"2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қарашадағы N 1064 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына 2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкентте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес
      Төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

      Конвенциясының 10-бабындағы "Бішкек" сөзі "Ташкент (Өзбекстан Республикасы)" сөзіне өзгертіледі.

2-бап

      Осы Хаттама күшіне енуіне қажетті Қазақстан Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан олардың мемлекетішілік үдерістерді орындағандары туралы жазбаша түрдегі мәлімдеменің соңғысын депозитарий алған соң 30-шы күні осы Хаттама күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттама Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылады.
      2003 жылғы 5 қыркүйекте Ташкент қаласында бір данада орыс және қытай тілдерінде жасалды, сонымен қатар екі мәтіннің күші бірдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
      ҚЫТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
      ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯ ҮШІН
      ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
      ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады