Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респуболикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1131 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар:
      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 26«қарашадағы 
N 1131 қаулысымен    
бекітілген       

  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

       1.  Бағдарлама паспорты
       2.  Кіріспе
       3.  Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау
       3.1. Технологияларды өнеркәсіпке тарту
       3.2. Технологияларды енгізу шарттары
       3.3. Басқару технологиялары
       3.4. Негізгі құралдар
       4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
       5.  Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оның іске асыру тетіктері
       5.1. Аса жаңа технологиялық шешімдерді тарту және енгізу көлемін арттыру
       5.2. Алынған ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке енгізу үшін инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлармен қамтамасыз ету
       5.3. Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта жарақтау
       5.4. Қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу
       6.  Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
       7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
       8.  Технологиялық дамудың 2015 жылға дейінгі Бағдарламасын іске асырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

  1. Бағдарлама паспорты

Атауы           Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
                технологиялық даму бағдарламасы (бұдан әрі -
                 Бағдарлама)

Әзірлеу         Қазақстан Республикасы Президентінің
үшін            2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен
негіздеме       бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы
                Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске
                асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
                жалпыұлттық жоспарының 95-тармағы;
                Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
                сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет
                басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына
                жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
                негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
                жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау
                жөніндегі іс-шаралар жоспарының 245.1-тармағы;
                "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
                дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімдік
                жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысымен бекітілген
                2008-2010 жылдарға арналған жұмыс істеп тұрған
                және әзірленіп жатқан мемлекеттік және салалық
                (секторалдық) бағдарламалар тізбесінің 4-бөлімінің
                89-тармағы.

Жауапты         Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
орындаушы       министрлігі

Мақсаты         Өндірістік қуаттардың және аса жаңа технологияларды
                пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету жолымен
                Қазақстан Республикасының технологиялық дамуының
                деңгейін арттыру

Міндеттері      Аса жаңа технологиялық шешімдерді тартудың және
                оларды енгізудің көлемін арттыру;
                Алынған ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке енгізу үшін
                инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайларды
                қамтамасыз ету;
                Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта
                жарақтандыру

Іске асыру      Бірінші кезең: 2008-2010 жылдар
мерзімі          Екінші кезең: 2011-2013 жылдар
                Үшінші кезең: 2014-2015 жылдар

Қажетті         Бағдарламаны қаржыландыру республикалық
ресурстар мен   бюджетте   көзделген қаражат, даму
қаржыландыру    институттарының қаражаты,   кәсіпорынның
көздері         меншікті қаражаты және отандық пен
                шетелдік инвестициялар есебінен және шегінде жүзеге
                асырылады.
                Республикалық бюджеттен және басқа да қаржы
                көздерінен бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі
                154 700 535 мың теңгені құрайды.
                Бірінші кезең:
                2008 жылға бюджеттен қаржы шығындары қажет емес.
                2009 ж. - 10 252 555 мың теңге
                2010 ж. - 12 906 705 мың теңге
                Бірінші кезеңде жиыны - 23 159 260 мың теңге
                Екінші кезең:
                2011 ж. - 18 314 255 мың теңге
                2012 ж. - 22 299 255 мың теңге
                2013 ж. - 26 314 255 мың теңге
                Екінші кезеңде жиыны - 66 927 765 мың теңге
                Үшінші кезең:
                2014 ж. - 30 299 255 мың теңге
                2015 ж. - 34 314 255 мың теңге
                Үшінші кезеңде жиыны - 64 613 510 мың теңге
                2009-2015 жылдары Бағдарламаны іске асыру үшін
                қажетті бюджет қаражаты көлемі тиісті қаржы жылына
                Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде
                нақтыланатын болады.

Күтілетін        Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай
нәтижелер       негізгі нәтижелер алынатын болады:
                 алынған ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке енгізудің
                тиімді жүйесін құру;
                 инженерлік инфрақұрылым құру (5 конструкторлық
                бюро, 1 инжинирингтік ұйым және өзге де ұйымдар);
                 өндірістерді жаңғырту есебінен кәсіпорындардың
                техникалық және технологиялық деңгейін арттыру;
                 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай еңбек
                өнімділігін кемінде 3 есеге ұлғайту және ЖІӨ-нің
                энергоқажетін 2 есеге төмендету;
                 инновациялық қызметке кәсіпорындар мен
                компанияларды технологияларды жетілдіру және құру
                бойынша тарту;
                 ІЖӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық
                қызметтердің басым салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан
                2015 жылы 1,5-1,7% арттыру;
                 өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта бизнес
                кәсіпорындарының 25% техникалық қайта жарақтандыру;
                 қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу
                есебінен отандық кәсіпорындар қызметінің
                тиімділігін арттыру.

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (245.1-тармағы) Технологиялық даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіздеме болды.
      Ғылымды қажетсінетін салаларда озат технологиялардың құрылуы, жаңа басқару технологияларының пайда болуы, экономикалық интеграция процестерінің жеделдетілуіне байланысты технологиялық даму жалпы әлемдік ауқымда орасан зор серпінге ие болды. Көптеген жағдайларда жаһандану процесі мен жекелеген елдің технологиялық даму деңгейін айқындайтын кәсіпорын ішінде де, елдер арасында да жаңа бірігу байланыстарын құру үдерісі болмай қоймайды. Елдің жаһандық экономикада шикізат шылауы мәртебесінен айырмасы бар белгілі бір тауашаны иемденуі елдің технологиялық даму деңгейінің артқанын және өнеркәсіптегі аса жаңа технологиялардың пайдаланылуын білдіреді. Әлемде ресурстарды үнемдеумен және жаңа өнімдерді әзірлеумен байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерге (бұдан әрі - ҒЗТКӘ) арналған шығынның ұлғаю үдерісі бар, өйткені технологиялық дамуда көшбастау экономикалық табыстың кепілі болып табылатынын түсінетін уақыт жетті.
      Елдің технологиялық деңгейі өнеркәсіп өндірісінің құрылымымен және тиімділігімен, ғылыми әлеуметтік даму деңгейімен әрі жаңа технологияларды енгізу жылдамдығымен айқындалады.
      Технологиялық дамудың әртүрлі кезеңінде тұрған елдер үшін (аграрлық, аграрлық-индустриялық, индустриялық, бұрынғы индустриялық, ақпараттық) жүргізілетін индустриялық саясат шеңберінде олардың технологиялық дамуына барынша жоғары деңгейде әсер ететін факторлардың әртүрлі жиынтығы сәйкес болады. Мәселен, технологиялық дамудың аграрлық кезеңінде тұрған ел үшін білім беру деңгейін арттыру, өнеркәсіптік базалық салаларын дамыту (шикізат өндіру, металлургия), бастапқы инфрақұрылым құру маңызды болса, ал бұрынғы индустриялық елдер үшін ғылыми әлеуметті дамыту және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік шараларды қабылдау технологиялық дамудың айқындаушы факторлары болып табылады.
      Қазақстан аграрлық-индустриялық кезеңде тұрғандықтан, өндірістің тиімділігі мен техникалық қайта жарақтану, өнімнің жаңа түрлерін игеру тиімділігі мен өндіріске аса жаңа технологияларды тарту технологиялық дамуға әсер ететін өзекті факторлар болып табылады. Бұл факторлардың елдің   технологиялық дамуына айрықша әсері қазақстандық өнеркәсіптің құрылымы мен жағдайына, ғылыми-техникалық саладағы жағдайға, шикізат тауарындағы әлемдік конъюнктураға, отандық экономиканың өсім үдерісіне және кадрлық қамтамасыз ету сапасы, өнеркәсіп құрылымының шикізат бағыттылығы сияқты тарихи қалыптасқан факторларға байланысты.
      Осындай жолмен, өнеркәсіптің қолданыстағы құрылымы жағдайында Қазақстан Республикасының технологиялық даму деңгейін және ғылыми-техникалық әлеуеттің ағымдық жағдайын арттыру үшін жоғарыда аталған факторларға айрықша назар аудару қажет.

  3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

  3.1. Өнеркәсіпке технологияларды тарту

      Қазіргі күні Қазақстан өнеркәсібі пайдаланылатын технологиялар деңгейіне айрықша маңыз береді. Тиісінше қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары ҒЗТКӘ-мен дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКӘ өнімін сатып алуға ақша салуға бейім емес. Бұл бойынша өнеркәсіпті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындардың өзі салыстырмалы түрде серпінді. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі соңғы жылдары 3-4%, деңгейі аралығында, бұл ЕО елдерінде немесе тіптен Эстония (36%) және Венгрия (47%) сияқты өтпелі экономикасы бар елдерден төмен. Бұл Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің құрылымы дәстүрлі тау-кен өндіру және мұнай-газ секторларындағы шоғырлануды ауырсынатынымен түсіндіріледі. Мысалы, АҚШ-тың тау-кен компанияларындағы ҒЗТКӘ қарқындылығы өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда елеулі түрде төмен.
      Сонымен қатар, 1997 жыл мен 2005 жыл аралығындағы ғылыми-техникалық жұмыстарды орындауға кеткен шығын құрылымын талдау, ғылыми-техникалық қызметтердің басым салмағы 4,5 еседен астамға ұлғайғанын көрсетіп отыр. Көрсетілген нәтижелер экономиканың дәстүрлі секторларын технологиялық дамыту деңгейін арттыру, қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту шамасына қарай Қазақстандағы отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық ұйымдардың өнімге сұранысын арттыру үдерісі айқындалатынын көрсетеді.
      Алайда, көптеген кәсіпорындар технологиялық шешімдер импорттық техника мен жабдыққа енгізілетін "толық кілтті" жобаларға басымдық береді. Мұндай стратегия басқа елдердің кәсіпорындарына да тән. Мысалы, Германия жабдықтар мен технологиялардың импорты және оларды отандық өндірістік процестерге енгізу жолымен қуатты инновациялық экономика құрды. Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындар лицензияланған технологиялар немесе патенттерді елден тысқары жерлерден сатып алу түрінде шетел бастау көздерінен ілім-білімді сирек сатып алады (фирмалардың тек 4%).
      Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі патенттер мен лицензияларды сатып алу жолымен аса жаңа технологияларды "қарымта алудың" қазіргі заманғы мысалы болып табылады. Технологияларды жасау емес, ал шетел мемлекеттері өндірген технологияларды тартуға басымдық берген технологияны шеттен алып пайдаланудың жапондық моделі бұл елдер үшін даму моделі болды. Технологиялық саясатты жүргізудің мұндай ерекшелігі жаңа технологияларды құруға арналған елеулі шығындарды, сондай-ақ инновациялық қызмет бастан кешіретін коммерциялық қатерді болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл пікір әлемдік нарықта бұрыннан бар жаңа өнімдер үлгілерін сатып алудың және "талдамалық дизайн" жүргізу нәтижесінде жүзеге асырылатын меншікті "имитациялық" топтама өндірісті игерудің кірістерді барынша көбейту кезінде жаңалықтар енгізуден коммерциялық қатерлерді төмендетуге мүмкіндік беретініне негіз болады.
      70 жылдардың аяғынан бастап, "ашық есік" саясаты шеңберінде технологиялық дербестікті арттыру және әлемдік экономикада өз қатысын ұлғайту мүддесінде технологиялар импорты ашық пайдаланылатын Қытай тәжірибесі де осыған ұқсас. Қытайда жабдықтар импорты мен пайдалану "ноу-хау" ғана алуға емес, ал өндіріс пен жобалау құпияларын тарту мен алуға екпін түсірілді. Технологиялық базаны жаңғыртумен қатар шеттен алынған қазіргі заманғы технологияларды таратудың мұндай әдісі өз инновациялық қызметін кеңінен дамытуға әкеліп, ғылыми-техникалық бағдарламаларды дербес өрістетуге әкеледі. Осының арқасында технологиялық дамуда дербестік қалыптасып, бұл экономикалық даму сипатында, ұлттық экономика құрылымында және тауарлар мен қызметтердің экспортында көрінеді.

  3.2. Технологияларды енгізу жағдайлары

      Әлемдік бұл тәжірибеге шолу жасау кезінде техникалық даму технологияларды енгізудің тиімді жүйесін құрумен тікелей жанасатыны анықталды, өйткені әзірлемелерді өнеркәсіп өндірісіне енгізу жылдамдығы елдің жедел экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
      Қазақстандағы ахуалға шолу жасау елде технологияларды енгізудің ойдағыдай жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығын көрсетіп отыр. Бұл факт бұрынғы КСРО кәсіпорындарының біріккен тізбегінің үзілуімен және өз кезегінде ғылыми-зерттеу әзірлемелерін дайын технологиялар деңгейіне дейін   өңдеуді қамтамасыз ететін тәжірибе-конструкторлық және жобалау-зертханалық кешендерді қамти алмайтын ғылыми-білім беру ұйымдарының қазіргі заманғы құрылымымен байланысты болып отыр.
      Отандық ғылыми-зерттеу кешенінің толық құрылымын талдау кезінде республикалық барлық ғылыми саласының 80% зерттеме бөлігін құрайды және 20%-дан кемі жобалық-конструкторлық және тәжірибе-өндірістік бөлігіне тиесілі. Қазақстандағы тәжірибе өндірістеріндегі ғалымдардың, конструкторлар мен қызметкерлердің қатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл қатынас 1:2:4. Бұл фактілер ғылыми кешен өнеркәсіп секторымен орнықты байланысты орнатуға ұмтылмайтынының айғағы ретінде қызмет етеді.
      Сонымен қатар, жеке сектор технологияларды енгізудің және ғылыми әрі тәжірибелік-конструкторлық ұйымдармен тығыз байланысты орнатудың бастамашысы бола алмады. Мұның алдындағы бөлімде келтірілген инновациялық белсенділік деңгейі туралы статистикалық деректер осыны растайды. Осыған байланысты ғылыми-өндірістік байланыстарды күшейту мақсатында технологияларды өнеркәсіпке берудің жағдайларын жасау және оның инфрақұрылымын дамыту жөнінде бірқатар шаралар қабылдайды. Ақпараттық технологиялар паркі, Ядролық технологиялар паркі, "Қазақстан Республикасының ұлттық биологиялар орталығы" ғылыми-зерттеу кешені құрылып жатыр. Қазірдің өзінде Алматы, Қарағанды, Орал, Өскемен қалаларында өңірлік технопарктер жұмыс істеуде. Бұл орталықтар ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастық және бірігу орны болып табылады. Сонымен қатар, мұндай парктерді құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Жекелей алғанда Оңтүстік Корея мен Сингапурдің өнеркәсіптік дамуын егжей-тегжейлі шолу бұл елдер өздерінің өндірістік және технологиялық парктерін құрғанын анықтады.
      ЕО елдерінің тәжірибесін талдау да мемлекеттік саясаттың негізгі екпіні индустрия мен ғылым арасындағы байланыстарды күшейтуге ауысқанын көрсетіп отыр. ЕО елдері бүгінде ғылым мен бизнестің ынтымақтастығы мен бірігуін ынталандыруға арналған технологиялық инфрақұрылымдардың кең ауқымымен сипатталады. Германияның технологияларды берудің 14 орталығы, кәсіби ақпарат орталығы құрылған Карлсруэ қаласы бұған мысал бола алады.
      Әлемдік тәжірибеге шолу жасау R&D (Research and Development) компаниялар ғылым мен өндірісті байланыстыратын буынның негізгі нарықтық құралдары болып табылатынын көрсетті, олар "кеңестік" тәжірибе-конструкторлық бюросы мен инжинирингтік ұйымдарға сәйкес. Бұл ұйымдардың мақсаты әзірлемелерді оны өндіріске енгізуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін жеткізу және кейіннен коммерцияландыру үшін "тауарлық" түрге келтіру. Алайда, Қазақстанда сапалы инновациялық/инвестициялық жобаларды "толық кілттік" дайындауға қабілетті (ТЭН, ЖСҚ әзірлеу, авторлық қадағалау, жабдықтарды монтаждау, мамандарды оқыту, жобаларды басқару) инжинирингтік компаниялар жоққа тән. Әлбетте, алдыңғы бөлімде көрсетілгендей Қазақстанда "толық кілтті" жобаларға нарықтық сұраныс бар.
      Тұтастай алғанда технологиялық дамудың шетелдік тәжірибесіне орай ғылым мен өндірістің өзара әрекетін қалыптастыру технологияларды енгізу жүйесін құру жолымен ғылыми саланы кешенді мемлекеттік қолдаусыз мүмкін емес. Бизнес құрылымдардың мүдделері экономикалық өсімге бағытталған, сондықтан олардың ҒЗТКӘ-ға шығыны мен нәтижелерді енгізу жөніндегі күш-жігері қажетті инфрақұрылымды кең ауқымда қолдауға және ғылыми-зерттеу саласымен бірігуді дамытуға мүмкіндік бермейді.
      Тиісінше технологияларды енгізу саласындағы отандық индустриялық саясатты жүйелендіру және тәжірибелік-конструкторлық бюро мен инжинирнгтік компанияларды қатарлас құру көмегімен ғылыми-техникалық инфрақұрылымды қалыптастырудың қолда бар әдісін дамыту қажет.

  3.3. Басқару технологиялары

      Өндірістік үдерістерді оңтайландыру қажеттігі нарық жағдайларында бәсекелестік күрестің бөлігі болып табылады. Бұдан өзге, әлемдік көшбасшыларының экономикалық жетістіктерін қарастыра отырып, өндірістің үдерістер менеджменті саласына аса жаңа шешімдерді енгізу жеделдетілген технологиялық прогрестің өзекті факторының бірі екенін атап кету қажет. Өндірістік процестердің басқару технологияларын пайдалануын 1980 жылдары Америка автомобиль индустриясы атынан өзінің стратегиялық бәсекелесін айқындаған жапон автоөнеркәсібінің дамуы мысалында зерттеуге болады.
      Сапасы, дизайны және өнімділігі жағынан америкалық автомобиль алпауыттарын басып озған "Тойота" жапон компаниясының дамуы басқару технологияларын тиімді пайдаланудың нақты мысалы бола алады: 1980 жылдың басында 1960 жылдардағы артта қалған жабдықтармен оның бірінші шағын зауыты сағатына қазіргі заманғы "Форд" немесе "Крайслер" кәсіпорындары шығарған қозғалтқыштарды 4,5 есеге көп өндірді. Мұндай нәтижелерге қол жеткізу өндірістік үдерістерді басқарудың "Total Quality Managment" және "Just-in-time" технологияларын пайдалану арқасында мүмкін болды.
      Қазақстанда өндірістік үдерістерді оңтайландыру үшін басқару шешімдерін қолдану кең қолдау тапқан жоқ. Бұл факт кәсіпорын басшыларының әлсіз менеджменті мен олардың басқару технологияларын енгізудің перспективалық нәтижелері туралы білмеуі салдарынан болып отыр. Басқару жүйесі отандық кәсіпорындардың көпшілігінде қатаң әкімшілік етумен тік ықпалдасқан тізбек болып табылады. Жекелей алғандағы кәсіпорынның жұмыс істеуінің нарықтық жағдайларында басқарудың осы түрі   осы кәсіпорынның мынадай бәсекеге қабілеттілігін шектеудің бірнеше негізгі   кемшіліктері бар: шешім қабылдаудың ұзақ процесі, төменде тұрған қызметкерлердің бастамаларын шектеу, өндірістік процестердің перманенттік оңтайландыруының мүмкін еместігі, сондай-ақ басқару тізіліміндегі төменгі буын қызметкерлерінің міндеттерін жайластырып тарату.
      Кәсіпорынның менеджменттік тәсілінің өнеркәсіптегі пайдаланылатын кемшіліктеріне сүйене отырып, еңбектің өнімділігін арттыру және технологиялық дамыту үшін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу талап етіледі.
      Сонымен қатар, технологиялық дамытуды басқару технологияларын енгізу жолымен арттыру қажеттілігі күтіліп отырған ДСҰ-ға кіруден туындаған. Осы ықпалдастық бастамасымен байланысты сапаның халықаралық стандарттары бойынша өнеркәсіптік өндірістерді сертификаттау қажеттілігі бар.
      Өндірістік процестерді қазіргі заманғы технологиялық басқару ақпараттық технологиялар түріндегі жаңа шешімге ие болды. Басқарушылық ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы шешу ЕRР (Enterprise Resource Planning) деген атауға ие болды. Осы жүйелер бизнес процестердің іс жүзіндегі барлық аспектілерін (өндірістік процестер, қаржы мен бухгалтерия, қоймалар, логистика, адам ресурстары және т.б.) қамтиды.
      Тұтастай алғанда, басқарушылық технологиялар еңбектің өнімділігіне, өнімдердің жаңа түрлерін игеру мақсатында өндіріс процесінің икемділігін дамытуға қызмет етеді. Тиісінше, өндірістің технологиялық деңгейі артады және шығындық бөлігі төмендейді.

  3.4. Негізгі құралдар

      Өндірістік процесті және технологиялық дамытуды оңтайландыру негізгі қорды және технологиялық дамытуды жаңартусыз мүмкін емес. Техникалық қайта жарақтандырудың әлемдік тәжірибесіне сүйенсек, технологиялық дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибе негізгі өндірістік қорлардың жаңаруы әрбір бес жылда болуы тиіс екендігін көрсетуі тиіс, бұл ретте бес жылдық цикл шектік мерзім. Осы жаңарудың кезеңінен асып кететін кәсіпорындар өзінің техникалық дамуында қалады және техникалық дамыған кәсіпорындармен бәсекелестікті ұстап тұруға қабілетсіз болмақ.
      Дамушы елдердің тәжірибесін қарастыра отырып, олардың негізгі қорлардың жаңаруына және техникалық қайта жарақтануына орасан мән беретінін атап өтуге болады. Мысалға, Жапонияда 2/3 жабдық КЖТ жетістіктерінің ішіндегі ең жаңасы. Германияда негізгі қорлардың толық жаңаруы кемінде бес жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте, кәсіпорындардың рентабельділік деңгейі қор қаржысын қалыптастыруға қажетті 71% кәсіпорындардың жеке қаржылық ресурстарының ішінен бөлуге мүмкіндік береді және тек қана 29% сыртқы инвесторлардан келіп түседі.
      Қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорлары жағдайын талдау үлес салмағы толығымен тозған қорлардың 20%-на жеткендігін, оның ішінде машиналар мен жабдықтар бойынша 30%-дан астам екендігін көрсетті. Кәсіпорындардың жабдықтарды күрделі жөндеуге арналған шығындары жеке инвестициялық қаржының 40%-на дейін құрайды. 2005 жылы негізгі қаражатты жаңғырту коэффициенті Қазақстанда мынадай: ауыл шаруашылығында - 13,3 %, өнеркәсіпте - 13,9, құрылыста - 21,8%, сауда саласында - 33,6 %, көлік және байланыста - 14,9 %-ды құраған. Таратудағы барынша үлкен коэффициент ауыл шаруашылығында - 16,1% және құрылыста - 2,6% деп атап өтіледі. Келтірілген деректер негізгі қорлардың жаңаруына төменгі қарқыны және тиісінше өндірістің төменгі тиімділігінің себебі және   өнімнің жаңа түрлерін игерудің мүмкін еместігі болып табылатын негізгі қорлардың физикалық тозуы туралы куәландырады.
      Өнеркәсіптегі негізгі қорлардың жоғары тозу жағдайы кәсіпорындардың өзінің техникалық қайта жарақтандырылуы бойынша төменгі белсенділігіне негізделген. Қорлардың техникалық қайта жарақтандырылуы және жаңаруының стимулы ретінде мемлекет инвестицияларды ынталандыруға, негізгі қорларды техникалық қайта жарақтандыру мен   жаңартуға бағытталған артықшылықтарды және салықтық жеңілдіктерді ұсынады.
      Тұтастай алғанда техникалық қайта жарақтандырудың әлемдік тәжірибесіне сүйенсек және Қазақстандағы жағдайды талдайтын болсақ мемлекеттің техникалық қайта жарақтандыруға және өнеркәсіптің негізгі құралдарын жаңартуына барынша мән беруі тиіс екендігін атап өткен жөн. Технологиялық дамудың деңгейі материалдық-техникалық базаның жағдайына және кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың жарақтандыру деңгейіне тікелей байланысты. Сонымен бірге, инвестициялық тартымдылықтың салалық үрдістерін ескеру қажет және мемлекеттің бар күшін жеке сектор үшін қызығушылық білдірмейтін салаларға техникалық қайта жарақтандыру саласына бағыттаған жөн.
      Қаржылық   нарықтың дамымаушылығын және экономиканың шикізаттық емес секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың төмен инвестициялық тартымдылығын ескере отырып, техникалық қайта жарақтандырудың жалғыз жолы техникалық қайта жарақтандыру үшін қарыз қаражаттарын тарту болып табылады. Негізгі қорларды жаңғыртуға бағытталған инвестициялаудағы әлемдік үрдістер техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған инвестициялардың едәуір бөлігінің лизинг операцияларының көмегімен жүргізілетіндігі туралы куәландырылады.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

       Технологиялық   дамудың және бәсекеге қабілеттілікті дамытудың әлемдік тәжірибесін талдай отырып және Қазақстанның технологиялық даму деңгейіне шолу жасай отырып, бұдан кейінгі жедел даму бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық деңгейіне шығуды қамтамасыз ету мақсатында өндірістің озық технологияларын мақсатқа сай енгізуді болжайды. Қазіргі заманғы әлемде негізгі экономикалық даму технологиялық даму болып келеді. Елдің дамуы технологиялық көшбасшылықты сақтау үшін барлық мүмкін   болатын ресурстарды пайдаланады. Бұл экономикалық гүлденудің іргетасы   болып табылады. Сонымен қатар технологияларды игеру өндірістік процесті тиімді басқару саласындағы қазіргі заманғы материалдық-техникалық базаны құру және жаңартуды, технологияларды өндірісте енгізудің   тиімді инфрақұрылымдарын қалыптастыруды, әлемдік жетістіктерді пайдалануды білдіреді.
      Жоғарыда айтылғандармен байланысты бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының технологиялық даму деңгейін тиімді өндірістік қуаттылықты қамтамасыз ету және жаңа технологияларды пайдалану жолымен арттыру болып табылады.
      Жоғарыда айтылғандарға сәйкес бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет: жаңа технологиялық шешімдерді тарту мен енгізудің көлемдерін арттыру, алынған ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке енгізу үшін инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайларды қамтамасыз ету, негізгі қорларды және техникалық қайта жарақтандыруды жаңарту, сондай-ақ қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу.

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері

  5.1. Аса жаңа технологиялық шешімдерді тарту және енгізу көлемін арттыру

      Жалпы алғанда, соңғы жылдары шамамен 3-4% қазақстандық компания инновациялық қызметпен айналысты, бұл ретте осындай көлемдегі іс-шаралардың үлкен бөлігін шетелдік компаниялар жүзеге асырды. ҒЗТКӘ қаржыландыруда жеке сектордың қатысу үлесі 26 % құрайды, негізінен тау-кен және мұнай секторларын қамтиды. Осылайша, ҒЗТКӘ қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік қаражаттың 74% өндірісте қолданылмайтын өзге салалар қамтиды.
      Бұдан өзге, инновациялық қызмет кәсіпорындардың өзіндік қаржылық қаражатымен, орасан коммерциялық тәуекелдермен және мемлекеттік қолдаудың болмауымен шектеліп отыр.
      Осының салдарынан технологияларға мүдделі және ауыл шаруашылығы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі сияқты секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындар өз өндірістік процестерінде технологияларды сатып алуға және қолдануға тәуекел етпейді.
      Бүгінгі күні технологияларды тарту және енгізу жөніндегі осындай жүйе тиімді болып табылмайды. Қазақстанның үлесіне ғылыми білімдердің елеусіз көлемі тиетіндіктен, мемлекеттік қаражат зерттеулерге ғана бөлінбеуі тиіс. Білім өндірісі және технологияларды коммерцияландыру үшін аса тиімді жүйелерді қалыптастырған жағдайда болжанған болашақта қолданыстағы тепе-теңдік айтарлықтай өзгермейді. Қазақстанның қазіргі заманғы даму кезеңінде неғұрлым артықшылықты лицензиялық технологияларды немесе патенттер түрінде елде, сондай-ақ елден тыс жерлерде қажетті технологиялардың көпшілік бөлігін сатып алу болып табылады.
      Технологиялық дамудың деңгейін технологияларды тарту және енгізу арқылы ұлғайту үшін мемлекет өз қызметін жаңа немесе қолданыстағы қазақстандық немесе шетелдік технологияларға мүдделі, бірақ оларды өндіріске тартуға және араластыруға қаржылық мүмкіндіктері жоқ нақты әрекет етуші кәсіпорындарды қолдауға бағыттауы тиіс.
      Жаңа технологиялық шешімдерді тартудың және енгізудің тиімді тетіктерін ұйымдастыруға жүйелік тәсілдің нақты болмауын ескере отырып, осы бағдарлама осы процестегі мемлекеттік органдардың, даму институттарының және ұлттық холдингтердің белсенді рөлін болжайды. Технологияларды тартуды мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны Қазақстандағы және шетелдегі қолданыстағы және жаңа технологияларды сатып алуға гранттар беру, сондай-ақ жаңа технологияларды әзірлеу болады.
      Басымдықты бағыттарды айқындау және технологиялық трансферттер тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылуы технологияларды тарту есебінен жүзеге асырылатын технологиялық жаңғыртуды, отандық индустрияның қажеттіліктердің құрастыруға және тұрақты мониторингіне жауап беретін қолданыстағы даму институттарының базасында орталық құру, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде қолданыстағы және жаңа технологияларды сатып алуға гранттар беру жоспарланып отыр.
      Бастапқы кезеңде мұндай орталық конкурстық іріктеу қағидаттарын пайдалана отырып, жүргізілген зерттеулер негізінде технологияларды беру процесіне қатысушыларды - тиісті техникалық шешімнің (технология көзінің) иесін және технологияларды әлеуетті тұтынушысын - инвестициялық жобаның болашақ операторын іздеуді жүргізетін болады.
      Орталық қатысушыларды айқындағаннан кейін нәтижесі инвестициялық жобаның операторына мемлекеттік қаражат есебінен сатып алынған технологияларды беру болып табылатын оны құрылымдау рәсімдерін жүргізетін болады.
      Орталық өз қызметінің басында нақты техникалық міндеттерді орындау шеңберінде шарттық негізде консультанттар негізінде зияткерлік және меншік саудасы жөніндегі мамандандырылған шетелдік компанияларды тартатын болады. Тартылатын шетелдік компаниялар технологиялар трансферті саласындағы жобаларды іздестіру, бағалау және дайындау жөніндегі жұмыстарды орындайтын болады.
      Қорытындылау кезеңі инвестициялық жобаның операторының технологияларды пайдалануы болып табылады. Осы кезеңде салықтық түсімдері, халықтың жұмыспен қамту және табысының деңгейін ұлғайту, өндірістік процестерге пайдаланылмаған ресурстарды тарту және экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі есебінен елдің экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру түрінде мемлекеттік қолдаудың бұрынырақ ұсынылған құралдарын қайтару нақты жүргізілетін болады.
      Технологияларды тарту мен енгізу саласындағы барынша тиімді қызмет үшін сол немесе өзге де технологиялар саласында ақпараттардың негізгі көзі болып қызмет жасайтын технологиялар трансфертінің халықаралық желісіне ықпалдастырылған ұлттық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды бастау керек болады.
      Бұдан өзге шетелдік компаниялардан ҒЗТКӘ-ға тікелей тапсырыстарды тарту мақсатында тиісті ғылыми және зертханалық тәжірибенің халықаралық стандартын алу үшін оларға мемлекеттік қолдауды көрсету мақсатында перспективті отандық ғылыми ұйымдарды айқындау жоспарлануда.
      Шетелдік компанияларды сатып алуға, оның ішінде олардың акционерлерінің құрамына кіруге, қолданыстағы технологияларға қол жетімділікті алу үшін және кейіннен өндірістік қуаттылықтарды Қазақстанға ауыстыру үшін ерекше назар аударылатын болады.
      Осындай жолмен, Қазақстанда технологияларды тарту және енгізу саласындағы негізгі бағыттар патенттерді немесе лицензияланған технологияларды сатып алу, шетелдік компанияларды сатып алу және Қазақстанның ғылыми зерттеу ұйымдары мен басқа елдердің кәсіпорындарының арасындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру болуы тиіс.

  5.2. Алынған ғылыми нәтижелерді өнеркәсіпке енгізу үшін инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлармен қамтамасыз ету

      Бүгінгі күнде Қазақстан экономикаға технологияларды енгізу индексі бойынша көптеген елдерден артта қалып отыр. Бұл ең алдымен көптеген қазақстандық компаниялар мен әзірлеушілердің технологияларды енгізудің процесін кідіртетін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен өндірісті игеру сатысында арнайы қызметтердің жоқ болуы проблемасы мен бетпе-бет келуінде. Мұндай қызметтер негізінен технологияларды әзірлеу мен жаңғыртуға, жобалауға байланысты, сондай-ақ жобаны маркетингтеу қызметі мен объектіні "іске қосуға" дейінгі жұмысшы құжаттамасын дайындауды және пайдалануды сүйемелдеуді қамтиды.
      Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, технологияларды енгізудің жүйесінің тиімді элементтері инжинирингтік ұйымдар, конструкторлық бюро мен жылдам пішімдеу жүйесі болып табылады.
      Тартылатын және әзірленетін технологияларды кейіннен коммерцияландыру мақсатында қажетті деңгейге дейін жедел жеткізудің қажеттілігіне сәйкес тәжірибелік-конструкторлық бюро мен инжинирингтік ұйымдар құру талап етіледі.
      Конструкторлық бюроның қызметі машиналарды, жабдықтарды, түйіндерді, бұйымдарды, құралдарды және т.б. әзірлеуге және жаңғыртуға бағытталатын болады. Мұндай конструкторлық бюро пішімдеу жүйесімен жарақтандырылатын болады.
      Компанияларды құруға жоспарланған инжинирингтік қызмет маркетингті, бизнес-жоспарларды, инвесторларды іздестіру, жобалау, құрылыс, жабдықтарды сатып алу мен орнатуды, шефмонтаж бен пайдалану жөніндегі қызметтерді қамтуы тиіс.
      Сонымен бірге Қазақстанның 4 өңіріндегі (солтүстік, шығыс, оңтүстік және батыс) және Астана қаласындағы өңдеуші өнеркәсіптің өңдеуші салаларының қолда бар әлеуетін ескере отырып, барлық қолданыстағы пішімдеу жүйелерімен жарақталған конструкторлық бюро құрылатын болады. Тікелей міндеттерден басқа, Астана қаласындағы конструкторлық бюро конструкторлық бюроның желісін құру, жабдықтау, дамытудың жалпы проблемалары жөніндегі әдістемелік орталықтың рөлін орындайтын болады.
      Бұл ретте ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту ғылыми-зерттеу әдістемелерін өнеркәсіптік үлгілерге дейін жеткізу және пилоттық сынақтарын жүргізу мақсатында конструкторлық бюро ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтастық жасайтын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жанынан құрылатын болады.
      Конструкторлық бюро және инженерлік бюролар жоғары біліктілігі бар қолданбалы бағдарламалық жүйелерді пайдалана білетін қызметкерлермен жасақталатын болады. Біліктілікті арттыруды алыс шетел мен ТМД елдерінде жүргізу жоспарланды.
      Біліктілікті өндірістік және ғылыми кадрлардың болуын, сондай-ақ өңірлер бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың орналасуын ескере отырып, қолданыстағы конструкторлық бюроларға және инжинирингтік ұйымдарға түгендеу жүргізілетін болады. Құрылатын ұйымдардың жоспарланған қаржыландыруы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Құрылған технопарктердегі пішімдеу жүйелерінің қолданыстағы орналасуын назарға ала отырып, сондай-ақ ғылымды өндіріспен нығайту және технологияларды енгізу процесін жеделдету мақсатында конструкторлық бюро желісін орналастыру технопарктердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің орналасқан жерін ескере отырып, көзделетін болады.

  5.3. Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта жарақтау

      Негізгі қорлардың қазақстандық жағдайын талдауға байланысты қазіргі кезде Қазақстанда негізгі қорларды жаңарту және жабдықтардың жағдайын жақсарту саласындағы проблемалар сипатталады, бұл отандық өнімдердің бағасы мен сапасы бойынша бәсекеге қабілеттілігіне барынша ықпалын тигізуде.
      Негізгі қорларды жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру мемлекеттік индустриялық саясаттың басымдығы болуы тиіс, бұл ретте еңбек өнімділігінің артуы негізгі құралдардың жағдайына тікелей байланысты.
      Техникалық қайта жарақтандыру орасан қаржылық шығындарды талап етеді. Көптеген отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар жапа шегетін жеке қаражаттардың жетіспеушілігі жағдайларында техникалық    қайта   жарақтандырудың мынадай екі жолы бар: стратегиялық инвесторды тарту көмегімен және үлесті кәсіпорындарға беру немесе кепіл ұсына отырып қарыз қаражаттарын тарту. Өтімді кепілдің жоқ болуы көптеген кәсіпорындарда және шикізаттық емес секторлар кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығының төмен болуы жағдайларында негізгі өндірістік қорларды жаңарту, жабдықтар мен технологияларды жаңғырту үшін неғұрлым тиімді құралдардың бірі лизинг болып табылады.
      Бағдарламаның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу мақсатында өнеркәсіптің өңдеуші секторларының мұқтаждықтарына шоғырландырылған назар талап етіледі. Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан өнеркәсіптерін дамытудың басымдықтары тұрғысынан алғанда барынша маңызды өндірістердің негізгі қорларының қаржылық және техникалық жағдайын талдау қажет.
      Негізгі қорларды жаңарту саласында мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы жеңілдік пайыздық ставка бойынша лизинг жүйесі болмақ. Осы мақсатта, жүргізілген талдау негізінде басым бағыттар бойынша даму институттары арқылы негізгі қорларды жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша лизингтік қызметтерді ұсынуды көздейтін тиісті бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу қажет.
      Шетелдерде қолданылатын әдістерге сүйенсек мемлекет кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтандыруды ынталандыру үшін, оның ішінде салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсыну жолымен жағдайлар жасайтын болады.

  5.4. Қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу

      Қазақстанда өндірістік процестерді оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдерді қолдану толық дамыған жоқ, бұл жалпы алғанда адами факторлармен және талап етілетін алғашқы шығындармен байланысты.
      Бәсеке жағдайында басқарудың тиімділігін арттыру менеджменттің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді талап етеді. Осы сәтте ғылыми әзірлемеден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық өндірістік процесті басқарудың технологиясын қамтитын операциялық менеджменттің технологиясын игерудің аса қажеттілігі туындайды.
      Қазақстан өнеркәсібінің осы жағдайынан және қойылған мақсаттары тұрғысынан алғанда өзекті технология кәсіпорындары жұмысының тиімді жүйелендіру және өндірістік процесті оңтайландыру саласындағы шешім болып табылады.
      Осы технологиялар шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Операциялық менеджмент бизнес процестерді қалыптастыруға және мүлтіксіз орындау оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге алып келетін кәсіпорындардың стандарттарын әзірлеуге байланысты.
      Еңбек өнімділігін арттыру негізінде әлемдік индустриялық алпауыттарды экономикалық дамыту негізіне жатқызылған және Қазақстанда еңбек өнімділігін арттыру үшін енгізілетін өндірістік процесс менеджментінің бірнеше негізін құрайтын технологиялар бар.
      Абстрактылы басқару технологияларын енгізуден басқа осы саладағы жаңа жетістіктерді пайдалана отырып, адамның қатысуын қаламайтын кәсіпорындардың кертартпалық функцияларын төмендету мақсатында өндірістің процестері автоматтандырылатын болады.
      Бизнес-процестердің жоғарыда айтылған барлық менеджмент технологияларын жедел енгізу мақсатында мемлекеттің бастамашылығы қажет. Осы басқару тәсілі мемлекеттің қатысуымен ұлттық компанияларда, мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда пайдаланылуы тиіс. Тиімділікті арттырудың нәтижелері жеке сектор арасында басқарушылық шешімдердің танымал болуына мүмкіндік береді.
      Өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында қазіргі заманғы басқарушылық технологияларын енгізу үшін қолдаудың басты құралы мемлекеттік қаражат есебінен төленетін тағылымдамалар мен семинарлар болуы тиіс. Бұдан өзге, процестік инновациялар тобына жататын басқару технологиялары қолданыстағы даму институттарын оларды кейіннен өндіріске енгізу үшін инвестициялаудың мәні болады.
      Басқарушылық технологияларды енгізуді тиімді ынталандыру үшін өнеркәсіптік өндіріс саласында еңбек ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығындарының 50% өндіріс менеджменті саласындағы сапаны халықаралық стандарттарының жүйесін орналастыру мүмкіндігі көзделетін болады.

  6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген, даму институттарының қаражаты, кәсіпорындардың өзіндік қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылды.
      Республикалық бюджеттен және басқа да қаржы көздерінен бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 154 700 535 мың теңгені құрайды.
      Бірінші кезең:
      2008 жылға бюджеттен қаржылық шығын талап етілмейді.
      2009 ж. - 10 252 555 мың теңге
      2010 ж. - 12 906 705 мың теңге
      Бірінші кезеңде жиыны - 23 159 260 мың теңге
      Екінші кезең:
      2011 ж. - 18 314 255 мың теңге
      2012 ж. - 22 299 255 мың теңге
      2013 ж. - 26 314 255 мың теңге
      Екінші кезеңде жиыны - 66 927 765 мың теңге 
      Үшінші кезең:
      2014 ж. - 30 299 255 мың теңге
      2015 ж. - 34 314 255 мың теңге
      Үшінші кезеңде жиыны - 64 613 510 мың теңге
      2009-2015 жылдары Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджеттік қаражаттардың көлемі тиісті қаржылық жылға арналған Республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай негізгі нәтижелер алынатын болады:
      өнеркәсіпте алынған ғылыми нәтижелерді енгізудің тиімді жүйесін құру;
      инженерлік инфрақұрылымды құру (5 конструкторлық бюро, 1 инженерлік ұйым және өзге де ұйымдар);
      өндірісті жаңғырту есебінен кәсіпорындардың техникалық және технологиялық деңгейін арттыру;
      2015 жылға 2000 жылмен салыстырғанда кемінде 3 рет еңбек өнімділігінің ұлғаюы және ІЖӨ энергия сыйымдылығының 2 есе төмендеуі;
      инновациялық қызметке технологияларды жетілдіру және құру жөніндегі кәсіпорындар мен компанияларды тарту;
      ІЖӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлес салмағын 2000 жылы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға дейін арттыру;
      өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта бизнес кәсіпорындарын 25% техникалық қайта жарақтандыру;
      қазіргі заманғы басқару технологиялары есебінен отандық кәсіпорындарының тиімді қызметін арттыру.

     8. Технологиялық дамудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын
іске асырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
                          (I кезең)

Р/с
N
Іс-шара Аяқталу
нысаны
Жауапты
орын-
даушы-
лар
Орын-
далу
мер-
зімі
Болжа-
натын  шығыс-
тар
(мың
теңге)
Қаржы-
ланды-
ру кө-
здері

1

2

3

4

5

6

7

1. Аса жаңа технологиялық шешімдерді тарту және енгізу
көлемін арттыру

1.1

Қазақстандық әзір-
лемелерді халықара-
лық инновациялық
нарыққа жылжыту
мақсатында мемлеке-
ттік қолдауды қам-
тамасыз ету жөнін-
дегі ұсыныстарды
әзірлеу

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы 4 тоқ-
сан
2009
жылғы
4 тоқ-
сан
2010
жылғы
4 тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


1.2

Ғылыми және зертха-
налық тәжірибеге
жататын халықаралық
стандартты алу үшін
оларға мемлекеттік
қолдау көрсету мақ-
сатында перспекти-
валық отандық ғылы-
ми ұйымдардың тіз-
бесін анықтау жөні-
ндегі мәселені
пысықтау

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
4 тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


1.3

Даму институттары-
ның қатарынан тех-
нологияларды тарту
есебінен, сондай-ақ
Қазақстанда және
шетелде колданыстағы
және жаңа техноло-
гияларды сатып
алуға гранттар беру
көмегімен жүзеге
асырылуы орынды бо-
латын, технология-
лық жаңғыртудағы
отандық индустрия-
ның қажеттілігін
тұжырымдау және
оның тұрақты мони-
торингі жөніндегі
функцияларды ұйымға
жүктеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2009
жылғы
15 шілде

Талап
етіл-
мейді


1.4

Зияткерлік және
өнеркәсіптік меншік
саудасы жөнінде
шетел компанияла-
рымен келіссөздер
жүргізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2009
жылғы
15
қаңтар

Талап
етіл-
мейді


1.5

Қазақстанда әрі ше-
телде қолданыстағы
және жаңа техноло-
гияларды сатып алу-
ға гранттарды беру-
ді, сондай-ақ жаңа
технологияларды
әзірлеуді көздейтін
"Инновациялық қыз-
метті мемлекеттік
қолдау туралы" Заң-
ға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Заң
жобасы

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
1-тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


1.6

Тиісті қаржы жылына
арналған республи-
калық бюджетті қа-
лыптастыру кезінде
бюджеттік өтінімнің
құрамына Қазақстан-
да әрі шетелде қол-
даныстағы және жаңа
технологияларды са-
тып алуға арналған
гранттарды беру,
сондай-ақ жаңа тех-
нологияларды әзір-
леу жөніндегі мәсе-
лені республикалық
бюджеттік комиссия-
ға енгізу

Бюджет-
тік
өтінім

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2008
жылғы
2-тоқ-
сан
2009
жылғы
2 тоқ-
сан

Респу-
блика-
лық
бюдже-
ттік комис-
сиясы-
ның
шешімі


1.7

Қазақстанға қолда-
нылатын технология-
ларға рұқсат алу
үшін және өндіріс-
тік қуаттарды кейіннен ауыстыру
үшін даму институт-
тарының қаражаты
есебінен шетел
компанияларынан
акцияларды немесе
қатысу үлесін
сатып алу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
15
шілде
2009
жылғы
15
шілде
2010
жылғы
15
шілде

Талап
етіл-
мейді


1.8

Қазақстан аумағында
бірлескен өндірісті
орналастыру мәніне
шетел кәсіпорында-
рымен келіссөздер
жүргізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2010
жылғы
15
қаңтар

Талап
етіл-
мейді


2. Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта жарақтану

2.1

Қазақстан өнеркәсі-
бінің даму басым-
дықтары тұрғысынан
қарағанда аса ма-
ңызды өндірістер
негізгі қорларының
қаржылық және тех-
никалық жай-күйіне талдау жүргізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2009
жылғы
4 тоқ-
сан

2009
жылы
- 15000

Респу-
блика-
лық
бюджет

2.2

Негізгі қорларды
жаңарту және тех-
нологиялық қайта
жарақтану үшін даму
институттары арқылы
жеңілдік пайыз ставкасы бойынша лизинг жүйесін қа-
лыптастыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
4-тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


2.3

Өнеркәсіптің басым
салаларында лизинг-
тік қызметті кре-
диттеу (техника жә-
не жабдықтардың ли-
зингін ұйымдастыру)

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2009
жылғы
15
шілде
2010
жылғы
15
шілде

2009
жылы -
6 000 000
2010
жылы -
10 000000

Респу-
блика-
лық бюджет
және
басқа
да
көздер

3. Технологияларды өнеркәсіпке енгізу үшін инфрақұрылымдық
және инжинирингтік шарттарды қамтамасыз ету

3.1

Технопарктердегі
пішімдеу жүйесімен
қамтамасыз ете оты-
рып, жұмыс істейтін
Технопарктер, Инду-
стриялық аймақтар
мен Бизнес-инкуба-
торлар базасында
тәжірбиелік-кон-
структорлық бюро
және инжинирингтік
ұйымдар құру, сон-
дай-ақ пішімдеу
жүйесін сатып алу
жөніндегі ұсыныс-
тарды әзірлеу
жөнінде ұсыныстар
енгізу

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
4-тоқ-
сан

Талап
етіл-
мейді


3.2

2 конструкторлық
бюро мен 1 инжини-
рингтік ұйым құру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2009
жылғы
15
шілде

3938300

Респу-
блика-
лық бюджет
және
басқа
да
көздер

3.3

3 конструкторлық
бюро құру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2010
жылғы
15
шілде

2607450

Респу-
блика-
лық бюджет
және
басқа
да
көздер

3.4

Қолданбалы бағдар-
лама жүйесін қолдану
жөніндегі ұсыныстар-
ды енгізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2008
жылғы
15
шілде
2010
жылғы
15
шілде

Талап
етіл-
мейді


3.5

Жұмыс істеп тұрған
конструкторлық
бюроны, жобалық және
инжинирингтік ұйым-
дарды түгендеу
жүргізу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2008
жылғы
15
шілде

Талап
етіл-
мейді


4. Қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу

4.1

Өндірістік үдеріс-
терді басқару, оның
ішінде ақпараттық
технологиялар мен 
адами ресурстарды
басқару негізінде
жаңа технологияларды
енгізу жөніндегі
ұсыныстарды әзірлеу

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


4.2

Даму институттары
инвестициялау мәні
болатын, үдерістік
инновациялар бөліні-
сінде басқару
технологияларын
енгізу

Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ұсыныс

ИСМ (жи-
нақтау),
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


4.3

Өндіріс менеджменті
саласында халықара-
лық сапа стандарты-
ның жүйесін енгізу-
ге өнеркәсіп өнді-
рісі саласында ең-
бек ететін шағын
және орта кәсіпкер-
лік субъектілерінің
шығындарын 50% өтеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2009
жылғы
15 шілде
2010
жылғы
15
шілде

2009
жылы -
59 255
2010
жылы -
59 255

Респу-
блика-
лық
бюджет

4.4

Өңдеуші салалар
кәсіпорындарда
қазіргі заманғы басқару технология-
ларын енгізуге бағытталған іс-ша-
ралар кешенін іске
асыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
ЭБЖМ

2009
жылғы
15 шілде
2010
жылғы
15
шілде

2009
жылы -
240000
2010
жылы -
240000

Респу-
блика-
лық
бюджет

      Болжанатын қаржыландыру көздері

Барлығы:

2009 жыл

10252555 мың теңге

Республикалық бюджет


2010 жыл

12906705 мың теңге

Республикалық бюджет

Жиыны:


23159260 мың теңге.

Республикалық бюджет

Ескертпе:
ИСМ                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                     сауда министрлігі
ЭБЖМ               - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                     жоспарлау министрлігі
"Қазына" ОДҚ" АҚ   - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады