Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:
09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
601 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"004 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі