сақтау одан әрі пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      517-1-бап алып тасталсын;
      95) 518-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "және уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес берілетін тіркеу деректері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      "салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің, құқық қорғау органдары мен прокуратура органдарының сауал жасауы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "статистика жөніндегі уәкілетті органға, салық саясатын қалыптастыру бойынша уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Нақты салық төлеушіге тікелей немесе жанама теңестіруге мүмкіндік бермейтін жалпы мәліметтер және осылардың негізінде алатын басқа да мәліметтер салық құпиясы болып табылмайды.";
      3-тармақта:
      "мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті" деген сөздер "салық қызметі органдарынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік орган" деген сөздерден кейін ",статистика жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;
      "бекітеді" деген сөз мемлекеттік тілдегі мәтінінде өзгеріссіз қалдырылсын:
      4-тармақта "мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті" деген сөздер "салық қызметі органдарынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алған" деген сөздермен ауыстырылсын:
       96) 521-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "5-1) тармақшадағы" деген сөздер "5-1) және 5-2) тармақшалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5-1) тармақшада:
      "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін "қатысу үлестері," деген сөздермен толықтырылсын.
      "резидентті - эмитентті немесе заңды тұлға - резидентті" деген сөздер "бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін немесе мүлкін сататын резидент-заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-2) Осы Кодекстің көрсетілген 183-1, 187-2-баптарындағы салық агенті - резидент емес - қатысу үлестері өткізілетін немесе мүлкі өткізілген акциялар құнының 50 проценттен астамын құрайтын заңды тұлға - резидентті тіркеу орны бойынша бағалы қағаздар, заңды тұлға - резидент еместің қатысу үлестері;";
      6) тармақшада "салық салу объектілерін" деген сөздерден кейін ("көлік құралын, жылжымайтын мүлікті") деген сөздермен толықтырылсын.
      97) 524-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
      бірінші абзац "жеке кәсіпкер" деген сөздерден кейін ",адвокат пен жеке нотариус" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "адвокаттық және нотариаттық қызметті жүзеге асыру орны бойынша";
       98) 526-баптың 1)-тармақшасындағы "үш жұмыс күні" деген сөз "бір жұмыс күні" деген сөзбен ауыстырылсын;
      99) мынадай мазмұндағы 526-1-баппен толықтырылсын:
      "526-1-бап. Базар әкімшіліктерінің міндеттері
      Базар әкімшіліктері тоқсаннан кейінгі 15 күннен кешікпейтін мерзімде салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда базарларда кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы адамдар жөнінде мәліметтерді беруге міндетті.";
      100) 527-бапта:
      2-тармақтағы "5) және 5-1) тармақшаларында" деген сөздер "5), 5-1 және 5-2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "5-1)" деген сөздер "5-1 және 5-2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "күннен бастап он жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде" деген сөздер "тоқсаннан кейінгі айдың 20 күні мерзімінен кешіктірмей және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған тоқсаннан кейінгі айдың 20 күні мерзімінен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      101) 530-бапта:
      3-тармақ "лицензия," деген сөзден кейін "уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      "келуші" деген сөз "көрсетілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "келудің мақсатын, орнын және болу мерзімін көрсете отырып," деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      102) 532-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қосымша құн салығы бойынша есепке қою, оларды есептен шығару, сондай-ақ қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік беру, айырбастау, жою және іс-қимылын тоқтату талаптары осы Кодекстің ерекше бөлігінде белгіленеді.
      2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушіні есепке қою және оларды есептен шығару, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігін беру, ауыстыру, жою және қызметін тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      3. Қосымша құнға салық төлеушілер тұрған орындары, тұрғын орындары өзгерген жағдайда осы кодекстің 524-бабының 11-тармағында белгіленген рәсімдерді жүргізуге міндетті.";
      103) 533-баптың 4-тармағының 2-тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "сот жалған кәсіпорын (кәсіпорындар) деп таныған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу жөніндегі салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша;";
      104) 534-баптың 2-тармағында:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "сот жалған кәсіпорын (кәсіпорындар) деп таныған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу жөніндегі салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша;";
      5) тармақша "хабарламаға" деген сөзден кейін "не болмаса салықтық тексеру актісіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      105) 536-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманы тапсыру уақыты мен күнін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "сот жалған кәсіпорын (кәсіпорындар) деп таныған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу жөніндегі салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша;";
      106) 537-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
      107) 540-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады. Салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті. Салық тексеруінің актісі салық төлеуші (салық агенті) оны алудан бас тартқан не орнында болмаған жағдайда, осы Кодекстің 31-бабында белгіленген тәртіппен салық тексеруінің нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаны қоса беріп, ол тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.";
      108) 541-бапта:
      1-тармақта "органы" деген сөзден кейін "осы бапта қарастырылған жағдайды қоспағанда," сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізі бойынша салық төлеушінің шағымын қарау байланысты жүргізілген қосымша салық тексеруін аяқтау бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары және өсімпұлдар туралы хабарлама шығаруға жатпайды.";
      109) 543-баптағы "көшуі үшін" деген сөздер "көшірілгені туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      110) 545-баптың 1-тармағында "белгілейді" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 шілдедегі Орман  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):
      1) 109-бабының 3) тармақшасы "орман" деген сөздің алдынан "жанама орман пайдалануды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 112-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы ",жанама орман пайдалану" деген сөздер алып тасталынсын.
      3. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 9 шілдедегі Су  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; 2007 жылғы 10 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін салық органына тапсырғанға дейін куәландырады;".
      4. Қазақстан Республикасының 2007 ж. 9 қаңтардағы Экологиялық   кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-1) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін салық органына тапсырғанға дейін куәландырады;".
      5. Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 ж. 15 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, N 14, 273-құжат; 2001 ж, N 24, 338-құжат; 2003 ж, N 10, 54-құжат; 12, 82-құжат; 2004 ж, N 23, 142-құжат; 2005 ж, N 7-8, 23-құжат; 2006 ж, N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж, N 2, 18-құжат):
      18-баптың 3-тармағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Механикалық көлік құралдарының және тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіпте көлік құралдарын тіркегені үшін алым алынады.
      Жүргізуші куәлігін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексімен белгіленген тәртіпте Жүргізуші куәлігін, механикалық, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін алым алынады.".
      6. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 ж. 16 сәуірдегі  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, N 8, 84-құжат; 1999 ж, N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж, 15-16, 228-құжат; 2002 ж, N 6, 71-құжат; 2003 ж, N 11, 67-құжат; 2004 ж, 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж, N 16, 103-құжат; 2007 ж, N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 12 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "кондоминиум қатысушыларының жарналары - осы Заңмен белгіленген тәртіпте бекітілген, тұрғын үйді және жер учаскесін басқаруға, ұстауға және пайдалануға бағытталған кондоминиум қатысушыларының ай сайынғы, міндетті төлемдері.";
      2) 47-баптың 1-тармағы 4) тармақшасында "сметасын" деген сөзден кейін ",сондай-ақ олардан есептелген кондоминиум қатысушыларының жарналарының мөлшерін" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. Қазақстан Республикасының "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 ж. 29 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Банкке өз клиентіне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық органдарының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері немесе инкассалық өкімдері қойылған болса, жаңа банкі шотын ашуға тыйым салынады.".
      8. Қазақстан Республикасының "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 ж. 10 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2002 ж., N 16, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат):
      8-бап алып тасталсын.
      9. Қазақстан Республикасының "Инвестициялар туралы" 2003 ж. 8 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 4, 28 құжат):
      19-бапта:
      1), 3) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы үштен аса айға арналған салық органының белгіленген нысанына сәйкес анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.".
      10. Қазақстан Республикасының "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 ж. 7 сәуірдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., 6, 33-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 95-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2007 жылғы 8 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) хабарландыру - уәкілетті органның мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын субъектіге жіберген мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын декларациялау ережесін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің нормаларын орындау қажеттігі туралы жазбаша хабарламасы;
      17) камералды бақылау - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша табыс етілген декларацияны және басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізінде тікелей уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау.";
      2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мұнай өнімдерінің айналымын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес, сондай-ақ ілеспе жүк құжатты енгізу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және өткізу көлемін декларациялау тәртібін және мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемін ескере отырып, бақылаушы есептеу аспаптары белгілеу жолымен бірыңғай деректер базасы арқылы жүзеге асыруды;";
      3) 4-бапта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарын қолдану тәртібін белгілейді.";
      4) 5-бапта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақша "ресімдеу" деген сөзден кейін ",тапсырыс, алу, беру, есепке алу және сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "3) уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптарының тізбесін бекітеді.";
      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      11-бап. Мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын декларациялау
      1. Мұнай өнімдерін өндіруді және (немесе өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларациялар табыс етуге міндетті.
      2. Мұнай өнімдерін өндірушілер көтерме және бөлшек сауда да өткізушілер табыс еткен декларация негізінде уәкілетті орган камералды бақылау жүргізеді.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе камералды бақылау нәтижелері бойынша сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда, 5 күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге, көтерме және бөлшек саудада өткізушіге хабарлама беріледі. Хабарламада мұнай өнімдерін өндірушінің, көтерме және бөлшек саудада өткізушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, хабарландыру күні, декларациялау бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, шағымдану тәртібі көрсетіледі. Хабарлама нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      4. Хабарлама мұнай өнімдерін өндірушіге, көтерме және бөлшек саудада сатушыға (өкіліне) жеке өзіне қол қойдырылып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге жолмен табыс етілуі тиіс";
      7) 12-бапта:
      2-тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      "2. Мұнай өнімдерін өткізу тек автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай жеткізушілерге, сондай-ақ меншік құқығында немесе жалға алу шарты бойынша автомобильдерге жанармай құю станциялары және мұнай өнімдері базалары бар тұлғаларға жол беріледі.
      Мұнай жеткізушілердің мұнай өнімдерін өндірушілердің бақылаушы есептеу аспаптары арқылы мұнай өнімдерін өткізуіне жол беріледі.";
      3-тармақшаның бірінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Мұнай өнімдерін автомобильдерге жанармай құю станцияларынан және, мұнай өнімдері базаларынан өткізуге уәкілетті органға мұнай өнімдерін сатып алу және өткізу көлемі туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін бақылаушы есептеу аспаптары арқылы жол беріледі.";
      8) 14-баптың 2 тармақшасында:
      "өткізуді" деген сөзден кейін "немесе тиеп жөнелтуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кезде," деген сөзден кейін "сондай-ақ" деген сөзбен толықтырылсын.
      11. Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 ж. 25 сәуірдегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат; 2004 ж., N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      1) 15-баптың 3-тармағындағы "есептеудің" деген сөзден кейін "және аударудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 16-баптың 1-тармағындағы "15" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      3) 18-баптың бірінші бөлігіндегі "15-інен" деген сөз "20-ынан" деген сөзбен ауыстырылсын.
      12. Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 ж. 12 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., N 12, 88-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      1-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) акциз маркасы - қорғау элементтері бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнім бірлігіне бастырылатын марка;
      2) бірдейлендіру - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім;
      3) есепке алу-бақылау маркасы - темекі өнімдерін есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекі өнімдерін бірдейлендіруге арналған қажетті қорғау дәрежелері бар арнаулы біржолғы жапсырма қағаз;
      4) жеке сәйкестендіру нөмір-коды - Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналыс үшін тауар шығарудың кедендік режимінде әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір маркасына уәкілетті орган беретін тұрақты сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН-коды) және уәкілетті органның тізіліміне енгізіледі;
      5) камералдық бақылау - қызметті темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және көтерме саудада өткізу саласында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс еткен есептілікті зерделеу мен талдау негізінде тікелей уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау;
      6) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі саны бар тұтыну ыдысының бірлігі;
      7) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі саны бар тұтыну ыдысының бірлігі;
      8) өндіріс паспорты - темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтін оның негізгі сипаттамаларын көрсететін құжат;
      9) темекі өнімдерінің айналымы - темекі өнімдерін экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткізу;
      10) темекі өнімдерін көтерме саудамен өткізу - темекі өнімдерін одан әрі қайта сату үшін өткізу (жөнелту);
      11) темекі өнімдерін өндіруші - сату үшін темекі өнімдерін өндіретін жеке немесе заңды тұлға;
      12) темекі өнімдерінің өндірісі - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сай келетін темекі өнімдерін дайындауды қамтамасыз ететін технологиялық процестер жиынтығы;
      13) темекі өнімдері - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған, құрамында темекі бар кез келген өнімдер;
      14) уәкілетті орган - темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      15) фильтрлі сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;
      16) фильтрсіз сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтрдің қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;
      17) хабарлама - уәкілетті органның темекі өнімдерінің өндірісі мониторингінің және экспортын, импортын және көтерме саудада өткізуді декларациялау ережесін регламенттейтін осы Заңның нормаларын орындау қажеттігі туралы қызметті темекі өнімдерінің өндірілуін, экспортын, импортын және көтерме саудада өткізу саласында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жіберген жазбаша хабары.";
      2) 4-баптың 4) тармақшасындағы "қызметті лицензиялауға" деген сөздер "қызметке қойылатын лицензиялау ережесін және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бапта:
      2) тармақшада "теңгеріміне бақылау, есеп" деген сөздер "өзара байланысты теңгерімдеріне бақылау, есеп, оларды жасауды" деген сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "9) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын реттеу мәселелеріне қатысты, темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымы мәселелерін реттеуге уәкілетті тиісті шетелдік органдармен және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бөлігіндегі халықаралық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді."
      4) 6-бапта:
      2) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сай келетін және өндірушіге меншік құқығында тиесілі жабдықтарда;";
      5) 8-бап мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Қызметті темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және көтерме саудада өткізілуі саласында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар берген деректердің мониторингі мен декларацияның негізінде уәкілетті орган камералдық бақылау жүргізеді.
      4. Камералдық бақылаудың нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған күннен бастап бес күннің ішінде қызметті темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және көтерме саудада өткізілуі саласында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға хабарлама тапсырылады.
      Хабарламада қызметті темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және көтерме саудада өткізілуі саласында жүзеге асыратын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, хабарламаның күні, анықталған сәйкессіздікті он күнтізбелік күннің ішінде жою туралы талап, хабарламаны жіберу үшін негіздеме, шағым жасау тәртібі көрсетіледі. Хабарламалардың нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      5. Хабарлама қызметті темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және көтерме саудада өткізілуі саласында жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға (өкіліне) өзіне қол қойғызу арқылы немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.
      6. Сәйкессіздіктер осы баптың 4-тармағында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жеке және заңды тұлғаларға тексеруді жүзеге асырады.";
      6) 10-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) үш ай бойы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленбеген;
      7) темекі өнімдерін темекі өнімі маркасына белгіленген тәртіппен уәкілетті орган беретін ЖСН-кодсыз өткізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Лицензиаттың осы Заңды, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, және оған қойылатын біліктілік талаптарын сақтамауын, сондай-ақ лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды жоюын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган лицензиаттың қатысуымен жүргізетін тексерулер жолымен анықталады.";
      7) 11-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
      "11-бап. Темекі өнімдерін өткізу
      1. Қазақстан Республикасының аумағында темекі өнімдерін өткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Бөлшек саудада өткізуді:
      1) он сегіз жасқа толмаған тұлғамен және тұлғаға;
      2) ашық қораптардан немесе бір-бірлеп сатуды;
      3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;
      4) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
      5) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз, сол сияқты сәйкестендіруге келмейтін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен;
      6) егер сигарет қорабында жиырма сигареттен кем болса;
      7) шайырлы заттар мен никотиннің деңгейі туралы деректер қорапқа жазылмай;
      8) темекі шегушіліктің зияны туралы қорапқа ескерту жазылмай жүзеге асыруға тыйым салынады.
      3. Темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушыларға темекі өнімдерін темекі өнімінің маркасына белгіленген тәртіппен уәкілетті орган беретін ЖСН-кодсыз өткізуге тыйым салынады.
      4. Темекі өнімдерін сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде, касса аппаратында немесе оның жанында мынадай мазмұндағы: "Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынады" деген жазу, сондай-ақ темекі шегудің зияндығы туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.
      5. Темекі өнімдерін сатуды жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінген азаматтарға темекі өнімдерін сату кезінде:
      1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатымен жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;
      2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмеген жағдайда темекі өнімдерін сатудан бас тартуға міндетті.";
      8) 13-баптың 2 тармағы "маркаларынсыз" деген сөзден кейін ", сол сияқты сәйкестендіруге келмейтін акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз" деген сөздермен толықтырылсын.
      13. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 ж. 13 маусымдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 11, 38-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      12-баптың 6-тармағы "оның ішінде келісілген тәртіппен өзара ақпарат алмасу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын.
      14. Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 ж. 7 шілдедегі  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
      38-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.
      15. Қазақстан Республикасының "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 ж. 12 қаңтардағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 3, 20-құжат):
      9-бапта:
      4-тармақтың 4) тармақшасында және 8-тармақтың 4) тармақшасында "5-1)," деген цифрлардан кейін "5-2)," деген цифрлармен толықтырылсын;
      10-тармақтың 5) тармақшасында:
      бірінші абзац "мүлкі" деген сөзден "бағалы қағаздары, қатысу үлестері сатылатын немесе мүлкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "5-1) тармақшасында" деген сөздер "5-1) және 5-2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 68) тармақшасын және 2003 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 63) тармақшасын қоспағанда 2008 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады