Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы»"2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлік)" бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы мәлімдемесімен бірге мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлік)" бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы мәлімдемесімен бірге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қарашадағы
N 1074 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық
қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған
Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт:
өңірлік құрамдас бөлік)" бойынша бірнеше елді қамтитын
бағдарламалар жөніндегі
Қаржылық келісім АРНАЙЫ ШАРТТАР
Бұдан әрі " Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрі " Қоғамдастық " деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық
бір тараптан және
бұдан әрі " Бенефициар " деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші тараптан
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ
1.1. Қоғамдастық 2 қосымшадағы Техникалық және әкімшілік ережелерде жазылған бұдан әрі Бағдарлама деп аталатын 2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимылдарының бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөліктер) 2006\018-248 қаржыландыруға өз үлестік қосады 1 .
1.2. Бұл бағдарлама қаржылық келісімге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (1 қосымша) мен Техникалық және әкімшілік ережелер (2 қосымша) сәйкес орындалады.
__________________
1 Бұл дата жақтармен келісілген жобаларды іске асыруға Еуропалық Одақпен бюджетті бөлген жылға қатысты
2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСІ
2.1. Бағдарламаның жалпы құны 11 миллион Евроға бағалануда.
2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 11 миллион Евро бөлуді міндеттенеді. Бюджеттік баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесін бөлу 2 қосымшаның Техникалық және әкімшілік ережелеріне қосылған бюджетте көрсетілген.
3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСІ
3.1. Бенефициар бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
3.2. Бенефициардың қаржылық емес үлесі бойынша Техникалық және әкімшілік ережелерде, қаржылық келісімге 2 қосымшада егжей-тегжейлі уағдаластықтар жасалады.
4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ
Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі қаржылық келісімнің күшіне енген сәтінен басталады және 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Аталған орындалу кезеңі екі кезеңнен: қаржылық келісімнің күшіне енген сәтінен басталатын және 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын операциялық іске асыру кезеңінен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңінің соңында аяқталатын аяқталу кезеңі басталады.
5-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН
КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ КҮНІ
Қаржылық келісімді іске асыруға арналған келісім-шарттар ең кеш дегенде 2009 жылдың 30 қарашасында қол қойылады. Бұл соңғы мерзім ұзартылмайды. Осы ереже кейін қол қоюға болатын келісімдердің аудитіне және бағалауына қолданылмайды.
6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР
Қаржылық келісімді іске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сілтемесі болуы және мына мекен жайлар бойынша жіберілуі тиіс:
а) Комиссия үшін
Mr. Erich W. Muller
Director
Directorate Asia incl. Central Asia
Rue de la Loi 200
B-1049 Brussels, Belgium
Commission of the European Communities
EuropeAid Co-operation Offise
b) Бенефициар үшін
Бақыт Сұлтанов мырза
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Қазақстан Республикасы
010000, Астана
Сол жағалау, 35 көше, N 2 үй
"Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты, 444-каб.
Тел.+ 7(7172)74 28 09 Факс: + 7(7172)74 31 48
7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР
7.1. Мына құжаттар аталған келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
I қосымша: Жалпы шарттар
II қосымша: Техникалық және әкімшілік ережелер.
7.2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелері арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелері басымдыққа ие болады. 1 қосымша мен 2 қосымшаның ережелері арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелері басымдыққа ие болады.
8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР
8.1. "Жалпы шарттар" мынадай ережелермен толықтырылды:
8.1.1. "Жалпы шарттардың" 3.1-бабына қатысты, іске асыру бенефициардың мүддесіне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
8.2. "Қаржылық келісімге қатысты Жалпы шарттардың" басқа баптары осы Қаржылық келісімге қосымша берілген "Жалпы шарттарымен" алмастырылған.
8.3. Жобалардың қоса беріліп отырған тізіміндегі қаржылық келісімге тиісінше әрбір жоба қамтитын әріптес елдерден ең аз дегенде екеуі қол қойған жағдайда келісім-шарт жасалуы мүмкін. Елдер Қаржылық келісімге екінші қол қойғаннан кейін ғана олар жобадан түсетін пайданы ала алады.
9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Қаржылық келісім оған қол қойған екі тараптың соңғысының қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Қаржылық келісім Брюссельде үш түпнұсқада ағылшын тілінде жасалды, екі данасы Комиссияға және бір данасы Бенефициарға жіберілуге тиіс.
КОМИССИЯ ҮШІН БЕНЕФИЦИАР ҮШІН
Эрих Мюллер Вебер мырза Бақыт Сұлтанов мырза
Азия және Орта Азия бойынша Қазақстан Республикасы Экономика
директориат директоры және бюджеттік жоспарлау
"ЕurореАіd" жәрдемдесу министрі
офисі Еуропалық Комиссия Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы
Сол жағалау, 35 көше, N 2 үй
"Министрліктер үйі"
Әкімшілік ғимараты, 444-каб.
Брюссель Астана
Күні: 10\01\2007 Күні:
1 ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР 1 ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесі қаржылық келісімде айқындалған сан шегінде болуы тиіс.
1.2. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесін беру Бенефициар қаржылық келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаған жағдайда жүргізілуге тиіс.
2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ
2.1. Қаржылық келісім бюджетінің жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет ішінде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиіс.
2.2. Қаржылық келісім бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелі кезінде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншік ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкін.
2.3. Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкін болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкін болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкін. Мұндай келісім болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебінен Қоғамдастықтардың тиісті ережелері мен рәсімдеріне залал келтірмей қайта қаржыландырылуы мүмкін.
2 ТАРАУ - ІСКЕ АСЫРУ 3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшін және оның атынан әрекет ететін Еуропалық Комиссия іске асырады.
3.2. Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетінде Еуропалық Комиссияны білдіреді.
4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ
4.1. Қаржылық келісімде қаржылық келісімнің күшіне енген күнінен басталатын және Арнайы шарттардың 4-бабында көрсетілген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзімі көрсетілуі тиіс.
4.2. Аталған орындалу мерзімі екі кезеңнен тұрады:
- барлық негізгі іс-шаралар жүргізілетін шеңберде практикалық іске асыру кезеңі. Аталған кезең қаржылық келісім күшіне енген күнінен басталады және орындалу мерзімінің соңына дейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады;
- түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізілетін, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келісім бойынша барлық келісім шарттар жабылатын қорытынды кезеңі. Аталған кезең практикалық іске асыру кезеңі ақталған күнінен басталады және осы күннен кейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады.
4.3. Негізгі іс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық іске асыру кезеңі ішінде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкін. Түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізу жөніндегі шығыстар қорытынды кезеңнің аяғына дейін заңды болып табылады.
4.4. Қоғамдастық қосқан үлестен кейін қалған кез келген теңгерім орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
4.5. Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда практикалық іске асыру кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту жөнінде сұрау салынуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық іске асыру кезеңінің соңына дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзім ішінде оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
4.6. Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда және практикалық іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін, қорытынды кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту жөнінде сұрау салынуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнің соңына кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзім ішінде оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
3 ТАРАУ- КЕЛІСІМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ 5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қаржылық келісімді іске асыратын барлық келісім-шарттар тиісті рәсімдердің басынан бастап әрекет ететін сыртқы іс-шараларды іске асыру үшін Комиссия айқындаған және жариялаған рәсімдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиіс.
6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРАТЫН
КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗІМІ
6.1. Қаржылық келісімді іске асыратын келісім-шарттарға Комиссия бюджеттік міндеттемені қабылдағаннан кейін үш жыл ішінде, атап айтқанда Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген күнге дейін екі тарап қол қоюға тиіс. Аталған түпкілікті мерзім ұзартылмайды.
6.2. Жоғарыда көрсетілген ереже кейіннен қол қойылуы мүмкін аудит және бағалау іс-шараларын жүргізу жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.
6.3. Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген мерзімде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келісім-шарт күшін жояды.
6.4. Келісім-шарт, оған қол қойғаннан кейін үш жыл ішінде төлем жүргізілмес қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ
7.1. Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткізулерге арналған келісім-шарттарды беру жөніндегі тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше қатысушы мемлекеттердің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін және алушы үшінші бенефициар-елдердің барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актілерде нақты көрсетілген кез келген басқа үшінші ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиіс.
7.2. Өтінім беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше қатысушы мемлекеттердің барлық заңды тұлғалары үшін және алушы үшінші елдердің барлық заңды тұлғалары немесе аталған актілерде нақты көрсетілген басқа үшінші бенефициар-ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең ашық болуы тиіс.
7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше шарттары негізінде 1 және 2-параграфтарда көрсетілгеннен басқа үшінші елдердің өкілдеріне келісім-шарттарды беру тендерлеріне қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдануы мүмкін.
7.4. Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткізулер мен қызметтерге арналған келісім шарттарды орындау үшін қажетті тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын іс-шараларды орындау үшін гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсімдері алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндірілуі тиіс.
4 ТАРАУ - КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ 8-БАП - ҚҰРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫ
8.1. Келісім шарт сипатының негіздемесі кезінде жұмыстарға, жеткізулерге және қызметтерге арналған келісім-шарттарды беруге арналған тендерлік рәсімдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиіс. Аталған құқық келісім-шартты бергеннен кейін бір ай бойы жарамды болуы тиіс.
8.2. Келісім-шартты орындау үшін қызметтері қажетті мердігерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің жобаны/бағдарламаны іске асыру кезінде осындай құқықтары болуы тиіс.
9-БАП - САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ЕРЕЖЕЛЕР
9.1. Арнайы шарттарда арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегі салықтық, кедендік немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиіс.
9.2. Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келісім-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететін мемлекеттік немесе халықаралық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңілдікті салық және кедендік рәсімдерді қолдануы тиіс.
9.3. Егер Негіздемелік келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиіс.
10-БАП - ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
10.1. Бенефициар ел жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік валютаны әкелуді немесе сатып алуды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ол, сондай-ақ аталған Жалпы шарттардың 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердігерлерге қатысты кемсітусіз шетелдік валютаны ресми айырбастау ережесін қолдануға міндеттенеді.
10.2. Егер Негіздемелік келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиіс.
11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Егер қаржылық келісім зерттеулер жүргізуді қамтыса, қаржылық келісімді іске асыру үшін қол қойылған аталған зерттеулерді жүргізу жөніндегі жасалған келісім-шарттар зерттеуге арналған меншік құқығын және алынған деректерді пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшінші тарапқа берудегі Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиіс.
12-БАП - КЕЛІСІМ ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ
12.1. Дұрыс жүргізілмеген төлемдерден қалпына келтірілген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепілдіктерден немесе осы қаржылық келісім бойынша қаржыландырылатын келісім-шарттар негізінде ұсынылған орындау кепілдіктерінен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берілуі тиіс.
12.2. Келісім-шартты бекітетін сатып алу келісім-шартының контексінде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкін қаржы айыппұлдары, тендерлік кепілдіктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтірілген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне жүргізілуі тиіс.
5 ТАРАУ - НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 13-БАП - ҚЫЗМЕТТІ ЖАРИЯ ЕТУ
13.1. Қоғамдастық қаржыландыратын әрбір жоба/бағдарлама тиісті коммуникациялық және ақпараттық іс-шараларды басшылыққа алуы тиіс. Осы іс-шаралар Комиссияның келісімі болған кезде айқындалуы қажет.
13.2. Аталған коммуникациялық және ақпараттық іс-шаралар бұл іс-шараларды іске асыру кезінде әрекет ететін сыртқы іс-шаралардың көрінісін қамтамасыз ету үшін Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткізілуі тиіс.
14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
14.1. Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалмаған қаражатты қайтару үшін шағым беру тиіс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиіс.
14.2. "Бұзушылық" дегеніміз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншік қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебінен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрінде зиян келтіріп отырған немесе келтіретін экономикалық субъектінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінетін қаржылық келісімдер, келісім-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерінен кез келген ауытқуды білдіреді.
"Алаяқтық" дегеніміз:
- Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетінің немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуі мүмкін жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәліметтерді пайдалануға немесе ұсынуға;
- ерекшелік міндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтіретін ақпаратты жасыруға;
- осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейі әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.
Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтіндей күдік тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиіс.
14.3. Бенефициар келісім-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды іске асырудағы рәсімнің кез келген сатысында белсенді немесе пассивті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндеттенеді. "Пассивті сыбайлас жемқорлық" дегеніміз ресми тұлғаның тікелей немесе делдал арқылы жеке өзі үшін немесе үшінші тарап үшін кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерін кемсітуге әсері бар немесе әсер ететін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берілетініне уәде алған әдейі әрекетін білдіреді. "Белсенді сыбайлас жемқорлық" дегеніміз кімде-кімнің ресми тұлғаға жеке ол үшін немесе үшінші тарап үшін, ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерін кемсітетін немесе кемсітуі мүмкін ресми міндеттерін бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшін тікелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрін беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейі әрекетін білдіреді.
15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ БӨЛІМ (СЖҚКЕБ) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ
ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
15.1. Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕБ және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келісім бойынша (келісім-шарттар мен гранттарды беру жөніндегі рәсімді қоса алғанда) бөлінген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнінде жергілікті жерлерде құжаттамалық тексерістер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлік құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізінде келісімнің бар мерзімі және соңғы төлемнің күнінен кейін жеті жыл ішінде толық аудит жүргізу мүмкіндігімен келіседі.
15.2. Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕБ-ның жергілікті жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсімдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесін қорғау үшін тексерістер мен бақылау жүргізуі мүмкін екендігімен келіседі.
15.3. Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕБ-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкілдеріне және олардың уәкілетті агенттеріне компьютерлік жүйелерді, сондай-ақ осы іс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендірілген деректерді қоса алғанда, қаржылық келісім бойынша қаржыландырылған іс-шаралар өткізілген орындар мен үй-жайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Еуропалық Комиссияның, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкілетті агенттері үшін қол жеткізу үшінші тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиян тигізбей берілу тиіс. Құжаттар қол жетімді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететін тәртіпте тігілуі қажет және Бенефициар Комиссияға, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиіс.
15.4. Жоғарыда сипатталған тексерістер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданылуы тиіс.
15.5. Бенефициарды жергілікті жерлерде тексерістер жүргізу үшін тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерінің келетіні туралы хабардар ететін болады.
16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР
16.1. Бенефициар мен Комиссия қаржылық келісімнің баптарын іске асыру немесе түсіндіру туралы даулы мәселелер туындағанға дейін бірі-біріне консультация беру қажет.
16.2. Бұл консультациялар қаржылық келісімнің өзгеруіне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келу мүмкін.
17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ТҮЗЕТУ
17.1. Арнайы шарттарға және қаржылық келісімнің II қосымшасына енгізілетін кез келген түзетулер жазбаша түрде енгізілуі және қосымшада ресімделуі тиіс.
17.2. Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негіздемелері болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудің болжам бойынша күшіне енуіне дейін кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиіс.
17.3. Іске асырудың практикалық кезеңі мен қорытынды кезеңін ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.
18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
18.1. Қаржылық келісім мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
(а) егер Алушы осы келісім бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
(b) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты міндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайларда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
(с) Қаржылық келісім төменде көзделген форс мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкін. "Форс мажор" дегеніміз тараптардың біреуіне өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердігерлердің, агенттер мен жұмыскерлердің) қателігіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны білдіреді, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерілмейтін болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы ақаулары немесе оларды орнатуды кешіктіру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуілдер немесе қаржылық қиындықтар форс мажор ретінде пайдаланылмайды. Тарапқа міндеттемелерін орындауға форс мажорлық жағдай кедергі болған кезде, оларды бұзғаны жөнінде талаптар қойылмайды. Форс мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигізетін әсерін сипаттай отырып, екінші тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
18.2. Тоқтата тұру шешімі туралы алдын ала хабарлама берілмейді.
18.3. Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.
19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ
19.1. Егер қаржылық келісімді тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай ішінде шешілмесе, қаржылық келісімді тоқтату туралы екінші тарапқа екі ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкін.
19.2. Егер қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде қандай да бір төлемдер жүргізілмесе немесе Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген күнге оны іске асыру жөнінде келісім-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келісімнің қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
19.3. Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.
20-БАП - ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
20.1. Аталған Жалпы шарттардың 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай ішінде шешілуі мүмкін емес қаржылық келісімге қатысты кез-келген пікірсайыс бір тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкін.
20.2. Бұл жағдайда, әрбір тарап арбитражды жүргізуге арналған сұраудан кейін 30 күннің ішінде арбитрді тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың біреуі екінші арбитрді тағайындау жөніндегі өтінішімен Тұрақты арбитраж сотының Гаагадағы Бас хатшысына өтініш жасауы мүмкін. Өз кезегінде, екі арбитр 30 күннің ішінде үшінші арбитрді тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың біреуі Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшінші арбитр тағайындау жөнінде өтініш жасауы мүмкін.
20.3. Егер арбитрлар басқа шешім қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргізудің факультативтік ережелері бойынша рәсімдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешімдері үш айдың ішінде басым дауыспен қабылдануы тиіс.
20.4. Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешімдерін орындау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
2-қосымша
Орталықтандырылған жобаларға арналған
Техникалық және Әкімшілік шарттар
Бенефициар: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Атауы: 2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС-тің
іс-қимыл бағдарламасы
1-бағыт: Өңірлік ынтымақтастық
Жоба нөмірі: 2006/018-248
2 ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШАРТТАР
1. Құны және қаржыландырылуы |
||
Бағдарламаны қаржыландыру төменде көрсетілгендей |
||
1-бағыт: Өңірлік бағдарламалар |
Бюджеті |
|
1 |
Орталық Азияның 5 елінде Интерпол |
3,0 |
2 |
Орталық Азиядағы логистика |
2,0 |
3 |
Орталық Азияның мұнай газ саласындағы |
5,0 |
4 |
Бағалауды және аудитті қамтамасыз ету |
1,0 |
ЖАЛПЫ ЖИЫНЫ |
11,0 |
|
Еурокомиссия бөлген қаражаттан жасалатын барлық төлемдерді |
||
2. Бағдарламаны іске асыру |
||
Іс-әрекеттер бағдарламасын іске асыру мынадай ережелерге сәйкес |
||
2.1. Есептік |
||
Жобаларды орындау туралы есептерді шарт жасасқан ұйымдар Еуропа |
||
2.2. Мониторинг, бағалаулар және аудит |
||
Тұрақты мониторинг Еуропа Комиссиясы міндеттемелерінің бір |
||
3. Мемлекеттік міндеттемелер - Келісу |
||
Көмек қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру |
1-ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ
Атауы |
Орталық Азияның 5 елінде Интерпол |
||
Жалпы құны |
3 000 000 еуро (ЕК салымы) |
||
Көмек |
Жобаны іске асыру әдісі - |
||
DAC-code |
15130 |
Сектор |
Заңнамалық және |
І. НЕГІЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шектер
2003 жылғы желтоқсандағы Еуропа Қауіпсіздік Стратегиясына (ЕҚС) сәйкес Орталық Азия мемлекеттері мен ЕО ұйымдастырылған қылмысты қоса алғанда жалпы проблемалармен күресте ынтымақтастықты дамытуға жалпы мүддесі бар. Кезекті, Тасистің Орталық Азия елдері үшін полицейлердің халықаралық ынтымақтастығы мәселесі жөніндегі өңірлік стратегиясы осы проблемаға нақты бағытталған, 2005/2006 ж.ж. Индикативтік Бағдарламасында мынадай тақырыппен берілген: "1-курс: Өңірлік Ынтымақтастық Бағдарламалары". Басымдықтың осы саласы сот төрелігі пен құқық тәртібі мәселелеріне, атап айтқанда шекараларды басқаруға, сауда-саттықтың барлық түрлерімен (есірткі, қару-жарақ және адамдар), ақшаны талан-таражға салумен және тұтастай алғанда ұйымдасқан қылмыспен күресте мәселелерге көңіл бөледі.
1.2. Алынған сабақтар
Осы Жоба Орталық Азиядағы осы үлгідегінің алғашқысы болады. Алайда алынған сабақтар ТАСИС-тің Орталық Азиядағы Бағдарламасы шеңберінде іске асырылған сот төрелігі мен құқық тәртібі мәселелері жөнінде Көмек жобаларынан шығарылуы мүмкін. Бұдан басқа, Интерполдың ынтымақтасуының ұқсас жобалары Ресейде және Украинадағы сияқты Батыс Балканда іске асырылды/іске асырылады және осы жобалардың алынған тәжірибесі назарға алынатын болады.
Өткен тәжірибеден алынған негізгі сабақ - тиімді, яғни тұрақты өзгерісті ынталандыру үшін - Орталық Азияда қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық көмектің бірнеше алғышарттары болуы тиіс: 1) ол өзінің шектеулі ресурстарын пилоттық/жария етілетін Жобаларға шоғырландыруы тиіс; 2) ол толығымен бенефициардық билік органдарына тиесілі болуы тиіс; 3) ол үйлестірілген көзқарастың бір болуы тиіс; 4) ол институционалдық дамудың ұзақ мерзімді перспективасына анықталуы тиіс, сонымен қатар 5) бағдарламаның бастапқы сатысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік беруі тиіс және ең соңында 6) ол үйлестіру мен халықаралық ынтымақтастық рәсімдерін қолдау үшін өңірлік көзқараспен кезектесуі тиіс.
Осы алынған сабақтар осы Жобада біріктірілді: 1) пилоттық/жария ету сипаты: Жоба шектеулі мүмкіндік шегінде табысты орындалғаннан кейін одан әрі кеңейту мүмкіндігімен әлеуетін ұштастырады; 2) меншіктік: Жоба толығымен Интерполдың стратегиясына сияқты бенефициар биліктерінің реформа жөніндегі жеке стратегиясына біріктірілді; 3) үйлестіру: Жоба CADAP және ВОМСА жобалары сияқты өңірдегі басқа құқық қорғау жобаларымен үйлестірілді; 4) әлеуетті құру: Жобаға біріктірілді және әрбір бенефициар еліндегі Ішкі істер министрлігінің бар әлеуетін біріктіреді және нығайтады; 5) жақын арадағы нәтижелер: Жобаның жақын арадағы және материалдық нәтижелері жабдықтар беру және оқыту нысанында болады; 6) кезектілік: Жоба 5 Орталық Азия мемлекетінде кезекті өңірлік көзқараспен жүзеге асырылды, сондай-ақ Батыс Балқанда, Украина мен Ресейде іске асырылған басқа Жобалармен байланысты. Бұл кезектілік халықаралық деңгейде деректер алмасу үшін келісілген әдістер қабылдауды жеңілдетеді.
1.3. Қосымша әрекет ету салалары
Жоба бір тараптан Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы (NCB) - яғни, ОА әрбір мемлекетіндегі Интерполдың жергілікті офисі мен Лиондағы Интерполдың Бас Хатшылығы (ІСРО, Франция) арасында деректер алмасуды нығайтады және екінші тараптан Интерполдың желісін орталық деңгейден (ОА мемлекеттерінің астаналары) өңірлік деңгейге дейін кеңейтеді. Жоба ЕК Орталық Азияда қаржыландыратын СГП (JHA) САDАР және ВОМСА екі бағдарламасына қосымша ретінде қызмет ететін болады.
а) Іске асырылатын САОАР бағдарламасының (Орталық Азияда есірткіге қарсы іс-әрекет бағдарламасы) шеңберінде нақты "Полицияның барлау қызметі" нақты жобасы (РОLINТ) жүзеге асырылады. РОLINТ - ұлттық барлау қызметтерінің әлеуетін құруға және/немесе нығайтуға бағытталған жоба. РОLINТ негізінен, есірткі сатушыларға қарсы күресу үшін есірткілер туралы мәліметтерге қатысты құпия деректерді пайдалану әлеуеті шеңберінде басқа қауіпсіздік органдарын және/немесе есірткілерді бақылау органдарын күшейте отырып, орталық деңгейге баса назар аударады. РОLINТ бағдарламасын БҰҰ есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰЕҚБ) жүзеге асырады және БҰҰЕҚБ Ғ3 жобасымен біріктірілген. ОАИ ағымдағы жобасы бұдан әрі барлаудың дерекқорын, ал нақты - Ішкі істер министрлігінде құруды нығайтады. ОАИ Интерполдың ҮДО халықаралық дерекқорымен (Лион) ұлттық деңгейде бар дерекқорды желі бойынша жібереді.
b) Бұл жоба сондай-ақ ВОМСА бағдарламасын (Орталық Азия шекараларын нығайтуға жәрдемдесу) толықтырады. ВОМСА жобасының мақсаты шекараларды басқару реформасына қолдау көрсету болып табылады. Реформаның орталық элементі - шекарада ғылыми ақпараттық және сапалы мәліметтерді пайдалану өңірлік деңгейде Интерполдың желісін кеңейту шекара реформасының маңызды элементі болып табылады. ОАИ жобасы ВОМСА жобасының пилоттық салаларына Интерполдың желісін кеңейтеді.
с) Жоба Батыс Балқанда, Украина мен Ресейде іске асырылған Интерполдың Жобаларын да толықтырады. Украина мен Ресейдегі жобалар Интерполдың Комиссиясы мен Бас Хатшылығы арасында Комиссияның С (2005) 18/10/2005 4138 шешімінен кейін тікелей салым, осы іс-әрекеттерде Комиссияға әріптес ретінде басқа таңдау қалдырмаған өтпелі кезеңдегі бұрынғы коммунистік елдерде Интерполдың қызметтік тізіміне және Интерполдың I-24/7 Полициясының Коммуникациялар жүйесін мамандандыруда, қамтамасыз етуде, қалыптастыруда және қолдаудың арқасында екі Жобаны іске асыру жөніндегі Интерполдың монополиясынан гранттар беру (ЕК салымы 100%) туралы келісім нысанында 2005 жылғы желтоқсанда қол қойылды. Орындаудың егжей-тегжейлі іс-әрекеті мен әдістерін таңдау алдында, ЕК - бастапқы саты уақытында - Интерполмен бірлесіп енді ғана басталған және алынған сабақтарға сәйкес егер қажет болса, іс-әрекеттерді реттейтін осы жобалардан алынған сабақтарды бағалайды.
d) Қорыта келе, Жоба халықаралық ұйымдар (БҰҰЕҚБ, БҰҰРЖ, Дүниежүзілік Банк) және екі жақты донорлар іске асыратын қауіпсіздіктің неғұрлым кең секторында бірнеше Жобаларды толықтырады. Жоғарыда айтылғандай, осы Жоба БҰҰЕҚБ Ғ 39 жобасын (АҚШ/Ұлыбритания/ЕО қаржыландыратын) толықтырады, оның мақсаты ОА елдерінің есірткіге байланысты барлау мәліметтерін жинау және талдау жөніндегі әлеуетін арттыру болып табылады. Жоба Орталық Азияда даярлау үдерісінде САRRІС жобасына (БҰҰЕҚБ/АҚШ) қосымша ретінде қызмет ететін болады. САRRІС мақсаты Орталық Азиядағы есірткі туралы мәліметтер жөніндегі өңірлік дерекқор құру болып табылады және осы Жобада Интерполдың қатысуы үлкен құндылыққа ие болады.
1.4. Донорлардың қызметін үйлестіру
ВОМСА-САDАР бағдарламаларының шеңберінде өңірдегі негізгі донорлар қайда жиналады, іс-әрекеттерді үйлестіру үшін Орталық Азия донорларының тұрақты кездесулері жоспарланды (АҚШ, Ұлыбритания, БҰҰЕҚБ, Австрия, Дүниежүзілік Банк, АДБ, Германия және т.б.). ОАИ осы кездесулерді үйлестірілетін болады. Іс-әрекеттерін үйлестіру Батыс балқан және Ресей мен Украинада іске асырылған "Интерполдың жобасы" бойынша ұйғарылады.
2. ЕЛДІҢ КОНТЕКСТІ
2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты
Орталық Азия саясат және ынтымақтастық бағдарламасы өңір елдерінің түрлі ұлттық бағдарламаларын, яғни Кеңес Одағының құлауынан кейін ұлттық тәуелсіздік деңгейін арттыруды көрсетеді, сонымен бірге халықаралық және өңірлік ұйымдармен неғұрлым тығыз қатысу мен ынтымақтасуды іздейді. Орталық Азия мемлекеттерінің Үкіметтері ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі мен адам саудасы және сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі мақсаттарының бірі ретінде қоса отырып, ұлттық бағдарламаларда өз реформа басымдықтарын айтты.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ахуал географиялық жағдайына, атап айтқанда Ауғанстанға жақындығына өте тәуелді. Өңір әлемдегі ең үлкен героинді жеткізу орталығы - Ауғанстан мен ең үлкен тұтыну нарығы - Ресей мен Еуропаның мықты полюстары арасында орналасқан. Кедейшілік және шекараларды тиімсіз басқару деңгейі жиі басқа қылмыстық қызметпен тығыз байланысты жергілікті жерлерде есірткінің заңсыз айналымына әкеп соқтырды. Қылмыстармен күресуде ұлттық құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайту контекстінде полицейлердің халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыру сияқты мәліметтер мен ақпаратты тиімді алмасу үшін дерекқордың сенімді желісін құру өткір проблема болып табылады.
Мәселе ақпараттық жүйелер құру жолымен ұлтаралық қылмыспен күресуге қатысты болса, онда полицейлердің халықаралық ынтымақтастығына зиян келтіретін кедергілердің екі санаты бар:
а) Ұлттық полицей қызметтерінің ынтымақтастығы ақпаратты жинауды және олардың түсуін қамтамасыз ететін ұлттық жүйелердің болуын талап етеді. Жүйе жергілікті деңгейден бас ұлттық полицей офисіне дейінгі деңгейде ақпарат бөлісу жағдайында болуы тиіс, оның өз кезегінде Сыртқы істер министрліктерімен немесе халықаралық ұйымдармен полицейлердің ынтымақтастығы жөнінде ақпарат бөлісу мүмкіндігі болуы тиіс. Жүйе сондай-ақ ақпараттар мен фактілерді жинау әдістерін үйлестіру мен орындылығына кепілдік беруі тиіс.
b) Бөлінетін ақпарат дұрыс пайдаланылмайды (яғни жақсы шифрленбейді немесе өз жолында дұрыс өңделмейді, бұл сотта куәлік бере алмайды) немесе тіпті мемлекетаралық қылмыс үшін "жоғалып кетеді" деген қауіп бар. Пайымдау үлгісі құпия кодексімен басқарылатын және басқа елдердегі әріптестерге құпия ақпарат беру үшін ашық болып табылатын ұлттық мәдениеттен айырбасталуы тиіс;
Өңірдің ұлттық биліктері осы мәселеге көңіл аудару үшін күш салды және барлық бес ел өткен жылы алған Интерполға мүшелікке өтінімдер берді. Алайда, қаржы шектеулеріне, ескірген рәсімдерге, қазіргі заманғы технологиялардың жетіспеуіне және т.с.с. байланысты елдер ұлттық деңгейде жүйені нығайту және өңірлік деңгейде де, жергілікті деңгейде де кеңейту үшін ЕК көмегіне зәру.
2.2. Сектордың ахуалы
Интерпол
Интерпол - әлемдегі ең үлкен полиция ұйымы, онда Орталық азияның бес Республикасын қоса алғанда, 184 мүше мемлекет кіреді. 1923 жылы құрылған ол халықаралық полиция ынтымақтастығын жеңілдетеді, миссиясы халықаралық қылмыстың алдын алу және күресу болып табылатын барлық ұйымдарға, билік органдары мен қызметтерді қолдайды және көмектеседі.
Интерпол жекелеген елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынастар жоқ жерлерде де халықаралық полиция ынтымақтастығын жеңілдетуге ұмтылады. Түрлі елдерде бар заңдар шеңберінде және Дүниежүзілік адам құқықтары жөніндегі декларация шеңберінде іс-әрекет қабылданады. Интерполдың конституциясы "саяси, әскери, діни немесе біржолғы сипаттағы кез келген кедергі мен іс-әрекетке" тыйым салады.
Ұлттық Орталық Бюро (ҰОБ)
Орталық Азия Республикасының барлық бес елінің Интерполда мүшелігінен кейін Түркіменстан соңғысы болып қабылданды, 2005 жылдың қыркүйегінде Ішкі істер министрлігінің жәрдем көрсетуімен ұлттық полицияның біріктірілген бөліктері ретінде барлық бес елде Интерполдың ҰОБ құрылды.
ОА әрбір елі құқық қорғау органдарының қызметкерлері жинақтаған Ұлттық орталық Бюроны қолдайды. ҰОБ Бас Хатшылық үшін байланыс органы болып табылады, өйткені өңірлік офистер мен басқа мүше мемлекеттерге зерттеу жүргізуде және өздерінің шекараларынан тыс жерлерде сот төрелігінен жасырынған адамдардың орналасқан жерлері мен ұстау жөніндегі көмек талап етіледі.
ҰОБ барлық офистері Ішкі істер министрлігі берген үй-жайларда орналасқан. Бір бөлмеде құқық қорғау органдарының ары кеткенде екі қызметкері орналасқан. ҰОБ штатының саны төменде Кестеде келтірілді; қызметкерлер штатында азаматтық адамдар жоқ. Алайда қазіргі уақытта 3 ҰОБ бос орындар бар.
ҰОБ | Ка- би- нет- тер |
Қызмет- керлер- дің іс жүзінде- гі штаты |
Компью- терлер |
1-24/7 |
---|---|---|---|---|
Қазақстан |
11 |
14 (оның ішінде 14) |
ескі |
3 станция |
Қырғызстан |
4 |
7 (оның ішінде 7) |
ескі |
3 станция |
Тәжікстан |
14 |
24 (оның ішінде) |
1 жаңа |
3 станция |
Түркімен- |
10 |
12 (оның ішінде 20) |
1 жаңа |
3 станция |
Өзбекстан |
25 |
19 (оның ішінде |
ескі |
3 станция |
Орталық ҰОБ мен басқа ішкі құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынастар толығымен Ішкі Ережелерге немесе Ережелерге сәйкес реттеледі. Барлық ұлттық құқық қорғау органдары ҰОБ қызметкерлері ол арқылы қандай-да бір іркіліссіз тексерулерге қатынай алатындай Интерпол мәселелері жөніндегі байланысатын тұлғаны тағайындауға міндетті.
Ақпараттық ағын
ҰОБ басшысы әрбір келген хабарламаны сыныптау ережесін тексереді және ол бойынша кейінге қалдырылмайтын шешімдер қабылдайды. Жалпы алғанда, шұғылдығына қатысты хабарламаларды сыныптаудың төрт деңгейі бар, 24 сағаттың ішінде шешу қажет "шұғыл", "Өте шұғыл" 3-7 күннің ішінде жауап беруді талап етеді, "Жылдам" 10 күннің ішінде жауап беруді талап етеді және бір айдың ішінде жауап беру қажет "қарапайым" хабарламалар. Орталық Азия ҰОБ бар мерзім шеңберінде осы хабарламаға жауап алу үшін кез келген басқа ұлттық құқық қорғау органдарына сияқты әрбір ұлттық, өңірлік және учаскелік полиция бөлімшесіне сұрау салады.
ҰОБ жекелеген жағдайы бойынша зерттеу жалпы алғанда қылмыстың түрлеріне сәйкес 5 санатпен ұйымдастырылады:
1-санат: Интерполдың Бас Хатшылығымен халықаралық ынтымақтастық, саяси дәлелді қылмыс/зорлық және қоғамдық қауіпсіздік пен заңсыз көші-қон мәселелері.
2-санат: Есірткі мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық.
3-санат: Көлік құралдарын ұрлау және ұрлықтың басқа түрлері мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық.
4-санат. Интерполдың Бас Хатшылығының және басқа мүше мемлекеттердің өтініші бойынша адамдарды іздеу үшін халықаралық ынтымақтастық.
5-санат: Экономикалық қылмыс мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық.
Әрбір санатқа тек бір офицер ғана тағайындалады. ҰОБ географиялық бөлімше жоқ.
1-24-7 жаһандық коммуникация жүйесі
Жақында Интерпол өзінің мүше мемлекеттерінің қосылуы үшін және олардың полиция ақпаратына қатынауды беру үшін 1-24/7 жаһандық коммуникациялық жүйесін (Интерпол, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн) іске қосты. Мүше мемлекеттер дағдарысты ақпаратты қамтыған дерекқорға (Хабарламалар, ұрланған машиналар, саяхаттау кезінде ұрланған/жоғалтып алынған жеке куәлік құжаттары, және ұрланған өнер туындылары). Бастапқыда 1-24/7 байланысы Интерполда, Ұлттық Орталық Бюрода (ҰОБ) орнатылады, бірақ кейбір елдер өздерінің ұлттық құқық қорғау органдарының қызметтерімен (Шекара бақылауы, кеден, әуежайлар және т.б.) өз байланыстарын кеңейткісі келеді. Әрбір елдің шегінде оны пайдалану кеңірек болған сайын, соғұрлым осы құрал тиімдірек болады.
Бір елдің ахуалы екінші елден ерекшеленеді, бірақ барлық ҰОБ-да мәліметтерді жинау мен тарату әлеуеті әлсіз. Ахуалды жақсарту үшін Интерполдың офистері өңірлік деңгейде ынтымақтастығын дамытқаны жақсы; жаңа оқытуды ұйымдастырған жөн, алайда құқық қорғау мекемелерінің қызметіне біріктірілген Интерполдың жүйесі белсенді болғаны маңыздырақ.
Өткен жылдарға ынтымақтастық
Негізгі инфрақұрылым 1-24-7 коммуникациясы жүйесінің негізгі тирлерін қоса алғанда (үш станция) Интерполдың жалпы бюджетінің шеңберінде бес елдің ҰОБ үшін қамтамасыз етілді. 1-24/7 бойынша оқыту - 5 елдің барлығы Интерполдың желісі бойынша өздерінің қызметкерлерінің штаты үшін толық оқытуды алды. Бұдан басқа, радиологиялық жабдық Қазақстанға және Өзбекстанға берілді (US DOE/Интерполдың СRІТ жобасы). Бұл негізгі жабдық трансұлттық қылмыстармен тиімді күрес жөніндегі қойылған міндетке толық сәйкес болуы үшін барлық бес елде жаңғыртылуы тиіс болатын.
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаттары
Жобаның жалпы мақсаты - полицейлердің өңірлік және халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде ОА мемлекеттерінің халықаралық қылмыстың алдын алу мүмкіндігін арттыру.
Жобаның нақты мақсаты - ОА әрбір елінде Интерполдың әлеуетін және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту жолымен ОА мемлекеттерінің астаналарындағы ҰОБ мен Интерполдың штаб-пәтерлері арасында тексеру жөнінде ақпарат алмасуды одан әрі нығайту.
3.2. Күтілетін нәтижелер мен негізгі қызмет түрлері
а) Күтілетін нәтижелер
Жобаның мақсатына қол жеткізу үшін екі басты нәтижеге қол жеткізілуі тиіс:
а) ОА әрбір елінде орталық деңгейден өңірлік деңгейге дейін Интерполдың кеңейтілген желісі; атап айтқанда, Жоба құқық қорғау органдары (шекара бақылауы, кеден, әуежайлар және т.б.), ВОМСА ҒК бағдарламасына сәйкес анықталған пилоттық облыстар үшін 1-24/7 технологиясын қол жетімді етеді;
b) 1-24/7 технологиясын пайдалана отырып, ОА мемлекеттерінің арасында бекітілген ақпарат алмасу, жұмыс пен ынтымақтастық сапасы;
с) Негізгі қызмет түрлері 1
Басым қызмет бар ұлттық инфрақұрылым коммуникацияларын Интерпол желісінің талаптарына бейімделуінен тұратын болады а) ҰОБ шеңберінде, b) ҰОБ мен пилоттық өңірлерде қашықтан қатынайтын жұмыс станциялары мен с) ОА мемлекеттерінің ҰОБ арасында. Коммуникация инфрақұрылымымен бірлесіп Жоба оқытуды ұсынады, мынадай жоспарланған қызмет түрлері орындалуы тиіс:
жергілікті жерлерде қажеттіліктерді шолу/бағалау. Жергілікті жерлердегі миссиялар әрбір ҰОБ әрқайсысында оқыту мен жабдықтарға қатысты қажеттіліктерге баға береді; қашықтан қатынайтын жұмыс станцияларымен жабдықталатын тиісті учаскелерді анықтайды; және ҰОБ мен перифериялық органдар арасында ақпарат пен жұмыс ағынына қатысты ұйымдастыру құрылымын зерделейді.
1-24/7 талаптарының жаңа талаптарына сәйкес Орталық азияның әрбір елінде ҰОБ бар жабдығын жаңғырту. Орталық Азияның әрбір ҰОБ жабдықтарға қажеттілік бір бірінен ерекшеленеді. Жергілікті жерлердегі бағалау әрбір ҰОБ үшін қажеттіліктер мен басымдықтарды анықтайды.
ҰОБ операторларға оқытуды ұсыну. ҰОБ қылмыстық полицияның мәліметтері туралы ақпарат ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін технологиялық үрдісті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануды үйретуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Оқыту сондай-ақ өңірлік (және халықаралық) тексерулер пайдасына жаңа құралды пайдалану жөнінде бас тергеушілерге ұсынылатын болады.
Пилоттық өңірде орталықсыздандырылған бөлімшелер үшін оқытуды ұсыну: а) техникалық оқыту (оқыту жақында орнатылған жабдыққа байланысты) b) 1-24-7 жабдығын пайдалануға оқыту с) қылмыстық тексерулерді талдау мәселесіне оқыту d) технологиялық үдеріске оқыту е) кәсібилердің желісіне арналған семинарлар (Полиция - Кеден -Шекарашылар және қандай да бір деңгейде Сот билігі сияқты түрлі құқық қорғау органдарынан өкілдерді қамтуы мүмкін) f) ақпараттылық деңгейін арттыру жөніндегі семинарлар (осы бес елдің әрқайсысында құқық қолдану қызметімен айналысатын қоғамдастық арасында полицейлердің белгіленген жабдықтарын және тиісті ұсынылатын қызметтерін қолдау) g) ұлттық оқу жоспарына қарай қосымша тіл оқытуды қарастыруға болады. Бұл оқытудың бір бөлігін жақында оқытудан өткен ҰОБ қызметкерлері орындайтын болады.
Ақпарат алмасу және ынтымақтастықты дамыту рәсімдері мен жеделдетуді үйлестіру мақсатында Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстан мен Өзбекстанның ҰОБ арасында өңірлік оқытуды ұйымдастыру.
Әріптестер:
- Орталық Азияның барлық мемлекеттері ІСРО Интерполдың мүшелері болып табылады және барлығы "Интерполдың Бюросын" құрды. Сондықтан, "Интерполдың Бюросы" орналасқан Ішкі істер министрлігі жобаның негізгі әріптестері болады.
- Алайда өңірлік деңгейде Интерпол желісін кеңейтуге ұмтылатын болады және оны қамтамасыз ету үшін бірнеше құқық қорғау органдары деректерді жинау және талдау жөніндегі жұмысқа қатысады; сондықтан, осы Жобаның екінші әріптестері өңірлік деңгейде тартылған құқық қорғау органдары, негізінен, шекара қызметтері мен Кеден (кейбір елдерде Кеден қызметтері құқық қорғау органдарына жатқызылады) болады.
- Қорыта келгенде Жоба Интерпол мен әдіснаманың дерекқоры бойынша қолдау көрсетеді. Интерполдың өзі - осы Жобаның әріптесі болып табылады. Ұзақ мерзімді перспективада Интерпол да осы Жобаның нәтижесінен пайда көреді, өйткені Орталық Азияда оның дерекқорын кеңейту қылмыстарға қатысты тиісті деректер жинауға мүмкіндік береді.
_____________
1 Украина мен Ресейдің ағым жобаларынан алынған сабақтардың негізінде нәтижелердің түрлері жобаның бас кезеңінде толықтырылуы/талқылануы мүмкін
3.4. Тәуекелдер мен пайымдаулар
Тәуекел шектелген бюджет қажеттілік деңгейіне қатысты белгілі бір нәтижелерге ғана қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігінде. Мұны болдырмас үшін Жоба ОА әрбір мемлекетінде бір пилоттық өңірде ғана ҰОБ кеңейтуді қаржыландыратын болады (жария ету жобасы). Бұдан басқа, бұл пилоттық өңірлер көмектің әрекет ету деңгейін арттыру үшін ВОМСА және САDАР бағдарламаларымен үйлесуде анықталатын болады. Мұндай көзқарас түпкі нәтижелер мен іс-әрекетті көрсетуге мүмкіндік береді. Егер ол жергілікті жерде табысты деп танылса, онда ұлттық билік басқа өңірлер бойынша»"жария ету жобаларын" тарататын болады. Халықаралық донорлар Жобаны аяқтағаннан кейін қызметті жүзеге асыру үшін қосылуы мүмкін.
3.5. Қажетті шарттар
Қаржы Келісіміне қол қойылғанға дейін бенефициар мемлекеттер ҰОБ жабдықтың орнатылуына және әрбір ҰОБ жаңа ғана оқытылған персоналдың тұрақтылығына көз жеткізуі тиіс.
Жоба ВОМСА құрылымында құрылған Шекараларды басқару жөніндегі нысаналы Топпен тығыз ынтымақтасуы тиіс. Бұл Нысаналы Топтар пилоттық өңірлердің орналасқан жерін және ақпарат алмасуға қатысты жаңа ережелер мен нұсқаулықтарды бекітуді растайтын (пилоттық өңірлер мен ҰОБ арасында және өңірлік деңгейде ҰББ арасында) Жобаның Бақылау Комитеті ретінде әрекет етуі тиіс.
3.6. Аралас мәселелер
Адал басқару: кері әсер сияқты, ЕО оң тәжірибесі мәліметтерді жинау мен талдаудың қомақты саласында назарға алынатындығына кепілдік береді; ЕО тарапынан осы Жобаға қолдауға қатысты, онда ол саясатты әзірлеу жөніндегі ұсынымдарға қатысты салмақты болады а) Интерпол желісінің құқық қорғау құрылымдарының бар құрылымдарына біріктіру және b) деректерді жинау және талдау кезінде құпиялықты және жеке еркіндікті сақтау.
4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4.1. Іске асыру әдісі
1 КУРС құрауышының шеңберінде Орталық Азия үшін 2006 жылға арналған Іс-әрекет бағдарламасының аясында Бенефициар Үкіметтермен Қаржы Келісіміне қол қойғаннан кейін Орталықтандырылған басқару.
Жоғарыда атап өтілген Батыс Балқанда, Украина мен Ресейде Интерполмен жобаларда қолданылған қағидаттарға ұқсас Комиссия мен Интерполдың Бас Хатшылығы арасында Салым туралы Стандартты қол қойылғаннан кейін ОА бес елінің Ұлттық Орталық Бюросының көмегімен іске асыруды Интерполдың Бас Хатшылығы орындайтын болады.
ІR 168-бабына және ІR 253-бабына (I) (d) сәйкес Еуропа Комиссиясы де-юре монополиясы және осы салада де-фактосы бар оның халықаралық ұйым мәртебесі негізінде толығымен қаржыландыруға және тікелей Интерполға беруге келісті. Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының Құрылымы (ІСРО-Интерпол) 1956 жылы мүше мемлекеттердің (қазіргі уақытта саны 184) "қылмыстық полицияның барлық биліктері арасында өте ауқымды өзара көмегі" бар Интерполға мандат тапсырды. Осының негізінде Интерпол - мүше мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросы Интерполы арқылы анкеталық деректер мен басқа жасырын және құпия ақпараттарды қоса алғанда полиция ақпаратын халықаралық орталықтандырылған және жан-жақты алмасуға құзыретті жалғыз ұйым. Өзінің монополия бойынша ахуалына байланысты, сондай-ақ қауіпсіздігі мен құпиялығы туралы талаптарға байланысты, осы Жобаның шеңберінде барлық қызмет түрлерін Интерполдың өзі тікелей міндетті түрде орындауы тиіс.
4.2. Бюджет және күнтізбе
Жобаның операциялық кезеңі Қаржы Келісіміне қол қойылғаннан кейін 36 ай.
Бюджетті |
ЕК |
Үкімет- |
БАРЛЫҒЫ |
Келісім- |
1. Гранттар |
Е3000000 |
0 |
Е3000000 |
ЕК |
ЖИЫНЫ |
Е3000000 |
0 |
Е3000000 |
ЕК |
Жоба ҰОБ ағымдағы шығындарын қаржыландырмайды.
4.3. Гранттарды сатып алу және беру рәсімдері
Қаржы Келісімі орындайтын барлық келісім-шарттар сыртқы операцияларды орындау үшін Комиссия белгілеген және шығарған және қаралатын рәсімді іске қосу уақытында күшінде бар рәсімдерге және стандарттық құжаттарға сәйкес берілуі және іске асырылуы тиіс.
Бағдарлама бойынша барлық сметалық ұсыныстар Комиссия белгілеген және сметалық ұсыныстарын қабылдау уақытында күшіндегі рәсімдер мен стандарттық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.4. Мониторинг жүргізу
Жоспарлы мониторинг Комиссия міндеттерінің бір бөлігі ретінде үздіксіз үдеріс болады.
Жобаны іске асыру үдерісін бағалау үшін негізгі индикаторлар бастапқы фазаның ішінде аяқталатын болады.
4.5. Бағалау және аудит
Бағалау (орта мерзімді, қорытынды, іс жүзіндегі) және аудит жөніндегі рәсімдер - іріктелген мердігерлер үшін Шарттың ажыратылмас бөлігі.
Бірқатар сыртқы бағалаулар мен аудиттерді Техникалық тапсырманың белгілі бір шарттарында ЕК ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес Комиссияның өзі тікелей жұмысқа жалдаған тәуелсіз консультанттар орындауы мүмкін.
Ұсыныстар:
Қисынды шеңбер
1 жобаның (СА АР 2006) Қисынды шеңбері -
Орталық Азияның 5 елінде
Интерпол кеңселерін қолдау
Жалпы мақсаттары: | Нәтижелерге қол жеткізу индикаторы |
Растау көз- дері/қара- жаты |
Болжамдар |
---|---|---|---|
Жобаның мақсаты - |
сандық |
- Статистика- |
- Саяси |
Нақты мақсаттар: |
|||
- Орталық Азия |
- Интерпол |
- Тиісті |
Ведомст- |
Нәтижелері: |
|||
- ОА әрбір мемлеке- |
- І 24/7 |
- Интерполдың |
Осы үде- |
Қызмет түрлері: |
|||
- Жобаның |
- Жобаның |
- Жер-жерлер- |
Игеру |
2-ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ
Атауы |
Орталық Азиядағы логистика |
||
Жалпы құны |
2 000 000 еуро (Орталық |
||
Көмек көрсету |
Жобаны іске асыру әдісі - |
||
DАС-коды |
21010 |
Сектор |
Көлік |
1. НЕГІЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шектер
ТАСИС-тің 2004-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы Көлік секторындағы ынтымақтастық жөніндегі өңірлік бағдарламаның мақсаты ретінде Кавказ арқылы Азия және Еуропалық Көлік Дәліздері аумақтары (ПАН-ТК) арасындағы қазіргі заман тиімді бірлестіктерін дамытуды көрсетеді. Логистика орталықтары расында ЕО, көршілес елдер арасында және одан тысқарыда халықаралық қозғалысқа қызмет көрсететін негізгі белдікте орналасуы тиіс.
Өңірде сауда мен көлікті дамыту және ТМД елдерін әлемдік экономикаға біріктіру үшін мұнай өнімдерін алып тастағанда, Азиядан Кавказ арқылы неғұрлым тиімді тәсілмен жүк қозғалысын ұйымдастыру қажет. Әралуан көлік түрлерінің торабын пайдалана отырып желі құру жүк ағындарын (импорт, экспорт, транзит) оңтайландыру үшін маңызды алдын ала жағдай болып қызмет атқарады және жергілікті көлік желісін біріктіру процесінде және Еуропалық Көлік Дәліздерімен бірігуінде өзінің үлесін қосады.
Әралуан көлік түрлерін пайдалана отырып тораптарды логистиканың жалпы көлік желісіне біріктіруді логистиканың өңірдегі жаһандық (ұлттық, дүниежүзілік) макро-жүйесінің құрауышы ретінде санауға болады, ол өзінің жеке тәуелсіз логистика инфрақұрылымын және еңбекті ұлттық және халықаралық деңгейде бөлуді алады.
Осылайша, осы Жоба ТАСИС-тің 2002-2006 жылдарға арналған Стратегия жоспарына, ТАСИС-тің 2002-2006 жылдарға арналған көп жылдық Индикативтік бағдарламасына, Орталық Азияға арналған 2004-2006 жылдардың Индикативтік бағдарламасына, Еуропа Тату көршілік саясатының Стратегия жоспарына сәйкес келеді, сондай-ақ Ақ Кітаппен (2010 жылға арналған Еуропа көлік саясаты: Шешетін - уақыт) және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге, өтпелі кезеңімен, әсіресе, әралуан көлік түрлерімен тиімді өзара іс-әрекет, халықаралық сауда мен көлікті дамыту саласында дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның Мыңжылдық Декларациясымен байланысты. Бұдан басқа, Жоба жеке инвестицияларды тартуды және өмірге төзімді қоғамдық-жеке серіктестік құруды қолдайды.
Жоба 2004 жылғы 14 қарашада Бакуде, Әзірбайжанда өткізілген Көлік жөніндегі Баку конференциясының мақсаттарына да толық сәйкес келеді.
1.2. Алынған сабақтар
ТАСИС-тің өңірдегі алдыңғы жобалары өнеркәсіп ауқымының өсімі және ресурстарды неғұрлым тиімді және рентабельді бөлу есебінен үнемдеуге құрал жеткізу үшін басымдықтардың шекті санына назар қоюды шоғырландыруға мұқтажды ақтайды. Бұл, әсіресе, Логистика орталықтарына арналған, оларды өңірлік деңгейде дамытып отырса олар тиімдірек болады және бір уақытта атаулы техникалық көмекпен қолдауға ие. Логистика анықтамасы бойынша ұлттық шекараны белсенді кесіп өтеді және мемлекеттік шекаралардан да шығып кетеді. Әлемдік нарыққа біріктіру және өңірлік ынтымақтастық логистика және талаптарға жауап беретін көлік бағыттарын оңтайландыру жүйесінің торабын құруды объективті түрде талап етеді және жаһандық өнеркәсіп пен көлік желілерінің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.
Сондықтан, оңтайландырылған жүйені құру мүмкін болады, егер бұл проблемаға жүк тасымалдарының қауіпсіздігі, тиімді басқару, төмен көлік шығыстары және тиімді қызмет көрсету тасымалдаудың бүкіл бағыты бойынша ұсынылатындай етіп өңірлік деңгейде қарайтын болады. Алайда, өңірлік жүйе тиімді болу үшін логистика шынжырына тартылған барлық жеке билік концепция туралы келісуі ұсынылады. Тәжірибе кеден биліктерінің негізгі келісімі және оларды қолдау - Жоба жетістігінің негізгі идеясы екендігін көрсетеді.
Өңірлік сауда мен көлікті қолдау үшін бюджеттің түрлі желісі арқылы ЕК-нің елеулі қатыстылығы болғандықтан, онда осы Жоба өңірлік бірігу жолында одан әрі маңызды кезең болады және қазіргі мен алдыңғы Жобалар мен ТАСИС бағдарламаларын күшейтеді. Бұдан басқа, ТМД елдерінің өңірлік көлік және сауда бағдарламаларына ТАСИС көмегінің үн қатуы, жалпы алғанда, позитивті болды, ол құрылыс және елдер мен ЕО арасында ынтымақтастықты нығайту үшін қажет негіздеме жасайды. Ұсынылған Жобаның өңірлік көзқарасы барлық тартылған елдердің басымдықтарына сәйкес келеді.
Соңғысы, алайда елеусіз емесі, инвестиция тарту және ХҚИ-мен және негізгі донорлармен тығыз үйлесімділік - маңызды алынған сабақ пен Жобаның ажырамас құрауышы болып табылады.
1.3. Қосымша қызмет салалары
ЕО - өткен жылдарда өңірлік көлік бағдарламасын үздіксіз қолдауының арқасында (1993 жылдан бастап 160 еуро) өңірдегі көлік секторында маңызды актер болып табылады. Көрсетілген техникалық көмек (ең алдымен ТРАСЕК (ТRАСЕСА) бағдарламасы арқылы) ХҚИ-дан ірі инвестицияларды тартуға көмектесті, олар порттарда, темір жолдарда және автожолдарда ТRАСЕСА дәлізі арқылы барлығы 700Е миллионнан астамға Негізгі жобалар үшін көптеген міндеттемелерді алған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін (ЕҚДБ), Кавказ жолдарында жаңа негізгі Жобалар үшін барлығы 40 миллионнан астам АҚШ долларына міндеттемелер қабылдаған Дүниежүзілік банкті (ДБ) және автокөлік пен темір жол жолдарын жетілдіруге елеулі қор бөлген Азия Даму Банкін (АДБ) қамтиды. Бұдан басқа, ЕО-дан шыққан жеке инвесторлар ТRАСЕСА бағдарламасының өңірінде көлік компанияларымен бірлескен кәсіпорындарға қатысады. ЕО өңірлік ынтымақтастықты одан әрі арттыру және өңірді тұрақты экономикалық дамыту жөніндегі ЕК-нің басқа да жобалары бар бағдарламаны қолдайды.
Осы Жобаны қолдау ТМД өңірінде көлік және логистикалық желіні дамытуда ЕО-нің жетекші роліне кепілдік береді.
Басты назар ТRАСЕСА бағдарламасының мыналар секілді алдыңғы, жалғасып отырған және мақұлданған жаңа жобаларын, мүмкіндігінше, жақсылап толықтыру үшін бар Жобаны нақты әзірлеуге аударылатын болады:
а. Шекарадан өту жөніндегі рәсімдерді үйлестіру
b. Транзиттік алымдар мен тарифтер бойынша бірыңғай саясат
с. Экспедитор агенттіктеріне арналған оқыту курстары (Логистиканың қазіргі заман сызбалары туралы енгізу курстарын қамтиды)
d. ТRАСЕСА дәлізі мен Трансеуропа көлік желісі арқылы теңіз жолдарын жетілдіру (Қара теңіз порттарын көпмодальдық тораптар порттарын реттеуді қамтиды)
e. Ақтау портын дамыту, Ақтау, Қазақстан порты үшін негізгі порт және техникалық-экономикалық негіз есебінде жоспарлау.
f. ТRАСЕСА елдері үшін көлік қозғалысын талдау және болжам және өңіраралық көлік біріктіру
g. Теңіз жобасының автострадасы 2006 жылға арналған ҚБ бойынша жоспарланады.
Басқа жобаларды орындайтын өңірде сауда мен көлік саласында қолдау көрсетуде белсенді түрлі донорлар мен бастамалар бар және олармен одан әрі үйлесім келесі тарауда сипатталған.
Осы жобаны орындау ТRАСЕСА жөніндегі Үкіметаралық комиссия және өңірдің көлік секторында ЕО-ның ынтымақтастық бағдарламаларын орындауда берік және сенімді серіктестер бола алатынын дәлелдеген, онымен байланысқан институционалды органдар арқылы үйлестірілуі тиіс. TRАСЕСА жобаларын қатысушы елдер толық қолдайды, олар оның ұйымдастырушылық құрылымын басқаруды өздеріне алды.
ТRАСЕСА бағдарламасы үкімет билігі арасында неғұрлым тығыз ынтымақтастық пен диалогқа алып келді және Кавказ бен Шығыс Еуропада секілді, Орталық Азияда да көлік проблемаларын өңірлік өлшеуді дамытуға үлес қосты. Баку процесінің нәтижелері және оң алдыңғы нәтижелер негізінде бұл жоба өңірлік деңгейде жүзеге асырылатын болады, себебі оның мақсаттары барлық тартылған елдер басымдықтарына сәйкес келеді.
Осы Жоба 2006 жылға Орталық Азияға арналған Іс-әрекеттер бағдарламасынан салым болатын 2 миллион еуродан пайда көреді, ал Жобаның жалпы көлемі 5.5 миллион еуроға дейін.
РҚАО-ның ескертуі. Е - еуро белгісі
1.4. Донорлар қызметін үйлестіру
Тиісті донорлар Қара теңіз, Кавказ және Орталық Азия өңірлерінің өзінде жеткілікті деңгейде тартылмады.
Орталық Азия өңірінде донорлар назары аударылатын негізгі бастамалар сауданы қолдау, кеден саласындағы ынтымақтастық және транзитті дамыту болып табылады. БҰҰ құрылымында, БҰҰ-ның Арнайы бағдарламалары шегінде Орталық Азия елдерінің (SРЕСА) экономикасына арналған төрт Орталық Азия елдерінің қатысуымен көлік және шекара қызметі саласында инфрақұрылымға қолдау көрсету жөніндегі жұмыс тобы құрылды. АДБ Әзірбайжан мен Қытайды қоса алғанда, Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (САRЕС) құрды. ЮСАИД Орталық Азияда сауда мен кеден қызметтерін жаңғыртуды қолдау жөніндегі өңірлік жобаларды іске асырады. Шанхай Ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ШОС), Орталық Азияны, Қытайды және Ресейді қоса алғанда, сауда мен көлікті дамыту мәселелері жөніндегі қызметке тартылды. БҰҰ теңізге шыға алмайтын елдерге және өтпелі кезеңімен дамушы елдерге арналған Жаһандық Іс-әрекеттер бағдарламасын әзірледі ("Алматы Іс-әрекеттер бағдарламасы").
ТМД-нің Батыс елдері ұқсас өзгерістерге душар болды, онда басты екпін өз көлік жүйелерін батыс бағытта біріктіруге жасалды. Мысалы, 2003 жылғы маусымда басталған "Оңтүстік-шығыс Еуропада сауда мен көлік саласында жәрдемдесу" Дүниежүзілік банк жобасын Дүниежүзілік банк Басқармасы мақұлдады. Ұсынылған жалпы сома 40 жылға 7.21 млн. АҚШ доллары болды, оны пайдаланғаннан кейін 10 жыл ішінде кредитті өтеуді бастауды кейінге қалдыру. Жобаның негізгі мақсаттары: сауда операциялары мен тасымалдау жүргізуге арналған тарифтік емес шығындарды төмендету; табыс пен сәйкес келуді арттыру, шекара бекеттерінде контрабанда мен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Жоба осы мақсаттарға ең бастысы мынадай жолдар арқылы қол жеткізуге ұмтылады: кеден қызметтерінің күшін нығайту; шекара рәсімдерін өңдеу және жүктерді тазалау жөніндегі кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесін жаңғырту және біріктіру; транзитті басқару жүйелерін жетілдіру; бар шекара бекеттерінің жұмыс күші мен тиімділігін жаңғырту; шекара мен сауда бірлестіктерін басқару жөніндегі ведомстволар арасындағы өзара іс-әрекет және ынтымақтастық тетіктерін жақсарту; сауда бірлестігіне (жеке сектор) ақпарат тарату және оқытуды ұсыну; және пилоттық учаскелерде іс-шараларды іске асыру.
Ұсынылған бастамалар іс-шаралардың жалпы тізімі болып табылмайды, алайда логистика жүйелерімен тікелей немесе жанама байланысты ТМД елдерінде донорлар көмегінің мүмкіндіктері мен бағыттарының жақсы түсінігін береді. Барлық жоғарыда аталған донорлар өздерінің қызметін көптарапты жалпы көзқарас, институционалдық даму, заңнама мен қаржылық қамтамасыз етумен жобалар дайындауды үйлестіру шегінде көлік және сауда мәселелерімен байланыстырады.
Жоғарыда аталған бастамалардан басқа, көлік және сауда саласында жәрдемдесу жөнінде тиісті жобалары бар өңірлерде белсенділер - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Дүниежүзілік банк (ДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Еуропаға арналған UNECE) және Азия арналған (UNESСАР) БҰҰ Экономикалық комиссиясы, Кувейт Даму қоры (KDF), Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (JICА) және АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID). Басқа екі тарапты донорлар болар-болмас шамада ғана тартылды, себебі олар өз назарын ұлттық көзқарас деңгейінде де басқа секторларға шоғырландырады. Германия тарапынан болған екі тарапты көмек көрсету ғана Логистика орталықтарына арналған кейбір зерттеулерді қаржыландырды, мысалы Ташкентте және Тбилисиде.
Барлық аталған бастамалар бірдей бір тарапқа бағытталған және логистика тораптарының ойдағыдай жұмыс істейтін желілерін құруға жол жасайды, ол қазіргі уақытта орындардағы жеткіліксіз буын болып табылады. Сауда және халықаралық көлік мәселелері бойынша жобалар шеңберінде тиімді көмек көрсетуді өзара арттыру үшін ынтымақтастық пен үйлесім қажет, бұл ТRАСЕСА-ның Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығымен (ҮАК ТК) қамтамасыз етілуі мүмкін.
2. Елдік (немесе өңірлік) контекст
2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты
Өңірдегі негізгі стратегиялық басымдықтар: өңірлік деңгейде үйлестірілген көлік саласында жеке мемлекеттік саясатты құру және нарық талаптарына жақсы жауап беру үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қалпына келтіру және халықаралық қозғалысқа арналған құрылым талаптарын жақсарту мен экологияға әсер етуін азайту.
Жоба бойынша өңірде жауапты көлік министрліктері тарапынан нақты міндеттемелер болғандықтан және жүк тасымалдау индустриясын дамыту мәселесі өңірлерде түрлі семинарлар мен конференцияларда бірнеше рет көтерілгендіктен, логистика жөнінде неғұрлым жақсы қызметтерге мұқтаждық бар, онда жобаны ойдағыдай орындау үшін алдын ала талаптар маңызды болып табылады. Алайда, Жоба ең алдымен кеден билігі, сыртқы істер министрліктері, елдің экономикалық дамуына жауапты министрліктер және белгілі аумақтардың жергілікті бірлестіктер ретінде басқа тартылған серіктестіктердің міндеттемелерін бағалай отырып, кезеңдік көзқарасты талап етеді. Алынған деректер одан әрі жобаны орындауға енгізілетін қызмет түрлеріне пайдаланылуы тиіс.
Қазіргі уақытта бенефициар елдер өңірлік деңгейде Еуропа Одағымен және БҰҰ бастамаларымен тығыз ынтымақтастықта сауданы және көлікті дамытуға басты назар аударады. Барлық осы елдер негізгі басымдық ретінде Еуропа құрылымына өзінің бірігуі және Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (СЫК) қол қою арқылы болашаққа арналған мақсаттары туралы хабарлады, оның негізгі ережелері мыналар болып табылады:
1. саяси қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік беретін Тараптар арасындағы саяси диалогқа арналған тиісті құрылымды қамтамасыз ету;
2. тараптардың өз демократиясын біріктіруге, өз экономикасын дамыту және нарықтық экономикаға көшуді аяқтау ұстанымын қолдау;
3. тараптар арасында сауда мен инвестицияны және үйлесімді экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және осылайша, олардың тұрақты экономикалық дамуына септігін тигізу;
4. заңнама, экономика, әлеуметтік мәселелер, қаржы, азаматтық ғылым, технологиялар мен мәдениет саласында негізгі ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Осы тұрғыда, әрбір ел өзінің Ұлттық Стратегиясын әзірледі, ол жоғарыда аталған СЫК талаптарына сәйкес келеді.
Жобаның көпшілік бенефициарлары - 1998 жылғы 8 қыркүйекте Бакуде қол қойылған Еуропа-Кавказ-Азия Көлік дәлізін (ТRАСЕСА) дамытуға арналған Халықаралық көлік жөніндегі Негізгі Көптарапты келісімге (КТК) қол қойғандар. МСС басты басымдықтарының бірі - мынадай жолмен сауда мен көлікті жақсарту және арттыру арқылы халықаралық нарыққа өңірді біріктіру:
- еуропада, Қара теңіз және Азия өңірлерінде экономикалық қатынастарды, сауда және көлік коммуникацияларын дамытуға көмек көрсету;
- жол, темір жол көлігінің және коммерциялық кеме қатынасының әлемдік нарығына қол жеткізуге кепілдік беру;
- көлік қауіпсіздігінің, жүк қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғау кепілдігі;
- көлік саласында көлік саясаты мен құқықтық құрылымды үйлестіру;
- көлік операциялары бойынша бәсекелестіктің тең шарттарын құру.
2.2. Сектордың жай-күйі
Бұрынғы кеңес елдерінің тәуелсіздігі сәтінен бастап, олардың экономикасының өсімі төмендеді, бұл аталған елдерде көлік инфрақұрылымына бөлінетін бюджетке әсер етті. Көлік темір жол көлігіне тәуелді болды және қазір де өте қатты тәуелді, бірақ автожолдар бойынша жүк қозғалысы барлық осы елдерде тұрақты артып отыр. Алайда, болжамдалатын көп модульді тасымалдауды күшейту үшін көлік операторлары арасындағы ынтымақтастықтың төмен деңгейі байқалады. Жеке сектордың көлік қызметтерін көрсетуге қатысуы және оның инфрақұрылымы жоқ десе де болады.
Өңірлерде сауда мен жүк тасымалдауды жеңілдету үшін тек мұнай өнімдерінен тұратын ғана емес жүктердің қозғалысын неғұрлым тиімді жақсарту қажет. Жүк ағыны нарығы инфрақұрылымды жетілдіруден басқа логистиканың тиімді қызметі мен құрылымның қалыпты жағдайын талап етеді.
Қазіргі заман көлік инфрақұрылымы мен логистика инфрақұрылымының және олардың арасындағы техникалық байланыс секілді оларды біріктіру мен дамытуға арналған жалпы құқықтық негіз жетіспеушілігі сауда мен өңірдегі халықаралық көлікті дамыту (импорт, экспорт және транзит) мәселесі тікелей қамтиды.
Техникалық стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру және модульдік желі ішінде тораптар құру, бұл, болашақта ТRАСЕСА көлік дәлізі мен көлік желісін Еуропалық Көлік Дәлізіне (пан КД) біріктіру процесіне кепілдік беру үшін жүк ағынын (импорт, экспорт, транзит) оңтайландыруға арналған маңызды алдын ала шарттардың кейбірі болып табылады. Жоғарыда аталған стандарттарға қосымша тиісті заңнама құрылымын әзірлеу, әсіресе, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде, ықтимал инвесторлар үшін тартымды және болжамды орта құруды жеңілдетуі мүмкін.
Логистика орталықтары бұл тосқауылдарды жұмсартуға өз үлесін қоса алады. Бұл:
- көлік және сауда саласын біріктіру;
- көлік кәсіпорындары;
- тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтер (контейнерлерге, құрғақ жүк пен рефрижераторға арналған қоймалар);
- сервистік қызметтердің түрлі өнеркәсіп кәсіпорындары мен филиалдары;
- логистика жөніндегі жоспарлы іс-шаралар.
Олардың орташа алғанда 15-100 га алаң аумағы бар және жуық шамамен 400-2000 жұмыс орнын қамтамасыз ете алады. Еуропада олар ойдағыдай құрылды және жүк көлігі, жүкті тасымалдау, тауарларды сақтау және логистика жөніндегі басқа да қызметтер үшін маңызға ие.
Оларда, әдетте, аралас көлікке арналған жүкті тиеу/тасымалдау, халыққа қол жетімді темір жол немесе кеме қатынасы-теміржол көлігі үшін қажеттінің барлығы бар.
Халықаралық Логистика орталығының негізгі мәселелері:
- ХЛО-ға жататын тұрғындар үшін жүк жеткізуді және тауарларды орналастыруды жетілдіру;
- тауарларды жөнелтуге арналған көп модульді көлік байламдары қалыптастырылуы мүмкін;
- жүкті артығымен тиеу және сақтауға қызмет көрсетудің көп функционалдық құралдарын құру;
- жаңғырту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ықтималдылықты пайдалану;
- бизнес пен оны дамытуды логистика жөніндегі құзыреттілік орталығына жақынырақ орналастырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Күтілетін пайда
- ХЛО-ны халықаралық тауарлар мен сауда ағынына біріктіру;
- өңірде жаңа жоғары сапалы жұмыс орындары мен баламалы өмір талаптарын құру;
- шағын және орташа мөлшердегі кәсіпорындарды логистика процесінің шынжырына біріктіру;
- қызмет көрсету деңгейі мен шығынды қысқартуды жетілдіру;
- ХЛО-ның қала орталықтарында (логистиканың қала орталықтары) тасымалдау көлемін төмендету;
- көлік инфрақұрылымын жақсылап пайдалану;
- шағын тиеулерді үлкендерге біріктіру арқылы көлік шығынын қысқарту.
Бенефициар елдер басымдықты/пайданы мойындады және өз экономикасын ойдағыдай дамытудың ажырамас бөлігі ретінде көліктен логистикаға дейінгі осы халықаралық тенденцияға қосылғысы келеді.
3. СИПАТТАУ
3.1. Мақсаттар
Жобаның негізгі мақсаты логистика мүмкіндіктерін, өзара іс-әрекет ету мен көп модульді тасымалдауға мүмкіндігін жақсарту арқылы сауда мен көлікті дамытудан тұрады және де осылайша, ТМД мен Еуропа елдері арасында қазіргі заман тиімді байланысын дамыту болып табылады.
Осы жобаның нақты мақсаты назарды мемлекеттік-жеке серіктестікке және тиімді кеден қызметтеріне шоғырландыру арқылы модульдік тораптар ішінде қаржылық және экономикалық тұрақты, техникалық жағынан орындалатын, экологиялық және институционалдық жағынан сенімді құрылым құрудан тұрады.
3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет түрлері
Күтілетін нәтижелер - мынадай:
1. Модульді тораптар ішінде сәйкес келетін желі құру жөніндегі зерттеу; мысалы, мынадай тәртіппен:
- жүктерді кедендік тазалау мен кедендік рәсімдеуден өткізілмеген тауарларды сақтауға арналған қоймалары бар логистика учаскелері;
- жүктерді көліктік өңдеу қызметін қоса алғанда, модульдік Терминал ішінде;
- рефрижераторларды қоса алғанда, жүктерді немесе температураны бақылау жөніндегі құралдарды сақтауға арналған үй-жайлар;
- логистика орталығы.
2. Инфрақұрылымға қызмет көрсету үшін іріктелген құралдардың техникалық талаптарын жетілдіруге арналған қысқа және орта мерзімді Іс-әрекеттер бағдарламасы.
3. Тораптардың өңірлік желісін құруға және инвестицияларды тартуға арналған құрылымның қажет шарттары туралы ұсынымдар, мысалы:
- логистика учаскесінде тиімді кедендік қызметтерді қамтамасыз ету;
- кеден қоймаларында сақталатын тауарларды қоймаларға орналастыруға арналған үй-жайлармен қамтамасыз ету;
- "Еркін Экономикалық Аймақтарды" анықтау.
Негізгі іс-шаралар мынадай іс-әрекеттер тізімін қамтиды:
- көлік секторы логистикасына және халықаралық көлік бағытына қатысты ағымдағы жағдайды шолу;
- өңірдегі көлік секторы логистикасына арналған болашақ мұқтаждар мен іскерлік мүмкіндіктерді мамандандыру, мысалы:
инфрақұрылым,
суперқұрылым,
көрсетілетін қызметтер диапозоны,
тасымалдауға жататын жүктер
- ТRАСЕСА дәлізі бойынша логистиканың көлік желісін құру үшін шағын орын мен жеткіліксіз буынды анықтау;
- логистиканың көлік желісіне одан әрі біріктіру үшін әр алуан көлік түрлерін пайдалана отырып, ішкі модульдік тораптар ішінде бағалау және таңдау;
- логистиканың іріктелген учаскелерін талдау және техникалық шолу;
- логистиканың іріктелген учаскелеріне қатысты техникалық ерекшеліктермен, инвестицияға мұқтаждықты дамыту стратегиясы және орындау жоспары;
- тораптардың іріктелген желісінің әсер етуін стратегиялық экологиялық бағалау;
- логистиканың іріктелген учаскелерінің тиімді жұмысы мен оны ұйымдастыру үшін ұсынымдар;
- ТМД мемлекеттерінде донорлар қызметінің тиісті түрлерін қысқаша шолу;
- ХҚИ-ді қоса алғанда, ықтимал инвесторларды сәйкестендіру;
- инвестиция мәселелері жөніндегі құқықтық базаны (ұлттық және халықаралық) қысқаша шолу;
- жеке сектордың қатысуы үшін тиісті заңнама ортасын жетілдіруге арналған ұсынымдар.
3.3. Мүдделі тараптар
Жобаның басты бенефициарлары мен негізгі серіктестері Көлік министрлігі мен көлік саясаты мен көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуына жауапты болып табылатын Министрлер кабинеті болады.
Өңірдегі көлік операторлары, мысалы бенефициарлар елдерінің темір жолдары, жүк машиналарының жүргізушілері және т.б. инфрақұрылымды жаңғырту есебінен алынатын жақсы жұмыс нәтижелері секілді, логистика секторының жаңғыртылған көлік операциялары саласында»"ноу-хау" алады. Кейінірек, маңызды серіктестер мемлекет пен экспедиторлар қауымдастығы үлгісіндегі жеке сектор арасындағы серіктес ұйымдар болады. Олар ноу-хау беру арқылы пайда көре және өз мүшелері арасында оның таратушысы ретінде жұмыс істей алады.
Бенефициар елдердің кеден биліктері көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және кеден аумағында орналасқан кедендік ресімдеуден өткізілмеген тауарларды сақтауға арналған қоймалардан түсетін кірісті арттыру арқылы жобадан пайда көретін еді.
Және, ең соңында, жанама мақсатты топтар - бизнес бірлестігі және тиісті салаларда нарықтық қарым-қатынастарға дейін ең арзан және ең тез өндірілетін өнімнен пайда көретін тауарларды тасымалдайтын тұтынушылар. Бұдан басқа, тікелей логистиканың орналасқан жерлерінің тораптарында жұмыс орындарын ашудың қосымша мүмкіндіктері болады.
3.4. Тәуекелдер және ұсыныстар
3.4.1. Ұсыныстар
Логистиканың өңірлік желісіне ойдағыдай көзқарасқа арналған негізгі ұсыныстар:
- елдердегі саяси тұрақтылық;
- үкіметтер өңірлік бірігу және пан Еуропалық Көлік Дәліздерімен тұрақты байланыс құру саясатының ізіне түсуді жалғастыруда;
- бенефициарлар мен жоба серіктестері тарапынан міндеттеме - жобаның әлеуметтік мүмкіндіктері шегінде көзделген барлық тиісті қызмет түрлерінде жұмыс жасау;
- қажет ақпарат пен деректерге еркін қол жеткізу;
- тиісті персоналдың болуы және жұмыстың үздіксіздігі;
- сараптау бағалау жүргізуге арналған тиісті ресурстар.
3.4.2. Тәуекелдер
- Инвестициялар тартуға арналған мүмкіндіктер;
- өңірдің кейбір елдеріндегі саяси тұрақсыздық;
- елдердегі көліктік заңды тұлғалар арасындағы мүдделер қарама-қайшылығы;
- осы елдердің көлік секторындағы жалпы мақсаттар мен басымдықтардың болмауы;
- сәйкес келмейтін құқықтық шектер.
Бұл тәуекелдерді көршілес мемлекеттер мен ЕО-ның көлік саласындағы маңызды серіктестер арасында ынтымақтастықтың жұмыс істейтін тетіктерін арқылы азайту қажет.
3.5. Қажет шарттар
Жобаны іске асыруға өңірлік және өңіраралық деңгейде көлік және көлік саясатын үйлестіру саласында ұлттық саяси жоспарды әзірлеуге елдер дайын болған жағдайда ғана жол беріледі. Барлық бенефициарлардың Жобаны мақұлдауы туралы өтінішін олардың дайын екендігін білдіру есебінде қабылдауға болады.
3.6. Аралас сұрақтар
Жоба жеке сектордың қатысу деңгейін арттыру және осылайша, тартылған үкіметтің саясатқа қатысты және логистика жөніндегі қызметтерге қатысты функцияларды реттейтін ролін өзгерту үшін әзірленген. Экологиялық әсер етуге жобаны орындау барысында баға беріледі. Алайда, логистиканың тиімді тораптары көлік операцияларын байланыстыру және әралуан көлік түрлерін пайдалана отырып, тұрақты, байланысты тасымалдау үшін мүмкіндік беру арқылы оң экологиялық әсер ету ие болады.
Бұдан басқа, әсіресе жұмыспен қамтамасыз ету саласында мүмкіндіктерді арттыруға қатысты оң әлеуметтік әсер ету болады деп күтілуде. Алайда, жобаны орындау барысында да, кейінірек те ешқандай елеулі гендерлік әсер ету болмайды деп болжамдалады.
4. Іске асыру мәселелері
4.1. Іске асыру әдісі
Орта Азияға арналған 2006 жылғы Өңірлік Іс-әрекеттер бағдарламасы (ІБ) шегінде 1-КУРС құрауышына жататын іс-шараларды Қаржыландыру туралы өңірлік келісім бойынша бенефициар елдер үкіметтерінің қолымен орталықтандырылған басқару.
Іске асыруды Еуропа комиссиясы өтінімдер тендерін жүргізгеннен кейін қызметтер жөнінде бір немесе бірнеше келісім-шарттарға қол қоюмен орындайтын болады.
4.2. Бюджет және күнтізбе
Бағдарлама ТАСИС бағдарламасының барлық аумағын қамтиды (Орта Азияда да, Еуропада да) жалпы бюджетпен 5 500 000 еуро (оның ішінде 3 500 000 еуро 2006 жылғы Өңірлік Іс-әрекеттер жоспарының бюджетінен қаржыландырылды және 2 000 000 еуро Орта Азияға арналған 2006 жылғы Өңірлік ІБ-дан қаржыландырылды).
Бұл шешім Орта Азияға арналған 2006 жылғы Өңірлі ІБ-дан қаржыландырылған 2 000 000 еуро сомаға ғана қатысты, 4.1-тарауда қалыптастырылғандай, жоғарыда және төменде бюджет таратып жазылды.
Бюджетті таратып жазу |
ЕК салымы (еуро) |
Бене- фициар салымы |
Басқа да дон- орлар |
Келісім- шарт жа- сайтын/ қаржылан- дыратын органдар |
---|---|---|---|---|
Қызметтер |
2000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
1.1 Техникалық |
2000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
ЖИЫНЫ |
2000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
Жұмыс мерзімдері - Қаржылық келісімге қол қойғаннан кейін 36 ай.
4.3. Сатып алу және гранттар беру рәсімдері
Қаржылық келісімді орындайтын барлық келісім-шарттар рәсімдерге және Комиссия сыртқы операцияларды орындау үшін шығарған және белгілеген, сондай-ақ қарастырылып отырған рәсімдерді шығару уақытында күшінде болған стандарттарға сәйкес жасалуы және іске асырылуы тиіс.
Бағдарлама бойынша барлық сметалық құжаттар рәсімдер мен Комиссия белгілеген және бағдарламаның қарастырылып отырған сметалық ұсыныстарын қабылдау уақытында күшінде болған сметалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.4. Мониторинг жүргізу
Жоба мониторингін ТАСИС Мониторингі жөніндегі кеңсе жүргізетін және өңірдегі ЕК өкілдіктері тығыз тексеретін болады. Прогресті бағалауға арналған маңызды индикаторлар бастапқы кезең ішінде анықталатын/аяқталатын болады.
4.5. Бағалау және аудит
Бағалау (орта мерзімді, қорытынды, іс жүзіндегі) және аудит жөніндегі рәсімдер - іріктелген мердігерлерге арналған Шарттың ажырамас бөліктері.
Бірқатар сыртқы бағалау мен аудитті белгілі Техникалық тапсырмаға арналған ЕК ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес тікелей Комиссия жұмысқа жалға алған тәуелсіз консультанттар да орындай алады.
Қосымшасы: Қисынды шеңбер
2 жобаның (СА АР 2006) Қисынды шеңбері - Орталық
Азиядағы логистика орталықтарының/көлік тораптарының
халықаралық желісі (**)
Араласу логикасы | Объективті анықтала- тын инди- каторлар |
Бақылау көздері |
Тәуекелдер мен жол берулер |
---|---|---|---|
Негізгі мақсат: |
|||
Сауда мен көлік |
- Елдердегі |
||
Жобаның мақсаты: |
|||
Мемлекеттік жеке- |
Модуль |
Өңірде жүк |
- Инвести- |
Нәтижелері: |
|||
1. Мыналар анықтал- |
Жобаны |
Жоба бойына |
- Кеден |
2. Инфрақұрылымға |
Техникалық |
Бенефициар- |
|
3. Әрбір елде |
Тиісті |
Бекітілген |
** Логикалық шеңбер Жобаның бастапқы кезеңі ішінде аяқталады
3-ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ
Атауы |
Орталық Азияның мұнай газ |
||
Жалпы құны |
5 000 000 еуро (ЕК салымы) |
||
Көмек көрсету |
Жобаны іске асыру әдісі - |
||
DАС-code |
88070 |
Сектор |
Энер- |
І.НЕГІЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шектер
Орталық Азия үшін 2005-2006 жылдарға арналған Индикативтік жоспардың (ИЖ), энергетика секторы бөлігінде жалпы мақсаты Орталық Азияны Еуропа Одағымен байланыстыратын газ/мұнай жеткізілімдері мен желілерінің әлеуетін, сенімділігін, тиімділігін, сақталуын және қауіпсіздігін арттыруға қолдау көрсете отырып, Еуропа нарығына газдың/мұнайдың жеткізілуін алу үшін әлеуетті арттыруда болып отыр.
Атап айтқанда, газ/мұнай секторында жақсарып отырған саясаттың және құқықтық шектердің, операциялық желінің сенімді жұмысының инвестициялары мен кепілдіктерін тарту үшін қолдау көрсету; қауіпсіздігі мен экологиялық өлшемдерін қоса алғанда, газ/мұнай қондырғылары мен құбырдағы операциялар сияқты газ/мұнайды өндіру жөніндегі халықаралық стандарттарды қабылдау және орындау маңыздылығы баса айтылады.
Жоғарыда ескертілген мақсаттарға сәйкес келетін осы Жобаның мақсаты газ және мұнай компанияларының бенефициарлары арасында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады. Әзірлеу ең бастысы, келісілген экологиялық стандарттарды қабылдау үшін және мүмкін, ұлттық биліктер бастамашылық ететін құқықтық шаралар туралы ұсыныстарды әзірлеу үшін институционалдық қолдау көрсету жолымен орындалатын болады. Бұдан басқа, сондай-ақ инвестициялар тарту және таза даму механизмі ретінде экологиялық механизмді қолдану үшін іс-әрекет қолданылатын болады.
INOGATE хатшылығы (Мұнай мен Газды Еуропаға мемлекеттік тасымалдау) шеңберінде бенефициар 5 елдің Энергетика министрліктерінің өкілдіктері облыс Жобаның шеңберіндегі өз қызметін талқылаған және келіскен платформа болып табылады.
Осы Жоба өз құрауыштары арқылы INOGATE (Мұнай мен Газды Еуропаға мемлекеттік тасымалдау) бағдарламасының басымдықтарына жауап береді. INOGATE - ТАСИС өңірлік бағдарламаларына сәйкес қаржыландырылатын ынтымақтастық жөніндегі халықаралық бағдарлама, оның мақсаты құбыр жүйелерін өңірлік ынтымақтастыруды дамыту және Еуропаның экспорт нарықтарына ТМД орасан зор аумағының шегінде мұнай мен газдың көлікпен тасымалдануын жеңілдету болып табылады, сонымен бірге бір уақытта құбырға қатысты жобалар бойынша жеке инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын тарту үшін катализатор ретінде әрекет етеді.
1.2. Алынған сабақтар
ОА елдері көрсеткен қызығушылықты және ОА үшін 2002-2004 жылдар ИЖ, 2005-2006 жылдар ИЖ шеңберіндегі көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық жөніндегі ЕО көмегінің бағдарламасы шеңберінде қол жеткізілген үдерісті көрсете отырып, өзгелердің арасында газ бен мұнайды өндіру жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау секторларына бағытталды.
Комиссия жүргізген мұқият талдау және орта мерзімді шолу Өңірлік Стратегия бүгін де қолданыста екендігін көрсетті. Орталық Азия үшін 2002-2006 жылдарға арналған Өңірлік Стратегия өңірлік ынтымақтастық терроризм, есірткілер, сумен жабдықтау, экологияның тоқырауы және өңірде орасан зор энергетикалық ресурстарды тұрақсыз пайдалану сияқты проблемалармен күресуде жалғы болмаса да, ең тиімді әдіс болып табылатындығын көрсетті.
ЕО қоршаған орта мәселелері жөніндегі саясаты өңірлік ынтымақтастық курсы шеңберінде қаралады ("ЕК міндеттемелерін шолу 2005-2006 ж.ж. Индикативтік Бағдарламада қалай көрсетілгенін" қараңыз). Ескерту: 2003 жылдың бірінші жарты жылдығында ОА үшін Стратегияны орта мерзімді шолу үшін жүргізілген бағалауға сәйкес басымдықтарды анықтау үшін қаралатын негізгі өлшемдер өзгермегендігі, ал оларды қарау талап етілмегендігі анықталды.
Экология саласында сондай-ақ ТАСИС-тің 2004-2006 ж.ж. арналған Өңірлік Индикативтік Бағдарламасына арналған қаражаттың өзара толықтырылуы қаралатын болады, мысалы, Каспий теңізінің елдері үшін Конвенция бойынша көмекті қоса алғанда ЕО сумен жабдықтау мәселелері және сумен жабдықтаудың өңірлік мүддесі бар басқа проблемалары жөніндегі Бастамаларын қолдау.
INOGATE бағдарламасын бағалау жөніндегі зерттеу әсіресе Орталық Азияда өңірлік бағдарламаны басқаруды күшейтуді және INOGATE құнды жобамен және тәуекелді азайтуды қолдауды қамтамасыз етуді қолдаумен қамтамасыз етуі мүмкін елеулі инвестицияларды қолдау үшін ХҚИ функционалдық қарым-қатынастар құруға ұсыным береді.
Өңірлік жоба қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар энергетика секторына қолданылуына ерекше көңіл бөле отырып, инвестицияларды тарту жөніндегі құрауышпен қатар институционалдық және заңнамалық базаны нығайту құрауышын енгізе отырып, осы ұсынымдарды назарға алады (яғни, елеулі инвестицияларды қолдау және көршілес елдер арасында ынтымақтастық үшін ХҚИ-мен функционалдық қарым-қатынастарды құру).
Шын мәнінде, энергетика және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бір-бірімен ажырамас байланыста. Энергия өндіру, пайдалы қазбаларды пайдалану, Орталық Азия елдерінде тасымалдауға қосымша ретінде шикі мұнайды және газды өңдеу - барлығы қоршаған ортаның жағдайларына теріс әсерін тигізеді. Энергетика секторында ЕК тұрақты ынтымақтастыққа кепілдік беру үшін INOGATE бағдарламасы үшін жобалардың әрқайсысында экологиялық мәселелердің ынтымақтастығына көп көңіл бөлу маңызды.
1.3. Қосымша іс-әрекет салалары
Жобаның мақсаттарының бірі ЕК энергетика және экология салаларына өткенде де, қазіргі кезде де араласуын үздіксіз жалғастыру және Орталық Азияда осы қызметтің нәтижелеріне сүйену болып табылады.
Жақында, ЕК климатты өзгертуге, Киот хаттамасының проблемаларына және Таза дамыту (СDМ)/Бірлесіп Орындау (JI) және парникті газдардың шығындыларын (GНG) азайтуға қатысты Орталық Азияда қоғамдық түсінушілік деңгейін арттыруға бағытталған экологиялық жобаны қаржыландырды (Климатты Жаһандық Өзгерту, СА2002).
2006 жылы қазанда аяқталатын және ТАСИС-тің 2006 жылға арналған Өңірлік іс-әрекет Жоспары шеңберінде қаржыландырылған Жобаның екінші фазасымен жалғастырылатын жоба мұнай/газ секторы қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтуға бағытталған Жобалар үшін жаппай мүмкіндіктермен қамтамасыз ете алады.
Бар Жоба осы қорытындының негізінде Қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту жөніндегі бірқатар жобаларды әзірлейді және оларды анықтауға және даярлауға өз үлесін қосады.
Киот Хаттамасының арқасында, Қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту жөніндегі жобалар халықаралық Қаржы Институттары, жергілікті немесе халықаралық жеке компаниялар сияқты ықтимал инвесторлардың қызығушылығын тарта алады.
Энергетика секторында жоғарыда айтылғандай, инвестициялар тарту ЕК Орталық Азияда және тұтастай алғанда ТАСИС Бағдарламаларының өңірінде ынтымақтастығының басты басымдықтарының бірі. INOGATE бағдарламасы INOGATE Қолдау Тобының көмегімен 2003-2004 ж.ж. жүргізілген Инвестицияларды тарту жөніндегі Компания арқылы осы салада елеулі тәжірибе алды.
Мақсаты ХҚИ-дің мұнай/газ секторына қаржыландыруын ынталандыру және арттыру болып табылатын INOGATE екі Жобасын 2006/2007 жылдары іске асыру жоспарланады. Бұл:
- Сарапшының Жылдам Әрекет ету механизмі (СА2004);
- ХҚИ Қолдау Қоры (КЕО2004).
Бұл механизмдерді даярлау жөніндегі инвестициялық жобалар ЕК, жергілікті мұнай және газ компаниялары, ХҚИ және жеке сектор арасында тиімді ынтымақтастық орнату үшін негіз болып табылады.
Бар Жоба осы ынтымақтастыққа үздіксіздік береді, атап айтқанда, оның мақсаты газ және мұнай өңдеу өнеркәсібінде қоршаған ортаны қорғау болады.
1.4. Донорлардың қызметін үйлестіру
Энергетика секторында донорлардың арасында Орталық Азияда тиімді үйлесімділік жоқ.
ЕК және ЕҚДБ 2006 жылға арнап ТАСИС Бағдарламасы өңірінде өзінің техникалық және қаржылық көмегінің тиімділігін арттыру үшін жұмыс деңгейінде тұрақты диалог орнатты. Осы диалогтың шеңберінде екі тарап үшін де, атап айтқанда энергетика секторында жалпы мүддені білдіретін проблемаларға көңіл бөлінетін болады.
Жоғарыда атап өтілген инвестициялық механизмдерді даярлау жөніндегі жобалар, бар Жоба сияқты басқа донорлармен және жеке сектормен ЕК және ЕҚДБ арасында тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін жедел негіз болып табылады.
Атап айтқанда, INOGATE Хатшылығы ЕК мен Азия Даму Банкі арасында ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейді. АДБ Орталық Азиядағы Экономикалық Ынтымақтастық Бағдарламасы шеңберінде Орталық Азиядағы мұнай/газ секторына тартылған. Бұл ынтымақтастықтың негізгі мақсаты энергетика саласында өңірлік инфрақұрылымды оңалтуға және кеңейтуде (инвестициялық жобалар) және мұндай инфрақұрылымды ұтымды пайдалану үшін экономикалық және институционалдық жағдайлар жасауда жәрдем көрсетуде тұрады.
Жоба донорлар арасында үйлесімділіктің болуына мүдделі, өйткені ол үкімет басымдықтарды дұрыс белгілеуі, ұлттық бюджеттен де, донорлардан да қол жетімді ресурстарды дұрыс оңтайландыруы үшін маңызды құрал болып табылады.
2. ӨҢІРЛІК КОНТЕКСТ
2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты
Жақында құрылған тәуелсіз мемлекеттердің он жылдық тәжірибесі жекелеген секторлар, елдер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы үйлестірілмеген күштер күтілетін нәтижелерге әкелмейтіндігін, экологиялық және өңірлік даму проблемаларын шешпейтіндігін көрсетті. Арал теңізі - экожүйесінің апаты, таулы экожүйелердің тозуы, жердің өнімділігін қысқарту, су ресурстарын ұтымсыз пайдалану және басқа да теріс жағдайлар - соның айғағы.
Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Өзбекстанның үкіметтері, БҰҰ, Еуропаға арналған Экономикалық комиссия (ЕСЕ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта бағдарламасы (UNEP) және басқа да үкіметаралық ұйымдар Тұрақты Дамуға арналған Орталық-Азия Бастамасын құру туралы келісті. Орталық-Азия Бастамасының негізгі мақсаты - Орталық Азияда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін және бірлескен өңірде Орталық Азияны Тұрақты Дамыту жөніндегі Стратегия мен Конвенцияны дамыту және орындау үдерісінде үкіметтер мен секторлар арасында әріптестік қарым-қатынастарды құру жолымен экологиялық, әлеуметтік-экономикалық проблемаларға назар аудару үшін оң саяси, тұрақты, экономикалық орта және басқа жағдайлар жасау.
Орталық Азия елдері Тұрақты Даму жөніндегі Орталық-Азия Бастамасы бойынша міндеттемелер шеңберінде сумен жабдықтау мен санитарияны дамытуды тиімді жүзеге асыруы үшін қадам жасап отыр. Алайда іс-әрекеттерді жалпыламау проблемасы да бар. Донорларды, үкіметтерді қолдау шеңберінде орындалатын бағдарламалар мен жоба үйлестірілмеген және жиі қайталанады. Шектелген қаражаттың мұндай жинақсыздығы Орталық Азияның Тұрақты Дамуының Стратегиясы мақсаттарына және Мыңжылдықты Даму Мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі ОА елдерінің міндеттемелерін орындауды қозғамайды.
2.2. Сектордың ахуалы
Жаһандану проблемалары және Орталық-Азия экономикалық жүйелерін әлемдік нарықтарға біріктіру қажеттілігі энергетикалық желінің инфрақұрылымын дамытуды талап етеді. ТАСИС-тің Орталық Азиядағы Ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы INOGATE бағдарламасын іске асыру жолымен атап айтқанда осы мақсат үшін техникалық көмек көрсетеді.
Орталық Азияға арналған Индикативтік ТАСИС бағдарламасын қамтитын Орталық Азия елдеріне арналған 2002-2006 жылдарға арналған стратегия 2002-2004 жылдары кезеңі ішінде экономикалық даму жолында маңызды кедергілерді жеңіп шығуда елеулі құрал ретінде энергетика саласында өңірлік ынтымақтастық деңгейін арттыруға шақырады және сауда мен инвестициялық түсімдердің артуын қолдайды.
2004 жылғы қарашада Баку Министрлік Конференциясында Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттердің үкіметтік органдарының өкілдері энергия жеткізу қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру жолымен достастық ортасы шеңберінде ЕО пен Каспий теңізі маңында неғұрлым кең өңір арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейту маңыздылығын растады.
Шын мәнінде, денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері сияқты қауіпсіздік пен сенімділік аспектілеріне қатысты ерекше назар қажет. Бұл - ЕО арналған басымдықтар, бірақ олар Орталық азия елдеріне де қатысты, өйткені олар халықаралық және өңірлік конвенциялар мен келісімдер шеңберінде міндеттемелермен байланысты. Бұдан басқа, сауда ағындарын жеңілдету және саудада кедергілерді жеңу үшін ЕО стандарттарымен үндесу қажет болып отыр. Осы секторда үрдістерді көрсететін сенімді статистикалық деректер осы секторда да елеулі.
Қазіргі уақытқа дейін Орталық Азия елдері үшін мұнайгаз өнеркәсібіне қатысты ешқандай да белгілі бір экологиялық саясат болған жоқ.
Мәселен, механизмдері жаңа мүмкіндіктерді және қоршаған ортаға үлкен пайдамен энергетика саласында қолдау ретінде Киот Хаттамасы сияқты халықаралық келісімдерді орындауға және қолдану құқығына қатысты саясатты әзірлеу жөніндегі ұсынымдарға қосымша ретінде энергетикалық саясат реформасында көмек қажет.
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаттары
Жобаның жалпы мақсаты еуропа мұнай және газ нарықтарына қатынауды алуда Орталық Азия елдерінің әлеуетін арттыруға және газ мұнай желілерінің қоршаған ортаны қорғауына бағытталған.
Орталық Азия елдеріндегі энергетика секторында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды арттыруда нақты мақсат қойылады.
3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет түрлері
1. Энергетика саласына осы мәселені енгізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау саласында тиісті заңнама әзірленді.
Осы құрауышты әзірлеу үшін жүзеге асырылатын қызмет түрлері мыналарды қамти алады:
- мұнай/газ секторында және ұлттық және өңірлік деңгейде экологиялық стандарттар мен әдістер үшін жалпы стратегияны әзірлеу және қабылдау;
- мұнай/газ өнеркәсібінде экологиялық стандарттар мен әдістерді қабылдау үшін заңнамалық/реттеу құрылымын анықтау;
- мұнай/газ өнеркәсібінде серіктестер арасында халықаралық экологиялық стандарттар мен мұнай/газ секторына қолданылатын механизмдер туралы түсінушілік деңгейін арттыру үшін ақпараттық кеңестер жүргізу.
2. Мұнай/газ өнеркәсібінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды енгізуден экологиялық және экономикалық тиімділік жария етілді.
Осы құрауышты әзірлеу үшін жүзеге асырылатын қызмет түрлері мыналарды қамти алады:
- Қоршаған ортаны қорғаудың бірегейлендірілген шараларын енгізу жөніндегі қысқаша және орта мерзімді іс-әрекет жоспарын даярлау;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шарларды енгізетін жобалар үшін шығындарды/пайданы талдауды жүргізу;
- ХҚИ инвестицияларға өтінімдер беруі мүмкін мұнай/газ өнеркәсібі үшін бірқатар нақты экологиялық жобаларға техникалық-экологиялық негіздеме даярлау. Экологиялық механизмдерді, мысалы, Киот Хаттамасын Таза Дамыту Механизмін қолдану ынталандырылуы тиіс;
- Қоршаған ортаны қорғаудың белгілі бір шараларын қолдайтын экологиялық жариялау жобаларына тікелей қолдауды қамтамасыз ету (мысалы, атмосфералық ауа, су және жердегі стационарлық хроматографиялық аппаратты, газ талдауыштарын, дизометрлерді және т.с.с. немесе қоршаған ортаның мониторингі үшін бағдарламалық қамтым).
3.3. Мүдделі тараптар
Осы жоба Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырылатын болады.
Жобаның негізгі серіктестері мыналар болып табылады:
- жоғарыда ескерілген елдердегі тиісті Энергетика және Қоршаған ортаны қорғау министрліктері.
- Бенефициар елдердегі мемлекеттік газ және мұнай компаниялары.
Әрбір елдің атынан түрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірісінің (мұнай және газдың шикізатын пайдалану және кез келген бастапқы өңдеу және/немесе оларды тазалау) және көлікпен тасымалдау-беру үдерістерінің салдары болып табылатын экологияға әсер ету деңгейін азайту үшін белгілі бір шараларды қолдануға жауапты болып табылатын энергетика министрлігі және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Жобаның серіктестері болады.
Орталық Азия Мұнай және газ министрлігі INOGATE бағдарламасына белсенді қатысады және осы Жобаны іске асыруда серіктес болады. Басқа тиісті министрліктердің экология мәселелері жөніндегі үлесі мен әлеуеті Жобаның дайындық кезеңі уақытында анықталатын болады.
Негізгі серіктестер газ бен мұнайды пайдалану, кез келген өнеркәсіптік кәсіпорын үшін тасымалдау/беру, оларды тазалау операциялары бойынша жауапты тараптар болып табылатын және/немесе өңірдегі экологиялық ортаға әсер ететін мемлекеттік компаниялар болады. Бұл компаниялар сондай-ақ экологиялық әсер етудің деңгейін төмендету үшін белгілі бір шараларды жүзеге асыруда негізгі жауапкершілікте болады.
Орталық Азияның газ компаниялары (Түркіменгаз, Өзтрансгаз, Интергаз, Қырғызгаз) Жобаны тиісті және қажетті техникалық персоналмен қамтамасыз ете отырып, өткен және қазіргі жобаларды іске асыруға белсенді қатысты.
ЕК басқаратын Келісу комитеті Жобаның басында құрылатын болады. Оның қорытынды құрамы Жобаларды даярлаудың фазасы ішінде анықталатын болады; мысал ретінде ол мыналардан тұруы тиіс:
- ЕК өкілі
- газ және мұнай компанияларының өкілдері
- тиісті министрліктердің өкілдері
- INOGATE өкілдері
ХҚИ және/немесе сападағы жеке сектор өкілдерінің және/немесе шолушылардың қатысуы Жобаны даярлау кезеңінде анықталатын болады.
3.4. Тәуекелдер мен болжамдар
Жетістік мыналарға тәуелді:
- Бенефициар елдердің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің жария етілген дайындығы;
- Бенефициар елдер Парламенттерінің мұнай/газ өнеркәсібінде экологиялық стандарттар мен әдістерді қабылдау үшін ұсынылған заңнамалық/реттеу құрылымын мақұлдауға дайындығы;
- ХҚИ және банк секторының қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Жобаларға қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде оң қарым-қатынасы;
- Өнеркәсіп және мұнай мен газ секторының нысаналы салаларының мұндай инвестицияларға қызығушылығы.
Тәуекелді басқару және Жобаға теріс әсерін болдырмау үшін:
- INOGATE Хатшылығы бенефициар елдер серіктестері арасында қажетті үйлесімділікті қамтамасыз етуде белсенді рөл ойнауы тиіс;
- 6 сәуірде Алматы қаласында өткен ЕО-ОА қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі конференцияны Орталық Азияда экологиялық мәселелер жөніндегі өңірлік диалогты дамыту үшін заңды негіз ретінде қараған жөн.
- INOGATE Хатшылығы жеке сектор мен ХҚИ мүдделігін арттыру үшін Өңірлік конференцияларды ұйымдастырғаны жөн.
3.5. Қажетті шарттар
Жоқ
3.6. Аралас мәселелер
Адал басқару - қажетті заңнамалық/реттеу реформаларын сәйкестендіру қоршаған ортаны қорғау секторында адал басқаруды жетілдіру үшін негіз құрады.
Ұсынылған іс-әрекеттердің сипаты қоршаған ортаны қорғау секторымен де, энергетика секторымен де тығыз байланыста. Шығыс және Батыс Еуропа елдерінің экономикасында энергия өндіру мен көлік секторының маңыздылығын назарға ала отырып, ұсынылып отырған Жоба әлемдік экономикаға кірігумен тығыз байланысты.
Мұнай/газ өндіруші/бөлуші компаниялар және қоршаған ортаны қорғау мәселелері арасында бар қақтығыстар шешілетін болады және Жоба іс-әрекеттердің кешенді жоспарының көмегімен энергия өндіретін/қайта өңдейтін/бөлуші компанияларды біріктіреді және қоршаған ортаны ластанудан қорғайды.
4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4.1. Іске асыру әдісі
1 КУРС шеңберінде қызметі үшін Бенефициар Үкіметпен Қаржыландыру туралы келісімге қол қойғаннан кейін орталықтандырылған басқару.
Іске асыруды Еуропа Комиссиясы қызмет көрсетулер мен жеткізулер жөніндегі келісім-шарттарға қол қойғаннан кейін және өтінімдер тендерінің нәтижелері бойынша жүзеге асыратын болады.
Техникалық көмек көрсету жөніндегі бір келісім-шартқа қол қойылса, артықшылық берілер еді. Шамамен жеткізулер бойынша жалғыз келісім-шарт пайдаланылады деп анықталды, бірақ бұл әрбір бенефициардың қажеттіліктерін анықтау және әлеуетті пилоттық жобаларды талдау негізінде пайдаланылады деп айқындалған.
4.2. Іске асырудың бюджеті мен күнтізбелік кестесі
Бұл Жобаға бөлінген жалпы сома 5 000 000 еуроны құрайды. Жобаның индикативтік операциялық кезеңі Қаржы келісіміне қол қойылғаннан кейін ең жоғары 36 айды құрайды.
Бюджеттің |
ЕК |
Бенефи- |
Басқа |
Келісім-шарт |
Қызметтер |
3000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
Техника- |
2950000 |
|||
Қорытынды |
50000 |
|||
Жеткізу- |
2000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
ЖИЫНЫ |
5000000 |
жоқ |
жоқ |
ЕК |
4.3. Гранттарды сатып алу және беру рәсімдері
Қаржы Келісімі орындайтын барлық келісім-шарттар сыртқы операцияларды орындау үшін Комиссия белгілеген және шығарған және қаралатын рәсімді іске қосу уақытында күшінде бар рәсімдерге және стандарттық құжаттарға сәйкес берілуі және іске асырылуы тиіс.
Бағдарлама бойынша сметалық ұсыныстар Комиссия белгілеген және бағдарламаның қаралатын сметалық ұсыныстарын қабылдау уақытында күшіндегі рәсімдер мен стандарттық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.4. Мониторинг жүргізу
Жоспарлы мониторинг Комиссия міндеттерінің бір бөлігі ретінде үздіксіз үдеріс болады. Мониторингті жобаның әрекет етуінен тыс ЕО ережелеріне және Техникалық Тапсырманың белгілі бір шарттарында рәсімдерге сәйкес Комиссия тікелей жүргізуі мүмкін.
4.5. Бағалау және аудит
Бағалау (орта мерзімді, қорытынды, іс жүзіндегі) және аудит жөніндегі рәсімдер - іріктелген мердігерлер үшін Шарттың ажыратылмас бөлігі.
Бірқатар сыртқы бағалаулар мен аудиттерді Техникалық тапсырманың белгілі бір шарттарында ЕК ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес Комиссияның өзі тікелей жұмысқа жалдаған тәуелсіз консультанттар орындауы мүмкін.
Ұсыныстар:
Қисынды шеңбер
3 жобаның (СА АР 2006) қисынды шеңбері Орталық
Азияның мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі шараларды күшейту
Интервенция логикасы |
Жетістікте- рді объек- тивті анық- тайтын инди- каторлар/ көрсеткіштер |
Бақылау көздері |
Тәуекелдер мен Болжам- дар |
---|---|---|---|
Негізгі мақсат |
|||
Жобаның жалпы |
Бенефициар |
||
Жобаның нақты мақсаты |
|||
Нақты мақсат Орта- |
- Заңнамалық |
- Заңдар немесе |
- Әріптестер |
Нәтижелері |
|||
Энергетикалық |
- Заңнама |
- Жоба жөнінде- |
Ұсынылған |
Қызмет түрлері |
|||
- Мұнай/газ |
**: OVls бастапқы сатыда нақты анықталатын болады
4-ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ
Атауы |
Бағалауды және аудитті |
||
Жалпы құны |
1000000 (ЕО салымы) |
||
Көмек көрсету әдісі |
Жобаны іске асыру әдісі - |
||
DAC-code |
99810 |
Сектор |
Сектор |
1. НЕГІЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шектер
Орталық Азия мемлекеттеріне 2002-2006 жылдарға арналған стратегияда былай делінген: "Тиімді болу үшін көмек барынша икемді және елдің белгілі басымдықтарына және оқиғалардың жаңа дамуына жауап беруі тиіс.
Осы мақсатпен, жобалар немесе бағдарламалар орындаудың нақты және өлшенетін мақсаттары мен мониторингін және бағалау жүйелерімен қолдауға ие болатын индикаторларды қамтуы тиіс".
1.2. Алынған сабақтар
Бағалау және аудит іске асырылған жобалардың мәнділігі, әсер етуі, нәтижелігі және тұрақтылығы кепілдігінің маңызды әдісі болып табылады.
1.3. Қосымша қызметтер саласы
Сыртқы әсер ету мониторингін тікелей Комиссия жұмысқа жалдаған тәуелсіз консультанттар жүргізуі мүмкін. Бағалау және аудит жөніндегі шаралар - іріктелген мердігермен жасалатын шартты шаралардың ажырамас бөлігі де.
1.4. Донорлар қызметін үйлестіру
Тиісінше, жүргізілген бағалау мен аудит нәтижелері туралы басқа да донорлар ақпарат алатын болады.
2. ЕЛДІК/ӨҢІРЛІК КОНТЕКСТ
2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты
Жоқ
2.2. Секторлық контекст
Жоқ
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаттар
ЕО көмегінің жалпы мақсаты Орта Азия елдеріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдаудан және олардың тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуге және кедейшілік деңгейін қысқартуға талпынуына көмек көрсетуден тұрады.
Осы Жобаның мақсаты Орталық Азия елдеріне 2002-2005 жылдарға арналған іс-әрекеттер жоспарының шеңберінде Жобаларды бағалау және мониторинг жүргізуге арналған кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады, ал осы бағалау мен мониторингтерді жүргізуге арналған қаражат Жобаның бюджетіне салынбаған.
3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет салалары
Күтілетін нәтижелер:
Қажет бағалау және аудиттердің бірқатары жүргізілді
Негізгі қызмет түрлері:
Бірқатар бағалау және аудит
3.3. Мүдделі тараптар
Жоқ
3.4. Тәуекелдер мен ұсыныстар
Жоқ
3.5. Қажет шарттар
Жоқ
3.6. Аралас сұрақтар
Жоқ
4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4.1. Іске асыру әдістері
КУРС 1 шегінде және Орталық Азияға 2006 жылға арналған Іс-әрекеттер бағдарламасы шегінде әрекет етуге арналған Үкімет-бенефициармен Қаржыландыру туралы келісімге қол қойғаннан кейін орталықтандырылған басқару
Іске асыру шекті келісім-шарттарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
4.2. Бюджет және күнтізбелік іске асыру кестесі
Жобаның жалпы бюджеті 1 000 000 еуро құрайды.
Бюджетті таратып салу |
ЕО салымы (еуро) |
Бенефиц- иардың салымы |
Басқа да донор- лар |
Келісім- шарт жасайтын/ қаржылан- дыратын органдар |
---|---|---|---|---|
1. Қызмет- |
1000000 |
- |
- |
ЕК |
Қазақстан* |
110000 |
|||
Қырғызстан* |
160000 |
|||
Тәжікстан* |
260000 |
|||
Өзбекстан* |
160000 |
|||
Түркіменс- |
60000 |
|||
Өңірлік |
250000 |
|||
TOTAL |
1000000 |
- |
- |
ЕК |
*Бұл сомалар, географиялық қайта бөлу секілді индикативтік болып табылады және елдер/КУРС1 арасында Комиссия шешіміне толықтыру енгізілместен қайта бөлінуі мүмкін.
Келісім-шарттың индикативтік ұзақтығы 12 ай. Келісім-шарттың қорытындысы Курс 1 шегінде әрекет ету үшін Қаржылық келісімге қол қойғаннан кейін бірден болады.
4.3. Сатып алу және грант беру рәсімдері
Қаржылық келісімді орындайтын барлық келісім-шарттар берілуі және Комиссия сыртқы операцияларды орындау үшін белгілеген және шығарған және қарастырылатын рәсімдерді қабылдау уақытында күшінде болатын рәсімдерге және стандарттық құжаттарға сәйкес іске асырылуы тиіс.
Бағдарлама бойынша барлық сметалық ұсыныстар Комиссия белгілеген және шығарған және бағдарламаның қарастырылатын сметалық ұсыныстарын қабылдау уақытында күшінде болатын рәсімдер мен стандарттық құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.4. Мониторинг жүргізу
Жоспарлы мониторинг Комиссия міндеттерінің бөлігі ретінде үздіксіз процесс болады.
4.5. Бағалау және аудит
Бірқатар сыртқы бағалауды және аудитті Техникалық тапсырманың белгілі шарттарында ЕК ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес Комиссия тікелей жұмысқа жалдаған тәуелсіз консультанттар орындай алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы»"2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлігі)" бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы
мәлімдемесі
Еуропалық тараптың түсіндірмелерін негізге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы»"2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлігі)" бірнеше елді қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келісімнің (бұдан әрі - Қаржылық келісім) кейбір нормаларын мынадай тәртіппен түсінетін болады.
1. "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлігі)" атауындағы "2006" деп тараптармен келісілген жобаларды болашақта іске асыру үшін еуропалық тарап Еуропалық қоғамдастықтардың бюджетінде қаражат көздеген жыл түсініледі.
2. Қаржылық келісімнің 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қаржылық келісімнің II қосымшасында көзделген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия айқындаған үшінші тұлғаларға береді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) көрсетілген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
3. Қаржылық келісімнің 3-бабының 3.1-тармағының ережесі Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегенді білдіреді.
4. Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетілген "3.1-бап" Қаржылық келісімнің I қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сілтеме дегенді білдіреді.
Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесі жоба шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық қоғамдастықтар рәсімдеріне сәйкес Комиссия Үкімет мүддесінде әрекет етеді дегенді білдіреді. Бұл ретте, Үкімет Комиссияның жоба шеңберіндегі іс-әрекеті үшін үшінші тұлға алдында жауапты болмайды.
5. Қаржылық келісімдегі "қаржылық субсидиялар" термині Комиссия Үкіметке өтеусіз негізде беретін көмек ретінде түсініледі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берілетін Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкіметтің Комиссиядан одан әрі қарыз алуын және мемлекеттік бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды көздемейді.
6. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының ережесі (Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегенді білдіреді.
7. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2-тармақтарының ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектерді (гранттарды) салықтық, кедендік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату Еуропалық қоғамдастықтың техникалық көмегіне (гранттарына) де қолданылады дегенді білдіреді.
8. Бағдарламаны іске асыру үшін Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерінде көзделген келісім-шарттар мен гранттарды беруді Комиссия Еуропалық қоғамдастықтардың рәсімдеріне сәйкес дербес жүзеге асырады.
9. Үкімет Қаржылық келісімде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келісімнің I қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелері Үкімет Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келісімді іске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық іс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды дегенді білдіреді.
10. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелері Қаржылық келісімге өзгерістер енгізілгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейін Тараптар бірімен бірі тиісті консультациялар жүргізеді дегенді білдіреді. Қаржылық келісімге түзетулер енгізуді Тараптар өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келісімді тоқтату туралы шешімі екінші Тарапқа хабарланғаннан кейін екі ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін