Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1103 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50  Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

      "Самұрық" холдингі" АҚ-ты басқару мәселелері" деген 4-бөлімнің үшінші абзацындағы "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздерден кейін ", Индустрия және сауда" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады