Халықаралық электр байланысы одағы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының қорытынды актілеріне қол қою жөніндегі өкілеттіктер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қарашадағы N 1083 Қаулысы

      1992 жылғы 22 желтоқсандағы Халықаралық электр байланысы одағы конвенциясының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Куанышбек Бақытбекұлы Есекеевке 2007 жылғы 22 қазан - 16 қараша кезеңінде Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткізілетін Халықаралық электр байланысы одағы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының қорытынды актілеріне қол қоюға өкілеттік берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады