"Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 1062 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.03.06. N 257 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ӨҰстап беру туралы шартты ратификациялау туралы

      2003 жылғы 13 қарашада Сеул қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарт

      Бұдан әрі»"Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы,
      қылмысқа қарсы күресте екі тараптың арасында аса тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және ұстап беру саласында екі тарап арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ниет білдіре отырып,
      мына төмендегілер туралы уағдаласты:

      1 бап
      Ұстап беру міндеттемелері
      Әрбір Тарап басқа Тарапқа осы Шарттың ережесіне сәйкес Сұрау салынған Тараптың аумағындағы және ұстап беруге жататын қылмысы үшін Сұрау салған Тараптың аумағында үкімді орындауға, қылмыстық қудалауды іске асыру үшін іздеу салынған кез келген адамды ұстап беруге міндеттенеді.

      2 бап
      Ұстап беруге жататын қылмыстар
      1. Осы Шарттың мақсаттары үшін ұстап беруге жататын қылмыстар бұлар мынадай қылмыстар, сұрау салу кезінде екі Тараптың ұлттық заңнамалары бойынша жазаланатын және жасалғаны үшін ең кемінде бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе аса ауыр жазасы көзделген қылмыстар болып табылады.
      2. Егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беруге жататын кез келген қылмысы үшін Сұрау салған Тараптың сотымен бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қатысты болған жағдайда, 6 (алты) айдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айырылатын болса, онда ол ұстап берілуі мүмкін.
      3. Осы Шарттың мақсатында екі Тараптың заңнамалары бойынша анықтау кезінде қылмыс болып табылады ма:
      а) мағынасы жоқ болса, Тараптардың заңнамалары қылмысты құрайтын әрекетті қылмыстардың бір санатына жатқызса немесе қылмысты бірдей терминология деп атаса; және
      b) ұстап беру сұралып отырған адамның әрекеті толығымен назарға алынса және мағынасы болмаса, егер Тараптардың заңнамалары бойынша қылмыстың құрамдық элементтері ерекшеленсе.
      4. Егер валюталық реттеу саласында кеден, салық заңдылықтары бұзылуға байланысты жасалған қылмыстары үшін ұстап беру сұралса, Сұрау салған Тараптың заңнамалары мен Сұрау салынған Тараптың заңнамалары ла ұқсас салық немесе кеден нормаларын қамтымаған себептері бойынша ұстап беруден бас тартылмайды.
      5. Қылмыс Сұрау салған Тараптың аумағынан тыс жерде жасалған жағдайда, егер осындай жағдайларда да оның аумағынан тыс жерде жасалған қылмыстары үшін Сұрау салған Тарап заңнамасы жазаны қамтамасыз етсе, ұстап беру қанағаттандырылуы мүмкін. Егер сұрау салынған Тараптың заңнамасы бұны қамтамасыз етпесе, сұрау салынған Тарап ез қарауы бойынша ұстап беруді қанағаттандыруы мүмкін.
      6. Егер ұстап беру туралы сұрау салу осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы шарттарды орындамаса, бірақ екі Тараптың заңнамаларымен жазаланатын кейбір қылмыстарға қатысты болса, адам ұстап беруге жататын ең болмаса бір қылмысы үшін ұстап берілген жағдайда ғана ұстап беру қанағаттандырылуы мүмкін.

      3 бап
      Ұстап беруден міндетті түрде бас тарту
      Осы Шарт бойынша ұстап беру қанағаттандырылуы мүмкін мынадай жағдайларда:
      1. Егер сұрау салынған Тарап ұстап беру талап етілетін қылмысты саяси қылмыс немесе саяси қылмыстарға байланысты қылмыстар болып табылады деп шешсе. Саяси қылмыс сілтемелеріне мынадай қылмыстар енгізілмеуі керек:
      а) мемлекет Басшысын не Үкімет Басшысын немесе олардың жанұяларын өлтіру немесе өлтіруге талпыныс жасау немесе қастандық жасау.
      b) геноцидке, терроризмге, немесе адамдарды кепілге алуға қатысты осындай халықаралық шарттарды шектемей, бірақ қоса отырып қатысушылары екі Тарап болып табылатын жан-жақты халықаралық шарттардың себептері бойынша заңи құзыретті немесе ұстап беруді белгілеу міндеттемесіне ие болатын Тараптарға қатысты қылмыстар.
      2. Егер оны ұстап беру талап етілуге байланысты жасалған қылмысы үшін Сұрау салынған Тараптың аумағында іздеу салынған адам жазаланса, босатылған немесе ақталған жағдайда.
      3. Егер де осындай қылмыс Сұрау салған Тарапта жасалса, Сұрау салынған Тараптың заңнамасы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалауды іске асыру мүмкін болмаған жағдайда. Сұрау салған Тараптың заңнамасы бойынша ескіру мерзімі ішінде тоқтатылатын актілер немесе міндеттемелерді Сұрау салған Тарап ескеруге тиіс, және бұндай жағдайда Сұрау салған Тарап ескіру мерзіміне қатысты өзінің заңнамасының жазбаша көшірмелерін қамтамасыз ету керек.
      4. Егер Сұрау салған Тарап ұстап беру туралы сұрау салу рулық, діни, ұлттық, жыныстық қатынасына қарай немесе саяси себеп бойынша, немесе адам осы себептердің кез келгені бойынша сотталуы мүмкін болса, іздеу салынған адамды жазалау немесе айыптау мақсатында берілген деп жобаланатын негізгі себептерге ие болған жағдайда.

      4 бап
      Ұстап беруді қараудан бас тарту
      Осы Шарт бойынша ұстап беруден бас тарту мынадай жағдайларда мүмкін:
      а) егер адам сұрау салынған Тараптың азаматы болып табылса;
      b) егер ұстап беруге сұрау салынған қылмыс оның аумағында ішінара немесе толығымен жасалған себебіне байланысты Сұрау салынған Тараптың заңнамасы бойынша тергелген жағдайда;
      с) егер ұстап беру сұралуына байланысты сол бір қылмысы үшін іздеу салынған адам үшінші мемлекетте ақталған немесе сотталған жағдайда, және соттау кезінде үкім толығымен орындалған немесе енді оны орындау талап етілмеген жағдайда;
      d) ерекше жағдайда Сұрау салған Тарап қылмыстың күрделігін Сұрау салынған Тараптың мүддесін ескере отырып, іздеу салынған адамның жеке жағдайына байланысты ұстап беру гуманизм қағидаттарына сыйыспайтынын қажет деп тапса;
      е) егер ұстап беру сұралып отырған қылмыс әскери заңнама бойынша қылмыс болып табылса, бірақ қазіргі қылмыстық заңнама бойынша қылмыс болып саналмаса;
      f) егер ұстап беру сұралып отырған қылмыс жеке айыптау тәртібінде қудаланса.

      5 бап
      Өлім жазасы
      Егер Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ұстап беру сұралып отырған адам ұстап беру сұралуға байланысты қылмысы үшін өлім жазасына тартылса, ал Сұрау салған Тараптың ұлттық заңнамасында бұндай қылмыс үшін өлім жазасы көзделмесе, егер Сұрау салынған Тарап сұрау салған Тараптың пікірі бойынша өлім жазасы орындалмайтыны туралы жеткілікті куәландыруларды бермесе, ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.

      6 бап
      Өз меншігіндегі азаматтарды ұстап беру
      1. Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша өздерінің жеке меншігіндегі азаматтарды ұстап беруге міндетті емес, бірақ Сұрау салынған Тарап егер бұны қажет деп тапса, өзінің қарауына қарай, бұндай адамды ұстап беруге өкілеттілікке ие болу керек.
      2. Егер іздеу салынған адамның азаматтығы негізінде ұстап беруден нақты түрде бас тартылса, Сұрау салған Тарап Сұрау салынған Тараптың сұрау салуы бойынша қылмыстық қудалауды іске асыру үшін мүмкіндік туғызу керек. Сұрау салған Тарап осы мақсат бойынша Сұрау салынған Тараптан тиісті құжаттарды жолдауды сұрай алады.

      7 бап
      Ұстап беруді кейінге қалдыру және уақытша ұстап беру
      1. Егер ұстап беру сұралып отырған адам Сұрау салынған Тараптың аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатса, онда ұстап беру Сұрау салған Тарап хабарлағандай жазасын өтеу немесе мерзімінен бұрын босатылу ісі бойынша өндіріс аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
      2. Егер ұстап беруді кейінге қалдыру қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне әкеп соқса, онда Сұрау салған Тарап сұрау салуы бойынша Сұрау салынған Тараптың және сұралып отырған адамды өзінің заңнамасына сәйкес уақытша беруі мүмкін.
      3. Уақытша берілген адам Сұрау салған Тарапқа іс бойынша өндіріс аяқталғаннан кейін немесе өзара келісілген уақытының мерзімі аяқталғаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс. Егер осындай ұзартулар үшін жеткілікті негіздер бар болса, сұрау салған Тарап сұрау салу бойынша уақытша ұстап беру мерзімін ұзарта алады.

      8 бап
      Ұстап беру рәсімдері және қажетті құжаттар
      1. Ұстап беру туралы сұрау салу дипломатиялық арналар жазбаша түрде берілуге тиіс.
      2. Ұстап беру туралы сұрау салуда:
      а) іздеу салынған адамның жеке тұлғасын сәйкестендіретін, мүмкіндігіне қарай азаматтығын және тұратын мекен-жайын белгілейтін құжаттар;
      b) істің нақты міндеттемелерін сипаттау;
      с) әрекет қылмыс деп танылуы негізіндегі заңның мәтіні:
      d) жазаны қылмыс деп белгілейтін заңның мәтіні; және
      е)қылмыстық қудалау уақытын шектеуге немесе қылмысы үшін жазаны орындауға қатысты заңның мәтіні болу керек.
      3. Егер ұстап беру туралы сұрау салу жазаға тартылған адамға қатысты болса, онда ол:
      а) сот немесе Сұрау салынған Тараптың басқа құзыретті органдары шығарған қамауға алу немесе ұстау туралы қаулының көшірмесін;
      b) қамауға алу немесе ұстау туралы қаулыға қатысты іздеу салынған адам бұл сол адам екенін белгілейтін ақпаратты;
      с) іздеу салынған адам қылмысты жасағанын, осыған байланысты ұстап беру сұралып отырғандығын көрсететін дәлелдерді, қылмыс құрамын дәлелдейтін фактілерді баяндауды қамтиды.
      4. Егер ұстап беру туралы сұрау салу кінәлі адамға қатысты болған жағдайда, сұрау салу:
      а) сұрау салған Тараптың соты шығарған үкімнің көшірмесін;
      b) іздеу салынған адам бұл кінәға тартылған адамның өзі екендігін белгілейтін ақпаратты; және
      с) кінәға тартылған адамның жасаған қылмыс құрамының барлығын дәлелдейтін фактілерді баяндауды қамтиды.
      5. Сұрау салынған Тараптың тілі немесе ағылшын тілінің аудармасын қосқанда, осы Шарттың талаптарына сәйкес сұрау салған Тарап барлық құжаттарды куәландыруға және беруге тиіс.
      6. Егер оған сот немесе басқа сұрау салған Тараптың өкілетті адамы қол қойып немесе куәландырса және сұрау салған Тараптың құзыретті органының ресми мөрімен мөрленсе, осы Шарттың мақсатында құжат куәландырылған деп есептеледі.

      9 бап
      Қосымша ақпарат
      1. Егер ұстап беруді қанағаттандыру үшін осы Шартқа сәйкес ұстап беру туралы сұрау салуда берілген ақпарат жеткіліксіз деп есептелсе, ол келісілген уақыт ішінде қосымша ақпаратты сұрай алады.
      2. Егер ұстап беру сұралған адам қамауда болса және осы Шартқа сәйкес берілген қосымша ақпарат жеткіліксіз болса немесе келісілген уақыт ішінде алынбаса, адам қамаудан босатылуы мүмкін.
      3. Егер адам осы баптың 2-тармағына сәйкес қамаудан босатылса, Сұрау салған Тарап бұл туралы сұрау салынған Тарапқа уақытылы хабарлауға тиіс.

      10 бап
      Ұстап беру туралы талаптар келіп түскенге дейін адамды
      қамауда ұстау
      1. Кідіріссіз жағдайда Тарап іздеу салынған адамды ұстап беру туралы сұрау салу берілгенге дейін уақытша қамауға алуды сұрауы мүмкін. Уақытша қамауға алу туралы сұрау салу дипломатиялық арналар, немесе тікелей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арқылы берілуі мүмкін.
      2. Уақытша қамауға алу туралы сұрау салу жазбаша түрде ресімделеді және онда:
      а) сәйкестендірілген мәліметтер, оның азаматтығы туралы ақпаратты қосқанда, іздеу алынған адамды сипаттау;
      b) егер белгілі болса, іздеу салынған адамның тұратын жері;
      с) істің мән-жайын қысқаша баяндау, мүмкін болса қылмыстың жасалған орны мен уақыты;
      d) әрекет қылмыс деп танылатын негізіндегі заң мәтіні;
      е) қамауға алу және ұстау туралы қаулының бар екендігін растау немесе сот үкімінің заңды күшіне енуі;
      f ) іздеу салынған адамды ұстап беру туралы сұрау салудың берілетіндігін растау бар болуға тиіс.
      3. Осындай сұрау салу бойынша сұрау салған Тарап іздеу салынған адамды қамауға алуға кепілдік беруі үшін негізгі қадамдарды қолдануға және нәтижесі туралы сұрау салған Тарап хабарлауға тиіс.
      4. Сұрау салынған Тарап осы Шарттың 8-бабында көрсетілген тиісті құжаттармен ұстап беру туралы сұрау салуды қамауға алған күннен бастап (40) қырық күн ішінде бере алмаса, және бұл іздеу салынған адамды ұстап беру туралы сұрау салуды қарастыруға кедергі келтірмесе, егер сұрау салу алынса, қамауға алынған адам босатылуы мүмкін.

      11 бап
      Жеңілдетілген ұстап беру
      Егер іздеу салынған адам ұстап беру беруге келісетіндігі туралы сотты немесе сұрау салған Тараптың басқа құзыретті органын хабардар етсе, сұрау салынған Тарап оның заңнамасына сәйкес ұстап беру рәсімдерін жеделдету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс.

      12 бап
      Бәсекелесуші сұрау салулар
      1. Егер бір адамды немесе сол бір қылмысы үшін ұстап беру туралы сұрау салулар екі немесе одан да көп Мемлекеттерден алынса, сұрау салынған Тарап адамды мемлекеттердің қайсысына ұстап берілетінін анықтау және өзінің шешімі туралы осы Мемлекетті хабардар етуі тиіс.
      2. Қай мемлекетке адамды ұстап беруді анықтау кезінде Сұрау салынған Тарап:
      а) іздеу салынған адамның азаматтығы мен тұратын жерін;
      b) сұрау салулар халықаралық шарттарға сәйкес жасалынған ба;
      с) қылмыстың орны мен уақытын;
      d) сұрау салушы Мемлекеттің тиісті мүдделерін;
      е) жасалған қылмыстың ауырлығын;
      f) құрбанның азаматтығын;
      g) Сұрау салушы мемлекеттердің арасында алдағы ұстап беру мүмкіндігін;
      һ) сұрау салуларды беру күнін қоса отырып, бірақ шектемей барлық факторларды ескеруге тиіс.

      13 бап
      Адамды тапсыру
      1. Сұрау салынған Тарап ұстап беру туралы сұрау салуға қатысты шешім қабылданысымен, бұл шешім туралы сұрау салынған Тарапқа хабарлауға міндетті. Сондай-ақ ұстап беру туралы сұрау салуды қанағаттандыруда кез келген толық немесе ішінара бас тарту себептері туралы сұрау салынған Тарап хабардар болуға тиіс.
      2. Сұрау салынған Тарап екі Тарапқа қолайлы сұрау салынған Тараптың аумағындағы іздеу салынған адамды сұрау салған Тараптың құзыретті органына беруге тиіс.
      3. Сұрау салған Тарап адамды сұрау салынған Тарап белгілеген мерзім ішінде алып кетуге тиіс және егер сол мерзім ішінде алып кетпесе сұрау салған Тарап адамды қамаудан босатуы мүмкін және осы қылмыс бойынша ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.
      4. Егер ерекше жағдай ұстап берілген адамды алып кетуде кедергі келтірсе, бұл туралы басқа Тарап хабардар болады және бұндай жағдайда осы баптың 3-тармағының шарты қолданбауға тиіс. Екі Тарап осы баптың шарттары бойынша адамдарды тапсырудың туралы жаңа күні туралы өзара келісуге тиіс.

      14 бап
      Меншікті беру
      1. Ұстап беру туралы сұрау салуды қанағаттандырған жағдайда сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес және үшінші адамдардың құқығын ескере отырып, қылмыс нәтижесінде пайда болған барлық меншіктер заттай айғақтар ретінде талап етілуі мүмкін, сұрау салған Тараптың аумағында табылған барлық меншіктер сұрау салған Тараптың сұрау салуы бойынша тапсырылуға тиіс.
      2. Жоғарыда ескерілген меншік егер де ұстап беру іздеу салынған адамдардың өліміне, жоғалуына, қашуына байланысты қанағаттандырылмаса да, сұрау салған Тараптың сұрау салуы бойынша оған берілуге тиіс.
      3. Егер осы баптың 1 тармағында көрсетілген меншік қылмыстық істі тергеу үшін талап етілсе, сұрау салған Тарап қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталғанға дейін оны беруді уақытша кейінге қалдыруы мүмкін.
      4. Егер сұрау салынған Тараптың заңнамасы немесе үшінші адамдардың құқығы талап етсе, кез келген берілген меншік оның сұрау салуы бойынша сұрау салған Тарапқа тегін қайтарылуы тиіс.

      15 бап
      Арнайы ереже
      1. Осы Шартқа сәйкес:
      а) қылмысы үшін ұстап беру қанағаттандырылғандығын немесе дәл сол фактілер негізінде басқа аталған қылмыстары үшін ұстап беру қанағаттандырылғандығын;
      b) ұстап беруден кейінгі жасалған қылмысын;
      с) қылмыс үшін Сұрау салған Тарап ұстап берілген адамды ұстауға, айыптауға немесе жазалауға келісім бергендігін қоспағанда, ұстап берілген адам сұрау салған Тарапта ұсталуы, айыпталуы немесе жазалануы мүмкін емес.
      Осы баптың 1 тармағының мақсатында:
      і) Сұрау салынған Тарап осы Шарттың 7-бабында аталған құжаттарды беруді талап етуі мүмкін;
      іі) ұстап берілген адам жасаған қылмыстардың құқықтық расталуы Сұрау салынған Тарапқа берілуі мүмкін;
      ііі) сұрау салынған Тарап сұрау салуды қарастырғанға дейін сұрау салған Тарап ұстап берілген адамды ұстауы мүмкін.
      2. Осы Шартқа сәйкес ұстап берілген адам сұрау салынған Тараптың келісімінсіз оны ұстап бергенге дейінгі жасалған қылмысы үшін үшінші Мемлекетке ұстап берілуі мүмкін емес.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтары ұстап берілген адамды ұстауға, айыптауға немесе соттауға, немесе үшінші Мемлекетке ұстап беруге кедергі келтірмейді, егер:
      а) адам сұрау салған Тараптың аумағын ұстап берілгеннен кейін тастап кетсе және сол жерге өз еркімен оралса; немесе
      b) адам сұрау салған Тараптың аумағын еркін тастап кетуіне мүмкіндігі бар бола тұрып, 45 күн ішінде тастап кетпесе.

      16 бап
      Нәтижелер туралы хабарлама
      Сұрау салған Тарап қылмыстық істі тергеу нәтижелері немесе ұстап берген адамға қатысты жазаны орындау немесе адамды үшінші Мемлекетке беру туралы сұрау салынған Тарапқа уақытылы хабардар етуге міндетті.

      17 бап
      Транзит
      1. Заңнамамен шешілген дәрежеде басқа Тараптың аумағы арқылы үшінші Мемлекеттің бір Тарабынан ұстап берілген адамды көліктік тасымалдау дипломатиялық арналар немесе тікелей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арқылы берілген жазбаша сұрау салулар бойынша шешілуге тиіс. Сұрау салу азаматтығын қоса отырып, транзиттік тасымалдауға жататын адамның мәліметтері, сондай-ақ істің мән-жайының қысқаша сипаты болуы керек.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Корея Республикасының Әділет министрлігі бағыттау және басқа транзиттік тасымалдау шарттарымен келіседі.
      3. Әуе көлігін қолданған кезде транзитке рұқсат ету талап етілмейді және транзит Мемлекет аумағында ешқандай қону жоспарланбайды. Егер бір Тараптың аумағында жоспарланбаған қону болса, онда бұл осы Баптың 1-тармағында көзделгендей транзит туралы сұрау салуды бағыттау талап етілуі мүмкін. Өтініш жоспарланбаған қонудан кейін (96) тоқсан алты сағат ішінде түскен жағдайда транзиттік мемлекет тасымалданушы адамды тасымалдау жаңартылғанға дейін оны қамауда ұстайды.

      18 бап
      Шығындар
      Ұстап беруге қатысты оның заңи құзыретіндегі кез келген рәсімдер бойынша шығыстарды Сұрау салынған Тарап төлейді.
      Ұстап беру талап етіліп отырған қамауға және ұстауға байланысты, немесе меншікті тәркілеуге және беруге байланысты оның аумағындағы шығыстарды Сұрау салынған Тарап төлейді.
      Сұрау салынған Тараптың аумағынан ұстап беруге жататын адамды беруге және транзиттік тасымалдауға байланысты шығыстарды сұрау салған Тарап төлейді.

      19 бап
      Консультациялар және өзгерістер енгізу
      1. Тараптардың біреуінің өтініші бойынша Тараптар осы Шартты түсіндіруге қатысты консультациялар жүргізеді.
      2. Екі Тараптың құзыретті органдары осы Шартты орындау тиімділігін жеделдету үшін нақты сұрау салуларды шешуге байланысты тікелей бір-біріне консультациялар беруі мүмкін.

      20 бап
      Шарттың күшіне енуі және тоқтатылуы
      1. Осы Шарт бекітуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасқаннан кейін күшіне енеді.
      2. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап және кейін жасалған қылмыстарға қатысты осы Шарт қолданылады.
      3. Кез келген Тарап жазбаша хабарлама жолдағаннан кейін кез келген уақытта осы Шарт қолданылуын тоқтатуы мүмкін. Шарт осындай хабарламаны алған күннен бастап алты (6) ай өткен соң өзінің қолданылуын тоқтатады.
      КУӘЛІККЕ жоғарыдағы қол қоюшылар Үкіметтің өкілетті адамдары міндетті түрде осы Шартқа қол қойды.
      2003 жылдың»13» қарашада, Сеул қаласында, екі данада, әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде туындаған келіспеушілік жағдайларында, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтініне назар аударады.

   Қазақстан Республикасы үшін           Корея Республикасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады