"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1100 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003, N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат, 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат, N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 3 тамыздағы N 228-229»"Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамыздағы N 119 (25364) газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңы ):
      365-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "365-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтардың
                құқықтарын, мүдделерін қорғау және оларға,
                сондай-ақ ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніндегі
                заңды қызметіне кедергі жасау
      1. Адвокаттар мен өзге де адамдардың қылмыстық процестерде азаматтардың құқықтарын, мүдделерін қорғау, сол сияқты азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау не бұл қызметтің дербестігін және тәуелсіздігін өзге де бұзу, егер бұл әрекет азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, -
      екі жүз айлық есептік көрсеткіштен үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
      үш жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат;, 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат, N 5-6, 40-құжат, N 10, 69-құжат, N 13, 99-құжат):
      1) 38-баптың төртінші бөлігінде»жәбірленушіге хабарланады, "ол" деген сөздер»"жәбірленушіге және оның өкіліне хабарланады, олар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 68-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Күдікті:
      1) нақты ұстау кезінде оған түсіндірілуге тиіс өзінің барлық құқықтарын білуге;
      2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
      3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушыны шақыруға құқылы, күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген адамдары қорғаушыны шақырмаған жағдайда, тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 71-бабының 3-бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
      4) өзі таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;
      5) күдіктінің қорғаушыдан бас тарту жағдайларын қоспағанда, қорғаушының қатысуымен ғана түсініктеме және айғақ беруге;
      6) өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының көшірмесін, ұстау хаттамасы мен бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;
      7) түсініктемелер және айғақтар беруден бас тартуға;
      8) дәлелдемелер ұсынуға;
      9) өтініштер мен қарсылықтар мәлімдеуге;
      10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ және түсініктеме беруге;
      11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
      12) өз өтініші бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
      13) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге;
      14) тергеушінің, анықтаушының, прокурор мен соттың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым беруге.";
      3) 69-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Айыпталушы:
      1) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға;
      2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғау туралы, өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулылардың көшірмелерін алуға;
      3) қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
      4) қылмыстық процесті жүргізетін органнан өзінің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге;
      5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға;
      6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге;
      7) айғақ беруден бас тартуға;
      8) дәлелдемелер ұсынуға;
      9) өтініштер мен қарсылықтар мәлімдеуге;
      10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ және түсініктеме беруге;
      11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
      12) қорғаушысы болуына;
      13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіпте өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;
      14) өз өтініші бойынша немесе өз қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
      15) өз өтініші бойынша немесе өз қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
      16) сарапшыға сұрақтар қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;
      17) айыптау тізімін қоспағанда, тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
      18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының және оған қосымшалардың көшірмелерін алуға;
      19) тергеушінің, анықтаушының, прокурор мен соттың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым беруге;
      20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;
      21) жария сот талқылауын талап етуге.";
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
      "2-1. Сотталушының:
      1) бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істің сот талқылауына қатысуға;
      2) қорғаушы тараптың барлық құқықтарын, сондай-ақ соңғы сөз құқығын пайдалануға құқығы бар.
      2-2. Сотталған немесе ақталған адамның:
      1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
      2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағым жасалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
      3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге;
      4) келтірілген шағымдар мен наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.";
      4) 70-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі алынып тасталсын;
      5) 72-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын;
      "8. Қорғаушы қылмыстық процесті жүргізуші органға өзінің жағдайын растау үшін адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді ұсынады.";
      6) 73-баптың бірінші бөлігінде»"қорғаушы болып тағайындала алатын қорғаушы не адвокат" деген сөздер»"осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 74-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қорғаушы іске қатысуға рұқсат етілген сәттен бастап:
      1) күдіктімен немесе айыпталушымен жолығу саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;
      2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттар мен мәліметтерді жинауға және ұсынуға;
      3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың не қорғаушының өз өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;
      4) қарсылықтар мәлімдеуге;
      5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуы тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;
      6) өтініштер білдіруге;
      7) істі алдын ала тыңдауда, кез келген сатыдағы сотта сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жаңғырту кезінде соттың отырысына қатысуға;
      8) сот отырысының хаттамасымен әрбір бетіне мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына қол қоя отырып танысуға, ал сот отырысы хаттамасының бөліктерімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қолын қоюға және оған ескертпелер беруге;
      9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға;
      10) тараптар мен қылмыстық істі жүргізуші адамның заңсыз әрекеттеріне қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды іс жүргізу құжаттарына енгізуді талап етуге;
      11) анықтаушының, тергеушінің, прокурор мен соттың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым беруге және оларды қарауға қатысуға;
      12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.";
      үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысушы қорғаушы тергеуші немесе анықтаушы жауап алып болғаннан кейін жауап алынып отырған адамдарға сұрақтар қоюға құқылы.";
      8) 75-баптың алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жәбірленушінің:
      1) айыпталушыға тағылған айып туралы білуге;
      2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауап беруге;
      3) дәлелдер ұсынуға;
      4) өтініштер мен қарсылықтар білдіруге;
      5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
      6) өкілі болуына;
      7) одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық ізге түсу органы алып қойған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған оған тиесілі мүлікті алуға, оған тиесілі құжаттардың түпнұсқаларын алуға;
      8) заңда көзделген жағдайларда сезіктімен, айыпталушымен татуласуға;
      9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;
      10) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға;
      11) айыптау тізімін қоспағанда, тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға;
      12) оған және оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтініш жасауға;
      13) қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмелерін алуға;
      14) бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
      15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
      16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
      17) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге;
      18) қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекетіне шағым әкелуге;
      19) соттың үкімі мен қаулыларына шағымдануға;
      20) іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;
      21) мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.
      Осы Кодекстің 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетілуге тиіс.
      7. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген мүліктік залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның құқықтық мұрагерлерінің бюджет қаражатының есебінен осы қылмыспен келтірілген мүліктік залал үшін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда қылмыспен келтірілген мүліктік залал үшін бюджет қаражатының есебінен ақшалы өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің немесе оның құқықтық мұрагерінің өтініші бойынша үкім шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, залалды толық көлемде өтеп алуына құқығы бар.";
      9) 80-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдер тартылады.
      Бұл жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші немесе оның заңды өкілі таңдап алған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, адвокаттың қатысуын қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттардың кәсіптік ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті қаулы шығару арқылы қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушы ретінде белгілі бір адамды шақыруды ұсынуға құқығы жоқ.
      Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражаты болмаған жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.";
      10) 97-бапта:
      тақырыпта қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады;
      екінші бөліктегі»"қылмыстық процесті жүргізуші орган" деген сөздер»"сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде - істі қарайтын сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 101-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Төрағалық етуші:
      1) бейне-, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды сақтаудың өзге де тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға;
      2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғау тарапының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.";
      12) 125-бапта:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен іске қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі:
      1) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттар мен мәліметтерді жинауға және табыс етуге;
      2) олардың келісімімен адамдарды сұрауға;
      3) он күн ішінде осы құжаттарды немесе олардың көшірмелерін тегін беруге міндетті ұйымдардан заң көмегін көрсету үшін қажетті анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттарды сұратып алуға;
      4) қорғауындағы адамның, жәбірленушінің келісімімен жазбаша қорытынды немесе шешілуі олардың пайдалануын талап ететін заң көмегін көрсетуге байланысты туындаған мәселелер бойынша арнаулы (арнаулы ғылыми) білімі бар адамдардың пікірін сұрауға құқылы.";
      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дәлелдеме бола алатын мұндай мәліметтер, сондай-ақ заттар мен құжаттар мәлімделген өтініш бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелуге тиіс";
      13) 134-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұсталған адамнан осы Кодекстің нормаларына сәйкес жауап алынуға тиіс. Ұсталған адамға жауап алу басталғанға дейін қорғаушымен оңаша және құпия жолығуы қамтамасыз етіледі.";
      14) 172-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "172-бап. Заң көмегіне ақы төлеу"
      бірінші бөлік»"қорғаушының" деген сөзден кейін»"және жәбірленушінің өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      "айыпталушыны" деген сөзден кейін»", жәбірленушіні" деген сөзбен толықтырылсын;
      "республикалық" деген сөз алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адвокат анықтауды, алдын ала тергеуді жүргізуге немесе сотқа клиентпен келісім жасамай, тағайындау бойынша қатысқанда, адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражатының есебіне жатқызылуы тиіс. Мұндай жағдайларда күдікті, айыпталушы, сотталушы және жәбірленуші не оның заңды өкілі заң көмегін төлеуден толықтай босатылады.";
      15) 174-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың заңды өкілдерінің, осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттың, куәнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебінен өтелуге жатады:";
      16) 175-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы алып тасталсын;
      17) 176-бапта:
      ", сондай-ақ осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда қорғаушыға" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші бөлікте»"аудармашының" деген сөзден кейін»"және осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігі мен 80-баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) ретінде тегін заң көмегін көрсеткен адвокаттың" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
      18) 244-бапта:
      тақырып»"жәбірленушінің" деген сөзден кейін»", қорғаушының және жәбірленуші өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің бірінші абзацы»"айыпталушының" деген сөзден кейін»", қорғаушының және жәбірленуші өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөліктің екінші сөйлемі»"жарияланатын" деген сөзден кейін»"дәлелді" деген сөзбен толықтырылсын;
      19) 275-баптың бірінші бөлігінде:
      "қорғаушысына" деген сөзден кейін»"айыптау тізімін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      "және нөмірленген" деген сөздер»", нөмірленген, іс парақтарының тізіміне енгізілген, тігілген және тергеу органының мөрімен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 284-баптың екінші бөлігінің алтыншы сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Айыптау қорытындысының көшірмесі қорғаушыға, жәбірленушіге, оның өкіліне де табыс етіледі.";
      21) 309-бап»"сотталушы адамға" деген сөздерден кейін»", оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) 316-баптың бірінші бөлігінде»"дәлелдерді зерттеуге қатысады" деген сөздер»"осы Кодекстің 125-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған, заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді, басқа дәлелдерді зерттеуге қатысады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 328-бапта:
      үшінші бөлікте:
      "айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны;" деген сөздерден кейін»"жауап алуға қатысып отырған адамдардың сот қарсылық білдірген немесе жауап алынатын адам жауап  беруден бас тартқан сұрақтары;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезіндегі реті бойынша жазылады.";
      24) 388-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылады:
      "2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның тағайындауы бойынша іске қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және қорғаумен өкілеттік етуге байланысты шығындарды өтеу туралы қаулы шығарады.
      25) 415-баптың үшінші бөлігінде:
      4) тармақшада:
      "қорғаушының" деген сөзден кейін»"немесе жәбірленуші өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оның" деген сөз»"олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада:
      "сотталушының" деген сөзден кейін»"немесе жәбірленушінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "өзі" деген сөз»"өздері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      26) 455-баптың бесінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Адвокаттар заң көмегін тегін көрсеткен жағдайда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 72-бабына сәйкес жүргізіледі.";
      27) 460-баптың бірінші бөлігі»"процеске қатысушылар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бұрын іске қатыспаған, нақты істі жүргізуге өкілеттігі бар адвокаттар" деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 467-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің) қадағалау шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда адвокаттың қадағалау сатысындағы сот отырысына қатысуы міндетті. Бұл жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, ауыстыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 72-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.".
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 5-6, 40-құжат, N 10, 69-құжат, 2007 жылғы 21 шілдедегі N 308; 2007 жылғы 27-шілдедегі N 320 Қазақстан Республикасының Заңдары):
      1) 84-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Сотталғандарға заң көмегін алу үшін олардың арызы бойынша олардың саны, ұзақтығы шектелмей және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін шарттармен адвокаттармен кездесу беріледі.";
      2) 152-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Сотталғандар заң көмегін алу үшін олардың саны, ұзақтығы шектелмей және олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін шарттармен адвокаттармен кездесуге құқылы.";
      3) 166-баптың 2-тармағының үшінші абзацы»"шек қойылмай" деген сөздерден кейін»"олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін шарттармен" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат, 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат, 2007 ж., N 3, 20-құжат, N 4, 28-құжат, N 10, 69-құжат, N 13, 99-құжат):
      114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "114-бап. Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету
      1. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде заңда көзделген жағдайларда сот азаматты оның өтініші бойынша заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық немесе ішінара босатуға және оларды бюджет қаражатының есебіне жатқызуға міндетті.
      2. Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
      3. Азаматтың заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өндіруден босату туралы өтінішіне адвокаттың көмегіне ақы төлеуге мүмкіндігі жоқтығын растайтын дәлелдемелер тіркелуге тиіс.
      4. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша судья немесе сот заң көмегіне ақы төлеуден азаматты толық немесе ішінара босату туралы немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
      5. Азаматты заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы кәсіби адвокаттар ұйымына дереу жіберіледі, адвокат сот белгілеген мерзімде сотқа қатысуды қамтамасыз етуге міндетті.";
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N  11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат, N 10, 69-құжат, N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат, N 16, 131-құжат; 2007 жылғы 21 шілдедегі N 307; 2007 жылғы 21 шілдедегі N 308; 2007 жылғы 26-шілдедегі N 311; 2007 жылғы 26-шілдедегі N 312; 2007 жылғы 27-шілдедегі N 314; 2007 жылғы 27-шілдедегі N 315; 2007 жылғы 27-шілдедегі N 320 Қазақстан Республикасының Заңдары):
      1) 588-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлемінде "кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері" деген сөздер алынып тасталсын.
      2) 590-баптың жетінші бөлігінде:
      "адвокаттың осы іске қатысу құқығына заң консультациясы берген ордерін немесе маңызы жөнінен соған теңестірілген құжатын" деген сөздер "нақты істі жүргізуге адвокаттың өкілеттігін куәландыратын ордерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының қорғаушы тағайындау туралы шешімін," деген сөздер алынып тасталсын.
      6.»"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат, N 10, 69-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде»"қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша" деген сөздер»"қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қорғау және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:
      1) құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар мен анықтамалар береді;
      2) арыздарды, шағымдарды, өтініштерді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
      3) азаматтық сот ісін жүргізуге сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
      4) қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;
      5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелікте (сот) және тартыстарды шешудің өзге де органдарында істі талқылауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;
      6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарда сенім білдірушінің мүдделерін білдіреді;
      7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және де өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүдделерін білдіреді;
      8) атқарушылық іс жүргізуде, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады.";
      3) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу мөлшері, қорғау және өкілдік етумен байланысты шығындарды өтей көмек сұрап келген адаммен жасасатын жазбаша шартта белгіленеді.
      Шарт жасасу Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Шарттың бір данасы заң көмегін көрсету туралы шарт жасасқан адамға тапсырылады.
      Шарттың елеулі талаптары мыналар болып табылады:
      1) қорғаушы немесе өкіл ретінде тапсырма орындауды қабылдаған адвокаттың тегін, атын және әкесінің атын көрсету;
      2) ол мүшесі болып табылатын адвокаттар алқасының атауы және оның адвокаттық қызметті жүзеге асыру нысаны;
      3) тапсырманың мәні;
      4) көрсетілетін заң көмегіне төлейтін ақының және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстардың өтемақысының мөлшері мен тәртібі;
      5) шартты бұзу тәртібі мен шарты.
      Адвокаттар көрсететін заң көмегіне істің нәтижесіне немесе адвокаттық қызметтің табыстылығына байланысты ақы төлеу мөлшерін белгілейтін шарттарға немесе ұйғарылған соманың бөлігін адвокат алатын шарттарға жол берілмейді.
      Адвокаттың заң көмегін, соның ішінде ауызша заң консультацияларын да және тапсырманы орындауға байланысты шығыстарды төлеу шотына тиісті қаржылық құжатты бермей, қолма-қол ақшаны алуына жол берілмейді.";
      4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Тегін заң көмегін көрсету
      1. Адвокаттар:
      1) сотта асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау кезінде талапкерлерге
      2) егер сот қарап жатқан дау бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, I және II топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талапкерлер мен жауапкерлерге заң көмегін тегін көрсетеді;
      3) азаматтарға алимент өндіру, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың мәселелері бойынша, қажет жағдайларда құқықтық сипатта жазбаша құжаттар жасайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылады.
      Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда заң көмегі адвокатқа адам жүгінгеннен кейін тікелей көрсетіледі. Өтініш білдіруші жүгінгеннен кейін тікелей заң көмегін ұсыну мүмкін болмаған кезде, оған жүгінген сәттен бастап үш күннен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабарлануға тиіс. Мұндай жағдайларда заң көмегін ұсыну ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайларда көрсетілген мерзімді тиісті адвокаттың құрылым басшысы өзгерте алады. Бір және сол мәселе бойынша адам құқықтық көмекті тек бір рет алады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алуды осындай көмекті ұсынатын адвокат жүргізеді. Есепке алу журналында мыналар көрсетілуге тиіс:
      1) тегін заң көмегін алған адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      2) оның жеке куәлігінің нөмірі мен берілген күні;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) тұрғылықты жері;
      5) тегін заң көмегі ұсынылған сұрақ;
      6) жүгінген күні және тегін заң көмегі ұсынылған күн;
      7) тегін заң көмегін ұсыну ұзақтығы;
      8) тегін заң көмегін алған адамның қолы.
      4. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу тиісті сот шешімінің негізінде бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу адвокаттардың орындаған жұмысы туралы актінің және мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасы өтінімінің негізінде бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Адвокаттың орындаған жұмысы туралы актіде мыналар міндетті түрде көрсетілуге тиіс:
      1) адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты;
      2) тегін заң көмегі ұсынылған адамдардың саны;
      3) заң көмегін ұсыну уақытының жалпы ұзақтығы;
      4) төлеуге жататын жалпы сома;
      5) тегін заң көмегін ұсынған адвокаттың қолы.
      Адвокаттар алқасының өтінімінде тегін заң көмегі ұсынылған адамдардың саны және төлеуге жататын сома туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
      Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
      5) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бұрын сотталған немесе қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған немесе теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттан және әділет органдарынан шығарылған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған адам, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.";
      6) 14-бапта:
      2-тармақта»"жазбаша келісім" деген сөздер»"жазбаша шарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы»"сұратуға" деген сөзден кейін»"және алуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың әкімшілік ғимараттарына адвокат куәлігін көрсетуі арқылы белгіленген тәртіппен еркін кіру құқығын пайдаланады.";
      7) 17-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын адвокаттық қызметке араласуға, не осы қызметке қандай да бір тәсілмен кедергі жасауға тыйым салынады.";
      4-тармақ»"Адвокаттардан" деген сөзден кейін»"олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерден," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокаттық іс жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде икемді байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы мен компьютерлік техникасы тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.";
      8) 18-баптың 2-тармағы»"Адвокаттардың," деген сөзден кейін»олардың "көмекшілері мен тағылымдамадан етушілердің," деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 19-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғаны тіркемей дара кәсіби қызметті жүзеге асыратын адвокаттың азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің кедергісіз кіруі, адвокаттық құпияны және адвокаттық іс жүргізудің сақталуын қамтамасыз ету шарттарын сақтауы үшін қажетті қызметтік үй-жайы болуы міндетті.";
      10) 23-баптың 2-тармағында 5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      11) 24-баптың 2-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) еселенген есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелетін мүшелік жарна ставкаларын белгілейді;";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) адвокаттар алқасының мүлкіне иелік ету тәртібін белгілейді;";
      12) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтардың білікті заң көмегіне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, соның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.";
      13) 4-тарау алынып тасталсын.
      7.»"Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 24, 154-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында»"заң консультациясының осы іске адвокаттың қатысу құқығына берілген ордерін немесе маңызы бойынша онымен теңестірілген құжатты" деген сөздер»адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін растайтын ордерінің көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармақтың 4), 5) тармақшаларын, 8) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарын, 9), 14), 15), 16), 17), 26), 28) тармақшаларын, 4, 5-тармақтарды, 6-тармақтың 4) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады