"Қазақстан Республикасында 2008 жылғы Украина жылын өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қарашадағы N 1068 Қаулысы

      Қазақстан-украин қатынастарын одан әрі нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасында 2008 жылы Украина жылын өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында 2008 жылы Украина жылын
өткізу туралы

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы ынтымақтастықты жандандыру және экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасында 2008 жылы Украина жылы өткізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында 2008 жылы Украина жылын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін қалыптастырсын және көрсетілген іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады