Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық денгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" жөніндегі қаржылық келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 1089 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы»2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы мәлімдемесімен бірге мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы»2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" жөніндегі қаржылық келісімге оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 16 қарашадағы
N 1089 қаулысымен  
мақұлданған  

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" жөніндегі
Қаржылық келісім

АРНАЙЫ ШАРТТАР

      Бұдан әрі»" Комиссия "   деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрі»" Қоғамдастық " деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық
      бір тараптан және
      бұдан әрі " Бенефициар "   деп аталатын  Қазақстан Республикасының Үкіметі  екінші тараптан
      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

      1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ

       1.1. Қоғамдастық 2 қосымшадағы Техникалық және әкімшілік ережелерде жазылған бұдан әрі Бағдарлама деп аталатын  2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: Ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларға өңірлік қолдау) - Қазақстан 2006/018-241  қаржыландыруға өз үлесін қосады 1 .
      1.2. Бұл Бағдарлама қаржылық келісімге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (1 қосымша) мен Техникалық және әкімшілік ережелер (2 қосымша) сәйкес орындалады.
__________________
Бұл дата жақтармен келісілген жобаларды іске асыруға Еуропалық Одақпен бюджетті бөлген жылға қатысты

       2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСІ

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 11 500 000 Евроға бағалануда.
      2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 11 500 000 Евро бөлуді міндеттенеді. Бюджеттік баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесін бөлу 2 қосымшаның Техникалық және әкімшілік ережелеріне қосылған бюджетте көрсетілген.

      3-БАП- БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСІ

      3.1. Бенефициар Бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
      3.2 Бенефициардың қаржылық емес үлесі бойынша Техникалық және әкімшілік ережелерде, қаржылық келісімге 2 қосымшада егжей-тегжейлі уағдаластықтар жасалады.
 

        4-БАП  ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ

      Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі қаржылық келісімнің күшіне енген сәтінен басталатын және 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Аталған орындалу кезеңі екі кезеңнен: қаржылық келісімнің күшіне енген сәтінен басталатын және 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын операциялық іске асыру кезеңінен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңінің соңында аяқталатын аяқталу кезеңі басталады.

      5-БАП  ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ КҮНІ

      Қаржылық келісімді іске асыруға арналған келісім-шарттар ең кеш дегенде 2009 жылдың 30 қарашасында қол қойылады. Бұл соңғы мерзім ұзартылмайды. Осы ереже кейін қол қоюға болатын келісімдердің аудитіне және бағалауына қолданылмайды.

      6-БАП  МЕКЕН ЖАЙЛАР

      Қаржылық келісімді іске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сілтемесі болуы және мына мекен жайлар бойынша жіберілуі тиіс:
      а)  Комиссия үшін
      Mr. Erich W. Muller
      Director
      Directorate Asia incl. Central Asia 
      Rue de la Loi 200
      В-1049 Brussels, Belgium
      Commission of the European Communities
      EuropeAid Co-operation Office
      b)  Бенефициар үшін
      Бақыт СҰЛТАНОВ мырза
      Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
      Қазақстан Республикасы
      010000, Астана қаласы
      Сол жағалау, 35 көше, N 2 үй
      "Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты, 444-каб.
      Тел.+ 7(3172)74 28 09
      Факс: + 7(3172)74 31 48

      7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР

       7.1. Мына құжаттар аталған келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
      І қосымша: Жалпы шарттар
      ІІ қосымша: Техникалық және әкімшілік ережелер.
      7.2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелері арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелері басымдыққа ие болады. 1 қосымша мен 2 қосымшаның ережелері арасында қайшылық болған жағдайда І қосымшаның ережелері басымдыққа ие болады.

      8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР

      8.1. "Жалпы шарттар" мынадай ережелермен толықтырылды:
      8.1.1. "Жалпы шарттардың" 3.1-бабына қатысты, іске асыру бенефициардың мүддесіне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
      8.2.«"Қаржылық келісімге қатысты Жалпы шарттардың" басқа баптары осы Қаржылық келісімге қосымша берілген "Жалпы шарттарымен" алмастырылған.
      8.3 Жобалардың қоса беріліп отырған тізіміндегі қаржылық келісімге тиісінше әрбір жоба қамтитын әріптес елдерден ең аз дегенде екеуі қол қойған жағдайда келісім-шарт жасалуы мүмкін. Елдер Қаржылық келісімге екінші қол қойғаннан кейін ғана олар жобадан түсетін пайданы ала алады.

      9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

      Осы Қаржылық келісім оған қол қойған екі тараптың соңғысының қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Қаржылық келісім Брюссельде үш түпнұсқада ағылшын тілінде жасалды, екі данасы Комиссияға және бір данасы Бенефициарға жіберілуге тиіс.

      КОМИССИЯ ҮШІН                  БЕНЕФИЦИАР ҮШІН
      Эрих Мюллер Вебер мырза            Бақыт Сұлтанов мырза
      Азия және Орта Азия бойынша        Қазақстан Республикасы
      директориат директоры              Экономика және бюджеттік 
      ЕurореАіd жәрдемдесу офисі         жоспарлау министрі
      Еуропалық Комиссия                 Қазақстан Республикасы
                                         010000, Астана қаласы
                                         Сол жағалау, 35 көше N 2
                                         үй "Министрліктер үйі"
                                         Әкімшілік ғимараты,
                                         444-каб.

      Брюссель                           Астана

      Күні:                              Күні:
      10\01\2007

1 ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР 1 ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесі қаржылық келісімде айқындалған сан шегінде болуы тиіс.
      1.2. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесін беру Бенефициар қаржылық келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаған жағдайда жүргізілуге тиіс.

      2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

      2.1. Қаржылық келісім бюджетінің жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет ішінде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиіс.
      2.2. Қаржылық келісім бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелі кезінде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншік ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкін.
      2.3. Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкін болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкін болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкін. Мұндай келісім болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебінен Қоғамдастықтардың тиісті ережелері мен рәсімдеріне залал келтірмей қайта қаржыландырылуы мүмкін.

2 ТАРАУ - ІСКЕ АСЫРУ

      3-БАП-ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1. Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшін және оның атынан әрекет ететін Еуропалық Комиссия іске асырады.
      3.2. Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетінде Еуропалық Комиссияны білдіреді.

      4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ

      4.1. Қаржылық келісімде қаржылық келісімнің күшіне енген күнінен басталатын және Арнайы шарттардың 4-бабында көрсетілген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзімі көрсетілуі тиіс.
      4.2. Аталған орындалу мерзімі екі кезеңнен тұрады:
      - барлық негізгі іс-шаралар жүргізілетін шеңберде практикалық іске асыру кезеңі. Аталған кезең қаржылық келісім күшіне енген күнінен басталады және орындалу мерзімінің соңына дейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады;
      - түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізілетін, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келісім бойынша барлық келісім шарттар жабылатын қорытынды кезеңі. Аталған кезең практикалық іске асыру кезеңі ақталған күнінен басталады және осы күннен кейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады.
      4.3. Негізгі іс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық іске асыру кезеңі ішінде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкін. Түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізу жөніндегі шығыстар қорытынды кезеңнің аяғына дейін заңды болып табылады.
      4.4. Қоғамдастық қосқан үлестен кейін қалған кез келген теңгерім орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
      4.5. Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда практикалық іске асыру кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту жөнінде сұрау салынуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық іске асыру кезеңінің соңына дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзім ішінде оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
      4.6. Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда және практикалық іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін, қорытынды кезеңнің және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту жөнінде сұрау салынуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнің соңына кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзім ішінде оны Комиссия мақұлдауы тиіс.

3 ТАРАУ - КЕЛІСІМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ

      5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Қаржылық келісімді іске асыратын барлық келісім-шарттар тиісті рәсімдердің басынан бастап әрекет ететін сыртқы іс-шараларды іске асыру үшін Комиссия айқындаған және жариялаған рәсімдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиіс.

       6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРАТЫН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗІМІ

      6.1. Қаржылық келісімді іске асыратын келісім-шарттарға Комиссия бюджеттік міндеттемені қабылдағаннан кейін үш жыл ішінде, атап айтқанда Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген күнге дейін екі тарап қол қоюға тиіс. Аталған түпкілікті мерзім ұзартылмайды.
      6.2. Жоғарыда көрсетілген ереже кейіннен қол қойылуы мүмкін аудит және бағалау іс-шараларын жүргізу жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.
      6.3. Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген мерзімде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келісім-шарт күшін жояды.
      6.4. Келісім-шарт, оған қол қойғаннан кейін үш жыл ішінде төлем жүргізілмес қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

       7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ

      7.1. Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткізулерге арналған келісім-шарттарды беру жөніндегі тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше қатысушы мемлекеттердің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін және алушы үшінші бенефициар-елдердің барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актілерде нақты көрсетілген кез келген басқа үшінші ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиіс.
      7.2. Өтінім беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше қатысушы мемлекеттердің барлық заңды тұлғалары үшін және алушы үшінші елдердің барлық заңды тұлғалары немесе аталған актілерде нақты көрсетілген басқа үшінші бенефициар-ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең ашық болуы тиіс.
      7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше шарттары негізінде 1 және 2-параграфтарда көрсетілгеннен басқа үшінші елдердің өкілдеріне келісім-шарттарды беру тендерлеріне қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдануы мүмкін.
      7.4 Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткізулер мен қызметтерге арналған келісім шарттарды орындау үшін қажетті тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын іс-шараларды орындау үшін гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсімдері алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндірілуі тиіс.

4 ТАРАУ  -  КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ

      8-БАП - ҚҰРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫ

      8.1. Келісім шарт сипатының негіздемесі кезінде жұмыстарға, жеткізулерге және қызметтерге арналған келісім-шарттарды беруге арналған тендерлік рәсімдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиіс. Аталған құқық келісім-шартты бергеннен кейін бір ай бойы жарамды болуы тиіс.
      8.2. Келісім-шартты орындау үшін қызметтері қажетті мердігерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің жобаны/бағдарламаны іске асыру кезінде осындай құқықтары болуы тиіс.

      9-БАП - САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ЕРЕЖЕЛЕР

      9.1. Арнайы шарттарда арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегі салықтық, кедендік немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиіс.
      9.2. Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келісім-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететін мемлекеттік немесе халықаралық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңілдікті салық және кедендік рәсімдерді қолдануы тиіс.
      9.3. Егер Негіздемелік келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиіс.

      10-БАП- ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      10.1. Бенефициар ел жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік валютаны әкелуді немесе сатып алуды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ол, сондай-ақ аталған Жалпы шарттардың 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердігерлерге қатысты кемсітусіз шетелдік валютаны ресми айырбастау ережесін қолдануға міндеттенеді.
      10.2. Егер Негіздемелік келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиіс.

      11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР ДЕРЕКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

      Егер қаржылық келісім зерттеулер жүргізуді қамтыса, қаржылық келісімді іске асыру үшін қол қойылған аталған зерттеулерді жүргізу жөніндегі жасалған келісім-шарттар зерттеуге арналған меншік құқығын және алынған деректерді пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшінші тарапқа берудегі Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиіс.

      12-БАП - КЕЛІСІМ ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ

      12.1. Дұрыс жүргізілмеген төлемдерден қалпына келтірілген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепілдіктерден немесе осы қаржылық келісім бойынша қаржыландырылатын келісім-шарттар негізінде ұсынылған орындау кепілдіктерінен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берілуі тиіс.
      12.2 Келісім-шартты бекітетін сатып алу келісім-шартының контексінде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкін қаржы айыппұлдары, тендерлік кепілдіктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтірілген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне жүргізілуі тиіс.

5 ТАРАУ- НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      13-БАП - ҚЫЗМЕТТІ ЖАРИЯ ЕТУ

      13.1. Қоғамдастық қаржыландыратын әрбір жоба/бағдарлама тиісті коммуникациялық және ақпараттық іс-шараларды басшылыққа алуы тиіс. Осы іс-шаралар Комиссияның келісімі болған кезде айқындалуы қажет.
      13.2. Аталған коммуникациялық және ақпараттық іс-шаралар бұл іс-шараларды іске асыру кезінде әрекет ететін сыртқы іс-шаралардың көрінісін қамтамасыз ету үшін Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткізілуі тиіс.

       14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

      14.1. Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалмаған қаражатты қайтару үшін шағым беру тиіс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиіс.
      14.2. "Бұзушылық" дегеніміз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншік қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебінен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрінде зиян келтіріп отырған немесе келтіретін экономикалық субъектінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінетін қаржылық келісімдер, келісім-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерінен кез келген ауытқуды білдіреді.
      "Алаяқтық" дегеніміз:
      - Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетінің немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуі мүмкін жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәліметтерді пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелік міндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтіретін ақпаратты жасыруға;
      - осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейі әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтіндей күдік тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиіс.
      14.3. Бенефициар келісім-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды іске асырудағы рәсімнің кез келген сатысында белсенді немесе пассивті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндеттенеді. "Пассивті сыбайлас жемқорлық" дегеніміз ресми тұлғаның тікелей немесе делдал арқылы жеке өзі үшін немесе үшінші тарап үшін кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерін кемсітуге әсері бар немесе әсер ететін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берілетініне уәде алған әдейі әрекетін білдіреді. "Белсенді сыбайлас жемқорлық" дегеніміз кімде-кімнің ресми тұлғаға жеке ол үшін немесе үшінші тарап үшін, ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерін кемсітетін немесе кемсітуі мүмкін ресми міндеттерін бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшін тікелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрін беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейі әрекетін білдіреді.

       15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ БӨЛІМ (СЖҚКЕБ) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

      15.1. Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕБ және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келісім бойынша (келісім-шарттар мен гранттарды беру жөніндегі рәсімді қоса алғанда) бөлінген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнінде жергілікті жерлерде құжаттамалық тексерістер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлік құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізінде келісімнің бар мерзімі және соңғы төлемнің күнінен кейін жеті жыл ішінде толық аудит жүргізу мүмкіндігімен келіседі.
      15.2. Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕБ-ның жергілікті жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсімдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесін қорғау үшін тексерістер мен бақылау жүргізуі мүмкін екендігімен келіседі.
      15.3. Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕБ-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкілдеріне және олардың уәкілетті агенттеріне компьютерлік жүйелерді, сондай-ақ осы іс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендірілген деректерді қоса алғанда, қаржылық келісім бойынша қаржыландырылған іс-шаралар өткізілген орындар мен үй-жайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Еуропалық Комиссияның, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкілетті агенттері үшін қол жеткізу үшінші тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиян тигізбей берілу тиіс. Құжаттар қол жетімді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететін тәртіпте тігілуі қажет және Бенефициар Комиссияға, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиіс.
      15.4. Жоғарыда сипатталған тексерістер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданылуы тиіс.
      15.5. Бенефициарды жергілікті жерлерде тексерістер жүргізу үшін тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерінің келетіні туралы хабардар ететін болады.

      16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      16.1. Бенефициар мен Комиссия қаржылық келісімнің баптарын іске асыру немесе түсіндіру туралы даулы мәселелер туындағанға дейін бірі-біріне консультация беру қажет.
      16.2. Бұл консультациялар қаржылық келісімнің өзгеруіне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келу мүмкін.

      17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ТҮЗЕТУ

      17.1. Арнайы шарттарға және қаржылық келісімнің ІІ қосымшасына енгізілетін кез келген түзетулер жазбаша түрде енгізілуі және қосымшада ресімделуі тиіс.
      17.2. Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негіздемелері болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудің болжам бойынша күшіне енуіне дейін кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиіс.
      17.3. Іске асырудың практикалық кезеңі мен қорытынды кезеңін ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.

      18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

      18.1. Қаржылық келісім мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
      (а) егер Алушы осы келісім бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
      (b) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты міндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайларда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
      (с) Қаржылық келісім төменде көзделген форс мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкін. "Форс мажор" дегеніміз тараптардың біреуіне өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердігерлердің, агенттер мен жұмыскерлердің) қателігіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны білдіреді, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерілмейтін болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы атаулары немесе оларды орнатуды кешіктіру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуілдер немесе қаржылық қиындықтар форс мажор ретінде пайдаланылмайды. Тарапқа міндеттемелерін орындауға форс мажорлық жағдай кедергі болған кезде, оларды бұзғаны жөнінде талаптар қойылмайды. Форс мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигізетін әсерін сипаттай отырып, екінші тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2. Тоқтата тұру шешімі туралы алдын ала хабарлама берілмейді.
      18.3. Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.

      19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ БҰЗУ

      19.1. Егер қаржылық келісімді тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай ішінде шешілмесе, қаржылық келісімді тоқтату туралы екінші тарапқа екі ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкін.
      19.2. Егер қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде қандай да бір төлемдер жүргізілмесе немесе Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетілген күнге оны іске асыру жөнінде келісім-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келісімнің қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3. Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.

      20-БАП - ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

      20.1. Аталған Жалпы шарттардың 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай ішінде шешілуі мүмкін емес қаржылық келісімге қатысты кез-келген пікірсайыс бір тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкін.
      20.2. Бұл жағдайда, әрбір тарап арбитражды жүргізуге арналған сұраудан кейін 30 күннің ішінде арбитрді тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың біреуі екінші арбитрді тағайындау жөніндегі өтінішімен Тұрақты арбитраж сотының Гаагадағы Бас хатшысына өтініш жасауы мүмкін. Өз кезегінде, екі арбитр 30 күннің ішінде үшінші арбитрді тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың біреуі Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшінші арбитр тағайындау жөнінде өтініш жасауы мүмкін.
      20.3. Егер арбитрлар басқа шешім қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргізудің факультативтік ережелері бойынша рәсімдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешімдері үш айдың ішінде басым дауыспен қабылдануы тиіс.
      20.4. Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешімдерін орындау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

2-қосымша

Орталықтандырылған жобаларға арналған
Техникалық және Әкімшілік шарттар

      Бенефициар: Қазақстан Республикасының Үкіметі
      Атауы: 2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС-тің іс-қимыл бағдарламасы
      2-бағыт: Ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау
      Жоба нөмірі: 2006/018-241

        2 ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШАРТТАР

1. Құны және қаржыландырылуы

Бағдарламаны қаржыландыру төменде көрсетілгендей мынадай қызмет
түрлері бойынша бөлінген Қоғамдастықтың 11500000 еуро
мөлшеріндегі гранты арқылы жүзеге асырылады:


1-кесте: Жобалардың тізімі


Нөмірі

Сипаттамасы

Бюджеті(млн.еуро)





1-бағыт: Өңірлік бағдарла-
малар



Бірнеше елдерге есептелген
бағдарламалар үшін Қаржы-
ландыру туралы жекелеген
келісім жасалған жағдайда



2-бағыт: ұлттық деңгейде
іске асырылатын бағдарлама-
ларды өңірлік қолдау



Әкімшілік, құқықтық және
институционалдық реформа-
ларды қолдау жөніндегі
шаралар


5

Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы саяси құралдар-
ды әзірлеу және жетілдіру

3,00

6

Стратегиялық диалогпен
Қазақстан Республикасында-
ғы кеңестік бағдарламаны
дамытуға ықпал ету

3,27

7

Қазақстанда Кәсіптік-тех-
никалық білім беру саласын-
дағы әлеуметтік әріптестік

1,00

8

Ұлттық үйлестіру бөлімін қолдау (ҚР)

0,50


Институционалдық дамыту
жөніндегі әріптестік бағдарламасы (ІВРР) 


13

ІВРР: Азаматтық қоғамды
және жергілікті бастаманы қолдау (ҚР)

1,60

жиыны


9,37





   Еурокомиссия бөлген қаражаттан жасалатын барлық төлемдерді Еуропа Комиссиясы жүзеге асырады.

2. Бағдарламаны іске асыру


Іс-әрекеттер бағдарламасын іске асыру мынадай ережелерге сәйкес
жүргізілетін болады:

Бірнеше елдерді қамтитын бағдарламалар бойынша өңірлік құрауыш
үшін ("1-бағыт") қаржыландыру туралы жекелеген келісімге қол
қойылады.

Жобалар орталықтандырылып жүзеге асырылады, сондықтан шарт
жасасуға уәкілеттік берілген орган Еуропа Комиссиясы болып табылады.

2.1. Есептілік


Жобаларды орындау туралы есептерді шарт жасасқан ұйымдар Еуропа Комиссиясының стандарттарына сәйкес және Еуропа Комиссиясының басшылығымен беретін болады. 


2.2. Мониторинг, бағалаулар және аудит


Тұрақты мониторинг Еуропа Комиссиясы міндеттемелерінің бір
бөлігі ретінде тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады. Арнайы
бекітілген техникалық тапсырмаларға арналған Еурокомиссияның
ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес Еурокомиссия тікелей
тартқан тәуелсіз консультанттардың көмегімен жобаның қоршаған
ортаға ықпал жасауына мониторинг жүргізілуіде мүмкін. Сыртқы
бағалауларды және аудиторлық тексерулерді арнайы бекітілген
техникалық тапсырмаларға арналған Еурокомиссияның ережелеріне
және рәсімдеріне сәйкес Еурокомиссия тікелей тартқан тәуелсіз
консультанттар жүргізуі мүмкін.


3. Мемлекеттік міндеттемелер - Шарттар.


Көмек қолдау көрсету саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру
үшін қажетті шарттар болғанда, атап айтқанда, демократия мен
адам құқығы қағидаттарын, сондай-ақ Әріптестік пен
ынтымақтастық туралы келісімде көзделген міндеттемелерді
сақтаған кезде беріледі.

                  5 - ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ

Атауы

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саяси
құралдарды әзірлеу және жетілдіру

Жалпы құны

3 млн. еуро (Еуропа Комиссиясының салымы)

Көмек көрсету әдісі

Жобаны іске асыру әдісі - орталықтандырылған басқару

DАС-коды

41010

Сектор

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат және әкімшілік басқару

      1. НЕГІЗДЕМЕ

      1.1. Стратегиялық шектер

      Орталық Азия бойынша 2005-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспарда қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне елеулі назар аударылады. Табиғатты қорғау қызметін қолдау I бағыт (өңірлік деңгейде) және II бағыт (ұлттық деңгейде) шегінде көзделеді және елдің тұрақты дамуына септігін тигізу мақсатында еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін орындау үшін жүзеге асырылады.
      1 индикативтік бағдарламаның бағыты экология саласында басым мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Осы мәселелер мыналарды қамтиды: Орталық Азия мемлекеттерінің бірлескен бағдарламаларын қолдау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенцияны орындау, еуропа табиғатты қорғау заңнамасымен, сондай-ақ осы саладағы стандарттармен және нормалармен жақындасу, азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғау ісінде қатысуына септігін тигізу.
      Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің негізгі ережелерінің бірі Қазақстанға оның ДСҰ-ға кіру процесінде және, негізінен, "экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін айқын, кемсітпейтін және тұрақты нормативтік база" құруға бағытталған тиісті саясат/шаралар өткізуде септігін тигізу болып табылады.
      Бұдан басқа, еуропа заңнамасымен, оның ішінде экологиялық нормалармен және стандарттармен жақындасу Қазақстанның ДСҰ-ға өту мәтінінде оның әлемдік экономикаға бірігуі процесінде оған қолдау көрсетудің маңызды аспектісі болып табылады. Қазақстан Үкіметі қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын пайдалану саласында бар стандарттарды ЕО стандарттарымен жақындастыру жөніндегі процесті нығайтуға дайын екендігін білдірді.
      Осылайша, Индикативтік жоспардың 1 және 2 бағыттарының басым мәселелері мыналар болып табылады: экологиялық тұрақтылық/табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық конвенцияны іске асыру, еуропа заңнамасымен, стандарттарымен және нормаларымен жақындасу.
      Бұдан басқа, осы мәселелер Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың неғұрлым кең мәтінінде маңыздылықты білдіреді, атап айтқанда, ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін.
      "Қазақстан-2030" ұлттық стратегиясы "Мыңжылдық мақсатының" бірі ретінде қоршаған орта жағдайының жақсарғанын көрсетеді, ол осы сәтке дейін қол жеткізілген жоқ. Стратегияны соңғы жаңартуда Президент Назарбаев қоршаған ортаны қорғау проблемасын төрт басым приоритеттер тізіміне енгізді.
      Соңғы жылдар ішінде ҚР Үкіметі экологиялық заңнама саласында бірқатар реформалар жүргізді. Бұдан басқа, Қазақстан "Еуропаға арналған қоршаған орта" министрлік процесі халықаралық форумына қатысты. Алайда, ел ішінде табиғатты қорғау заңнамасын енгізу мен сақтау баяу жүргізілуде. Ішінара, бұл персоналдың жетіспеушілігімен және қадағалау органының болмауымен, сондай-ақ, жергілікті үкімет пен институттардың берік демократиялық негізінің жоқтығымен де түсіндіріледі, мысалы, Орхус конвенциясы жай жүруде, бұл Орхус конвенциясының сақталуы жөніндегі комитет тарапынан ҚР Үкіметінің атына кінә қою себебі болып табылады. Үкімет осы мәселеде қолдау көрсетуді сұрады, алайда "қамшылау, арбаудың" жаңа және неғұрлым тиімді жүйесін енгізу табиғатты қорғау институттарын жалпы нығайтумен және Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика; Экономика және бюджеттік жоспарлау; Ауыл шаруашылығы (суды пайдалануды бақылайтын) министрліктері секілді неғұрлым ықпалды министрліктер арасындағы үйлесімділікті жетілдірумен қатар жүргізілуі тиіс.
      Осы мәселелер қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді саяси құралдарды қолдану арқылы шешімін таба алады, олар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және осылайша жалпы экологиялық тұрақтылыққа септігін тигізеді.
      Экологиялық саясат құралдары екі негізгі түрді қамтиды:
      - нормативтік құралдар, яғни, міндетті нормативтік талаптарды (стандарттар және рұқсаттар) белгілейтін командалық-әкімшілік құралдар;
      - экономикалық құралдар, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды экологиялық стандарттарға (қоршаған ортаны ластағаны үшін алымдар және т.б.) сәйкес келуге міндеттейтін және ынталандыратын.
      TACIS бағдарламасы шегінде ұсынылатын көмек қоршаған ортаны қорғау үшін саяси құралдарды дамытуға және жетілдіруге бағытталған Қолдау ортаның жағдайын бағалау әдістерін жетілдіруден және нормалардың іске асырылуы мен сақталуын қамтамасыз етуден тұратын болады.
      Осы жоба Қазақстан Үкіметінің тарапынан маңызды өтінішке жауап болып қызмет атқарады. Қазақстан TACIS бағдарламасын қолдау үшін қоршаған ортаны қорғауды басым сала ретінде анықтаған ТМД-дағы бірден-бір мемлекет болып табылады.
      Бесінші Министрлік конференциясы "Еуропаға арналған қоршаған орта" министрлік процесі (Киев 2003) шегінде ШЕКОА (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) елдеріне арналған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық стратегиясын мақұлдады. Стратегия осы салада саяси құралдар реформасын анықтайды және, атап айтқанда, стандарттар мен рұқсаттар жүйесін, сондай-ақ 1-мәселе шегінде басым бағыттардың бірі ретінде ластағаны үшін алымдар жүйесін анықтайды. 

      1.2. Алынған сабақтар

      Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласындағы алдыңғы жобалар саяси стратегияны әзірлеуді, сондай-ақ суды пайдалану және атмосфераны ластау мәселелерін реттеуді қамтыды. TACIS-тің қаржы құралдары Нұра өзенінде және Өскемен қаласында тазалау құрылысын салуға арналған инвестицияларды әзірлеуге де бағытталды. Жеке жобаларды табыспен орындағанға және Үкімет тарапынан ең жоғары деңгейде жалпы қолдауға қарамастан, жүргізілген реформалар тиісінше іске асырылмады және енгізілмеді. Үкімет экология жағдайын жақсарту мәселелеріне аса назар аударып отырса да, Министрлік осы реформалардың іске асырылуын қамтамасыз етпеді және қоршаған орта мәселелерін қамтитын негізгі экономикалық мәселелер, бұрынғысынша, басқа ведомстволарда қабылданады. Осылайша, су ресурстарын басқару Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүргізуінде қалып отыр, бұл да болса оның жеке саясатының ықтимал тиімділігін төмендетеді.
      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЕСD) Жедел тобы өзінің Экологиялық іс-шаралар бағдарламасы шегінде ШЕКОА өңірінде экологиялық саясат құралдарын қолданудың бірқатар зерттеулерін жүргізді. Осы зерттеулер нәтижелері "ШЕКОА елдеріне арналған тиімді саяси құралдар әзірлеу: тәжірибе және реформалар бағыттары".
      Саяси шешімдер енгізу сызбасына жүргізілген талдау ТМД-да қолданылатын нормативтік және экономикалық құралдар құрылымы олардың экологиялық тұрғыдан тиімділігін де, әкімшілік ұстауларды да ескерген жоқ. Әкімшілік құралдар табыс табу мақсатында қолданылды және экологиялық жағдайдың елеулі жақсаруына алып келмеді. Әдетте, олар тіпте ластандыруға немесе табиғи ресурстарды барынша пайдалануға жасырын стимул да құрды.
      Зерттеулер барысында ННГ-дағы экологиялық саясат құралдарының кешенді реформасына арналған негізгі бағыттар анықталды. Есепте осы құралдарды құрамдастыратын бірізді және тиімді саяси сызбаларын әзірлеу және қолдану нормалардың сақталуына жауап беретін табиғатты қорғау институттарын дамытумен қатар ауыспалы және туындайтын экономикаларда үлкен мәнге ие екендігі де атап көрсетілген.
      Ескі өнеркәсіп объектілерінен шыққан улағыш қалдықтармен ластанған жер учаскелерін тазалаумен байланысты проблема Қазақстанның жаңа сатып алушыларға белгілі міндеттемелерді жүктей алатын нақты сызбасының жоқ екендігімен түсіндіріледі. Мемлекеттің өзі де уланған қалдықтардан тазалау жүргізуді де жоспарламайды. Кейбір жабық өнеркәсіп объектілері бойынша оларды тазалауға арналған не саяси, не нормативтік шаралар қабылданбайды. Ауызша өтініштерде экология мәселесіне басты назар аударылатынына қарамастан, мұнай сатудан түсетін кірістер экологиялық мәселелерді шешуге жіберілмейді. Қандай жағдайда да, қоршаған ортаны одан әрі ластауға тосқауыл болатын нормативтік базаны нығайту өте маңызды, себебі Қазақстанның экономикасы қазір өрлеуде.

       1.3. Қосымша қызмет саласы

      Еурокомиссия мен донор-ұйымдарының жобалары

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағымдағы жобалар, негізінен, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, НГО-ны және азаматтық қоғамды қолдауға, трансшекаралық суларды пайдалануға шоғырландырылған. Ағымдағы жобада Іле-Балхаш өңірінде Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитет, сондай-ақ Қырғызстан мен Қытайдың тиісті ведомстволары қатысады. Суды пайдалану саласындағы өз бастамасы шегінде, ЕО Орталық Азияда ірі жобаны қаржыландыруға ниет білдірді (ОА-ның ең кедей елдеріне арналған басқа да инвестициялар көзделді). 2007 жылы Ресеймен бірлесіп Тобыл және Ертіс өзендерінің трансшекаралық су пайдалану бағдарламасы бойынша одан әрі шаралар жүргізілетін болады.
      Еуропа комиссиясы Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі жоба шегінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне арналған жаңа экологиялық кодекс жобасын дайындауға қаржы қаражатын бөлді, ол 2005 жылдың желтоқсанында аяқталды. Президент Министрлікке осы Кодексті ағымдағы жылы аяқтауға тапсырма берді. Осы мәселеде жәрдемдесу Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі жобаның екінші кезеңі шегінде көрсетіледі.
      ПРООН қазіргі уақытта Жаһандық Экологиялық Қормен бірлесіп жаңартылатын энергия көздері саласында бағдарламаны іске асыруда, оның да кіші гранттар бағдарламасы бар. ОА-ның Өңірлік экологиялық орталығы қоршаған ортаны қорғау саласында жоспарлар сериясын дайындады, оларды қаржыландыруда Нидерланд Үкіметі де қатысты. Дүниежүзілік банк экологиялық жағдайды жақсартуға екі қарыз бөлді (жоғарыда аталғандай, дайындықты TACIS қаржыландырды). Қазақстан Жаһандық Экологиялық Қормен және TACIS-пен бірлесіп қаржыландырылатын Каспий экологиялық бағдарламасына белсенді қатысады. Ұлыбритания да жаңартылатын энергия көздері мәселелері бойынша, сондай-ақ қазып шығаратын өнеркәсіппен байланысты экологиялық мәселелер бойынша белсенді жұмыс жасайды. Алайда, кейбір донор-ұйымдар жақында ҚҚС артқандығына байланысты Қазақстанда жұмысын тоқтатты (мысалы DIFID). Негізгі қатысушылар ПРООН және Дүниежүзілік банк болып табылады.

      Қазақстанның осы сектордағы стратегиясы және саясаты

      Қазақстан экологиялық проблемалардың көпшілік бөлігін кеңес кезеңінен мұраланды. Еліміз су ресурстарының ластануы мен таусылуын, егінді жерлердің шөлге айналуын, тозуын, ормандардың азаюын, тау жүйелерінің құлдырауын, биологиялық әр түрліліктің төмендеуін, өнеркәсіп және қала қалдықтары көлемінің артуын, радиоактивтік ластануды және атмосфералық ластануды, ластандыруды трансшекаралық тасымалдауды, мұнай газ ластандыруды және т.б. қоса алғанда, көптеген экологиялық проблемаларға кезікті.
      Қазақстанның ең белгілі негізгі экологиялық проблемаларының арасында Арал теңізінің қорғауын, Семей өңірінің радиоактивтік ластануын атап өту қажет, онда он жылдар бойы ядролық сынақтар, ластану және Каспий теңізінің деңгейін арттыру, сондай-ақ құрғап қалудың маңызды қауіпі және Іле-Балхаш бассейнін жоғалту жүргізілді.
      90 жылдар соңында Қазақстан, ТМД-нің басқа да елдері секілді, ұлттық экологиялық іс-шаралар бағдарламасын әзірледі, онда басым экологиялық проблемалар, сондай-ақ қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада шұғыл экологиялық проблемаларды шешуге арналған іс-шаралар мен қажет инвестициялардың тізімі анықталды. Алайда, жоспарлаудың ескі әдістері, дамымаған саяси құралдар, қаржы қаражатының жетіспеуі және жеткіліксіз институционалдық әлеует, сондай-ақ басқа да факторлар Бағдарламаны ойдағыдай іске асыруға кедергі жасады.
      2000 жылдың басында экология саласындағы ұзақ мерзімді стратегия "Қазақстан - 2030" Даму стратегиясының бөлігі ретінде әзірленді. Стратегия еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына экологиялық проблеманы білдіретін маңызды қауіптің аса түсініктілігін көрсетті және көрсетілген кезеңде осы мәселелерді шешу жолындағы негізгі кезеңдерін атап өтті.
      "Қазақстан - 2030" стратегиясының, сондай-ақ ҚР 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Рио-де-Жанейроның Қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі 1992 жылғы декларациясының принциптері, 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзілік тұрақты даму жөніндегі саммит шешімінің негізінде, Қазақстан 2004-2015 жылдар кезеңіне Экологиялық қауіпсіздік жөніндегі концепция әзірледі. Концепция республиканың орта мерзімді экологиялық стратегиясы ретінде қарастырыла алады.
      Концепцияны іске асырудың мынадай кезеңдері белгіленді:
      - І кезең (2004-2007 жылдар) - экологиялық ластану деңгейінің төмендеуі және оны тұрақтандыруға арналғаны іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу;
      - II кезең (2008-2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапасы көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі экологиялық талаптарды жетілдіру;
      - III кезең (2011-2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және тұрақты экологиялық дамудың қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
      Концепция неғұрлым тиімді табиғатты пайдалану қызметіне арналған экологиялық саясаттың түрлі құралдарын жақсартуға және неғұрлым кеңінен пайдалануға үлкен мүмкіндік береді, осылайша, Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз ете отырып, Концепцияда экологиялық алымдар жүйесі секілді және т.б. экономикалық құралдар бизнес пен өнеркәсіп үшін экологиялық стандарттарға сәйкес келудің жеткілікті стимулын білдіруі тиіс.
      Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Президенті Үкіметке жаңа экологиялық кодекс дайындауды жалғастыруға тапсырма берді және осы контексте қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік талаптар мен сызбаларды жақсартуға бағытталған елеулі саяси ықпал байқалады.

       1.4. Донорлар қызметін үйлестіру

      Донорлар ынтымақтастығы Еурокомиссия Үкіметі мен Дүниежүзілік банк, ПРООН мен басқа халықаралық ұйымдар арасында екі жақты кездесу негізінде жүргізіледі. Қазіргі сәтте ЮНЕП (Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы) жобасы шегінде Балхашқа аса назар қоюмен, су ресурстарын трансшекаралық басқару жөніндегі іс-шаралар және Еурокомиссия қаржыландыратын Іле-Балхаш бассейнінде ұйымдастыру қызметінің жоспары арасында тығыз үйлесім жүргізіледі. Еурокомиссия өкілдігі Орхус конвенциясы ережелерінің орындалуын қадағалау сызбасын әзірледі. 2006 жылғы сәуірде Қазақстанда Еурокомиссия мен ОА елдерінің Экология министрлері арасында жоғары деңгейде кездесу болып өтті, онда экология саласында Комиссиямен ынтымақтастық талқыланды. Осы кездесуге халықаралық институттар, сондай-ақ беташарын жасаған ЕО-ның бірнеше елдерінің өкілдері қатысты. Алайда, бұл үйлестіруді қамтамасыз ету саласындағы алдын ала қадам ғана болды, себебі кездесудің негізгі мәні ауа-райы мен су ресурстарын өлшеуге қатысты ЕО саясатын зерттеу болып табылады.
      Донорлар қызметін үйлестіруге арналған кездесулер Еуропа комиссиясы өкілдігінің кеңсесінде өтеді. Келесі экология мәселелері жөніндегі үйлестіруші кездесу 2006 жылғы маусымда Қазақстанда жоспарланған.

      2. ӨҢІРЛІК КОНТЕКСТ

      2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты

      Бірте-бірте орташа табыс деңгейі бар елге айналып бара жатқан Қазақстан донорлармен ынтымақтастықты олардың қолдауының басым бағыттары ел басымдықтарына сәйкес келетіндей етіп ұйымдастырады. 2003 жылдың Бюджет кодексінің негізінде кешенді сызба бекітілді, ол бойынша министрліктерден "тендерлер" алдағы жылға арналған донорлар ұсыныстарымен сәйкес келді. Алайда, осы процесс баяу жүргізілуде және ЕО рәсімдері мен мерзімдеріне сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта тұрақты кездесулер донорлар мен қаржылық жәрдемдесуді үйлестіруге жауапты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі арасында өтеді. Алайда, оң аспекті Қазақстанның Үкіметке берілген қаржы қаражатын бақылау және донорлар мен Үкімет қызметтері басымдықтарының сәйкес келуін қамтамасыз ету ниеті болып табылады. Осы контексте донорларды үйлестіру қаржы қаражатын басқаруда жауапкершілікті арттыру үшін маңызды қадам болып табылады. Жақында ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банктің дайындық іс-шараларын бірлесіп қаржыландыру туралы шешім қабылдады. 2007 жылдарда үкіметті қолдау бағдарламасына бірлесіп қаржыландыру элементін енгізуге сенім артуға болады, бұл процесті диалогқа негізделген етіп жасайды.
      Үкімет басымдықтары донор ұйымдарға нақты нысанда берілді және еурокомиссия бағдарламасы 2006, мысалы, Үкіметтің арнайы және тиісінше негізделген өтінішін қамтиды. Еурокомиссияның техникалық тәжірибесінің жоғары құндылығы атап өтілді және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі өзінің еуропа сарапшыларының техникалық білімі мен технологияларын пайдалану ұсынысын білдірді. Осы сәтке дейін Еурокомиссия инфрақұрылымдарды қаржыландыру туралы өтініш алған жоқ.

      Еурокомиссияны қолдаудың қосымша құндылығы

      Жақындағы шолуға сәйкес, Қазақстан-2030 стратегиясының экологиялық аспектілерін нақты іске асыру елеулі нәтижелер берген жоқ. Бұл экологиялық стратегиялар мен саясатты нақты жүзеге асыруға стимул беру үшін донорлар тарапынан одан әрі қолдау қажет екендігін білдіреді.
      ЕО нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласында саяси құралдар қолдану жөнінде өзіне бай тәжірибе жинады. Соңғы екі он жылдық ішінде экологиялық алымдар мен салық және ластағаны үшін төлем жүргізуді қоса алғанда, экономикалық құралдарды пайдалану көптеген ЕО елдерінде өсті. Экономикалық құралдар пайдаланудағы икемділігі, экологиялық мақсаттарға қол жеткізудегі рентабельділігі мен тиімділігі, сондай-ақ инновациялық техникалық шешімдер қолдануды ынталандырғаны үшін құрметке ие болды.
      Бұдан басқа, еуропа табиғатты қорғау заңнамасы, оның саяси және экономикалық негізділігін ескере отырып, ТМД-да экологиялық саясат құралы саласында реформаларды жоспарлау үшін басталған нүкте болып қызмет атқара алады. Мысалы, Кешенді ластанудың алдын алу және күрес жөніндегі ЕО директивасы ТМД-да, оның ішінде Қазақстанда лицензиялар мен рұқсаттар беру жүйесін реформалау үшін ұзақ мерзімді мәселе болып қызмет атқара алады.
      ЕО-да қоршаған ортаны қорғау үшін экономикалық құралдарды ойдағыдай қолдану мысалдары Францияны, Германияны және Нидерландыны қоса алғанда, 1970 жылдан бастап ЕО-ның бірқатар елдерінде судың ластануын елеулі қысқартуды қамтиды.
      Осылайша, ЕО жәрдемдесу туралы осы өтінішті орындау үшін неғұрлым дайындалған донор болып табылады.

      Негізгі саясат және стратегиялық басымдықтар

      Бірнеше құжаттарда атап көрсетілген Қазақстанның негізгі басымдықтары:
      - қойылған Мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізу;
      - қазіргі заман нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесіне қол жеткізу;
      - экономиканы әртараптандыру үшін мұнайды сатудан түсетін табысты пайдалану;
      - қоршаған ортаның жағдайын жақсарту;
      - негізінен жас және орта буын үшін әлеуметтік мәселелерді шешу.

      2.2. Секторлық контекст

      Қазақстанда қоршаған ортаны қорғаумен қалыптасқан жағдай парадоксті білдіреді. Бір жағынан, экология проблемасы Үкіметтің басым саласы (Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен 2005 жылы сұратылған көпшілік жобалар экологиямен байланысты болды) және TACIS бағдарламасын қолдаудың үш басымдықтарының бірі (Қазақстан TACIS-тің үш негізгі басымдықтарының тізіміне экологиялық проблемаларын рет-ретімен шығарған ТМД-дағы жалғыз ел болып табылады) болып табылады. Екінші жағынан, ТМД-нің басқа елдерінде секілді, табиғатты қорғау институттары саяси және нормативтік жоспарда бұрынғысынша әлсіз болып қала береді, қабылданған нормаларды енгізу саласында да қиыншылық көруде (мысалы, су пайдалану мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретінде).
      Экологиялық проблемаларға жауапкершілік Үкіметтің орталық және өңірлік органдары арасында шашырап таратылған, және де қалалық үкімет бюджет мәселелері бойынша орталыққа байланысты (Әкімдер Президент кабинетіне есеп береді). Өңірлік және жергілікті басқарудың тұрақты жүйесі болмаған жағдайда, экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері орталық Үкімет өкіміне байланысты. Экологиялық әсер етуді бағалау туралы заңдар үнемі бұзылады. Сот жүйесінің әлсіздігі азаматтар, көбінесе, істі қарауға қол жеткізе алмайтынына алып келеді.
      Дәл осы уақытта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экология саласындағы халықаралық процесті жақсылап тексереді және саяси құралдар мен алынған ұсынымдарды іске асыруға тырысады. Экологиялық жағынан неғұрлым таза өнеркәсіп технологияларын енгізу қолдауға ие. Министрлік деңгейінде заңдар енгізуге және халықаралық конвенцияларды іске асыруға ерік бар. Үкімет экономикалық ынталандыратын және ұстап тұратын факторлар жүйесін жетілдіру және енгізу қажет екендігін түсінеді. Мемлекеттік қадағалау органы құрылатын болады, оның көмегімен тиімді жүйені енгізуге қажет тиімді мониторинг жүргізуге мүмкіндік туады, онда ластаушы ақы төлейді (Polluter Pays System).
      Экологиялық проблемалар мен басымдықтар осы өңір үшін сипатталады. Үкімет мынадай басым мәселелерді анықтады: жерлердің шөлге айналуы, мардымсыз су ресурстарын пайдалану, табиғатты қорғау, халыққа әсерін тигізетін ластануды (радиоактивтік қалдықтарды қоса алғанда) ремедиациялау. Ауа-райының өзгеруі мәселелері басым топқа енгізілмеген, себебі Қазақстан Киот хаттамасы негізінде "ыстық ауаның" артығын сату арқылы пайда көруі мүмкін (Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жақындағы Киот хаттамасы жөніндегі TACIS жобасына қатыспады). Нұра өзенін сынапты ластанудан тазалау үшін қарыз алынды. Су ресурстарын трансшекаралық пайдалану басым болып табылады және АДБ мен Дүниежүзілік банк осы салада жобаларды жүзеге асырды. Алайда, институттар донорлар жобаларының арқасында тұрақты әсер ету үшін әлі өте әлсіз болып отыр.
      Қазақстан халықаралық экологиялық конвенциялардың көпшілік санына қол қойды және ратификациялады. Қазақстан Республикасы Каспий теңізі жөніндегі шекті конвенцияға қол қойды, Хельсин конвенциясын (трансшекаралық су ағыстары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөнінде) ратификациялаған Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болды, 2001 жылы ЕSРОО конвенциясына (трансшекаралық экологиялық әсер етуді бағалау) қосылды. Ел Орхус конвенциясына қол қойды және ратификациялады, және де Конвенцияға қатысушы елдердің соңғы конференциясын Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2005 жылғы мамырда Алматыда ұйымдастырды.

       3. Сипаттау

       3.1. Мақсаттар

      Жобаның жалпы мақсаты - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізу, сондай-аҚ қоршаған ортаның ластануын азайту және алдын алу.
      Жобаның нақты мақсаты - экологиялық саясат құралдарының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қадағалау органына септігін тигізу және экологияның басым проблемалары жөнінде ұсыныстар беру.

       3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет салалары

      ТМД-да қоршаған ортаны қорғау саласында саяси құралдарды реформалауға қатысты TACIS-тің қатысуы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) Жедел тобының ұсынымдарына негізделді ("Алынған тәжірибелер" бөлімін қараңыз). Бұл ұсынымдар елдің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан жағдайына қосымша бейімдендірілуі тиіс. Қазіргі уақытта тұрақты жүйенің бөлігі ретінде мемлекеттік мониторингтің тиімділігі Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде қоршаған ортаның жағдайын бақылайтын мемлекеттік органдарды қалыптастыру жөніндегі басқару принциптерінің негізінде артуда, олар 2003 жылғы мамырда Киев қаласында өткен Бесінші Министрлік конференциясының барысында бекітілді. Министрлік мәселелерінің бірі кешенді орта және ұзақ мерзімді рұқсаттар жүйесін енгізу болып табылады, олар экологиялық әсер етудің әралуан түрлеріне жататын қазіргі рұқсат жүйесінен біріктірілген жүйеге көшуді мүмкін етеді. Біріктірілген рұқсаттар жүйесі жеткілікті түрде нақты мониторинг деректерге, қоршаған ортаның ластану деңгейі туралы деректерді салыстыруға және мәселелердің қойылуына негізделген.
      Осылайша, рұқсаттар мен экономикалық тетіктер жүйесі көбінесе берілген ақпараттың сенімділігіне байланысты, ал нормалардың сақталуы қаулыларды енгізу тиімділігіне және командалық-әкімшілік әдістерді пайдаланудан бас тартуға байланысты.
      Жоба нормативтік және экономикалық құралдарды реформалау жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуге және қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада қоршаған ортаның жағдайын жақсарту жоспарында неғұрлым тиімді және экономикалық жағынан орынды нәтижелер бере алатын бағыттар анықтауға мақсат қойған.
      Өнеркәсіптің қазып шығаратын және ауыр салалары Қазақстан экономикасында елеулі үлеске ие болуына байланысты, бұл қоршаған ортаны ластаудың жоғары деңгейінің себебі болып табылады, жеке құралдардың егжей-тегжейлі сызбасын әзірлеуді қоса алғанда, ластаудың түрлі көздері үшін бөлек әзірленуі тиіс экологиялық саясат құралдарының тиісті комбинациясын анықтау қажет.
      Күтілетін нәтижелер:
      - қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдың және нормаларды сақтамағаны үшін алымдардың қолданыстағы жүйесі;
      - біріктірілген, кешенді рұқсаттар шығару жүйесін енгізу;
      - Еуропада біріктірілген рұқсаттар жүйесін қолдану тәжірибесімен танысу;
      - алымдардың және қалдықтарды жоюдың жетілдірілген жүйесі;
      - ластану деңгейін қысқарту;
      - мүдделі тұлғалар арасында заңнамамен және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өз міндеттемелерімен танысу деңгейін арттыру (өнеркәсіп кәсіпорындары, іскер қауымдастық, инвесторлар, жергілікті қауымдастықтар);
      - тиімді мемлекеттік қадағалау органы;
      - экологиялық кодексті пысықтау;
      - су айдынын неғұрлым ұтымды пайдалану және қорықтарды жақсылап ұйымдастыру;
      - мониторингтің және рұқсаттар берудің жетілдірілген жүйесі.
      Негізгі қызмет түрлері:
      - айыппұл мен алымдардың неғұрлым тиімді жүйесін енгізуді қолдау;
      - қажет зерттеулер жүргізу және ынталандыратын және ұстап тұратын факторлардың қажет экономикалық деңгейіне қажет зерттеулер мен бағалау жүргізу;
      - экологиялық жағынан неғұрлым таза өнеркәсіп технологияларын енгізу қолдау жөнінде ынталандыратын факторлар мен шаралар әзірлеу;
      - қазақстанның экологиялық саясатын және оны, атап айтқанда, жаңа экологиялық кодекс енгізу әдістерін бағалау; сондай-ақ нормативтік актілерді қолданысқа енгізу жөнінде атқарушы өкімдер әзірлеуге септігін тигізу;
      - талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында командалық-әкімшілік әдістерді пайдаланудан бас тарту саласында ұсынылған ұсынымдар;
      - оқыту және жұмыс істеудің жаңа технологияларын ұсыну арқылы мемлекеттік қадағалау органын қолдау;
      - мониторинг және рұқсаттар беру жүйесі саласында негізгі мұқтажды бағалау;
      - қамтамасыз ету мәніне арналған техникалық ерекшеліктер әзірлеу;
      - нормалар мен стандарттардың сақталуы саласында консультациялық қызметтер көрсету;
      - халықаралық келісім ережелерінің сақталуы саласында консультациялық қызметтер көрсету;
      - мониторинг, рұқсаттар беру және нормалардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті қамтамасыз ету мақсатында мини-гранттар көмегімен қаржыландырылатын жергілікті іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу.

      3.3. Мүдделі тараптар

      Қазіргі экологиялық институттарға арналған мүмкіндіктерге қатысты жоғарыдағы түсініктемені қараңыздар.
      Мүдделі тараптар:  Индустрия және сауда министрлігі, Энергетика министрлігі секілді үкіметтік мекемелер, мониторинг және рұқсаттар беруге жауап беретін басқармалар, ведомстволар, кәсіпорындар/экономикалық агенттер, таңдап алынған облыстардағы жергілікті қауымдастықтар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 150 ТӨҰ.
      Мақсатты топтар:  өнеркәсіп кәсіпорындары, жеке шаруашылық, жергілікті үкімет.
      Түпкі бенефициарлар:  кең жұртшылық
      Жоба бойынша серіктестер:  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары мемлекеттік комитеті және қоршаған ортаны қорғау саласында тұрақты және экономикалық функцияларды атқаратын басқа да мекемелер.

       3.4. Тәуекелдер мен жол берулер

      Тәуекелдердің бірі ірі экономикалық кәсіпорындардың, негізінен, осы уақытқа дейін мемлекет меншігі болып табылатындардың, заңға қайшы келу және айыппұл төлемеу фактісі болып табылады. Талаптардың сақталу деңгейі төмен болуы мүмкін. Жоба мәселелерінің бірі - нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін командалық-әкімшілік әдістерден басқа, өзге жолдар іздеу.
      Үкімет ластағаны үшін алынатын алымдар жүйесін жүргізуді жалғастырмауды шешуі мүмкін екендігімен байланысты кәдімгі тәуекелдер де бар. Алайда, Үкімет осы жүйені дамыту ойын білдіргеніне байланысты осы тәуекел болмашы.
      Негізгі жол беру Үкіметтің Еурокомиссия ұсынған экологиялық саясат құралдарын пайдалану мысалдарын негізге ала отырып, нарықтық экономикаға көшу талабы бұрынғысынша қала беретінімен түсіндіріледі. Мұнайды сатудан түсетін табыс қазақстан экономикасын қамтамасыз ете бастағанын ескерсек, еліміз экологиялық проблемаларды шеше бастауға кірісе алады.

      3.5. Қажет шарттар

      Қолданылмайды

       3.6. Аралас сұрақтар

      Тиімді мембасқару және адам құқығын сақтау

      4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      4.1. Іске асыру әдісі

      Орталық Азия 2006 жөніндегі Іс-әрекеттер бағдарламасының 2-бағыты бойынша бенефициар-елдің Үкіметімен Қаржылық келісімге қол қою арқылы орталықтандырылған басқару.
      Жоба тендер өткізу және грант беру жөніндегі тиісті рәсімдерден кейін қызметтер көрсетуге/жеткізуге/грант беруге арналған шарттарға қол қою арқылы іске асырылатын болады.

      4.2. Бюджет және күнтізбе

      Осы жобаны іске асыру Қаржылық келісімге қол қойғаннан кейін басталады. Жоба бойынша техникалық тапсырма алдын-ала дайындалады. Жоба қызметтер көрсету және жеткізу туралы шарттар арқылы, сондай-ақ қауымдастық үшін грант алуға конкурс негізінде іске асырылады. Төменде бағдарлы көрсеткіштер берілген. Жеткізу мөлшері Министрліктің қадағалау органына және мониторинг жөніндегі ұсыныстарын өңдеуге қатысты жоспарларын жүзеге асырғаннан кейін ғана анықталады. Жоғарыда аталғандай, гранттар жергілікті қауымдастықтарға арналатын болады. Гранттарды үйлестіру құқығы коммерциялық емес немесе халықаралық ұйымға осындай ұйымдар өткізетін конкурс негізінде беріледі. Ұйымның мәртебесі ашық қалатынына себеп Қазақстандағы "нарықтың" өте күрделі екендігі болып табылады және тиісті бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін ірі халықаралық КӨҰ және коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды қамтитын конкурс өткізу қажет болуы мүмкін. 

Бюджетті алдын
-ала бөлу
Еурокомис-
сия салымы (еуро)
Бенефициар-дың салымы Басқа да до-
норлар
Жалдайтын
орган

1. Қызметтер

2200000

-

-

Еурокомиссия

Техникалық қол-
дау қызметте-
рін көрсетуге арналған бір шарт

2115000




Техникалық тап-
сырманы орын-
дауға арналған бір шекті шарт

35000




Бағдарламаны орта мерзімді бағалауға ар-
налған бір шек-
ті шарт

50000

  -

-  


2. Жеткізулер
Жеткізуге І
шарт көзделген

400 000

-

-

Еурокомиссия

3. Гранттар

400 000

Ең азы 10%

-

Еурокомиссия

БАРЛЫҒЫ

3 000 000




         Бағдарламаның жұмыс істеу ұзақтығы Қаржылық келісімге қол қойған сәттен бастап 36 айды құрайды. Қызметтер көрсету туралы бір шартқа арналған техникалық тапсырма жоба неғұрлым тезірек басталуы үшін қол қойғанға дейін дайындалады. Болжамдалған күн - 2007 жылғы екінші тоқсан. Қызметтер көрсету туралы шарт бойынша жұмыс істейтін сарапшылардың нұсқаулықтарына сәйкес, жеткізу 2007 жылғы төртінші тоқсан ішінде болжамдалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаржылық келісімге қол қою күні осы уақытта белгісіз.

      4.3. Сатып алу және грант беру рәсімдері

      Қаржылық келісімді орындау жөніндегі барлық келісім-шарттар тиісті рәсімнің басталу сәтінде жұмыс істейтін сыртқы операцияларды орындау үшін Еурокомиссия жариялаған рәсімдерге және стандартты құжаттарға сәйкес берілуі және орындалуы тиіс.
      Бағдарлама бойынша барлық болжамдалатын көрсеткіштер Комиссия бекіткен және тиісті көрсеткіштерді қабылдау сәтінде жұмыс істейтін рәсімдерге және стандартты құжаттарға сәйкес келуі тиіс.

      4.4. Мониторинг жүргізу

      Тұрақты мониторинг жүргізу Комиссия міндеттемелерінің бөлігі ретінде тұрақты процесс болады. Сыртқы әсер ету мониторингі Еурокомиссия ережелеріне, сондай-ақ арнайы бекітілген техникалық тапсырмада көрсетілген рәсімдерге сәйкес Комиссия тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттармен жүргізілуі мүмкін.

      4.5. Бағалау және аудит

      Бағалау (аралық, ақтық және пост-ақтық деңгейде) және аудиторлық тексеру жүргізу іріктеп алынған мердігерлермен шарттық міндеттемелердің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Сыртқы бағалау және аудит Еурокомиссия ережелеріне және бекітілген техникалық тапсырмада арнайы белгіленген рәсімдерге сәйкес Еурокомиссия тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттармен жүргізілуі мүмкін.

       Қосымшасы : Қисынды шеңбер

      N 5 (СА АР 2006) Қисынды шеңбер - Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саяси құралдарды әзірлеу және жетілдіру.


Араласу мақсаты Дәйекті бақылауға жататын ин-
дикаторлар\
қол жеткізу
көрсеткіш-
тері
Бақылау көздері Жол бе-
рулер мен тәуе-
келдер

Жалпы мақсат

Қоршаған ортаның
ластану деңгейін
төмендету және
алдын алатындай
етіп, табиғи ре-
сурстарды оңтай-
лы пайдалануға
және басқаруға
септігін тигізу.

Еліміздегі
қоршаған
ортаның
жағдайы
көрсеткішін
жақсарту.

Статистикалық
деректер
Қоршаған ор-
таны қорғау
жөніндегі бас-
қармалардың
баяндамалары

Үкімет
елдің
тұрақты
экономи-
калық
дамуы
үшін
қоршаған
ортаны
қорғау-
дың
маңызды-
лығын
түсінеді

Нақты
мақсаты

Экологиялық сая-
сат құралдарының тиімділігін арттыру.

Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету

Статистикалық
деректер
Өнеркәсіп са-
лалары ведом-
стволарының
баяндамалары
Үкіметтің
баяндамалары

Қоршаған
ортаны
қорғау
басқар-
масының
және
басқа да
жауапты
ұйымдар-
дың
ластау
деңгейін
төменде-
ту үшін
қоршаған
ортаны
қорғау
саясаты-
на өзге-
рістер
енгізуге
әзірлігі

Нәтиже-лер

Ластаушы кәсіп-
орындардың әра-
луан түрлеріне
арнайы әзірлен-
ген неғұрлым сәйкес келетін
қоршаған ортаны
қорғау шаралары
табылды.
Экологиялық саясат саласында
нормативтік-
құқықтық
құралдарды рефор-
малау жөнінде
іс-шаралар жоспа-
рын, атап айтқан-
да, стандарттар
мен лицензиялар
әзірлеу.
 
  Экологиялық
саясат саласында
нормативтік
құқықтық
құралдарды рефор-
малау жөнінде
іс-шаралар жоспарын әзірлеу, атап
айтқанда, қорша-
ған ортаны ласта-
ғаны үшін салық
салу.
 
  Бақылау
кәсіпорындарында
қоршаған ортаны
ластағаны үшін
салық ставкасын
есептеудің
тиімді әдісі
әзірленді және
сынақтан өткізіл-
ді.
 
  Қаулылар
деректерінің
орындалу шарала-
ры ұтымды етілді.


 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  Егжей-тег-
жейлі әзір-
ленген іс-
әрекеттер жоспары 
 
 
 
 
 
 
 
              Егжей-тег-
жейлі әзір-
ленген іс- әрекеттер жоспары
 
 
    Жаңа әдіс-
тер бақылау кәсіпорын-
дарында сы-
нақтан өтеді.
 
  Қоршаған
ортаны
қорғау саласындағы талаптардың сақталу деңгейін арттыру.
 
 
 
      Табиғи ресурстарды
пайдалану
олардың
құндылығына
сәйкес
келеді.

Жоба бойынша есептер
 
 
 
 
 
 
 
              Жоба бойынша есептер
Бенефициардың
дайын іс-әре-
кеттер жос-
пары бар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                    Жоба бойынша есептер Бенефициардың дайын іс-
әрекеттер жоспары бар
Жоба бойынша есептер
Тестілеу нәтижелері бойынша бақы-
лау кәсіпорын-
дарының баян-
дамалары
 
 
 
 
 
 
 
              Қоршаған орта-
ны ластау дең-
гейінің төмен-
деуінің көр-
сеткіштері
 
  Табиғи ресур-
старды пайда-
лану кезінде
экологиялық
факторды ес-
керетін
"жасыл бухгал-
терия" (green accounting)
деп аталатын- ды енгізу
көрсеткіштері
 
  Қайта қарал- ған жүйеге
сәйкес беріл-
ген лицензия-
лар саны
 
  Айыппұл мен салықтың сәй- кес келуінің жоғары көр- сеткіші

Әзірлен-ген Іс-
шаралар жоспарын
және жо-
ба 
бойынша басқа да
ұсыным-
дарды 
іске асыру үшін үкімет және басқа да
мүдделі
ұйымдар
тартыла-
ды деп және
жеткілі-
кті
базалық және техника-
лық мүм-
кіндік-
терге ие
болады деп бол-
жамдала-
ды.
Сондай-
ақ, қоршаған
ортаны
қорғау
саясаты
саласын-
да ұсы-
нылған
қайта
жаңарту-
ларды 
орындау
үшін
мемле-
кеттік бюджет пен жет-
кілікті ақша қаражаты бөлінеді деп күтілуде

Шаралар

Қоршаған ортаны өнеркәсіптік лас-
таудың негізгі көздерін талдау және ластаушы
-кәсіпорындардың әралуан түрлері-
нің ерекшелік-
терінен шыға
отырып, ең
тиімді экология-
лық саясат құрал-
дарының кешенін анықтау.
 
  Қысқа мерзімде елеулі нәтижеле-
рді қамтамасыз ете алатын басым іс-әрекеттерді анықтап, эколо-
гиялық саясаттың
нормативтік- құқықтық құрал-
дарын жетілдіру жөніндегі іс-ша-
ралар жоспарын әзірлеу.
 
  Қысқа мерзімде елеулі нәтижелер-
ді қамтамасыз ете алатын басым іс-әрекеттерді
анықтап, қорша-
ған ортаны лас-
тау жөніндегі салық салу жүйе-
сін реформалау жөніндегі шара-
лар жоспарын әзірлеу.
 
  Ойдағыдай қолда-
ныла алатын, қор-
шаған ортаны қор-
ғау саясатында экономикалық жағынан орынды құралдардың бас-
қа да түрлерін әзірлеу, сондай-
ақ оларды қолда-
ну жоспарын әзірлеу.
 
  Кәсіпорындарға қоршаған ортаны қорғауға септігін
тигізуге стимул беру үшін, лас-
тағаны үшін салық
ставкасын есеп-
теудің жаңа әді-
сін әзірлеу. Осы рәсімдердің лас-
тану деңгейіне
әсер етуін
анықтау үшін ба-
қылау кәсіпорын-
дарында жаңа әдістерге қарсы-
лық білдіру.
 
  Экологиялық саясат саласында
құралдар енгізу
жүйесін жетілді-
ру үшін басым іс-әрекеттерді анықтау. 
 
  Рұқсаттарды беру
жүйесін айыппұл
мен алым жүйесі-
мен байлап
тастайтындай
етіп пысықтау.
 
  Рұқсаттар беру
жүйесін алымдар
мен қалдықтарды
жоюды ұйымдасты-
руға және қорша-
ған ортаны өнер-
кәсіптік ластау
проблемаларымен
байлап тастау.
 
  Табиғи ресурстар-
ды пайдаланғаны
үшін салық нақты
құнына сәйкес
келетіні кепілді-
гіне жәрдемдесу.
 
  Жергілікті ауқым-
дағы пилоттық
жобалар арқылы
қоршаған ортаның
жағдайын жақсар-
ту.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                                                                                                                  Заңдар мен қаулыларға
өзгерістер
енгізу
 
 
 
 
        Басқару мен
іске асыру-
дың жетілді-
рілген жүйе-
сі.
 
 
 
 
 
 
 
              Жергілікті
деңгейде
қоршаған ор-
таны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Жергілікті қауымдастықты
ақпараттандыру
жөнінде қосым-
ша іс-шаралар
 
  Пилоттық жо-
балар туралы ақпарат рұқ-
саттар беру жүйесінде көрсетілген.


   **:Дәйекті тексеруге жататын көрсеткіштер жобаны іске асырудың бастапқы деңгейі ішінде пысықталады.

                     6 - ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ

Атауы

Стратегиялық диалог пен Қазақстан Республикасындағы кеңестік бағдарламаны дамытуға ықпал ету

Жалпы сомасы

ЕО салымы = 5.4 млн. евро

Көмек көрсету әдісі

Жобаны іске асыру әдісі - орталықтандырылған   басқару

Код DАС

15040

Сектор

Мемлекеттік басқару

       1. НЕГІЗДЕМЕ

       1.1. Стратегиялық шектер

       TACIS Central Asia IP 2005-2006 жылдарға арналған   бағдарламасы Еуропа Одағының Орталық Азияны қолдаудың мынадай басым салаларын анықтайды: басты назарды мыналарға қою арқылы Әріптестік және серіктестік туралы келісім (ӘСК) іске асыру: (а)  сауда және инвестициялық реформаларға , атап айтқанда, монополияға қарсы бақылау және реттеу саласында әділ жарысу мен тиімді экономикалық дамуды қолдау мақсатында, (b) мемлекеттік аппаратта қоғамдық басқаруды және қызметті жақсарту ( адал басқару ), (с) заңдылық, сондай-ақ (d) жалпы және жоғары білім саласында реформаны қолдау. Ол "мемлекеттік қызмет реформасы және адал басқару принциптерін қолдану" да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және тартымды инвестициялық және іскерлік климат жасауда маңызды роль ойнайтынын да растайды. 2-бағыт (5-тарау: "Республикалық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау") бағдарламасы өзгелер арасындағы қолдауды және  сауда және инвестициялық сектордың реформасын  білдіреді.
      Сондай-ақ, Еуропа мен Қазақстан арасындағы Серіктестік пен ынтымақтастық келісіміне де сілтеме бар, атап айтқанда, 1, 2, 43-баптар (Заң шығарушы органдарының ынтымақтастығы), 45 (Өнеркәсіп ынтымақтастығы, 46 (Инвестицияларды ынталандыру және оларды қорғау), 47 (Мемсатып алу), 48 (Стандарттар және сәйкестігін бағалау), 53 (Энергетика), 55 (Көлік), 58 (Қаржылық операциялар), 63 (Шағын және орта бизнес) және 68 (Экономика). Бұдан басқа, Еуропа комиссиясының Адал басқару жөніндегі айқын кітабы, онда "Еуропалық басқару" термині Еуропа деңгейінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға әсер ететін ережені, процесті және жұмыс стилін білдіреді. Бұл, атап айтқанда, айқындылыққа, қатысуға, есеп беруге, тиімділікке және ішкі тұрақтылыққа қатысты.
      Қазақстан ЕО-мен неғұрлым жақын саяси ынтымақтастықты, көптеген басқару салаларында ЕО тәжірибесін қатты қалаған, орташа табыс деңгейі бар ел болып қалыптасты (Шамамен тізімнің 1-қосымшасын қарау). Атап айтқанда, Президент Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы өзінің сөзінде Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің бірі болуын қалайтынын атап өтті және кейінгі айда еліміз Ресеймен және Беларуспен көп тарапты және Өзбекстанмен және Қытаймен екі жақты сауда келісімдеріне қол қойды. Үкімет ЕО-мен неғұрлым тығыз байланысты қалайды және мәселелерді шешуге септігін тигізу мақсатында, нарықтық реформаны ынталандырумен қатар, осы жобамен қаржыландырылатын ЕО-ның Салалық директорларымен бірге жұмыс бағдарламасы әзірленеді.

      1.2. Алынған сабақтар

      ЕО көмегінің алдыңғы бағдарламаларын және үкіметтің көптеген шешімдерін енгізу тәжірибесі бағдарламаларды орындау барысы жобалардың шашыранды сипатымен және үкімет дайындаған және донорлар қолдаған секторлық бағдарламаның болмауымен қиынға түсті. Алайда, мыналар маңызды:
      (а) тиімділікті арттыру, қайталаудың алдын алу және қаражаттың жоғалуына жол бермеу үшін  орта және ұзақ мерзімді перспективамен  техникалық көмекті қамтамасыз ету.
      (b) жобаны қалыптастыру кезінде үкіметпен тығыз ынтымақтастықтың арқасында жобалар нәтижелерінің өмірге икемділігін арттыру мақсатында бенефициарлардың үлестік қатысуын қамтамасыз ету.
      (с) ЕО көмегі жеке салаларға қатысты Үкімет саясатына негізделетін болатыны фактісіне кепілдік беру.
      (d) ЕО қаржыландыратын басқа да бағдарламалармен және донорлардың басқа қызметтерімен келісімге кепілдік беру.
      (е) икемді әрекет ету бағдарламасы арқылы жүргізілетін тұрақты саяси диалог арқылы  ең жоғары саяси деңгейде  ЕО көмегіне  қолдау көрсетуге  кепілдік беру.
      Осылайша, бағдарлама болашақ Іс-әрекеттер бағдарламаларында экономиканың жеке салалары бойынша көзқарас үшін жағдай жасауға бағытталған.
      Өткен тәжірибеге сүйене отырып, болашақта көмек мынадай кемшіліктерді ескеретін болады:
      (а) Қазақстанда мониторинг жүйесінің болмауы және ЕО қол жеткізулері мен халықаралық стандарттарды алға жылжыту,
      (b) заңдар мен саяси құжаттар дайындауда іскер сектордың, азаматтық қоғамның және басқа да мүдделі тараптар салымының жеткіліксіздігі,
      (с) үлестік қатысу және үкімет міндеттемелері,
      (d) ЕО-мен байланысқан реформаларды ынталандыру құрылымының болмауы.

       1.3. Қосымша қызметтер саласы

      Комиссия көптеген жылдар бойы мемқызмет реформасын, ӘСК енгізуді және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөнінде күшейтуді қолдайтын жобаларды қаржыландырады. Табысты ынтымақтастықтың ең алғаш тәжірибесі 1999 жылы қабылданған мемқызмет жөніндегі жаңа заңды құру болып табылады. ЕО ТАСИС бағдарламасы бойынша 1998-2000 жылдары үкіметке жаңа заңнаманың жобасын құруда көмек көрсетті. Бұл бюджет саласына қарыз берген Дүниежүзілік банкпен тығыз серіктестікте жүргізілді, ал ТАСИС осы бастаманың техникалық бөлігін қаржыландырды. Содан бастап, Қазақстан Үкіметі осы заңды енгізуді реттейтін, сондай-ақ оқыту мәселесімен айналысатын Мемқызмет жөніндегі агенттікті құрды. Жақында Комиссия Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кодекстің жобасын дайындауды қаржыландырды және осы жылы да ел үкіметіне Кодексті ресімдеуді аяқтауға және оны қабылдауға көмектесетін болады (Президент Назарбаевтың өтініші бойынша).
      2004 жылдан бастап Комиссия министрліктермен және Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтастықта өтетін, ДСҰ-ға кіру және ӘСК-ны іске асыруды қолдау шегінде техникалық нормаларға, стандарттарға және тиісті салаларға қатысты істің заңнамалық және техникалық жай-күйін белсенді зерттеді.
      2006 жылғы қаңтардан бастап ЕО делегациясы Үкіметтің өтініші бойынша ЕО-дағы авиациялық саясат, TEN (Трансеуропалық Магистраль) шегіндегі көлік саясаты, оған қатысы бар Жасыл кітап (Grееn Рареr) жөнінде, ЕО энергетикалық саясаты және қоршаған ортаны қорғау жөнінде семинарлар ұйымдастырды. Кейінгі өтініштер әзірлену процесінде және бізге ЕО-ның неғұрлым көптеген сарапшыларын қамтитын осындай мұқтаждарға жауап беретін бағдарлама қажет екендігі анық болды және бұдан былай жоспарлау процесі бірлесіп өтетін болады.
      Комиссия адал басқару және экономикалық даму мәселесінде көмек көрсетуге қатысты көшбасшы беделіне ие және Қазақстан Үкіметі ТАСИС бағдарламалары бойынша алынған техникалық білімнің багажын және ол осындай процестің жалғасуын қалайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта, Қазақстан ноу-хау және технологиялар алу мәселелері бойынша Еуропаға өтініш білдіріп жүргенін атап өту қажет. "Адал басқаруға" қатысты артықшылық "Еуропа моделіне" (Еуропа заңдарына негізделген әлеуметтік нарықтық экономика) беріледі. ЕО-ға бірнеше жаңа мүшелердің және кандидат елдердің көшу тәжірибесі елдегі реформалардың ішкі процесімен өзара қарым-қатынаста түсіндіріледі. Сондықтан, осы сәтті ұстап қалу өте маңызды, ол таза про-еуропалық және реформалар жүргізу жөнінде ел күшін қолдайды және ең соңында Еуропа іскер ортасы үшін инвестициялық климатты жақсартады.

       1.4. Донорлар қызметін үйлестіру

      Сауда, инвестиция және ДСҰ-ға кіру мәселесінде USAID, ЕБРР және Дүниежүзілік банк үкіметтік құрылымдар мен донорлар арасындағы көмекті үйлестіре отырып, көшбасшы жағдайында. ЕК кездесулер мен дөңгелек үстелдерге тұрақты қатысады, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Мемлекеттік көмек жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады. ЕК-ің үкіметпен екі жақты байланысы бар (мысалы, ЕК мен Қазақстанның кіші комитеттері, Ынтымақтастық жөніндегі комитеттер мен кеңестер шегінде, сондай-ақ ұлттық үйлестіруші мен тұрақты кездесулер). ЕК Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы донорлар қызметін үйлестіру жөніндегі НКБ дерекқорын қаржыландырады.
      Жақында болған үкіметпен қаржы құжаттарын келісу кезіндегі келіспеушіліктерді ескере отырып, донорлар бірлестігі үйлестіруші органдарға елдің өзінде мақұлдау процесін тездету ұсыныстарымен үкіметте көмектеседі. Әрбір қаржылық келісім бойынша басқару комитетін құру қажет.

      2. Елдік контекст

      2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты

      Қазақстан орташа табыс деңгейі бар, донор көмегін бақылауға және оны жыл сайынғы республикалық бюджетке біріктіруге және стратегиялық мәселелерді іске асыруға ниетін білдірген ел болып қалыптасуда. ЭБЖМ донорлардың гранттары мен қарыздарын үйлестірудің жаңа процесін 2005 жылғы шілдеде бастады, осылайша мұндай донордың функциясын кеңейтуге сәйкес көмек көрсету үшін оларды таңдап.
      Үкімет әралуан қызмет түрлеріне өзі ақы төлегенді қалайды. Кейбір жағдайларда, мысалы, RТD дамыту саласында ол жобалардың 50-пайызын төлеу формуласын қабылдады. Ол қарыз дайындауды және Дүниежүзілік банк қарыздарының алдындағы "жұмсақ құрауыштарды" бірлесіп қаржыландырды. Мұндай ұйым үкіметтің қатысу үлесін артты және Дүниежүзілік банк мұндай нәтижеге қанағаттанды.
      Президент Назарбаев 1997 жылы ұсынған және 2005 жылы талдау жасалған еліміздің "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді стратегиясы көшпелі кезеңде әлеуметтік, экономикалық және саяси келіспеушіліктерді жоюға басым мән беріп отыр. Мыналарды дамыту қажет: (а) құқық нормаларына негізделіп, есеп беретін мемлекеттік органдар, (b) тиімді жұмыс істейтін жеке және кәсіпорындары бар нарықтық экономикалық елді, (с) сондай-ақ адал басқару принциптеріне негізделген мекемелерді. Ол экономикалық өсім мен кәсіби жұмыс істейтін мемқұрылымдар осы мақсаттарға қол жеткізуде маңызды болып табылатыны фактісін шартты түрде қояды. Орталық аппаратты және жергілікті уәкілетті құрылымдарды қайта ұйымдастыру, тиімді институционаларалық үйлестіру, министрліктер беделін және есеп беруін арттыру, орталықсыздандыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемқұрылымдардың жеке бизнес жұмысына араласуын жою еліміздің басты мәселелері болып табылады. Электрондық үкімет құру мәселелерін қамтитын үкіметтің экономикалық диверсификациялау және адал басқару жөніндегі соңғы бастамалары "Қазақстан-2030" стратегиясының ұзақ мерзімді мәселелерін іске асыруда қолдауға бағытталды.
      Осы мәселелер ел Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы сөзінде жарық көрді. Мұнда Қазақстан Үкіметі әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің бірі болу стратегиясын көрсетті. Осы сөз сөйлеуден кейін ЕК және Үкімет кездесулері өтті, олардың нәтижесі саясат жүргізуді әзірлеу жөніндегі консультативтік құралдарды дамыту туралы келісім болды, ол біздің көмек осындай мәселелерге сәйкес келетінін тексеруге жәрдемдеседі. Үкімет өзіне көмек талап ететін салаларды анықтады (ұсыныстар тізімі төменде берілген). Саясат жүргізудің 2003 және 2004 жылдардағы ұсыныстар (Police Advise Programm) (барлығы 2.6 млн. евро) бойынша ойдағыдай бағдарламаға салынған мұндай көзқарас донорлар бойынша жаңа саясат талаптарына, сондай-ақ саясат жүргізу жөніндегі жеткілікті ерекшелік ұсынымдарына және мемқызметшілерді оқыту жөніндегі талаптарға жауап беретін болады. Ол қазіргі РСА-ны іске асырудың 2-кезеңінен шығады (1.2 млн. евро). Біз мемлекеттің қысқа мерзімді, алайда пісіп жетілген мұқтаждарын қанағаттандыруда өзінің тиімділігі мен жетістігін дәлелдеген іске асырудың икемді көзқарасын жүзеге асыруда жалғастырамыз. ДСҰ-ға кіру және ОБСЕ-де ықтимал төрағалық ету шегінде мұндай мұқтаж әлі бірнеше жылдар бойы болатынына сенеміз.

       2.1. Секторлық контекст

      Қазақстан ірі газ және мұнай ресурстары, өзінің орасан зор аумағы және стратегиялық орналасуы арқасында өңірде көшбасшы экономикалық және саяси роль ойнауды жалғастыруда. Халық басына шаққанда жыл сайынғы табысы 2004 жылы 2,714 доллармен (шамамен 2250 еуро), Қазақстан -Орталық Азияның ең табысты елі, экономика секторларын диверсификациялауға бағытталған реформалаудағы үлкен күш нәтижесінде ең соңғы кезекте емес.
      Авторитарлық режимнің тарихи мұрасы, жұмыссыздық және тиісті экономикалық шақырулар әлі күнге дейін айқын. Басқару саласында әлі көп нәрсе жасау керек. "Қазақстан-2030" елдің ұзақ мерзімді стратегиясы кемшіліктерді жасырмастан, оларды анықтауға ұмтылады. Бұл контексте үкімет өзінің стратегиялық саясатын іске асыруды бақылайтынын атап өту қажет.
      ДСҰ-ға қосылу - мемлекет басымдықтарының бірі. Алайда, егер ел ДСҰ-ға жақындағы жылдары кіруге талпынса, онда барлық дерлік салаларда үлкен күш жұмсау қажет. Басымдылық түрлі мүдделі министрліктердің персоналдарын оқытуға беріледі (негізінен, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктері, Президент Әкімшілігі және т.б.).
      Сауда және инвестициялық даму - Қазақстанның 2005-2007 жылдардағы басымдықтарының бірі. Қазақстан Үкіметі институционалдық жағдайды жақсартып, диверсификацияға назарды фокустеп Қазақстан бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қалайды. Осы стратегияны іске асыру қазақстан экономикасын қазіргі уақытта елдің ДСҰ-ға кіру жөніндегі күшімен қозғалмалы әлемдік экономикаға біріктіруге байланысты болуы тиіс. ЕК Роlісу Аdvise 2002 және 2004 жылдар бағдарламасы бойынша тиісінше диверсификациялау ретінде анықталған кейбір салаларды дамытуды қолдайды.
      Қазақстан мемсатып алу жүйесін реформалау және үйлестіру жолында. Кейбір ықтимал инвесторлар тендерлік процестің айқындылығы мен тиімділігі жөнінде өзінің алаңдаушылығын білдірді. Электрондық сатып алулар тұтастай алғанда, электрондық үкімет жүйесінің бөлігі болып табылады. Болашақ басымдықтардың бірі елдің көптеген өңірлерінде электрондық сатып алу енгізу болып табылады. Алайда, әуелі мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлер Қазақстанда мемсатып алуды реформалаудың айқын және тиімді процесіне кепілдік беру үшін мемсатып алуға үйретілуі тиіс.
      Осы фиш жобасы халық талабын қанағаттандыратын басқарудың айқын жүйесін құруға көмектесу үшін және сауда, көлік және басқа салаларда ЕО-мен неғұрлым тығыз өзара қарым-қатынас үшін ел үкіметінің, сондай-ақ Индустрия, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің өтінішіне негізделген.

      3. Сипаттау

      1-құрауыш: Police Advise Programm (РDАР)
      2-құрауыш: Мемсатып алу жүйесін дамытуды қамтитын сауда мен инвестицияны қолдау

      3.1. Мақсаттар

      Осы фиш-жобасы шегінде қаржыландырылатын жобалардың негізгі мақсаттары.
      Тиісінше мембасқаруды қолдау.
      Сауда және инвестициялық климатты жақсарту.
      ЕК және ЕО тиісті стратегияларымен неғұрлым тығыз қарым-қатынасты қолдау.
      Нақты мәселелер:
      1-құрауыш ӘСК және басқа да екі жақты уағдаластық талаптарына сәйкес келу үшін саясат және қолдаудың басқа да түрлерін жүргізу жөніндегі ұсынымдарды қамтамасыз етеді.
      2-құрауыш кәсіпкерлерге арналған заң ортасын және сауда мен инвестиция саласында үкімет саясатын жетілдіруге, мемсатып алу жүргізу рәсіміне жауапты мемқызметшілердің біліктілігі мен тәжірибесін арттыру арқылы мемсатып алу тиімділігін арттыруға негізделген.

      3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет салалары

      1-құрауыш: Police Dialogue Advise Programm

      Шамамен нәтижелер тізімі:

      - Қазақстан компанияларының бәсекеге қабілеттілігі артады; заңнамалық орта жақсарады;
      - сауда және инвестициялық саясат жүргізуге қатысты әкімшілік жүйесін реформалау жөніндегі үкімет күші артады.

      Шамамен жұмыс тізімі:

      Жобаның командасы acquis communautaire - ге қатысты бір құжат және сауда мен инвестициялар саласында және заңдарды әзірлеу процесінде Қазақстан заңнамасын шығарады.
      Жобаның командасы дайындығына команда көмектескен сауда мен инвестициялар саласында заң жобасының нақты мысалына бір зерттеу дайындайды.
      Жобаның командасы салалық министрліктер өкілдеріне арналған құқық саласында кеңінен оқытуды қамтамасыз етеді.
      Жобаның командасы салалық министрліктер өкілдерін экономика мәселелері бойынша (инвестициялық климатты жақсарту, сыртқы сауданы дамытуға септігін тигізу және т.б.), сондай-ақ әкімшілік реформа мәселелеріне.
      Жобаның командасы инвесторлар мен шетел компанияларының жұмысына, бизнес саласында әкімшілік және заңнамалық шектеулерді анықтау және жоюға, стандарттар жүйесін жетілдіруге және сәйкес келуін бағалауға әсер ететін кемсітетін баптарды анықтау және жою   сияқты инвестициялық климатты жақсарту жолында фокусталады. Осы мақсаттарда жобаның   командасы маңызды салаларда үкімет саясатын   әзірлеу үшін бенефициарлармен тығыз ынтымақтастықта Іс-әрекеттер жоспарын дайындай алады.

      2-құрауыш: Мемсатып алу жүйесін әзірлеу арқылы сауда мен инвестицияны қолдау

      Күтілетін нәтижелердің шамамен тізімі:
      -  мемлекеттік шығыс пен инвестициялардың айқындылығын арттыру;
      - инвесторлар мен қоғам тарапынан сенімді нығайту;
      - толығымен орындалған, мемсатып алуды орнында реттейтін заңнама;
      - республикалық және жергілікті деңгейде мемсатып алу мәселесіне оқытылған ресми тұлғалар.

      Шамамен жұмыстар тізімі:
      -  мемсатып алу саласында жұмыс істейтін мемшенеуніктерді дайындау жөнінде өңірлік орталықтар құрылды және жарақтандырылды;
      - ең жақсы әлемдік тәжірибеге негізделе отырып, мемқызметшілерді оқыту жүргізілді;
      - осы мақсатта жобаның командасы қызмет саласына байланысты оқытатын бағдарлама мен материалдарды әзірлейді, сабақтар күнтізбесін дайындайды және ең жақсы әлемдік тәжірибелерге сәйкес шәкірттерді оқытады.

      3.3. Мүдделі тараптар

      Жобаға қатысушыларға бірнеше тиісті министрліктер мен мемұйымдар, жергілікті органдар, сондай-ақ ірі донор ұйымдары жатады.
      Бағдарлама бойынша серіктес Қазақстан Республикасының Үкіметі болады, ол ЕК делегациясымен бірге жұмыс жоспарын әзірлеуді министрліктерді бағыттайтын және үйлестіретін болады, ЕК делегациясы, өз кезегінде, Комиссияның Бас дирекциясымен жұмыс істейтін болады.
      Жобаның идеяларын тиісті меммекемелермен талқылағаннан кейін 1-құрауыш бойынша тікелей бенефициар Қазақстандағы сауда саясатына жауапты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі болатыны шешілді. 2-құрауыш бойынша Қаржы министрлігі жанындағы Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті бенефициар болады, неғұрлым дәлірек - Электрондық сауда орталығы, ол елдегі мемсатып алу саясатын әзірлеуге мен оның жүйесін енгізуге жауап береді.
      Мақсатты топ: министрліктер, меммекемелер, кәсіпкерлер және банктер.
      Мақсатты бенефициарлар: жоғары экономикалық өсім мен тұрмыс-тіршіліктің пайдасын көретін іскер топтар, мемшенеуніктер, жұртшылық.
      Жобаға қатысушылар: Бірінші кезекте, мүдделі тараптар болып табылатын меммекемелер.

      3.4. Тәуекелдер мен жол берулер

      1-тәуекел: Жобаның тиімділігіне қатысты ең үлкен тәуекел - бұл Қазақстанның мемлекеттік басқаруының шектеулі мүмкіндіктерінің жоба барысы бойынша ақпаратты ұғынуы және ілтипат білдіруі
      2-тәуекел: Келесі тәуекел оларды жүргізуге қажет, ұйымдастыру құрылымының реформасымен сүйемелденетін реформаларға қатысты
      3-тәуекел: Ел басымдықтары саяси факторларға байланысты өзгере алады, мысалы, қандай да бір өңірлік ұйымдар шегінде алынған үкімет міндеттемелері
      1-жол беру: Қазақстан Үкіметі ЕО-мен байланысты нығайтумен қатар, әлемдік экономикаға бірігу саясатын жалғастыратын болады
      2-жол беру: Қазақстан Үкіметі жоба барысы бойынша ұсынылатын заңнамаға өзгертулер енгізу дайындығына қатысуға және осыған белгілі адам-күн санын бөлуге дайын
      3-жол беру: Министрліктер арасындағы жұмысты үйлестірудің барабар тетіктері сауда мен инвестиция саласында стратегияны әзірлеу және іске асыру үшін пайдаланылады
      4-жол беру: Қазақстан Үкіметі заңнама дерекқорына жасалған өзгерістерді нығайту үшін мемлекеттік басқаруды реформалау мен нығайтудың қажет процесін жалғастырады
      5-жол беру: Стратегиялық консультациялау жөніндегі диалог бойынша жұмыс жоспарлары ел үкіметі мен ЕК арасында уақтылы дайындалады және келісіледі.

      3.5. Қажет шарттар

      Жобалар уәкілетті меморганның өтініші бойынша дайындалды және НКБ-мен мақұлданды.

       3.6.   Аралас сұрақтан

      "Адал басқару" және "Әлемдік экономикаға бірігу" секілді тақырыптар осы жоба бойынша жоспарланған. Бұдан басқа, сауда-экономикалық дамуды жетілдіру және үкімет ынтымақтастық туралы келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты жобаны іске асыру кедейшілік деңгейін төмендетуге және демократияны жетілдіруге әсерін тигізеді.

      4. Іске асыру мәселелері

      4.1. Іске асыру әдісі

      Орталықтандырылған басқару

      Іске асыруды ЕК қызметтер көрсетуге тендер өткізгеннен кейін консультациялық ұйымдармен келісім-шарттарға қол қою арқылы жүргізеді.

       4.2. Бюджет және күнтізбелік жоспар

Жалпы бюджет 5.4 млн.еуроға тең

Бюджетті шамамен бөлу ЕК қатысу ҚР Үкіметінің қатысуы Басқа да до-
норлар
Мердігер ұйым

1. Көмек көрсе-
туге арналған келісім-шарттар

5.4 млн. еуро

-

-

ЕК

1-құрауыш " Сая-
сатты әзірлеу
мәселелері жө-
ніндегі диалог"
бағдарламасы

4.20




2-құрауыш
Бәсекелестікті
және мемсатып
алу жүйесін
арттыру

1.20

-


ЕК

Техникалық
тапсырмалар
жобасын жасау

0.050*




PDAP бағалау

0.075*




Барлығы

5.4 млн.

-

-

ЕК

*Қаржыландыру - 4.5-тарауды қарау қажет

      4.2 млн.еуро бұрын 2002-2004 жылдары ойдағыдай жасалғандай, шекті келісім-шарт тетігі арқылы Роlісу Dialogue Programme және Роlісу Аdvice-қа бөлінеді. Шығыстар бойынша нақты бөлу беруге болмайды, себебі Қазақстан Үкіметімен келіссөздердің осы уақытқа дейін алар орны бар және мұқтаждарды анықтау және жұмыс жоспарын жасау мақсатында ЕК Техникалық директорымен талқылау қажет. РDАР-қа 3.4 млн.еуро, ал Роlісу Dialogue Programme-ға 800 000 еуро бөлінеді деп күтілуде.
      Жобаның ұзақтығы шамамен 24-30 ай, ал РАР-ты іске асыру шамамен 9-24 ай.
      2-құрауыш бойынша тендер өткізіледі және оны басқару 1.2 млн.еуро сомасына қызмет көрсетуге шарт бойынша жүргізілетін болады.
      Қосымша қаражат көзделмеген.
      Қосымша 125.000 еуро сарапшыларға көзделген, олар еңбек шарты бойынша ТЗ дайындайды және РDАР бағалау үшін.

      4.3. Сатып алу және келісім-шарт беру рәсімдері

      Олар бойынша қаржылық келісім іске асырылатын барлық келісім-шарттар бойынша жобаны іске асыруды бастаған уақытта жұмыс істейтін рәсімдер мен ЕК стандарттарына сәйкес шешім шығарылуы тиіс.
      Бағдарлама бойынша барлық шығыстар жобаны іске асыруды бастаған уақытта немесе оны талқылау уақытында жұмыс істейтін рәсімдер мен ЕК стандарттарына сәйкес болуы тиіс.

      4.4. Мониторинг жүргізу

      Тұрақты мониторинг - бұл ЕК жұмысының бөлігі. Қызмет көрсетуге арналған екі келісім-шарт - бұл ТАСИС мониторлары жұмыс жоспарының бөлігі, ол жобаны іске асыру ішінде әрбір 6 айда жасалады.

      4.5. Бағалау және аудит

      РDАР бағалау бөлек жүргізілетін болады. Мердігер ұйым болашақ мердігердің қаржылық және техникалық іс-шаралары аудитін жүргізу құқығын өзіне қалдырады. ТТ, әдеттегідей, аудит жүргізуге арналған шығыстарды қамтитын болады.

      1-ҚОСЫМША

      РDАР-қа ("Саясатты әзірлеу жөніндегі диалог" консультативтік бағдарламасы) енгізілуі тиіс секторлар мен мәселелердің шамамен тізбесі

      Төменде ұсынылған басым тақырыптардың үлгі тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарынан құрастырылды.

      Бәсекеге қабілеттілік, Сауда және Инвестициялар
        Қазақстанның әлемдік экономикаға біріктірілуіне орай сауда мен инвестицияның бәсекеге қабілеттілігі мен әртараптандырылуын нығайту үшін бірқатар қосымша шараларды қарастыруға болады. Бұл саладағы нақты іс-әрекет мынадай болуы мүмкін:
      - Қазақстандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі алдағы жұмыс, соның ішінде тауарлар қауіпсіздігі саласында (СЕ-таңбалау). Қазақстанның Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитетке кіруі басым күйінде қалады; Қазақстанда СТК бойынша келісімді іске асыру.
      - Азық-түлік қауіпсіздігі және атқарылған жұмыстың негізінде Санитарлық/Фитосанитарлық стандарттарды енгізу, бекітілген шаралардың жаңа пакетін тиімді іске асыру жөніндегі әкімшілік реформаларға ерекше назар аударылатын болады. Ауылшаруашылық тауарлары мен тамақ өнімдері үшін еуропалық стандарттарды енгізу сияқты зертхана/метрология да басымдықты болып табылады ("үстелден үстелге").
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Статистикалық Тіркелімдер арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
      - Қазақстанда бәсекелестік саясатты нығайтуға бағытталған тәуелсіз салалық реттеуіштерді құру мен дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, тарифтік және техникалық реттеудің тиімді және ашық жүйесін жасау. Бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру.

      Телекоммуникациялар
      Телекоммуникация саласындағы қазақстандық саясатты, әкімшілік қайта құрылымдауды қоса алғанда, халықаралық нормаларға жақындату жөніндегі зерттеулердің қорытындылары туралы есеп дайындалды. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі енгізу бойынша жалпы стратегия ұсынылды. Осы ұсыныстарды іске асыру туралы шешім қабылдау ұсынылады.
      Қазақстанда телекоммуникациялардың (барлық байланыс қызметтері) бәсекелестік нарығын дамыту, соның ішінде желілік бәсекелестікті дамыту. Тарифтерді қайта теңгерімдеу жүйесі мен қызметтер сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Саладағы лицензиялау жүйесін оңайлату. Салалық реттеуіштердің тиімді қызметін, соның ішінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігі қызметкерлерінің біліктіліктерін өсіру жолымен арттыру.
      "Байланыс туралы", "Табиғи монополиялар туралы", "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері қоса алынатын бірыңғай нормативтік акт деңгейінде телекоммуникациялар нарығын реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
      Қолданыстағы байланыс нарығын реттеу жөніндегі реттеуіштің үлгілік құралдарын, өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін айқындау.
      Шет елдерде, мысалы Норвегияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Қытайда, немесе бастапқы жағдайлары осыған ұқсас елдерде телекоммуникациялар (нормативтік база, заңнамалық нормалар, үкіметтердің іс-әрекеттері) нарығын дамыту жөніндегі салыстырма талдауды және ақпараттық-әдістемелік материалдарды тапсыру.
      Арақашықтығы алыс және халқы аз ауылдық елді мекендерге телефон орнату жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

       Көлік
      Көлік саясаты, көлік желілері мен инфрақұрылым жасауды қоса алғанда даму сатысында тұр. Мүмкін, ақылы автомобиль жолдары саласындағы инфрақұрылым мен ЕО тәжірибесін қаржыландыру және инфрақұрылымды қаржыландыру (винеткалар...) үшін мемлекеттік-жеке әріптестікті пайдалануда тәжірибе алмасу бойынша сарапшылар қызметін жандандырған жөн болар.
      Жолдағы қауіпсіздік маңызды болып табылады, бұл тек инфрақұрылымды дамытуға ғана емес, сондай-ақ жеңіл және жүк автомобильдерінің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға (пайдалануға жарамдылығын сынау) да қатысты. Автомобиль жүргізу құқығына емтихан тапсыруды қоса алғанда жүргізушілердің мінез-құлқының да маңызы зор.
      Еуропалық Одақ бірнеше рет болған апаттан кейін өзінің суда жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатын күшейтті. Қазіргі уақытта Каспий теңізінде жаңа танкерлер салу құрылысы жүргізілуде, соған байланысты, ақпараттық олқылықтар талдамасын қоса алғанда, ЕО осы саладағы ережелері мен шараларына түсінік беру ұсынылады. Талқылауға Каспий теңізінде төтенше жағдайлар болған кездегі іс-қимыл жүйесіне қатысты мәселелерді талқылауды қосқан орынды болар.
      Мемлекеттің көлікте тасымалдауға қатысуы бойынша әлемдік тәжірибе;
      Теміржолмен және әуе жолымен тасымалдау саласындағы бәсекелестікті дамыту;
      Мемлекеттік-жеке әріптестікті, ақылы автомобиль жолдарын дамыту саласында тәжірибе алмасу. Заңнаманы жетілдіру.
      Ұсынылатын инфрақұрылымдық қызметтер сапасын арттыруға және ақысын азайтуға бағытталған қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы.

       Қоршаған орта
      Қазақстанда қоршаған орта саласындағы саясат жаңа экологиялық кодекстің негізінде тез дамуда. Талқылау осы кодекстің негізінде іске асыру үшін басымдықтарды тәптіштеуге көмектесуі мүмкін. Мынадай реттелмеген мәселелер бар:
      - Киото хаттамасын іске асыру және көміртегі шығарындысына рұқсаттарды сату жүйесіне Қазақстанның қатысуын қоса алғанда климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған саясатты жалпы дамыту.
      - Қалдықтарды кәдеге жарату, атап айтқанда жинақтау кезінде қалдықтарды беруді ұйымдастыру және пилоттық аудандарда экологиялық қалдықтарды қайта өңдеуде бастама көтеру жөніндегі саясатты әзірлеу.
      - Экологиялық қолайсыз және ауылдық аумақтарды оларды тиімді дамытуды қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған зерттеулер жүргізу және ұсыныстар беру.

       Тұрғын үй-коммуналдық кешені
      Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуге көмектесу (кондоминиумдар қызметі).

      6 жобаның (СА АР 2006) Қисынды шеңбері - Стратегиялық диалог пен Қазақстан Республикасындағы кеңестік бағдарламаны дамытуға ықпал ету


Араласу мақсаты Жетістіктер-
дің объекти-
вті айқында-
латын индика-
торлары/көр-
сеткіштері
Бақылау көздері Жол беру және тәуекелдер

Жалпы мақ-
саты

Еуропалық
комиссия-
ның және Еуропалық Одақтың
саяси ба-
ғыттарымен
барынша
тығыз бай-
ланыс ор-
натуға жәрдемдесу

Бірқатар кезде-
сулер;
Еурокомиссияның
/ЕО-ның
институттары
арасында зат
алмасу, тиімді
мемлекеттік
басқару
саласында Еуро-
комиссияның/ЕО-ның стандарт-
тарын көрсете-
тін стратегия-
ларды қайта қарау және/не-
месе әзірлеу және/немесе қабылдау

өткізілген кездесулердің
күн тәртібінің
көшірмелері, хаттар, газет
мақалалары


Жоба-ның мін-
деті

1-құрам-
дауыш Қазақстан
Республи-
касының Үкіметіне мемлекет-
тік қызме-
тті және экономика-
ны жаңғыр-
туға жәр-
демдесу
 
  2-құрам-
дауыш :
Кәсіпкер-
лер үшін
құқықтық
ортаны
жақсарту
және үкі-
меттің сауда және
инвести-
циялар са-
ласындағы саясатын
жақсарту,
мемлекет-
тік сатып
алуды жүр-
гізу рәсі-
міне жауапты мемлекет-
тік қыз-
метшілер-
дің білік-
тілігін және тәжі-
рибесін арттыру арқылы мемлекет-
тік сатып алудың тиімділі-
гін артты-
ру

тиімді мемле-
кеттік басқару
саласында Еуро-
комиссияның/ЕО-
ның стандарт-
тарын көрсете-
тін стратегия-
ларды қайта
қарау және/не-
месе әзірлеу
және/немесе қабылдау
 
 
    Жергілікті ком-
паниялардың деңгейін арт-
тыру, тікелей
шетелдік инвес-
тициялардың деңгейін арт-
тыру; жергілік-
ті компаниялар-
дың Еуропаға экспортын арт-
тыру; жергілік-
ті жерлерде
өндірілетін
тауарлардың
сапасын арт-
тыру; әлеуетті
құру жөніндегі
бірқатар оқу сессиялары; сауда-саттық мәселелері бойынша бірқа-
тар заңдар мен саяси құжаттар
әзірлеу/қабыл-
дау; бірқатар
оқу сессияларын
ұйымдастыру;
шағымдардың
санын қысқарту

Стратегиялардың,
заңдардың және
ғылыми зерттеу-
шілердің арнау-
лы тобының талдауларының/
бақылауларының көшірмелері, га-
зет мақалалары
 
 
 
 
 
          Жоба жөніндегі
топ және ғылыми
зерттеушілер
тобы жүргізген
Қазақстандағы
заңнамалық және
саяси шешімдер
қабылдау процесі
жөніндегі және
газет мақалала-
рында келтіріл-
ген талдаулар,
бақылау деректе-
рі және есептер;
ресми статисти-
ка; тренингтің
бағдарламасы мен қатысушылар-
дың тізімі; оқу
сапарының бағ-
дарламасы мен
қатысушылардың
тізімі; халық-
аралық донор ұйымдарының, Омбудсмен инс-
титутының жоба-
сы жөніндегі топтың және ғылыми зерттеу-
шілер тобының талдауы мен бақылау дерек-
тері; газет мақалалары, кез-
десулер хатта-
малары; тренин-
гтің бағдарла-
масы мен қатысу-
шылардың тізімі;
оқу сапарының бағдарламасы мен
қатысушылардың тізімі№

Үкімет стратегия-
ның қоғам-
дастық үшін қол
жетімді
етеді
 
 
 
 
 
 
 
              Үкімет ел
экономика-
сын әрта-
раптандыру-ды жүргі-
зуге мүдде-
лік білді-
руді жалға-
стырады.
Үкімет өз
әкімшілігі-нің«"төре-
шілдіксіз-
дендіру"
процесін
жалғас-
тырады.

нәти-желер

1-құрам-
дауыш ,
1-нәтиже :
Қазақстан-
дық
компания-
лардың
бәсекеге
қабілетті-
гін арттыру

            1-құрам-
дауыш, 2-нәтиже: Құқықтық ортаны жақсарту
 

                1-құрам-
дауыш, 3 -нәтиже: Үкімет
сауда-сат-
тық және
инвести-
циялық саясатты қалыптас-
тыру сала-
сындағы жүргізіп отырған әкімшілік реформаның
прогресі

1-құрам-
дауыш, 4-нәтиже:

Жергілікті ком-
паниялардың деңгейін арт-
тыру, тікелей
шетелдік инвес-
тициялардың деңгейін арт-
тыру; жергілік-
ті компаниялар-
дың Еуропаға
экспортын арт-
тыру; жергілік-
ті жерлерде
өндірілетін
тауарлардың са-
пасын арттыру;
әлеуетті құру
жөніндегі бір-
қатар оқу сес-
сиялары; 

  (а) заң жоба-
ларын әзірлеу әдістері; (б)
ЕО стандартта-
рымен-құқықтық
жақындау, (в)
қазақстандық
заңнамаларды
үйлестіру және
(г) заңдардың әлеуетті ереже-
лерін талдау (заң жобасының салдарын баға-
лау) сияқты таңдалып алын-
ған салалар бойынша оқыту; оқу сапарын ұйымдастыру

Экономикалық және әкімшілік
реформа мәселе-
лері бойынша тренинг өткізу
 

              Дүниежүзілік
банктің, ЕҚЫҰ,
ЕҚЫҰ/ЕҚЫҰ-ның
демократиялық
институттары
мен адам құқық-
тары жөніндегі
бюросының бір-
қатар есептері
және саяси про-
цестердің ашық-
тығын қамтама-
сыз ету (мемле-
кеттік бюджетті қоса алғанда)
және қоғамды
демократиялан-
дыру саласында-
ғы прогресс
атап өтілетін
бірқатар газет
мақалалары

Статистика;
халықаралық до-
нор ұйымдарының,
Омбудсмен заңна-
малық процесі
туралы талдау-
лар, бақылау деректері; газет
мақалалары, үкі-
меттік жарлықтар
және стратегия-
лар жөніндегі құжаттар; кезде-
сулер хаттама-
лары; тренингтің
бағдарламасы мен
қатысушылардың
тізімі; оқу са-
парының бағдар-
ламасы мен қатысушылардың тізімі;

Кездесулердің хаттамалары, се-
минарлардың хат-
тамалары, халық-
аралық сарапшы-
лар есептерінің
көшірмесі, жарияланымның (жарияланымдар-
дың) көшірмесі
(көшірмелері),
тренингтің бағ-
дарламасы мен
қатысушылардың
тізімі; оқу са-
парының бағдар-
ламасы мен қатысушылардың
тізімі;

Дүниежүзілік
банктің есепте-
рі, ЕҚЫҰ есепте-
рі, газет
мақалалары

              Статистика

Қазақстан-
ның Дүние-
жүзілік
сауда
ұйымына
кіруі

                  Үкімет оқу
сессиялары-нан өтуге мен оқу сапарына персоналдық жеткілікті
санын жібе-
реді. 
 

            Үкімет оқу сессиялары-нан өтуге
мен оқу
сапарына
персоналдық
жеткілікті
санын жібе-
реді.
 

          Үкімет бұрынғыша
тиімді мем-
лекеттік басқару қағидатта-
рына жақын.

Іс- шара-
лар

1-құрам-
дауыш шеңберін-
дегі іс- шаралар-
дың индика-
тивтік тізбесі:
1. Жоба
командасы
ЕО-ның
(acguis communau-
taire)
норматив-
тік
құқықтық базасына,  Қазақстан-
ның сауда
-саттық және инве-
стициялар саласында-
ғы заңна-
масына, сондай-ақ
заң шығару
процесіне
байланысты
мәселелер
бойынша
кемінде
бір
жарияланым шығаруды
жүзеге
асырады.
2. Жоба командасы дайындауда команда заң шығару
процесінде
заң жоба-
сын (жоба-
ларын) "жол" сатысында
көмек бер-
ген сауда
-саттық және инве-
стициялар
саласында-
ғы кемін-
де бір заң
жобасына қатысты
кемінде
бір зерт-
теу
дайындай
ды.
3. Жоба-
лардың
командасы
желілік
министр-
ліктердің
өкілдері
үшін кең
заңнамалық
тренинг
ұсынады.
4. Жобалар-
дың коман-
дасы мини-
стрліктер-
дің өкіл-
дері үшін
экономика-
лық мәсе-
лелер бойынша
(инвести-
циялық климаттың
жақсаруы, ішкі сау-
даның жыл-
жуы, т.б)
кең заң-
намалық тренинг
ұсынады
және тиім-
ді мемле-
кеттік басқару
рухында әкімшілік
реформалар
мәселеле-
рін қолдау.
5. Жобалар-
дың коман-
дасы ше-
тел инвес-
торларына
қатысты заңнамада
кемсітуші-
лік жағдайды
анықтау мен жою және олар-
мен кәсіп-
орын құру
сияқты іс-
керлік және инве-
стициялық
климаттың
жақсаруы
мәселеле-
ріне, биз-
нес үшін әкімшілік
және құқы-
қтық ке-
дергілерді
анықтау
және жою,
сондай-ақ,
стандарт-
тар мен
сәйкестік-
ті бағалау
режимін жақсартуғаназар
аударады.
6. Өкіл-
діктер Ко-
миссиялар-
мен, мүше
елдердің
эксперт-
терімен
және Қаза-
қстан Рес-
публикасы
мекемелері
арасында
серіктес-
тік келі-
сімдер жа-
сасуға әрекет жасайды.
7. Сауда
-өнеркәсіп
палатасы,
стандарт-
тау жөнін-
дегі орга-
ндар,
телеком-
муникация,
бәсекелес-
тік, қорды
сақтау,
зияткерлік
меншік
құқығы
сияқты са-
лаларда
реттеуші
органдар
сияқты
қазақстан-
дық әріп-
тестер
үшін Коми-
ссияға
мүше ел-
дер меке-
мелері мен
бөлімшеле-
рінде
тағылымда-
мадан өту-
ді ұйым-
дастыру.
8. Қысқа
мерзімді
зерттеуді
ұйымдасты-
ру.
9. Қоғам-
дық бағда-
рламаларға
қатысуды
қолдау.
10. Логис-
тикалық
қолдауды
ұсыну,
жазбаша
және
ауызша
аударма
жөнінде
қызмет.
11. ЕО-ға
мүше елдер
өкілдері-
нің қаты-
суымен тә-
жірибе ал-
масу жө-
нінде се-
минар
ұйымдасты-
ру.  2-құрам-
дауш шең-
беріндегііс-шара-
лардың индикати-
втік тіз-
бесі:
1. Мемле-
кеттік са-
тып 
саласында
қызмет
ететін
мемлекет-
тік қыз-
меткерлер-
ді оқыту
үшін өңір-
лік орта-
лықтар құ-
ру мен жа-
бдықтау
кезінде
көмек көр-
сету
2. Үздік халықара-
лық прак-
тика негі-
зінде мем-
лекеттік қызметкер-
лерді оқы-
ту
3. Өнер-
кәсіп тү-
ріне сәй-
кес оқыту-
дың кең бағдарла-
малары мен
материал-
дарын әзі-
рлеу, үз-
дік халық-
аралық практика негізінде
жаттықты-
рушылардыңтұрақты
күнтізбесімен тре-
нингін
әзірлеу




   : Объективті тексеруге көнетін жетістіктер көрсеткіштері/белгілері жобаны іске асырудың бастапқы кезеңі ішінде толық анықталған және пысықталған болады.

                       7 - ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ

Атауы

Қазақстанда Кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік

Жалпы құны

1 000 000 еуро (Еуропа Комиссиясының салымы)

Көмек көрсету әдісі

Жобаны іске асыру әдісі - орталықтандырылған басқару

DАС-коды

11330

Сектор

Кәсіптік білім беру мен оқыту

       1.   НЕГІЗДЕМЕ

       1.1. Стратегиялық шектер

      ЕО мен Қазақстан арасында 1999 жылы жасалған Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) сәйкес білім беру мен оқыту саласындағы қызмет елдегі жалпы білім берудің және кәсіби біліктіліктің деңгейін арттыруға, сондай-ақ жұмысқа орналастыруда техникалық жәрдемдесуге бағытталатын болады. "Білім беру мен оқыту" атты 51-бапта "Тараптар Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің және кәсіби біліктіліктің деңгейін арттыру мақсатында, мемлекеттік және сол сияқты жеке секторда да қызмет істеуге тиіс" делінген.
      Орталық Азияға арналған TACIS-тің индикативтік бағдарламасы (2005-2006 жылдар) 2002-2004 жылдарға индикативтік бағдарламасына қолданған бұрынғыдай көзқарасты ұстанады, сонымен ӘЫК аясында жәрдемдесу мен саяси диалогтың арасындағы байланыстарды нығайтудағы Еуропа Комиссиясының қолдауын жақсартуда.
      Атап айтқанда, жоғары техникалық білім беру жүйесін реформалаудың 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламасының "Жалпы және техникалық жоғары білім беру реформасын және оны дамытуды қолдау" атты 5.2.2-бөлімінде басымдықтардың бірі болып көрсетілді.
      Еуропа Комиссиясының осындай жобаларға қатысуын аса құнды ететін үш негізгі себеп бар. Біріншіден, бұл еуропа сарапшыларының кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы расталған тәжірибесі, мұның өзі озық тәжірибенің көптеген мысалдарына қол жеткізуді білдіреді. Екіншіден, бұл ЕО-ға жаңа мүше мемлекеттердің тәжірибесі, олар да оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгеріп, техникалық білім берудің кеңестік моделінен өтті. Үшінші себеп, Еуропа Комиссиясы да Еуропа Білім беру қорының (ЕТҒ) арнайы білімінен және тәжірибесінен пайда көретіндігінен тұрады, мұның өзі маңызды факті болып табылады, өйткені осы қор бүкіл әлем елдеріндегі білім беру реформаларына жәрдемдеседі әрі Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа да республикаларындағы жобаларды үнемі қолдайтын.

       1.2. Алынған сабақтар

      Жоба техникалық білім беруді реформалау саласындағы жалпы құны 900 000 еуро тұратын "Қазақстандағы кәсіби білім беру мен оқытудың шағын және орта бизнестің дамуымен байланысы" атты 2001 жылға арналған TACIS жобасының шеңберінде қол жеткізілген нәтижелерді негіз етіп алады.
      Бұл соңғы жылдары Тасіs бағдарламасы шеңберінде іске асырылған Қазақстандағы техникалық білім беру саласындағы жалғыз ғана ірі жоба болатын. 2001 жылы жүргізілген жобаны шолу мынадай сабақтарды атап өтеді:
      - Жоба бойынша бенефициарларды ұлттық деңгейде неғұрлым тиімдірек қатыстыру қажет, өйткені ондай болмаған жағдайда, олардың арасындағы байланыстар мен үйлестіру жеткілікті болмайды. Мұндай бенефициарлардың қатарына тиісті министрліктер, мұғалімдер, жұмыс берушілер, кәсіби одақтар ҮЕҰ кіреді.
      - Білім беру министрлігінен әріптестермен және басқа қатыстырылған тұлғалармен байланыстарды неғұрлым дәйекті түрде реттеуді ұйымдастыру қажет.
      - Техникалық білім беру саласындағы жобаның әртүрлі құрамдас бөліктері, мысалға оқу бағдарламасын әзірлеу, оқытушылар үшін эксперименттер, тренингтер мен семинарлар, әртүрлі қызмет түрлерінің үндесуін қамтамасыз ету үшін өзара тығыз байланыста болуға тиіс.
      - Жобаның барысын неғұрлым мұқият қадағалау қажет.
      - Оқу бағдарламасын әзірлеген кезде бір ғана әдістемені (мысалы, функционалдық талдауды) қатты ұстану ұсынылмайды, ал мұның орнына жергілікті контексте қолдануға болатын ыңғайлы әдістемені әзірлеуге талпыну қажет.
      - Елдегі техникалық кадрлардың тапшылығына қарамастан университеттердің барынша дамуына байланысты қаржы қаражатын толығымен алмайтын техникалық білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған консультациялар өткізуді көздейтін құрамдас бөлікті енгізу қажет.
      - Еуропа Комиссиясының жеткізген жабдықтары ұлттық және облыстық бюджеттерде көзделген қаржылық көрсеткіштерге сәйкес келуін қамтамасыз етуге арналған жүйені енгізу қажет.
      - Жеткізу, кедендік тазарту және т.б. кезінде болуы мүмкін кідірісті ескере отырып, жабдықтарды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін жабдықтарға арналған ерекшеліктер алдын ала (жобаның басталуына дейін) дайындалуға тиіс.
      - Ұлттық және облыстық деңгейлерде кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы өзгерістерді енгізу мүмкіндіктерін құруда қолдауды талап етеді. Тренингтерге және әлеуетті арттыру жөніндегі басқа да қызмет түрлеріне Білімінің, МТСЦ, облыстық білім беру және жұмыспен қамту департаменттерінің және әдістемені әзірлеуге, оқытушыларды оқытуға және сапаны бақылауға жауапты мекемелердің тарапынан қолдау көрсетілуге тиіс.
      - Қажет болған жағдайда, осы саладағы көптеген инновациялар тұрақтылығының кепілдігі ретінде олардың құқықтық базасы болуы үшін қолдау жөніндегі қызмет және оның нәтижелері ресми түрде әрі тиісті қаулылармен сүйемелденуге тиіс. Кез келген оң қадамды нормативтік-құқықтық актілермен қолдау өте маңызды, өйткені әкімшілік мәдениет әлі күнге дейін бақылауға негізделеді және заңнама жүзінде бекітілмегендер бюрократиялық тосқауылдарға, әсіресе анағұрлым төмен деңгейде тап болуы мүмкін.

       1.3. Қосымша іс-әрекет жасау салалары

      Еуропа Комиссиясының қосымша іс-әрекеттері

      Еуропа Білім беру қоры төменде көрсетілген барлық жобалар бойынша қолдаудың алуан түрлі спектрін ұсынды және оны алдағы жобаның кезінде де көрсететін болады. Қолдау қызметтің алуан түрлеріне қатысты болды: Техникалық тапсырманы дайындау кезіндегі тәжірибені жеткізуден бастап, нәтижелерді болжағанға дейін. Мұның өзі өзара толықтырып отыру қамтамасыз етілетіндігін білдіреді, өйткені жаңа жоба алдыңғы жобалармен үйлесімді байланыста болады, оларға Қор үкіметтен қатыстырылған тұлғалармен және жұртшылықпен қызмет істей отырып, тікелей қатысқан.

       TACIS жобалары
      - Қазақстандағы кәсіби білім беру мен оқытудың шағын және орта бизнестің дамуымен байланысы (2004-2005 жылдарға дейін).
      - Шағын және орта бизнесті өңірлік дамыту (2004 жылы аяқталды).
      - "Қазақстанда мамандандыруға негізделген кәсіби білім берудің оқу бағдарламасын әзірлеу үшін әдістеме мен әлеует" атты саяси консультациялар беру бағдарламасы, 2006 жылғы сәуірде келісім-шартты жасағаннан кейін жоба бұдан да ірі жобаға айтарлықтай үлес қосады.

       Еурокомиссияның басқа да жобалары
      Туризм саласындағы кәсіби білім беруге және осы саладағы жұмыспен қамту стандарттарының дамуын қолдауға бағытталған "Орталық Азиядағы ұлттық біліктілік жүйелері" атты Еуропа Білім беру қорының өңірлік жобасы. Жобаның кезеңі: 2006 жыл.

       Басқа да донорлар
      БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі, Техникалық даму жөніндегі Германия Агенттігі (GТZ), Ұлыбритания.
      КОІСА ұйымы (Корея) біліктілікті тану жөніндегі жаңа орталықтарды құруға қолдау көрсетеді.
      GТZ (Германия) кәсіби білім беру мен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламалары саласындағы жобаны іске асырды.

       1.4. Донорлардың қызметін үйлестіру

      Кәсіби білім беру саласындағы халықаралық және екі жақты донорлардың тарапынан жәрдем көрсету едәуір шектелген. Норвегия мұнайгаз секторында оқыту жүргізеді. Германия жаттықтырушыларды дамытуды қолдап, кәсіби білім беру арқылы әйелдердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі құны 2,5 млн. еуро тұратын жобаны бастамақшы. Оңтүстік Корея 1 млн. доллар тұратын екі жылға арналған жобасы бар осы саладағы сапаны тәуелсіз бағалауға жәрдем көрсетуде. Азия Даму Банкі демеушілік ететін Ақпараттандыру жөніндегі ұлттық бағдарлама осыдан бірнеше жыл бұрын студенттердің бір компьютерге шаққандағы санын 22-ге дейін арттыруға көмектесті (Ресейде бұл көрсеткіш 33-ке тең).
      Білім беру саласындағы донорларды үйлестіру тиянақсыз болып қалуда, бірақ Дүниежүзілік банк Еуропа Комиссиясының Өкілдігі мен Еуропа Білім беру қоры қатысатын жаңа бастаманы бастады. Сол сияқты Қазақстан Үкіметі Экономика министрлігі арқылы барлық салалар бойынша донорлық қолдау үшін басымдықтарды үйлестіру жөніндегі жаңа рәсімді шығарды.

      2. ӨҢІРЛІК/ЕЛДІК КОНТЕКСТ

      2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты

      Президенттің жарлығымен 2004 жылғы қазан айында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы бекітілген кезде ҚР Үкіметі 2004 жылы кәсіби білім беруге басымдық берді.
      Осы уақыттан бастап Білім және ғылым министрлігі жоғарыда көрсетілген бағдарламада көзделгендей кәсіби білім беру жүйесін дамытуға шынайы берілгендігін көрсетті. Үкімет ұлттық бағдарламаның бірінші кезеңіне (2005-2007) қаржы бөле отырып, Іс-әрекет жоспарын бекітті және эксперименттік мектептерді іріктеп алды. Кәсіби білім беруді, шағын және орта бизнеске және мұғалімдерді оқытатын институттарға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда, бағдарламаға арнап облыстық өкіметтерге қосымша қаражат бөлінді.
      Білім туралы қолданыстағы заңға түзетулер енгізілді және кәсіби білім беру саласындағы көптеген қаулы ұлттық бағдарламаны қолдау үшін шығарылды. Мысалы, жаңа қаулы мектептерге өз пәндерінің үлкен спектрін ұштастыруға мүмкіндік береді. Жұмыс тобы 2007 жылы Парламентке берілетін білім беру туралы заң жобасын дайындау үстінде. Кәсіби білім беру туралы жеке заңның қажеттігіне қатысты талқылаулар жалғасуда.
      Өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауыл шаруашылығында білікті жұмысшылар мен техниктердің жетіспеушілігіне байланысты  Үкімет кәсіби білім беруге көбірек назар аударатын болды. Негізгі тірек жалпы және жоғары білім беруге қойылған бірнеше жылдан кейінгі бұл оң өзгеріс. "Кәсіби Қазақстан" журналының редакторы және жоба жөніндегі жергілікті сарапшы Андрей Фролов атап өткендей, жұмыс күшінің үштен екісі кәсіби білім беруден келуге тиіс. Іс жүзінде кез келген басқа елмен салыстырғанда Қазақстанда жоғары білім алатын студенттердің 10 000 тұрғынға шаққандағы саны көп, бірақ түлектердің 22%-і ғана жұмыс табады.
      Президент 2005 жылғы ақпандағы Жолдауында техника және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіби жұмысшылардың қажеттігін атап өткендей, кәсіби білім беретін мектептердегі орынға мемлекеттік тапсырыс 15%-ке ұлғайды және маңызды өнеркәсіптік салаларға арналған 4 жаңа өңіраралық оқу орталығы 2009 жылы пайдалануға беріледі:
      - Атырау (Батыс Қазақстан) - мұнай мен газ құрылысы салынуда;
      - Павлодар (Солтүстік Қазақстан) - отын және энергетика;
      - Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) - маталар мен мата өнімдері;
      - Өскемен (Шығыс Қазақстан) - машина жасау.
      Үкімет әр оқу орталығына 25 млн. еуроға барабар соманы инвестициялауды жоспарлап отыр. Облысты дамытудың жоспарына сәйкес 2010 жылға қарай 33 жаңа мектеп пен кәсіби білім беретін колледж салынуға тиіс.
      Осы инвестицияларға қарамастан, оқуына жұмыс берушілер мен ата-аналар төлейді деп үміттенген Үкімет осы кезге дейін бұл салаға жеткілікті қаражат бөлмей отыр, тек соңғылары ғана төлеуге мәжбүр. Ұлттық бағдарлама бюджетінің 3,5% ғана кәсіби білім беруге жұмсалады (70 млн. еуро). Әдеттегідей, кәсіптік мектептердегі студенттердің жартысы мемлекеттің қаражаты есебінен (мемлекеттік тапсырыс) білім алады және екінші жартысы оқуына өз бетінше төлеуге тиіс.
      Бұл салада жаңаша ойлау қажет. Шағын және орта бизнес өкілдерін, оның мекемелерін, сондай-ақ пилоттық жобалар мектептерінің директорларын қоспағанда, адамдардың ойларында тапсырыс күту және жаңа идеяларға қарсы тұру үрдісі сақталды. Егер жаңа бастамаларды құқықтық актілермен қолдамаса, оларды көбінесе әкімшілер, әсіресе жергілікті деңгейде тежейді.
      Кәсіби білім беру бұрынғысынша жұмысқа орналастырудан оқшауланған. Жұмыс берушілерді бұл сала қызықтырмайды. Білім беру министрлігі мемлекеттік тендерлер арқылы кәсіби білім берудің стандарттарын/оқу бағдарламасын әзірлеуді ұйымдастырса да жұмыс берушілер сирек қатысады (93 мамандықтың 11 ғана жұмыс берушілермен байланысты болды). Облыстық деңгейде үшжақты мекемелер нарықтық мұқтаждықтарға негізделген кәсіби білім беру саласындағы өзгерістерге септігін тигізеді деп ұйғарылады, бірақ олардың қызметі осы күнге дейін мардымсыз болып қалуда. Кәсіби одақтар мүлдем қатыспайды. Осы саланың оқытушылары экономикалық даму қарқынынан қалып қоюда және көптеген мектептердің жұмыс берушілермен байланыстары жоқ. Кәсіптік мектептердің оқу құралдары мен жабдықтары ескіріп, үлкен инвестицияларды талап етеді.
      Қазақ Білім беру академиясы мен Республикалық Біліктілікті арттыру институты білім беру жүйесінде Министрліктің негізгі екі әдіснамалық институты ретінде кәсіби білім беру реформасының міндеттеріне қарай баяу бейімделуде. Ұлттық бағдарламада көзделген кәсіби білім берудің жаңа құрылымы әлі күнге дейін заңнама жүзінде бекітілген жоқ және тиісті түрде зерттелмеген, ал кәсіби білім берудің стандарттарын және оқу бағдарламасын әзірлеуге арналған жаңа әдіснама әлі әзірленген жоқ.
       2006 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы бойынша Қазақстан ұсынған басымдықтар
      Президенттің Жолдауына сәйкес Тасіs бағдарламасы ұсынған және 2006 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын басымдық кәсіби білім беру болып табылады:
      "Білім берудің және ғылымды дамытудың қазіргі заманғы әрі тиімді жүйесін енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялар мен ғылыми өндіріс саласындағы мамандарды оқытуды қоса алғанда, халықтың кәсіби біліктілігінің санын арттыру".

      2.2. Секторлық контекст

      Осы уақытқа дейін кәсіби білім беру мен оқыту жүйесі еңбек нарығының мұқтаждықтарына сәйкес келмеді. Кәсіби білім беру жүйесі осы күнге дейін білім берудің көп бейінді түрімен қамтамасыз етудің орнына, дәстүрлі ірі ауқымды кәсіпорындар үшін санаулы мамандарды оқытуға шоғырландырылды. Осы мәселелерді шешу және Қазақстанда жүйені одан әрі қарай жаңғырту үшін реформалаудың мынадай: кәсіби білім беру жүйесін дамыту үшін стратегиялық салаларды және басымдықтарды айқындау, білім беру мен дағды саласындағы мұқтаждықтарды қадағалау мен болжау, кәсіби білім беру жүйесін мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту, институттардың физикалық инфрақұрылымын жетілдіру және әлеуметтік әріптестерді тарту шаралары қажет.
      Жоғары сапалы және нарыққа бағдарланған кәсіби білім беру Индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын табысты іске асыру үшін жағдай жасайды және өнеркәсіпті, құрылысты, қызмет көрсету саласын, шағын және орта бизнесті, тұтастай алғанда экономиканы дамыту үшін түрткі болады.
      Жоба шеңберіндегі "әлеуметтік әріптестік" аспектісі кәсіптік мектептер, жұмыс берушілер, студенттер және олардың ата-аналары арасындағы әріптестіктің сан алуан түрлеріне, сондай-ақ Білім беру министрлігі мен ынтымақтастықты және байланысты қамтамасыз ету үшін нығайтуды және қолдауды қажет ететін топтар арасындағы әріптестікке қатысты.

       3. Сипаттамасы

       3.1. Мақсаттары

      Жобаның жалпы мақсаты Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы шеңберінде Қазақстандағы кәсіби білім беруді және оқытуды реформалау процесіне жәрдем көрсету болып табылады.
      Жобаның нақты мақсаты Қазақстандағы жұмыс күшінің сапасы мен жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында еңбек нарығының мұқтаждықтарына неғұрлым жауап беретін кәсіби білім беру мен оқыту жүйесін әзірлеуді одан әрі қарай қолдау болып табылады.

      3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет салалары

      Нәтижелер

      - Ақмола және Ақтөбе сияқты эксперименттік облыстарда мектептер мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестікті одан әрі қарай дамыту;
      - Екі облыстың бес пилоттық мектебінде модульдік бағдарламаларға шолу жасау және еңбек нарығы мұқтаждықтарының өзгерістеріне сәйкес келуі үшін бағдарламаларды бейімдеу;
      - Кәсіби білім беру мен модульдік оқу бағдарламалары саласындағы әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту мен кеңейту;
      - Кәсіби білім беру жүйесіне өзгерістер енгізу үшін әлеуетті нығайту;
      - Жобаның қызметі және нәтижелері туралы ақпаратты тарату.

      Негізгі қызмет түрлері

      - Оқушылардың білімін тәуелсіз бағалау әдістемесін қоса алғанда, Ұлттық бағдарламада көзделгендей, кәсіби білім берудің және оқытудың қайта құрылымдалған жүйесіне арналған оқу бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемені ұсыну;
      - білім және ғылым министрлігінің қызметін одан әрі қарай қолдау, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
      - кәсіби білім беруді көздейтін пилоттық мектептерді және кәсіпорындарды белсенді түрде қатыстыра отырып, оқытушыларға және бағалау жөніндегі сарапшыларға әлеуметтік әріптестік мәселелерін оқыту. Жұмыс топтарына, кәсіби білім беретін пилоттық мектептердің директорларына және оқытушыларына, сондай-ақ Қазақ Білім беру академиясының және Республикалық басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының қызметкерлеріне арналған оқытатын іс-шаралар өткізу;
      - пилоттық мектептерді оқу процесіне қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
      - 2001 жылға арналған TACIS жобасын іске асыру барысында сыннан өткен әдістемені және білімді бағалайтын әрі білім беру сапасын қамтамасыз ететін жаңа құралдарды пайдалана отырып, іріктеп алынған басқа да салаларды және жұмыспен қамту салаларын қамту үшін әзірленген стандарттарды және оқу бағдарламаларын кеңейту;
      - келесі ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіби талаптарды әзірлеу;
      - таңдап алынған модульдік бағдарламаларды жұмыспен қамтудың формалдық емес секторының мұқтаждықтарына сәйкес келтіру және білім алғанын растайтын құралдарды әзірлеу;
      - мектеп бағдарламасына және жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтерде даярлау бағдарламасына мансап және кәсіби оқыту элементтерін енгізу;
      - пилоттық мектептер, аудандар, облыстар мен ұлттық мекемелер арасында тәжірибемен және ақпаратпен алмасу;
      - кәсіби білім берудің және оқытудың бас жоспарын іске асыруға әрі дайындауға жәрдемдесу үшін білім беру саласының өкілдерін, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мекемелерді, кәсіпорындардың және ұлттық, облыстық (пилоттық) деңгейдегі кәсіптік одақтардың басшыларын қамтитын кәсіби білім беру мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру;
      - кәсіби білім алуға мүдделі жұртшылықтың арасында, елдің басқа да облыстарында жобаның қызметі мен нәтижелері туралы ақпаратты тарату;
      - кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы басқа да донор ұйымдармен белсенді ынтымақтастық.

       3.3. Мүдделі тараптар

      Бенефициарлар
      - Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      Түпкі бенефициарлар
      -  Жұртшылық, оқытушылар мен студенттер, жастар
      Негізгі қатысушылар
      -  Білім және ғылым министрлігінің Кәсіби білім беру мен оқыту департаменті
      Басқа да қатысушылар
      Жергілікті билік, саясатты қабылдайтын органдар, донорлар (Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі, ПРООН, Техникалық даму жөніндегі Германия Агенттігі (GTZ), Британия Кеңесі және ЕО елдері).

       3.4. Тәуекелдер мен болжамдар

      Негізгі тәуекелдер :
      - жаңа идеяларды және әдістемелерді енгізуге қарсы тұру;
      - жоба аяқталғаннан кейін жаңа стандарттарды және оқу бағдарламаларын неғұрлым кеңірек енгізуді қаламау;
      - министрліктер персоналының көп ауысуы, институционалдық жадты жоғалту;
      - кәсіби білім беру секторындағы жеткіліксіз қаржыландыру тәжірибесі.
      Жоғарыда аталған тәуекелдердің алғашқы екеуі жаңа әдістерді және оқу бағдарламаларын әзірлеу саласындағы жәрдемдесудің басқа да түрлерінің барлығы үшін негіз болатын қызмет ретінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру арқылы барынша төмендетіледі. Тәуекелдің үшінші түрі Еуропа Білім беру қоры мен Министрліктер арасында бұдан бұрынғы жобалардың барысында орнатылған жақсы қарым-қатынастардың арқасында төмендетілуі мүмкін, мұның өзі жобаның мақсаттарына қол жеткізуге қажетті маңызды әріптестердің ең болмаса бір бөлігінің қалатынын жорамалдауға негіздеме береді. Үкімет қазіргі кезде осы секторға көбірек қаражат бөледі, бұл болашақта кәсіби білім беру реформаларын жеткіліксіз қаржыландыру проблемасын азайтуға тиіс.

      Негізгі жол берулер:
      - Қазақстандық әріптестер ұсынылған реформаларды жүзеге асыра отырып, саясатты және стратегияны әзірлеу процесіне толығымен қатыстырылатын болады
      - Әлеуметтік әріптестер арасында, әсіресе жұмыс берушілер тарапынан жеткілікті қызығушылық пен айнымастық бар
      - Пилоттық мектептер уақыты мен күш-жігерін оқуға және әдістемелерді пайдалануға жұмсауды қалайды
      - Қазақстан тарапы жобаға толық қатысу үшін адам ресурстарының жеткілікті санын ұсынады
      - Жабдықтар тиісті түрде орнатылады және оның міндеті түсінікті болады.

      3.3. Қажетті шарттар

      Қолданылмайды

      3.4. Сабақтас мәселелер

      Еңбек нарығына, кедейлікке қарсы күреске және табыс алуға, сондай-ақ жанжалға әкеп соқтыруы мүмкін қысымды азайтуға байланысты мәселелер.

      4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      4.1. Іске асыру әдісі

      2006 жылға арналған Қазақстандық іс-қимыл бағдарламасының 2-бағыт құрамдас бөлігінің шеңберінде іс-әрекет жасау үшін бенефициар елдің үкіметімен Қаржы келісіміне қол қою арқылы орталықтандырылған басқару.
      Іске асыруды Еуропа Комиссиясы тендерлер аяқталғаннан кейін қызметтер көрсету/жеткізу шарттарына қол қою арқылы жүргізеді.

      4.2. Бюджет және күнтізбе

      Бюджет 1 000 000 еуроны құрайды, оның 200 000 еуросы жеткізуге және 800 000 еуросы қызметтерге арналады.

Индикативтік бюджетті бөлу ЕО салымы Бенефициар
үкіметтің
салымы
Басқа донорлар Жалдаушы/қаржы-ландырушы орган

1. Көрсетіле-
тін қызметтер
Техникалық
қолдау қызме-
тін көрсетуге
бір келісім
-шарт көзделген

800000

-

-

Еурокомиссия

2. Жеткізі-
лімдер
Жеткізілімге
бір келісім
-шарт көзделген

200000

-

-

Еурокомиссия

ЖИЫНЫ

1000000

-

-

Еурокомиссия

      Жобаның операциялық ұзақтығы Қаржы келісіміне қол қойылған күннен бастап 36 айды құрайды.
      Жоба барынша тез басталуы үшін техникалық тапсырма қол қойылғанға дейін дайындалады. Болжамды күні - 2007 жылғы екінші тоқсан. Жеткізілім қызмет көрсету туралы шарт бойынша жұмыс істейтін сарапшылардың нұсқауларына сәйкес 2007 жылғы төртінші тоқсанның ішінде ұйғарылып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаржы келісіміне қол қою күні қазіргі уақытта белгісіз.

      4.3. Сатып алу және гранттар беру рәсімдері

      Қаржылық келісімді орындау жөніндегі барлық келісім-шарттар тиісті рәсімдер басталған сәтте қолданылатын Еурокомиссия сыртқы операцияларды іске асыру үшін жариялаған рәсімдерге және стандарттық құжаттарға сәйкес берілуге және орындалуға тиіс.
      Бағдарлама бойынша бүкіл болжанатын көрсеткіштер Комиссия бекіткен және тиісті көрсеткіштерді қабылдаған сәтте қолданылатын рәсімдерге және стандарттық құжаттарға сәйкес келуге тиіс.

      4.4. Мониторинг жүргізу

      Үнемі мониторинг жүргізу Комиссия міндеттемелерінің бір бөлігі ретінде тұрақты процесс болады. Қызметтер көрсетуге арналған екі келісім-шартты қадағалау Tacis қадағалаушыларының жұмысы шеңберінде жобаны іске асыру мерзімі бойы әр 6 ай сайын жүзеге асырылады.

       Маңызды индикаторлар
      - Кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру және ойдағыдай енгізу;
      - Бірқатар жаңа стандарттар мен оқу бағдарламалары әзірленді;
      - Оқытушылардың, жаттықтырушылардың және бағалаушылардың белгілі бір саны оқытылды;
      - Әлеуметтік әріптестердің белсенді қатысқаны және кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы мүдделі тұлғалардың арасындағы ынтымақтастықтың жақсарғаны туралы дәлелдер бар;
      - Жаңа құралдарды және басқару мен қаржыландыру әдістерін енгізу;
      - Ағымдағы іс-қимыл жоспарын іске асырудағы прогресс, алдағы стратегияларды және іс-қимыл жоспарларын әзірлеу мен іске асыру.

      4.5. Бағалау және аудит

      Бағалауды (аралық, ақтық немесе ақтықтан кейінгі сатыда) және аудиторлық тексеруді жүргізу таңдап алынған мердігермен (мердігерлермен) жасалған шарттық міндеттемелердің ажырамас бөлігі болып табылады.
      Сыртқы бағалауды және аудитті Еурокомиссия ережелеріне әрі техникалық тапсырмада арнайы белгіленген рәсімдерге сәйкес Еурокомиссия тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттар да жүргізе алады.

7 (СА АР 2006) жобаның қисынды шенбері - Қазақстандағы кәсіби білім беру мен оқыту шенберіндегі әлеуметтік әріптестік (**)


Араласу логикасы Объективті бақылауға
берілетін
индикатор-
лар/жетіс-
тіктер көрсеткіші
Бақылау   көздері Жол беру-
лер мен тәуекелдер

Жалпы
мақсаты

Білім беруді да-
мытудың 2005
-2010 жылдарға
арналған ұлттық
бағдарламасы
шеңберінде кәсі-
би білім беруді
және оқытуды 
реформалауға
үлес қосу

ЖІӨ-ні артты-
ру; Жұмыспен
қамтуды артты-
ру.

Ресми
статистика


Нақты
мақсаты

Еңбек нарығының
мұқтаждығына
неғұрлым сәйкес
келетін қазақс-
тандық жұмыс
күшінің сапасын
және жұмысқа
орналасу мүмкі-
ндігін арттыру
үшін кәсіби бі-
лім беру мен
оқыту жүйесін
дамытуға қолдау
көрсетуді әрі
қарай жалғастыру

Жұмыспен қам-
туды арттыру
Әлеуметтік-эко-
номикалық
көрсеткіштерді
жақсарту
Мұнайгаз
секторынан бас-
қа салалардан
түсетін ЖІӨ
пайызы

Ресми ста-
тистика
Халықара-
лық стати-
стика
(БҰҰ адам
дамуының
индексі)
және т.б.

Қазақстан
Үкіметінің
тарапынан
реформалар
бойынша
бұлжымас-
тықтың дең-
гейі мен
жүйелі жұ-
мыс
 
  Елдегі
жағдайдың
жалпы тұра-
қтылығы

Нәтиже-лері

Мектептер мен
жұмыс берушілер
арасындағы
әлеуметтік
әріптестік Ақ-
мола және Ақтөбе
сияқты пилоттық
облыстарда әрі
қарай дамытылады

Екі облыстың 6
пилоттық мекте-
бінде модульдік
бағдарламаларға
шолу жасау және
еңбек нарығы
мұқтаждықтарының
өзгерістеріне
сәйкес келуі
үшін бағдарла-
маларды бейімдеу
 
 
 
 
 
 
 

              Кәсіби білім беруді көздей-
тін пилоттық
мектептерді және
кәсіпорындарды
белсенді түрде
қатыстыра оты-
рып, окытушылар-
ға және бағалау
жөніндегі сарап-
шыларға, кәсіби білім беретін пилоттық мек-
тептердің дире-
кторларына және оқытушыларына, сондай-ақ Қазақ Білім беру академиясына және Республика-
лық басшы және ғылыми-педагоги-
калық кадрлар-
дың біліктілі-
гін арттыру ин-
ститутына әлеу-
меттік әріптес- тік мәселелерін оқыту
 
  Техникалық
жабдықтар
пилоттық мек-
тептердегі
оқыту процесіне
жәрдемдесетін болады 
 
 
    Окушылардың
білімін тәуелсіз
бағалау
әдістемесін
беру қоса алғанда, Ұлттық
бағдарламада
көзделгендей,
кәсіби білім
берудің және
оқытудың қайта
құрылымдалған
жұйесіне
арналған оқу
бағдарламасын
әзірлеу жөнін-
дегі әдістеме
ұсынылатын бо-
лады 
 
  Кәсіби білім берудің және оқытудың бас жоспарын іске асыруға әрі дайындауға жәрдемдесу үшін білім беру саласының өкіл-
дерін, еңбек және жұмыспен қамту саласы-
ндағы мекемеле-
рді, касіпорын-
дардың ұлттық,
облыстық (пилот-
тық) деңгейде- гі кәсіптік одақтардың басшыларын қам-
титын кәсіби білім беру мәселелері жөні-
ндегі жұмыс топтарын құру
 
  Пилоттық мек-
тептер, аудан-
дар, облыстар мен ұлттық меке-
мелер арасында ақпаратпен ал-
масу
 
 
 
 
        Жобаның қызметі мен нәтижелері туралы ақпарат елдің басқа да облыстарында кәсіби білім беру саласында-
ғы жұртшылықтың
назарына жеткі-
зілетін болады.
Кәсіби білім беру мен оқыту саласындағы басқа да донор-
лармен белсенді
ынтымақтастықты
іздестіру жүр-
гізілетін болады

Жұмыс берушіле-
рдің арасында-
ғы, сондай-ақ
жұмыс беруші-
лер мен мектеп-
тер арасындағы
өзара іс-әре-
кетті нығайту

  Шолу жасау, оқу
бағдарламасын
бейімдеу/әзір-
леу
Мектептердің
реформаларды
енгізуі
 
 
 
 
 

                Тренингтер өт-
кізу
Жаңа пилоттық
оқытатын
бағдарламаларды
әзірлеу мен
сыннан өткізу

                        Мектептерге тиісті жабдық-
тарды жеткізу

      Әдіснаманы әзірлеу және беру

                  Жұмыс топтары-
ның құрылуы
және олардың
жемісті жұмыс
істеуі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                      Мүдделі тұлга-
лардың арасында
білім деңгейі-
нің артуы

      Кәсіби білім беру мен оқыту саласында донорлардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту

Жұмысқа
ойдағыдай
орналасқан
түлектер-
дің саны
 

      Қайта қа-
ралған оқу
бағдарла-
малары
 
 
 
 
 
 

                    Жоба бойынша есептер
Өткізілген
тренингте-
рдің саны
Тренингтерматериал-
дарын та-
рату
 

                      Жабдықтар-
ды тексе-
ру
Жоба
бойынша
есептер
мен аудит

  Осы әдіс-
темеге жазбаша нысанда қол жеткі-
зу, жоба бойынша есептер 

            Бағалау
және
есептер
Жұмысқа
сәтті
орналасқан
түлектер-
дің саны
Біліктілік алған тү-
лектердің саны
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                            Бағалау
және есептер
Ақпарат
алған мек-
тептердің
және меке-
мелердің
саны
 
  Бірнеше донорлар қатысатын жобалардың саны

Кәсіби білім беру
саласын-
дағы
донорларды
үйлестіру
жөніндегі
жиналыс-
тардың
саны

Ынтымақтас-
тықты
нығайтуда
мектептер
де, жұмыс
берушілер
де роль
атқарады
 
 

    Әлеуметтік
әріптестер,
әсіресе
жұмыс
берушілер
арасындағы
қызығушылық
 
  Жоба
бойынша
толық жұмы-
спен қамту
үшін тиіс-
ті адам
ресурстары-
ның жетіс-
пеушілігі

Мектептер мен жұмыс берушілер-
дің жұмыл-
дырылу деңгейі,
тренингке
қатысуға) ынтасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                      Тиісті түр-
де орналас-
тыру және жоба шеңбе-
рінде жет-
кізілген жабдықтарды
пайдалана білу 

Жоба аяқта-
лғаннан кейін жабдықтарды
сақтап қа-
лу мұмкін-
дігі

Мектептер-
дің жаңа әдістемені пайдалануға
ынтасы
 

        Мүдделі тараптардың бірлесіп жұмыс істеуге ынтасы
 

                       Ақпаратты тиімді та-
рату, осы-
ған жауап-
ты тұлғала-
рды тағайы-
ндау
Донорлардың қызмет іс-
теуге ын-
тасы

Шара-
лар

Хабардар болуды арттыру
 
  Оқытушылардың
персоналын және
жаттықтырушылар-
ды дамыту жөні-
ндегі тиісті
бағдарламаларды әзірлеу мен
енгізу
 
  10 пилоттық мектепте кәсіби білім беруді енгізуге жәр-
демдесу. Сапаны бағалаудың және бақылаудың жаңа құралдарын коса алғанда, Тасіs 2001 жобасы бойынша тесті-
леуден өткен, қайта қаралған әдіснаманы пай-
далана отырып, таңдап алынған басқа да сала-
ларға және жұмы-
спен қамту са-
ласына стандар-
ттарды және оқу
бағдарламаларын
әзірлеуді кеңей-
ту
 
  Оқытушыларды,
жаттықтырушылар-
ды және бағалау-
шыларды оқыту
Таңдап алынған оқу бағдарлама-
ларын формалдық
емес сектордың
мұқтаждықтарына
бейімдеу және
білім алғанын
растайтын құрал-
дарды әзірлеу
 
  Оқу бағдарлама-
ларына және жұ-
мыспен қамту саласындағы қыз-
меттерге мансап-
қой білім беру және кәсіби бас-
қару элементте-
рін енгізу
 
  Білім және ғы-
лым министрлігі-
нің қызметін әрі
қарай қолдау,
оның және Еңбек және халықты әлеуметтік қор-
ғау министрлігі-
нің арасындағы ынтымақтастықты
дамытуға жәрдем-
десу
 
  Болашақтағы Ұлт-
тық білім беру бағдарламасына енгізу үшін бі-
ліктілікті әзірлеу


Бюджеті: 1 000 000 еуро  


     **: Логикалық шеңбер жобаны іске асырудың бастапқы сатысының ішінде пысықталатын болады.

                   8-ЖОБАНЫ ҚЫСҚАША СИПАТТАУ

Атауы

Ұлттық үйлестіру бөлімін қолдау (ҚР)

Жалпы құны

500000 еуро (ЕО салымы)

Көмек көрсету әдісі

Жобаны іске асыру әдісі  орталықтандырылған
басқару

Код DАС

15110

Сектор

Экономикалық сая-
сат, әзірлеу/
жоспарлау

      1. НЕГІЗДЕМЕ

      1.1. Стратегиялық шектер

      ТАСИС-тің 2000-2006 жылдарға арналған ережесі Ынтымақтастық пен әріптестік жөніндегі келісімде (ЫӘК) қойылған қағидаттар мен міндеттердің негізінде келісілді. Әсер етуді барынша арттыру үшін бағдарлама бастамалардың шектеулі санында шоғырландырылады және Ережеде көрсетілген негізгі өңірлердің түрлі қажеттіліктері мен басымдықтарын назарға алады.
      Орталық Азия бойынша 2002-2006 стратегиялық құжат (ОАСҚ) және 2002-2004 және 2005-06 Индикативтік Бағдарламалар (ИБ) көмек әріптес ел реформалар жүргізуде өз мүддесін білдіруге ниет білдірген секторға және сол мәселелерге жіберілуі тиіс деп атап көрсетілді. Осыған байланысты, осы бағдарлама ТАСИС бағдарламасының үкіметтің ұстанымдарына сәйкестігін арттыру, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастыққа жәрдем көрсету мақсатында әзірленді.
      ТАСИС-тің ОА бойынша 2005-2006 жылдарға арналған индикативтік бағдарламасы әділет және ішкі істер, көлік секторы мен қоршаған орта мәселесінде көршілес елдерде ынтымақтастық бойынша ЕО көмек бағдарламасын кеңейтеді; елдің деңгейінде ЫӘК шеңберінде көмек пен саяси диалог арасында байланыс сауда мен мемлекеттік қызмет саласындағы көмекке баса назар аудара отырып, нығайтылатын болады.
      Жобаның көлденең құрылымын ескере отырып және ТАСИС Ережесінің мерзімі 2006 жылғы 31 желтоқсанда өтетіндігіне байланысты ЕО көмек көрсету және атап айтқанда, "Дамыту және экономикалық ынтымақтастық мақсатында ынтымақтастық құралы" 1 ОА үшін ынтымақтастық бағдарламасының жаңа саяси және әкімшілік құралдары пайда болатындығын атап өту маңызды. Бұл әріптес елдің үкіметін үйлестіру органының ЕО тәжірибесін пайдалана отырып, одан әрі техникалық көмек көрсету қажеттілігін туғызады.
      Ұлттық үйлестіру бөлімі Еуропа Одағының қолдау көлемі өсіп отырған жетілген қарым-қатынастарды және Үкімет көмекті жоспарлау мәселелерімен, жоспарлаумен және үйлестірумен айналысатындығын көрсете отырып, уақыт өте келе өзгерді. Бүгінгі күні - ол арқылы мемлекеттің қатысуына кепілдік берілетін арна болып табылатын диалог бойынша белсенді әріптес. Оның ИБ үлесін және ЕО саясат жүргізу және олардың байланысын ұлттық басымдықтармен үйлестіру мәселелері жөніндегі диалогының Консультативтік бағдарламасын қамтамасыз ету қабілеті соңғы жылдарда өсті.
      Мұндай үрдіске ұлттық үйлестіру бюросын (ТАМСU) техникалық көмекпен қамтамасыз ететін ТАСИС бағдарламасының көмегінің арқасында қол жеткізілді.
      ҰҮБ институционалдық құрылымы ҰҮБ арнайы құрылымы болмаса да, Қазақстанның заңнамасының формалдық талаптарына сәйкес келтірілді. НКБ төмен ресурсты болып қалып отыр және ТАМСU мүмкіндіктеріне иек артуды жалғастырып отыр. 2004 жылғы қазанда ТАМСU соңғы жобасының аяқталған күнінен бастап және 2006 жылғы мамырдың аяғында басталған қазіргісінің арасында бір жарым жыл үзіліс болды. Үкіметпен қаржы ұсыныстарын келісуде болған жақындағы қиыншылықтардан кейін донорлардың қоғамдастығы елде мақұлдау үрдісін жылдамдату үшін үйлестіруші органдарға үкіметте ұсыныстармен көмектеседі. Қазіргі уақытта әрбір қаржы келісіміне ұзақ кеңесу үрдісі күтіп тұр. ҰҮБ-нің одан әрі көмегі ТАСІS бар ережелерінің көмек көрсетудің жаңа құралдарына көшуі себепті қажет.
      Қазақстан - ЕО ОА маңызды әріптесі. "ЕО-Қазақстан" 1999 жылдан әрекет ете бастады. 2003 жылдан бастап ЕО Қазақстанның ірі тікелей шетелдік инвесторы болып табылады. Қазақстан - бұл ЕО басты энергетика жеткізушісі. Соңғысы, бірақ соңы емес, Қазақстан ДСҰ-ға кіретін ел, мұны ЕО белсенді түрде қолдап отыр.
      Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамудың 2003-2006 жылдарға арналған үкіметтік ИБ - бұл "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасымен байланысты елдің қысқа мерзімді стратегиясы. Демократиялық реформалар бағдарламасы 2006-2008 және 2009-2011 жылдарда енгізу үшін әзірленді.
      Мұндай құжаттар ЫӘК-мен қатар өзара басымдықтарды анықтау үшін формалдық құрылымды қамтамасыз етеді.
________________________
"Мұндай құралдарды құрайтын Кеңесті реттеу жөніндегі ұсыныс"

      1.2. Алынған сабақтар

      ЕО алдындағы көмегін іске асыру және үкіметпен көптеген талқылаулар тәжірибесі үрдіс көптеген жобалардың шашыраңқы сипатынан және үкімет даярлаған және донорлар келіскен секторлар бойынша бағдарламаның жоқтығынан қиындатылды. Сондықтан:
      (а) тиімділігін арттыру, қайталауды болдырмау және қаражаттың ысырапсыз жұмсалуының алдын алу үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған техникалық көмекті қамтамасыз ету;
      (b) жобаларды жобалауда үкіметпен тығыз ынтымақтастық арқылы жоба нәтижелерінің тұрақтылығын жақсарту үшін бенефициарлардың қатысуына кепілдік беру;
      c) ЕО көмегі жекелеген секторларға қатысты үкіметтің саясатына негізделуі тиіс деген фактіге кепілдік беру;
      (d) ЕО қаржыландыратын басқа бағдарламалармен және жобалармен, сондай-ақ донорлардың жұмысымен келісімдікке кепілдік беру;
      (е) қарсы әрекет ету икемді бағдарламасы бойынша жүргізілетін саясатты әзірлеу мәселелері жөніндегі диалог арқылы ең жоғары саяси деңгейде ЕО көмегін қолдауға кепілдік беру маңызды.
      Алдыңғы бағдарламалардың тәжірибесі және ЕО бағдарламасын және басқа сыртқы көмектің негізінде болашақта мұндай көмекке:
      - үкіметтің ИБ және ПҚ даярлауда белсенді және тиімді қатысуын қолдаумен;
      - азаматтық қоғам мен жеке секторды қоса алғанда ЕО болашақтағы бағдарламаларымен көзделген елдің өзінде қатысушылардың көбі жоспарлау мен енгізу мәселесінде тиімді қатынауын қамтамасыз ете алатындығын қамтамасыз ете отырып;
      - Республикалық органдардың басқа республикалық және халықаралық бағдарламалармен бағдарламаны тиімді үйлестіруін жылжыту және жеделдетуге шектеу қойылады.

      1.3. Қосымша әрекет ету салалары

      Көп жыл бойы Комиссия азаматтық қоғамның реформасын қолдау, ЫӘК енгізу және Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі күш салулар бойынша жобаларды қаржыландырады. Табысты ынтымақтастықтың алғашқы нәтижесі - бұл 1999 жылы қабылданған Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды әзірлеу. Жақында Комиссия Қоршаған орта жөніндегі кодексі әзірлеуді қаржыландырды, осы жылы елдің үкіметіне құжаттың түпкі нұсқасын жасауға, содан кейін оны жүргізуге көмектесетін болады. 2004 жылдан бастап Комиссия тиісті министрліктермен және Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтаса отырып, ДСҰ-ға кіру және ЕО ЫӘК-ты Қазақстанға енгізуін қолдау шеңберлерінде техникалық ережелер мен стандарттар және оларға сәйкес салалардағы заңнамалық және техникалық ахуалды қайта қарауға белсенді қатысады. Policy Dialogue Advice   қамтитын "жақсы үкімет" бағдарламасы (РDАР - саясатты әзірлеу мәселелері жөніндегі консультативтік бағдарлама) және "Сауда-саттық пен инвестициялар", онда "Мемлекеттік сатып алуды дамыту жүйесі" - бұл 2006 жылғы ҚБ бір бөлігі.
      Комиссия INOGATE, ТRАСЕСА, ВОМСА/САDАР сияқты ТАСИС-тің өңірлік бағдарламалары арқылы ұсынылатын көмекті үйлестіретін жобаларды қаржыландырады.
      2006 жылға қаңтардан бастап ЕО делегациясы үкіметтің өтініші бойынша ЕО авиация саласындағы саясат, ТENS көлік саясаты, Жасыл Кітап жөнінде, ЕО энергетикалық саясаты мен қоршаған орта жөніндегі үкіметтік семинарларды ұйымдастырды.
      Одан әрі сауалдар "біту алдында" және ЕО сарапшыларын және алдын ала бірлесіп жоспарлауды қоса алғанда мұндай қажеттіліктерді қанағаттандыратын бағдарламаның бізге қажеттігі түсінікті болды.

      1.4. Донорларды үйлестіру

      ҰҮБ рөлін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (ЭБЖМ) жанындағы Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (ИСЖД) орындайды. ИСЖД Қазақстанда донорлардың көмегін үйлестіруге жауап береді. Донорлардың барлығының қатысуымен көмекті үйлестіру жөніндегі кеңес Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде. НКБ көмектесе отырып, жоба басқа донорлармен ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ЕО жобаларын іске асырудан жиынтық пайданы арттырады.
      ЕО үкіметпен екі жақты қарым-қатынаста (мысалы, ЕО - Қазақстан кіші комитетінің, ынтымақтастық жөніндегі комитеттер мен кеңестердің шеңберінде, сондай-ақ ұлттық үйлестірушілермен тұрақты кездесулер өткізеді). ЕО Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы донорларды үйлестіру НКБ дерекқорын қаржыландырады.

      2. ЕЛДІК КОНТЕКСТ

      2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты

      Қазақстан донорлық көмекті бақылауға және оны жыл сайынғы республикалық бюджетке және стратегиялық міндеттерді іске асыруға біріктіруге ниетін жария ететін табыс деңгейі орташа ел болып отыр. ЭБЖМ 2005 жылдың шілдесінде донорлардың гранттары мен қарыздарын үйлестірудің жаңа үрдісін бастады, сонымен бірге осындай донордың функцияларын кеңейтуге сәйкес көмек көрсету үшін оларды таңдауды жүргізді.
      Үкімет түрлі қызмет түрлеріне өзі ақша төлегенді артық көреді. Кейбір жағдайларда, мысалы, RTD дамыту саласында ол жобаларға 50 пайыздық ақы төлеу формуласын қабылдады. Ол қарызды даярлауды және Дүниежүзілік банк қарыздарының алдындағы "жұмсақ құрауыштарды" бірлесіп қаржыландырды. Мұндай ұйымдастыру үкіметтің қатысу үлесін арттырды және Дүниежүзілік Банктің мұндай нәтижеге толық көңілі толады.
      Президент Назарбаев 1997 жылғы қазанда ұсынған және 2005 жылы талданған "Қазақстан 2030" елдің ұзақ мерзімді стратегиясы ауыспалы кезеңде әлеуметтік, экономикалық және саяси келіспеушіліктерді жоюға көп көңіл бөледі. Құқық нормаларына негіздей отырып, (а) есепті мемлекеттік органдарды, (b) жеке және мемлекеттік кәсіпорындармен тиімді жұмыс істейтін экономикасы бар елді, сондай-ақ  адал басқару қағидаттарына  негізделген (с) мекемелерді дамыту қажет. Ол экономикалық өсу мен кәсіби жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдар осы мақсаттарға қол жеткізуде негізгі болып табылады деген фактіні шарт етіп қояды. Орталық аппаратты және жергілікті уәкілетті құрылымдарды қайта ұйымдастыру, тиімді институтаралық үйлестіру, министрліктердің мәртебесі мен есептілігін арттыру, орталықсыздандыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу, мемлекеттік құрылымдардың жеке бизнестің жұмысына араласуын болдырмау елдің негізгі міндеттері болып табылады. Үкіметтің электрондық үкімет құру мәселелерін қамтитын экономикалық ырықсыздандыру мен адал басқару жөніндегі соңғы бастамалары "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді міндеттерін іске асыруды қолдауға бағытталған.
      Мемкомитет құрылды және 2006-2008 жылдары және 2009-2011 жылдары құру үшін көзделген Демократиялық реформалар бағдарламасын нақтылау және нақтылау жөніндегі өзінің бірінші отырысын өткізді. Қазақстан БҰҰ мыңжылдықты дамыту жөніндегі мақсаттарын қабылдаған 186 елдің бірі.

       3. СИПАТТАМАСЫ

       3.1. Мақсаттары

      ОА бойынша 2002-2006 елдік құжат және 2005-2006 жылдары ИЖ ЕО көмегінің жаңа стратегиясының басты мақсаты ОА елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық дамытуға және кедейшілікті қысқартуға ұмтылуда көмек болып табылады делінген.
      Жобаның ерекше мақсаты ЕО көмегіне, қатысты жоспарлау үрдісін жақсарту және нығайту және Қазақстанның үкіметін үйлестіру болып табылады.

       3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет түрлері

      Нәтижелердің үлгілік тізімі:
      - сыртқы көмек шеңберінде анықталған ЕО пен қазақстанның жақсы анықталған және бірлесіп-келісілген басымдықтарына жауап беретін және жобаның қатысушыларымен консультациялардан кейін кең әсер етуді көрсететін ИЖ мен ҚБ әзірлеуге арналған тиісті шығындар;
      - секторды шолудан бастап тиімді диалогқа және көмек көрсететіндермен шешім қабылдағанға дейін осы жобаны аяқтағанға дейін көмекті жоғары сапалы бағдарламалауды қолдауды жетілдірілген мүмкіндік.
      Жұмыстың үлгілік тізімі:
      - Елдік құжаттарды әзірлеуге салым ретінде үкіметтің басымдықтары мен елдегі ахуал туралы ақпаратты қамтамасыз ету, пікірталастар негіздері және болашақ ИЖ әзірлеу;
      - министрліктермен, техникалық ұйымдармен және өкілдік топтармен (мысалы, жергілікті әкімшілік, шағын және орта кәсіпорындар, еңбек ұйымдары мен коммерциялық емес институттар) консультацияларда алдын ала жоспарлық құжаттарды даярлау;
      - Комиссияның қызметтері даярлайтын ИЖ жобаларын құруда ұлттық үйлестірушіге көмек. ҰҮ нақты ИЖ және әріптес елдің атынан кейінгі Қаржы келісіміне қол қоюға жауап береді;
      - азаматтық қоғам және жеке сектордың өкілдері сияқты жобаның басқа қатысушыларымен консультациялар ұйымдастыруда ҰҮ көмегі, Комиссия даярлаған жобалық ИЖ және ПД талқылау, жобалау ұсыныстарын алдын ала іріктеу және беру, сондай-ақ басқа да бағдарламалау құжаттары;
      - олардың үйлестіруші функцияларын іске асыру үшін НКБ және/немесе басқа үкіметтік ұйымдардың персоналын қажетті оқытуды ұсыну;
      - ЕО жаңа құралдары бойынша НКБ және/немесе басқа үкіметтік ұйымдардың персоналын оқытуды ұйымдастыру, атап айтқанда, дамыту және экономикалық ынтымақтастық мақсатында ынтымақтастық құралы (DCECI);
      - жобалар туралы ақпараты бар дерекқор мен кітапхананы әзірлеуде қолдау.

       3.3. Мүдделі тараптар

      Жобаның негізгі қатысушысы және жоба бойынша әріптес - бұл ЕО көмегін бағдарламалауда салым үшін жауапты әріптес елдің әкімшісі, яғни ТАСИС бағдарламаларының НКБ немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
      Әріптес Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ТАСИС ҰҮ болады. ӨҰҮ - әріптес елдің атынан ЕО бас әріптесі. ҰҮБ рөлін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (ИСЖД) орындайды. ИСЖД Қазақстандағы барлық донорлардың көмегін кеңінен үйлестіруге жауап береді, ал оның директоры ҰҮБ директорының рөлін орындайды.
       Нысаналы бағдарламалар : Қазақстан үкіметінің жоспарлау және үйлестіру органдары.
       Түпкі бенефициарлар : Әріптес елдің басшылығы және ЕО қолдауын жолға қойылған үйлестіру арқылы қол жеткізілген экономикалық өсу мен әл-ауқатын жақсартудан пайда алатын қоғам.

       3.4. Тәуекелдер мен жол берулер

      1-тәуекел: Басты тәуекел - бұл НКБ Техникалық көмегінің контекстінде ұсынылатын консультацияларға пайдалану және қарсы әрекет ету жөніндегі ел әкімшілігінің шектеулі мүмкіндіктері. Осы ТАМСU жобасы ЕО пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың ерекшелікті міндеттерін шеше отырып және алдын ала жоспарлау мәселесі жөніндегі оқыту мен диалогта жобаға қатысушылардың қатысуы қаншалықты мүмкін қатысуы арқылы осы проблеманы шешуде. Бүгінгі аз көмек НБК арнайы құрылған дерекқормен қамтамасыз етеді, ол басқа мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті әкімшілерде орнатылатын болады. Дерекқор үкімет шеңберінде консультациялар үдерісін елеулі жақсартатын болады.
      2-тәуекел: Елге көмек басымдықтары басқа өңірлік ұйымдар шеңберінде саяси факторларға, атап айтқанда үкімет қабылдаған міндеттемелерге байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай тәуекелді ескеру үшін РСА шеңберінде барлық қатысушылар мен НКБ қамтитын тұрақты саяси диалог жүргізіледі.
      1-жол беру: Қазақстанның Үкіметі ЕО неғұрлым тығыз байланыстарды дамытуды қоса алғанда әлемдік экономикаға бірігу саясатын жүргізуді жалғастыратын болады.
      2-жол беру: Қазақстанның Үкіметі ЕО көмек бағдарламасын даярлауға қатысуға дайын және бұл үшін персоналдық жұмыс уақытының барабар санын ұсынады.
      3-жол беру: үйлестірудің барабар министрлікаралық және донор аралық механизмдері бар.
      4-жол беру: Қазақстанның Үкіметі сыртқы көмекті үйлестіруші орган ретінде НКБ осындай функцияны жүзеге асыру үшін өкілеттіктер береді.
      5-жол беру: ЕО көмек көрсетуінің бағдарламалық құжаттары даярланатын болады және Қазақстанның үкіметімен және ЕО уақтылы келісілді.

       3.5. Шарттар

      N/А

       3.6. Аралас мәселелер

      Жоба кедейшілік деңгейін қысқартуға және демократияны күшейтуге елеулі әсер ететін донорлардың дұрыс бағытталған көмегіне үлесін қосады.

       4. Іске асыру мәселелері

       4.1. Іске асыру әдісі

      ОА бойынша 2006 жылы ПД шеңберінде "2-саты" құрауышы бойынша жұмыс туралы қаржы келісіміне бенефициар елдер үкіметтері қол қойғаннан кейін орталықтандырылған басқару.
      Енгізу тиісті тендерлік жүйе бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін болады.

       4.2. Бюджет және күнтізбе

      Бағдарламаның жалпы бюджеті 500 000 еуроға тең.

Бюджетті үлгілік бөлу ЕО бөлігі Бенефи-
циар ел-
дің бөлігі
Басқа донорлар Келісім-шарт жасасқан және төлемдер жүргізетін тарап

1. Қызметтер

450000

-

-

ЕО

2.Жеткізілімдер

50000

-

-

ЕО

барлығы

500000

-

-

ЕО

Жоба қаржы келісіміне қол қойылған күннен бастап 18 айға есептелген.

      4.3. Сатып алу рәсімі және беру

      Барлық келісім-шарттар, іске асырылатын қаржы келісімі рәсімдерге, рәсімнің басталуы мәселесі шешілетін уақытта әрекет ететін сыртқы операцияларды жүргізу жөніндегі Комиссияның стандартты құжаттарына сәйкес берілуі және енгізілуі тиіс.
      Барлық бағдарламаларды бағалау бағдарламаны қабылдау уақытында әрекет ететін Комиссияның рәсімдеріне және стандарттық құжаттарына сәйкес келуі тиіс.

      4.4. Мониторинг жүргізу

      Тұрақты мониторинг - бұл Комиссия міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылатын тұрақты рәсім. Сыртқы әрекет ету мониторингін сондай-ақ Комиссия ережелеріне және техникалық тапсырма рәсімдеріне сәйкес Комиссия жалдайтын тәуелсіз консультанттар жүргізе алады.
      Үдеріс деңгейін анықтаудың басты көрсеткіштері бастапқы саты уақытында анықталатын болады.

      4.5. Бағалау және аудит

      Сыртқы бағалау мен аудитті техникалық тапсырманың белгілі бір шарттарында ЕК ережелеріне және рәсімдеріне сәйкес Комиссияның өзі тікелей жұмысқа жалдаған тәуелсіз консультанттар орындауы мүмкін. 

      Қосымша:  Қисынды шеңбер

      8 (2006 жылға арналған ОА-ның ҚБ) жобаның қисынды шеңбері - Ұлттық Үйлестіру бөлімін қолдау (ҚР)


Араласу логикасы Объективті бақылауға берілетін индикаторлар/жетістікте-
рдің көрсет-
кіштері
Бақылау көздері мен қаражаты Жол берулер мен тәуекелдер

Жалпы мақ-
саты

Елдің тұрақ-
тылығы мен қауіпсіздігі-
не жәрдемдесу
 
 
 
      Тұрақты эко-
номикалық дамытуға және
кедейшіліктің
деңгейін қыс-
қартуға ұмты-
луда көмек

Бағдарламалар
мен ЕО көмегі
жобаларының артып отырған
негізділігі
мен тиімділі-
гі
 
  Жақсартылған
экономикалық
және әлеумет-
тік көрсет-
кіштер

Жобалар бойынша тал-
дау, бақылау және есептер 
 

    Отырыстардың
күн тәртіпте-
рінің көшір-
мелері, хат-
тар, газет мақалалары


Жоба-
ның
мақ-
саты

Үкіметтің ЕО
көмегін жоба-
лау мен үйле-
стіру мүмкін-
дігін жақсар-
ту және
нығайту

Бағдарламалық
құжаттардың
саны мен са-
пасы (қайта
қаралған, даярланған, қабылданған)
 
 

      Бағдарламалық
құжаттар бойынша келі-
ссөздерге аз
уақыт саны;
бағдарлама-
лауға бенефи-
циарлардың үлес сапасын арттыру;
оқытатын сессиялардың саны; арыз-
дардың аз саны

Стратегиялар-
дың, ИЖ, ҚБ көшірмелері 
 
 

          Жобалар бойынша тал-
дау, бақылау-
лар мен есеп-
тер, отырыс-
тардың күн тәртіптерінің көшірмелері;
оқыту бағдар-
ламалары және
қатысушылар-
дың тізімі; оқыту жол жүрулерінің күн тәртіпте-
рі және оған
қатысушылар-
дың тізімде-
рі; жобаны басқарушының, халықаралық донорлық ұйымдардың жобалар бойынша талдауы, бақылаулары мен есептері газет мақалалары

Үкімет ЕО
дамыған тығыз
байланыстарды
қоса алғанда әлемдік эко-
номикаға кі-
рігу саясатын
жүргізуді жалғастыратын
болады
 
  Кадрларды
ерекше ауыс-
тырмай тұрақ-
ты институ-
ционалдық мемлекеттік жағдай.

Қоры-
тын-
дыла-
ры

- ИЖ мен ҚБ әзірлеу үшін тиісті ресур-
стар
 
  - жоғары са-
палы көмек бағдарламасын
қолдау мақса-
тында ұлттық әлеуетті арт-
тыру

Ұлттық әлеуетті және
бағдарламаға қатысу үлесін
арттыру, ҰҮБ персоналы дербес жұмыс істеуге және басқа мемле-
кеттік қыз-
метшілерді оқытуға қабі-
летті;
 
  Бағдарлама-
лауға бене-
фициарлар тарапынан артып отырған
үлес сапасы;
ҰҮБ дайында-
ған жобалар-
ды сипаттау саны мен са-
пасы
 
  Әлеуетті құру
жөніндегі оқу
дәрістерінің
саны, бағдар-
ламалау меха-
низміне үйре-
тілген персо-
нал. ҰҮБ пер-
соналы ЕО кө-
мегінің ағым-
дағы және
жаңа құралда-
рымен таныс.

Жобалар бойынша есе-
птер, отырыс-
тардың күн тәртіптерінің жобалары; оқыту бағда-
рламалары жә-
не қатысушы-
лардың тізім-
дері; оқыту жол жүрулері-
нің күн тәр-
тіптері және оған қатысу-
шылардың тізімдері;

Үкімет ЕО көмегінің
бағдарламала-
рын даярлау-
ға қатысуға дайын
 
  Министрлік аралық және донораралық үйлестірудің
барабар меха-
низмдері бар
 
  ҰҮБ жоба нәтижелерінің тұрақтылығы үшін қажетті
адами және
қаржы ресурс-
тарын ұсынады
 
 

      Үкімет оқыту
мен оқыту
жол жүрулері-
не жеткілікті
персонал
жібереді.

Жұмы-
сының
бағы-ттары*

Бағдарламалық
құжаттарды
даярлауға кө-
мек
 
  ЕО бағдар-
ламаларын
талқылауда ҰҮБ қолдау

Құралдар :
Сарапшының
консультация-
лары, оқыту,
материалдық-
техникалық
қолдау.

Жобалар бойынша есеп-
тер


   **: Түпкілікті логикалық шектер бастапқы сатыда болады

             13 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Атауы

Институционалдық дамыту жөніндегі әріп-
тестік бағдарламасы Азаматтық қоғамды және жергілікті бастаманы қолдау (ҚР)

Жалпы құны

1600000 еуро

Көмек көрсету әдісі

Жобаны іске асыру әдісі - Орталықтандырылған басқару

DАС коды

15050

Сектор

Азаматтық қоғамды нығайту

      1. НЕГІЗДЕМЕ

      1.1. Стратегиялық шектер

      Бағдарлама ҮЕҰ, өңірлік және жергілікті әкімшілер мен коммерциялық емес кәсіби ұйымдар арасында әріптестік ынтымақтастығы арқылы Қазақстанда ұйымдастыру құрылымын құру үдерісін қолдау үшін құрылды. Бұл негізгі жобалардың негізін салатын басымдықтардың ережелеріне сәйкес келетін көп жылдық бағдарлама.
      Бұдан басқа, ол ЕО берген (атап айтқанда Еуропаның Келешегі туралы конвенцияның шеңберінде), сондай-ақ Дамыту жөніндегі Еуропа Конституциясының шеңберінде азаматтық қоғам рөлінің маңыздылығын көрсетеді, онда 4.3-бөлім азаматтық қоғамның дамыту мәселесіне қатысуына көңіл аударады және ЕО дамыту үдерісінде өз дауысын күшейту мақсатында мемлекеттік емес органдардың әлеуетін өсіру үшін өз көмегін арттыруды және саяси, әлеуметтік және экономикалық диалогты жылдамдатады деп растайды.
      ІВВР бағдарламасы - азаматтық қоғамды қолдайтын ТАСИС-тің бірден-бір құралы, ОА бойынша 2005-2006 жылдары ИЖ, 9-бетте көзделгендей: қоғам мен үкіметтің іс-әрекетін алдын ала көруге қатысты шешімдер қабылдауда азаматтық қоғамның қатысуын арттыруға бағытталған ТАСИС-тің барлық бағдарламаларына ерекше көңіл аударылатын болады.
      Қоғамның элементі анық көрініп отыр: әлеуметтік көші салдарын зерделеуде қолдау - бұл ТАСИС-тің барлық көмегінің екінші басым саласы, сондай-ақ ОА бойынша 2005-2006 жылдарға арналған ИЖ сәйкес басымдық.
      ЕО пен Қазақстан арасындағы 1999 жылы Әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім 61 "Әлеуметтік ынтымақтастық" бабында тараптар әлеуметтік қорғау саласында ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетін болады деп растайды, ол өзгелердің қатарында Қазақстанда әлеуметтік қорғау жөніндегі реформаларды жоспарлау және іске асыру мәселесіндегі ынтымақтастықты қамтиды.

       1.2. Алынған сабақтар

      ІВРР 2001 жылғы желтоқсанда басталған Қазақстандағы ұзақ жылғы бағдарлама болып табылады. Әр жылы бағдарламаның ережесі алдыңғы тәжірибе мен өтініш берушілердің өздерінің түсініктемелерін ескере отырып, қайта қаралады. Бағдарламаның құндылығы сонда, ол жергілікті әлеуетте баса назар аудара отырып, Қазақстанның қоғамдық саласына керекті жаңа идеялар мен тәжірибені ұсына отырып, Еуропа мен Қазақстан арасындағы идея алмасуды ынтыландырады.
      Негізгі тәжірибе мыналарды қамтиды:
      - негізгі сабақ - табыс әріптес ұйымдардың сапасына, тәжірибесі мен тиімділігіне байланысты;
      - кішкентай жобаның форматы азаматтық қоғамды қолдау жөніндегі жұмыста тиімді рөл ойнайды. Осындай қызмет жергілікті деңгейде өткізіледі, одан жергілікті халық ұтады;
      - ІВРР жобасы жергілікті деңгейде жақсы таныс. Олар жергілікті әкімшілер және басқа донорлар қолдаған пилоттық бастама ретінде табысты. Алайда мәлім болғандай, ҮЕҰ ЕО туралы ақпараттылығы мағынасында үлкен мұқтаж екендігі анықталды, мысалы, Ереже туралы айту жеткіліксіз, оларға үнемі фирмалық атауын, туы және т.б. көрсету туралы ұйымдастыруды еске салып тұру керек;
      - ІВРР мониторингі оның жоғары тиімділігін көрсетті (ТАСИС-тің басқа бағдарламаларының 11%-імен салыстырғанда мониторингтен өткен ІВРР жобаларының 25%-і "А" алды);
      - басқа донорлармен үйлестірудің төменгі деңгейі, бұл болашақта жақсаруы тиіс, өйткені көптеген донорлық ұйымдар Қазақстандағы сияқты мәселелерді шешіп отыр;
      - өтініш берушілерде рәсімдер жүргізу мәселесі бойынша да сұрақтар болғанымен, ұсыныстар жоғары сапада болды. Ақпарат ұсынуға қатысты іс-шара жүргізу немесе күн өткізу пайдалы болар еді;
      - әріптестікті күшейту оң қорытынды берді, мысалы, ұйымдардың түрлі санаттары арасында және ҮЕҰ және жергілікті басқару арасында қарым-қатынастарды жақсартты;
      - ұжымдық жұмыс істеу перспективалары осы салада жұмыс істейтін басқалармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, Брюссель мен Мәскеудегі бірінші және қорытынды конференциялар осы мағынада пайдалы болды;
      - ІВРР Қазақстандағы, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы, Ресей мен Украинадағы бағдарламалары бойынша ЕО басшылары арасында тұрақты үйлестіру мен ынтымақтастық өте маңызды. Біз бір-бірімізбен байланыса отырып, көп нәрсені білеміз. Бағдарлама көптеген елдерде іске асырылатындығына байланысты анығырақ болып отыр.

       1.3. Қосымша әрекет ету салалары

      Қазақстанда азаматтық қоғамдастыққа бағытталған ТАСИС-тің басқа бағдарламалары жоқ, алайда басқа бағдарламалармен байланыс бар:
      Еуропа демократия және адам құқықтары үшін бастамасы (ЕIDНR) ҮЕҰ секторымен ғана жұмыс істейді. Сондықтан, бір түрлі көзқарастар керек, мысалы, ҮЕҰ жұмыс істеуде қомақты жергілікті көзқарас, шыдамдылық пен икемділік керек, қолдаумен және басшылық етумен қамтамасыз ету керек. Екі бағдарлама да тұтастай алғанда азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған және өзара іс-әрекет етуді жылдамдатады, бірақ EIDHR адам құқықтары мәселелеріне көп бағытталған, бірақ сол уақытта ІВРР жобаларының жергілікті бастамалар арқылы қоғамды өзгерту функциясы бар. ІВРР жобасы бойынша ұйымдастырушы әріптес бағдарламаға қатысты дәлелдерін түзете отырып, EIDHR кейінірек қатысты, бұл өте жақсы жұмыс істеді.
      CAREC (Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы) - онымен тікелей байланыста болмаса да, ІВРР Бағдарламасын толықтыратын Орталықтың шеңберінде экологиялық ҮЕҰ қолдайтын басқа бағдарлама.
      Басқа донорлар ІВРР Бағдарламасының шеңберінде жүргізілетін жұмысты қолдайды, бұл таңданыс тудырмайды, өйткені әлеуметтік тақырыптарға баса назар аударылады. Жекелеген елдер - ЕО мүшелері азаматтық қоғамның ұйымдарымен кішкентай бағдарламаларды қолдайды, мысалы, Испания денсаулық сақтау саласында, Ұлыбритания мен Нидерланды адам құқықтары саласында, Нидерланды азшылық мәселелеріне, ал Ұлыбритания - құқықтық қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Толықтыру USAID қаржыландыратын бірнеше ағымдағы бағдарламалар тарапынан болады, олар үздік тәжірибе мен жетекші бастамаларды пайдалана отырып, әсер етуге бағытталған. Жобалар патриоттық тәрбиелеу, есірткіге сұранысты азайту мәселелерінде инновацияларды қамтиды және жастарға және жоғары тәуекел топтарына бағытталған ЖҚТБ-нің таралуын бақылау жөніндегі Орталық Азия бағдарламасы, сондай-ақ тірі туылу туралы ВОЗ анықтауды қабылдауға жәрдем көрсету жөніндегі жоба, ол ана мен баланың денсаулығын қорғауды жақсартар еді.

       1.4. Донорлардың қызметін үйлестіру

      ІВРР шеңберінде үйлестіру тетіктері жоқ, донорларды үйлестіру әлсіз. Алайда, өздігінен азаматтық қоғам мен Еуропа мен Қазақстанның жергілікті әкімшілігін біріктіретін бағдарлама донорларды үйлестірудегі табысты механизм болып табылады.
      Әзірге біз басқа донорлармен, атап айтқанда Дүниежүзілік Банкпен, АДЮ және БҰҰПР тұрақты формалдық емес диалог жүргіземіз, көбі бір салаларда жобаларды енгізетін басқа донорлармен неғұрлым тығыз алмасу құру жоспарланып отыр. Мысалы, USAID ВИЧ/ЖҚТБ-ның қауіптілігі туралы жастарды хабардар ету туралы жобаны, ал ІВР ПД 2004 жылдан сол бағытта жұмыс істейді, бұл неғұрлым тығыз үйлестіруді талап етеді.

      2. ЕЛДІК/ӨҢІРЛІК КОНТЕКСТ

      2.1. Бенефициар елдің ынтымақтастық саясаты

      Әлеуметтік жағдай Кеңес Одағының өмір сүру уақыты аяқталғаннан бастап нашарлады, дұрыс қаржыландырмау, ғимараттардың тозу және атап айтқанда, денсаулық сақтау мен білім беру салаларында адами ресурстардың жоқтығы проблемалары пайда болды.
      Қазақстанның Үкіметі шаралар қабылдап жатыр. 2004-2005 жылдары кезеңінде әлеуметтік секторға жаңа күш берілді (Президент бірнеше әлеуметтік бағытталған мәлімдемелермен сөз сөйледі), денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстарды ЖІӨ-нің 2,75-іне дейін көтере отырып, мысалы, Денсаулық сақтау секторын реформалау бойынша 2005-2010 жылдары жаңа бағдарламасы. Бірақ реформалар мен қаржыландыруды арттыру бір түнде ауыр мұраны жеңіп шыға алмайды. БҰҰ 2005 жылғы адами даму туралы статистикасына сәйкес әлі күнге дейін бала өлімінің (әрбір 1,000 63.2) және ана өлімнің (әрбір 100,000 210) деңгейі жоғары болып отыр. Өмір ұзақтығының аздығы 63.2 жыл және байлар мен кедейлер деңгейінің арасында алшақтық үлкен. Туберкулезбен және ВИЧ-ЖҚТБ-мен ауру деңгейі жоғары.
      ІВРР жалпы әлеуметтік міндеттері Қазақстан-2030 бағдарламасының екі басымдығына сәйкес келеді:
       2-басымдық: Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамды шоғырландыру
      "Ауыл проблемаларына баса назар аудара отырып, біз қоғамымыздағы кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтықты азайту; - өтпелі кезең және кейінгі кезеңдер уақытында пайда болған әлеуметтік проблемаларды кейінге қалдырмай шеше отырып";
       4-басымдық: Қазақстан азаматтарының денсаулық сақтауы, білімі мен әл-ауқаты :
      "Қазақстандықтардың өмір сүру, денсаулық, білім беру деңгейін және мүмкіндіктерін тұрақты арттыру. Елдің қоршаған ортасын жақсарту.
      Қазақстандағы ТАСИС бағдарламасының қосымша екі басымдығы ІВРР жобаларының мәні болып табылатын әлеуметтік секторға қатысты. Бұл:
      1. халықтың зейнетақысы мен әлеуметтік қамтылуын одан әрі арттыру
      2. денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жақсарту
      Алайда ІВРР бағдарламасы бойынша әріптес және бенефициарлар үкімет емес азаматтық қоғамның субъектілері болып табылатындығын атап өту қажет. Әлеуметтік секторда жұмыс істейтін ҮЕҰ және азаматтық қоғам субъектілерінің қызметі осындай мемлекеттік басымдықтарға жиі сәйкес келеді, бірақ мемлекеттік және жеке әлеуметтік көмек берушілер арасында әріптестік жоқ, бұл бағдарлама бағытталған бағыт.

      2.2. Секторлық контекст

      Азаматтық қоғам - бұл Қазақстанның ерекше секторы. Ел жан басына шаққанда ЖІӨ-нің салыстырмалы жоғары деңгейімен өңірдегі көшбасшы болып табылса да, көршілес елдер сияқты баяу демократиялық көшу, төмен әлеуметтік қызметтер сапасы сияқты проблемалармен ұшырасып отыр, үнемдеу ырықсыздандыруға мұқтаж, ауылдық өңірлердің табыстары мен кедейшілігінде теңсіздік кеңейіп отыр.
      Ақтаңдақтардың көбі ең болмағанда ішінара ҮЕҰ және әлеуметтік топтармен толықтырылып отыр, олардың ресми тіркелгені 6,000, алайда 800-і ғана белсенді жұмыс істейді. ҮЕҰ 70-85%-ін әйелдер басқарады. ҮЕҰӨкөбі үкімет немесе шетелдік донорлар қаржыландыратын әлеуметтік секторда жұмыс істейді дегенді білдіреді.
      Алайда ҮЕҰ рөлі ақтаңдақтарды толтыруда емес. Мұндай ҮЕҰӨ жергілікті әкімшіліктердің міндеттерін орындауын болдырмау маңызды. Азаматтық қоғамның рөлі үкіметпен жұмыс істеудің тиімді әдістерінің жақтаушысы рөлінде болу және әлеуметтік заңнама мен саясаттағы өзгерістерді жақтау. ҮЕҰ әлеуметтік көмек берудің тиімді жолдарының бастамашысы мен сүйемелдеушілері рөлін керемет ойнауы мүмкін. Олар жаңа әдістерді ұсынуы және мемлекет үшін үздік тәжірибе таңдай алады, сондықтан мамандандырылған ҮЕҰ әлеуметтік саясатты жақсарту мәселелерінде үкіметпен тығыз жұмыс істей алар еді.
      Қазіргі уақытта бірнеше проблемалар бар. Біріншіден, мұндай ұйымдардың үкімет алдында тиімді әрекет ету әлеуеті жеткіліксіз. Мұндай ұйымдардың мүшелігі әлсіз басқарумен, байланыс орнату және келіссөздер жүргізу дағдысының жоқтығымен кішкентай. Екіншіден, сектор шығынды болып отыр, бұл үкіметке әсер ету талпынысы тиімсіз. Іс жүзінде де шектеулер бар, мысалы, жергілікті әкімшілікпен (Әкімдермен) өзара әрекет ету деңгейі, бұл олардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ ҮЕҰ үшін салық жеңілдіктерінің болмауы. Бұл жергілікті деңгейде жаңа саясат енгізуге талпынып отырған жергілікті басшылыққа да қатысты. Олар иерархиялық қағидат пен әлсіз қаржыландыру бойынша мұра проблемасымен ұшырасып отыр.
       ІВРР   бағдарламасы жұмыстың ең үздік әдістерінің болмауында ақтаңдақтарды және әлеуметтік мәселелерде ақтаңдақтармен қатар саясатты жоюға ықпал етуде. Ол Жекелеген әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес бағытталмаған және көмек ұсынады: оның міндеті - жәрдем көрсету және ең үздік жұмыс әдістерінің мысалдары арқылы жүйелік өзгеріс әкелу. Осылайша, бұл бағдарлама жүйелік және стратегиялық өзгерістерді құрауда "тапқыр" бола отырып, үкіметпен болашақта ынтымақтасу үшін оң арнада азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған бағдарлама.
      ІВРР үкіметтің талқысына жаңа идеялар салуда өз үлесін қосқандығына нақты мысал - бұл әйелдерге қатысты туу алдында және олардың адами құқықтарына қатысты дәрігерлер мен акушерлердің түсінігін өзгерткен тренингтер өткізумен және материалдар берумен "Семейдегі қауіпсіз туу" тақырыбындағы жоба. Бұл үкімет медициналық құжаттарға енгізілген ескі, кейде зиянды жұмыс істеу әдістерін қайта қарайтын мәселені талқылауда ұзақ күттірген тәсіл болды. Жоба мемлекет тарапынан қаржыландыру көмегімен жалғастырылды, бұл - жаңа әдістер медицина саласында ана денсаулығына қатысты жоспарланған саясатқа біріктіріледі дегенді білдіреді.

       3. СИПАТТАУ

       3.1. Мақсаттары

      Негізгі мақсат - ҮЕҰ, жергілікті және өңірлік әкімшілер, Еуропа Одағының және Қазақстанның коммерциялық емес кәсіби ұйымдары арқылы қазақстанда жергілікті деңгейде институционалдық даму үдерісін қолдау

       3.2. Күтілетін нәтижелер және негізгі қызмет салалары

       Нәтижелер

      - Демократия мен азаматтық қоғамды күшейту (өйткені азаматтық қоғамның мұқтаждықтары Қазақстанда 15 жыл ішінде қанағаттандырылған жоқ);
      - нарықтық экономикаға көшу, әсіресе жергілікті деңгейде мүмкіндіктермен жиі шектелген және жаңа нарық ережелерімен ұшырасады;
      - өтпелі кезеңнің әлеуметтік салдарын қарастыру, өйткені мұндай үдерістің күшті әсері кең ауқымды деңгейде сезіліп отыр;
      - институционалдық әлеуетті қолдау, өйткені қолданыстағы және айқын жергілікті/өңірлік институттар, ҮЕҰӨжәне қауымдастықтар олардың дауысы естіліп және халыққа қызмет етуі үшін бар күшін сала алады.

      Қызмет түрлері
      Жобаны іске асыру әріптес ұйымдармен бірлесіп ұйымдарды/институттарды дамытуға ықпал ететін болады. Жобаның мақсаты - бірлескен қызмет арқылы белгілі бір міндетті шешу (мысалы, жаңа институт құру). Тіпті жергілікті әріптестердің әлеуетін күшейту, мүдделі ұйымдардың нәтижелерін тұрақтандыру бәрінен де маңызды.
      Ықтимал өтініш берушілер түрлі жұмыс түрлерін қамтитын өз жобаларын ұсыну үшін шақырылды, ол бірге технологияларды тұрақты беруге кепілдік береді. Қызметі әдетте әлеуетті арттыру тиімділігі бар нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ халық үшін елеулі нәтижелерге бағытталған.
      Негізгі жұмыс (шамалас тізім):
      (1) жергілікті жерлерде тренинг
      (2) ЕО елдерінің біреуінде тренинг
      (3) абаттандыру, зерттеу сапарлары
      (4) семинарлар, конференциялар
      (5) жарияланымдар
      (6) таныстыру шаралар

      3.3. Мүдделі тараптар

      Бағдарлама ұйымдар мен жергілікті институттардың кең ауқымын қолдайды, аралас серіктестіктер рұқсат етілген және қолдау табады (түрлі санаттағы әріптестерді қамтитын). Қатысушы ұйымдардың үш санаты бар, олар өздерінің ерекшеленетін жергілікті бағыттылығымен анықталды. Олар барлығы орталық мемлекеттік мекемелерге қатысты өз рөлін анықтау үдерісіне тартылған және төменгі деңгейлерде өзгерістерді бастамашылық етуге қабілетті. Олардың тиімділік пен тұрақтылықтың маңыздылығын арттыруға ықпал ететін қомақты ресурстары болуы мүмкін. Олар жергілікті қоғамдастықтың белсенді мүшелерімен басқарылуы мүмкін. Мұндай қатысушылардың үш санатын бөліп көрсетуге болады.
      - ҮЕҰ (көп бөлігі жастар, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, әйелдер және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде);
      - Коммерциялық емес кәсіби ұйымдар (кәсіподақтарды, шеберлер қауымдастықтарын, кооперативтерді, әйелдердің іскерлік бірлестіктерін және басқаларды қамтитын);
      - жергілікті және өңірлік әкімшілік (жергілікті Әкімдер, облыстық және өңірлік әкімшіліктер және олардың персоналы)

      Түпкілікті бенефициарлар:
      тәуекелге басты назар аудара отырып, тұрғындар (әйелдер, жастар, қарттар, азшылық). Мұндай топтар ұлттық саясат пен әлеуметтік көмекті жақсартуға бағытталған сынақ бастамаларынан тікелей пайда түсіреді.

      Басқа қатысушылар:
      Үкімет, атап айтқанда, үздік тәжірибесін ұлттық бағдарламаларға (аналықты қорғау мәселесіне қатысты өзгерістерге бағытталған ІВРР 2002 жылғы Іс-әрекет бағдарламасымен болғандай) жіберетін денсаулық сақтау, еңбек министрліктері.
      Басқа донорлар, (ЕО пен USAID мүшелері), сондай-ақ жергілікті әріптестер.

       3.4. Тәуекелдер мен жол берулер

      Негізгі тәуекелдер:
      - бір немесе бірнеше қатысушылардың белсенділік және шешім қабылдау деңгейі іріктеу мен бағалау үдерісінде барынша азайтылуы мүмкін;
      - әріптестердің мәдени, тілдік және ұйымдастыру ерекшеліктері;
      - нәтижелерге белгілі бір уақыт және бюджет шегінде қол жеткізілуі мүмкін;
      - олардың қызметін шектейтін ҮЕҰ жөніндегі заңнамаға мүмкін өзгерістер.
      Мұндай тәуекелдер негізінен тиісті әріптестерді іріктеу мен бағалау арқылы, сондай-ақ проблемаларды тез арада шеше алатын тиімді менеджмент арқылы да жіберілуі мүмкін. ҮЕҰ заңнамасы жөнінде ахуалдың мониторингі тәуекел деңгейін азайту үшін қажет. Қоғамдық ҮЕҰ ресми органдардың тарапынан қысым берілмейтіндігін қатар өту керек.

      Негізгі жол берулер:
      - ЕО пен Қазақстанның әріптес ұйымдарының жалпы мақсаттары бар және әр түрлі контекстерде болғанымен бір міндетті шешеді;
      - әріптестер нәтижелерге қол жеткізуге кепілдік бере отырып, жобаны жоспарлау мен іске асырудың міндеттерін анықтау мақсатында тиімді және шешіле отырып жұмыс істейді;
      - елдегі жалпы ахуал тұрақты болып қалып отыр;
      - ҮЕҰ туралы заңның толық нұсқасы мақұлданбайды, ол азаматтық қоғамның қызметін кейбір маңызды шектеулерді белгілейді.

       3.5.   Қажетті шарттар

      N/А

       3.6.   Аралас мәселелер

      ІВРР табиғатынан қиылысатын бағдарлама. Жыныстардың өзара қарым-қатынасы, жауапты басқару мен жастар - бұл бағдарламаның ерекше мәселелері. Осал топтар да осында енгізілген.

      4. ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

      4.1. Іске асыру әдісі

      ОА бойынша 2006 жылғы ПД шеңберінде 2 саты Құрауышында көзделген Жұмыстар жөніндегі қаржы Келісіміне үкімет қол қойғаннан кейін орталықтандырылған басқару.
      Енгізуді грант беруге арналған келісім-шарттарға қол қойылғаннан кейін Еуропа Комиссиясы жүзеге асыратын болады.

Бюджетті үлгілік бөлу

ЕК салымы
(E)

Бенефициар үкіметінің
салымы

Басқалар (концессио-
нерлер)

Мердігер
ұйым

1. гранттары немесе жоба-
лар 100000-200000
еуро)

1550000

  -

Әрбір келісім- шарттан
20%-дан

ЕК

2.Көрсетіле-
тін қызмет-
тердің түр-
лері Бағдарламаны
бағалау

50000




Барлығы

1600000



ЕК

      - 70 000 еуро бағдарламаны бағалау үшін бөлінеді;
      - жұмыстың ұзақтығы Қаржы Келісіміне қол қойылған күннен бастап 36 айға тең;
      - гранттың шамамен қолданылу мерзімі 18-ден 24 айға дейін.

      4.3. Сатып алу рәсімі және грант беру

      Барлық келісім-шарттар, іске асырылатын қаржы келісімі рәсімдерге, рәсімнің басталуы мәселесі шешілетін уақытта әрекет ететін сыртқы операцияларды жүргізу жөніндегі Комиссияның стандартты құжаттарына сәйкес берілуі және іске асырылуы тиіс.

      4.4. Мониторинг жүргізу

      Тұрақты бақылау - бұл шексіз үдеріс, Еуропа Комиссиясының міндеттемесі. Сыртқы әрекет ету мониторингін ЕК ережелеріне және Техникалық тапсырмада арнайы белгіленген рәсімдеріне сәйкес Комиссия жалдайтын тәуелсіз консультанттар жүргізе алады.

      4.5. Бағалау және аудит

      Сыртқы бағалау мен аудитті ЕК ережелеріне және техникалық тапсырмада арнайы белгіленген рәсімдерге сәйкес Комиссияның тәуелсіз консультанттар тікелей дайындауы тиіс.

      Қосымшасы:  Логикалық шектер

      13 (ОА бойынша 2006 арналған КБ) жобаның қисынды шеңбері - Институционалдық дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламасы Азаматтық қоғамды және жергілікті бастаманы қолдау (ҚР)


Араласу
логикасы
Объективті
бақылауға бе-
рілетін инди-
каторлар/же-
тістіктердің
көрсеткіштері
Бақылау
көздері
Жол берулер мен тәуекелдер

Жалпымақ-
саты

Қазақстан мен
ЕО ҮЕҰ, ком-
мерциялық емес ұйым-
дары мен жер-
гілікті/өңір-
лік әкімші-
ліктері ара-
сында әріп-
тестік
арқылы инс-
титуционалдық
құрылыс үде-
рісін қолдау

ОЕ пен Қазақ-
станның аза-
маттық қоғамы
мен жергілікті
әкімшісі ара-
сында ынтымақ-
тастықты жыл-
дамдату
 
  Қазақстанның
әлеуметтік
көрсеткіштерін
жақсарту
 
  Елде тіркелген
ҮЕҰ саны және
олардың қызметі

Бағдарламаны
талдау
 
  Ұлттық
статистика
 
  Халықаралық
статистика,
мысалы, БҰҰ

Әріптестер
тарапынан міндеттемелер
мен инвести-
циялар
 
  Мәдени, тіл-
дік және
ұйымдастыру
тосқауылдарын
жеңіп шығу
 
  Үкімет тара-
пынан қысым
көрсету, мы-
салы, ҮЕҰ ту-
ралы жаңар-
тылған заң

Жоба-
ның
мақ-
саты

Демократия
мен азамат-
тық қоғамды
нығайту
 
  Нарықтық
экономикаға
көшуді қолдау
 
  Өтпелі кезең-
нің әлеумет-
тік салдары-
на мәселелер-
ге өтініш
 
  Институциона-лдық әлеует-
ті қолдау

Жергілікті дең-
гейде бастама-
лар ынталанды-
рылады
 
  Орташа кіріс деңгейін артты-
ру және байлар
мен кедейлер арасында алша-
қтықты азайту
 
  Жастар мен
осал топтар
арасында жұмыс-
сыздық дең-
гейін азайту
 
  Институттарды
нығайту
 
  Үкімет әлеумет-
тік салада пи-
лоттық бастама-
лар қабылдайды
 
  Заң мен халықа-
ралық келісім-
дерді енгізуді
жақсарту

Бағдарламаны
талдау
 
  Республика-
лық және ха-
лықаралық статистика,
мысалы, БҰҰ
Адами дамыту
жөніндегі көрсеткіште-
рі
 
  Айқындылық пен демокра-
тия жөнінде-
гі есептер
 
  Қазақстанның
2009 жылы
ОБСЕ-де
төрағалық
етуі

Жергілікті проблемалар-
дың тиісті
шешімі
 
  Жобаның бар-
лық қатысушы-
ларының үлесі
 
  Үкіметтің
әлеуметтік
мәселелерді
шешуде және
азаматтық
қоғамды қол-
дауда үлесі
 
  Институттар-
дың даму және
өзгеру тілегі
 
  Қазақстандағысаяси және
экономикалық
тұрақтылық
 
  Демократияла-
ндыру үдері-
сінің прогресі

Нәти-желе-рі

Жергілікті
және өңір-
лік әкімшілі-
ктер халыққа
қызмет көрсе-
ту деңгейін
жақсартатын
болады
 
  Азаматтық қоғамның ұйымдары
қызметтердің
баламалы көш-
басшысы реті-
нде қолдауға
және әрекет
етуге қабіле-
тті мықты бо-
лады
 
  Қазақстанда
шешімдер қа-
былдауда аза-
маттық қоғам-
ның рөлін
арттыру
 
  Жергілікті
халық орталық
биліктің әрі-
птесі ретін-
де азаматтық
қоғамның рө-
лін түсіне-
тін болады.
Еуропа мен
Қазақстанның
ұйымдары ара-
сында ынтыма-
қтастықты
нығайту.
 
  Қазақстан қа-
былдаған халықаралық
міндеттемеле-
рдің элемент-
тері (БҰҰ конвенциялары
мыңжылдықты
дамыту мақса-
ттары) жергі-
лікті деңгей-
де іске асы-
рылатын бола-
ды
Қазақстанда
осал топтар-
ға қатысты
шешімдер қа-
былданды және
енгізілді
 
  Инновациялық
көзқарастар
енгізілетін
болады
 
  Жобалар қай-
таланады

Жергілікті әкі-
мшілікте қызмет
көрсетілетін
адамдар санын
арттыру және
оларға әділ
қызмет көрсету
 
  Әлеуметтік са-
лада айналы-
сатын халықтың
өзара қатынасы
 
  Әріптестік саны
мен сапасы,
Еуропа Одағы
қаржыландыруды
тоқтатқаннан
кейін санды арттыру
 
  Енгізілген инновациялық
жобалардың саны
мен сапасы
 
  Осал топтарға
бағытталған
жобалардың саны
мен сапасы
 
  Қазақстан қол
қойған халық-
аралық келісі-
мдерге енгізі-
лген міндетте-
рді шешетін
жобалардың саны
мен сапасы
 
  Қоғамдық ақпа-
раты және таны-
стыру элемент-
тері бар жоба-
лардың саны мен
сапасы

Жоба бойынша
бағдарлама
мен есептер,
статистика,
бағалау және
мониторинг
 
  Үкіметтің
жоспарлары
 
  Жаңа заңнама
 
  ҮЕҰ желісі
бойынша
есептер

Жергілікті
әкімшіліктің
қызмет көрсе-
ту деңгейін
жақсарту шешімділігі
 
  Азаматтық
қоғамның бел-
сенділігі мен
тиімділігі
 
  Үкіметтің
азаматтық қо-
ғамға сөз бе-
ру дайындығы
 
  Еуропалық жә-
не қазақстан-
дық әріптес-
тердің бірге
жұмыс істеу
дайындығы
Жақсы ұсыныс-
тар ағыны ке-
ліп түсуде
және бағала-
нады
 
  Ұсыныстар
қайталанбас
үшін жүйелі
талданады
 
  Қазақстанда
жергілікті
әкімшілік
жергілікті
жобалардың
жұмысын қол-
дайды және нәтижелер
 
  Жоба тиімді
басқарылады
 
  Әріптестер
мынадай іс- шараларды
қаржыландыру-
ды жалғасты-
рады
Әріптестер
жаңалық енгі-
зуге қабілетті

Қыз-
меті

Жергілікті
жерлерде оқы-
ту ЕО елдері-
нде оқыту
Семинарлар, конференция-
лар
Жарияланымдар
Таныстыру
шаралары
Жабдықтарды
сатып алу жо-
баны енгізу
үшін маңызды

Бағдарлама және
жоба бойынша
есептер
ЕК өңірге жол
сапары жарияла-
нымдар

Қазақстанныңбюджеті :
1.6 млн. еуро (+/-8 жобаны
қаржыланды-
ру)

Өтініші біл-
дірілетін тақырыптарға
ерекше қызы-
ғушылық
Оқыту сапасы
Жарияланымдар
сапасы
Әріптестердің
жұмысты үйле-
стіру және
тиімді енгі-
зу қабілеті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" жөніндегі қаржылық келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіруі туралы мәлімдемесі

      Еуропалық тараптың түсіндірмелерін негізге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" қаржылық келісімнің (бұдан әрі - Қаржылық келісім) кейбір нормаларын мынадай тәртіппен түсінетін болады.
      1.«"2006 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС іс-қимыл бағдарламасы (2-бағыт: ұлттық деңгейде іске асырылатын бағдарламаларды өңірлік қолдау) - Қазақстан" атауындағы "2006" деп тараптармен келісілген жобаларды болашақта іске асыру үшін еуропалық тарап Еуропалық қоғамдастықтардың бюджетінде қаражат көздеген жыл түсініледі.
      2. Қаржылық келісімнің 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қаржылық келісімнің II қосымшасында көзделген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия айқындаған үшінші тұлғаларға береді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) көрсетілген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
      3. Қаржылық келісімнің 3-бабының 3.1-тармағының ережесі Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегенді білдіреді.
      4. Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетілген "3.1-бап" Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сілтеме дегенді білдіреді.
      Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесі жоба шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық қоғамдастықтар рәсімдеріне сәйкес Комиссия Үкімет мүддесінде әрекет етеді дегенді білдіреді. Бұл ретте, Үкімет Комиссияның жоба шеңберіндегі іс-әрекеті үшін үшінші тұлға алдында жауапты болмайды.
      5. Қаржылық келісімдегі "қаржылық субсидиялар" термині Комиссия Үкіметке өтеусіз негізде беретін көмек ретінде түсініледі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берілетін Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкіметтің Комиссиядан одан әрі қарыз алуын және мемлекеттік бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды көздемейді.
      6. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының ережесі (Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегенді білдіреді.
      7. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2-тармақтарының ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектерді (гранттарды) салықтық, кедендік және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату Еуропалық қоғамдастықтың техникалық көмегіне (гранттарына) де қолданылады дегенді білдіреді.
      8. Бағдарламаны іске асыру үшін Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерінде көзделген келісім-шарттар мен гранттарды беруді Комиссия Еуропалық қоғамдастықтардың рәсімдеріне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      9. Үкімет Қаржылық келісімде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелері Үкімет Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келісімді іске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық іс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды дегенді білдіреді.
      10. Қаржылық келісімнің 1-қосымшасының 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелері Қаржылық келісімге өзгерістер енгізілгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейін Тараптар бірімен бірі тиісті консультациялар жүргізеді дегенді білдіреді. Қаржылық келісімге түзетулер енгізуді Тараптар өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келісімді тоқтату туралы шешімі екінші Тарапқа хабарланғаннан кейін екі ай өткен соң күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады