Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 1115 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға мынадай ескертпемен қол қойылсын:»"Қазақстан Республикасы үшін осы Хаттама Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы»20 қарашадағы
N 1115 қаулысымен  
мақұлданған    

жоба

  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық
қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
      төмендегілер туралы келісті:
      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-баптың бірінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "ТМД-ның үкіметаралық органы болып табылатын".
      1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр энергетикалық кеңестің мүшелері атқарушы биліктің тиісті орталық органдарының, сондай-ақ мемлекеттердің атынан тиісті өкілеттіктер берілетін, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық ведомстволары мен ұлттық энергетикалық компанияларының басшылары болып табылады".
      1.3. 1-бап үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Электр энергетикалық кеңесте бір дауысқа ие болады".
      1.4. 2-баптың 2.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр энергетикасы саласындағы бірлескен экологиялық бағдарламаларға қатысу".
      1.5. 2-бап мынадай тармақтармен толықтырылсын:
      "2.14. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің қосарлас жұмысының техникалық ережелерін әзірлеу.
      2.15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерінің өзге де энергия бірлестіктерімен өзара іс-қимылын үйлестіру.
      2.16. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге еуропалық және әлемдік энергетикалық қоғамдастықтар шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу".
      1.6. 2-баптың 2.2-тармағындағы "үйлестірілген" деген сөз алынып тасталсын.
      1.7. 2-баптың 2.3-тармағындағы "бірлескен энергетикалық жүйелердің" деген сөздерден кейін ", оның ішінде" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрі мәтін бойынша.
      1.8. 2-баптың 2.5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр және жылумен жабдықтау, жаңа технологиялар мен техника саласындағы мемлекетаралық ғылыми бағдарламалар мен тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру мен үйлестіруге қатысу қажеттігі туралы ұсыныстар дайындау".
      1.9. 2-баптың 2.10-тармағында "әзірлемелерді кәсіпорындармен бірлесіп үйлестіру" деген сөздер "бірлескен әзірлемелерде өндіруші-кәсіпорындармен ынтымақтастық" деген сөздермен ауыстырылсын, одан әрі мәтін бойынша.
      1.10. 3-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр энергетикалық кеңесті алмастыру тәртібімен бір жыл мерзімге Электр энергетикалық кеңестің мүшелері ішінен сайланатын Президент пен вице-президент басқарады".
      1.11. 4-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Электр энергетикалық кеңестің кезектен тыс отырысы не Электр энергетикалық кеңес президентінің шешімі бойынша не Электр энергетикалық кеңестің кемінде үш мүшесінің ұсынысы бойынша шақырылуы мүмкін";
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Электр энергетикалық кеңестің отырыстары өткізілетін орын мен күні оның шешімімен белгіленеді".
      1.12. 5-бапқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Электр энергетикалық кеңестің атқарушы комитеті (бұдан әрі - Атқарушы комитеті) Электр энергетикалық кеңестің тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы болып табылады";
      бесінші абзацта "мүшелерін" деген сөз "техникалық қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзац "Мәскеу қаласы" деген сөздердің алдынан "Ресей Федерациясы" деген сөздермен толықтырылсын.
      1.13. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр энергетикалық кеңестің және оның Атқарушы комитетінің қызметтерін қаржыландыру Электр энергетикалық кеңеске мүше мемлекеттермен келісілген және Электр энергетикалық кеңес жыл сайын бекітетін шығыстар сметасына сәйкес Ресей Федерациясының рублімен немесе еркін айырбасталатын валютамен осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр энергетикалық басқару органдарының және/немесе электр энергетикалық бірлестіктердің (компаниялардың) жыл сайынғы үлестік жарналары есебінен, сондай-ақ ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың қайыр көрсетулері және Атқарушы комитет келген мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
      Электр энергетикалық кеңесті қаржыландыруға үлестік қатысу принципі оның шешімімен анықталады".
      1.14. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін белгіленген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін".
      1.15. 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кез келген қатысушы мемлекет осы Келісім бойынша туындаған барлық міндеттемелерді орындай отырып, шығатын күнге дейін бір жылдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарламаны жібере отырып, осы Келісімнен шығуы мүмкін".
      1.16. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін кез келген қатысушы мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық. Осы Келісім бірігетін мемлекеттер үшін қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кірмейтін мемлекеттер үшін қосылу туралы тиісті хабарламаны депозитарий алғаннан кейін үш айдан соң, егер осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ешқайсысы осы мерзім ішінде депозитарийге қарсылығын жібермесе, күшіне енеді".
      2. Осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты даулы мәселелер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
      3. Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      4. Осы Хаттама Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2007 жылғы _________ ______________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық данасы оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

       Әзірбайжан Республикасының       Молдова Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Армения Республикасының          Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының         Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Грузия                           Түрікменстан
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының           Украина Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
электр энергетикасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарын
үйлестіру туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 
1.1-тармақшасы бойынша Қазақстан Республикасының ескертпесі

      Қазақстан Республикасы үшін осы Хаттама Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады