ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімді бекіту туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы N 1134 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. 2006 жылғы 24 қарашада Минск қаласында жасалған ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісім мынадай ескертпемен бекітілсін:

      "ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге 2-қосымшаның 1.5-тармағына қатысты Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының ережелері қолданылатын болады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы
КЕЛІСІМ

      Ресми куәландырылған мәтін

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Үкіметтері тұлғасындағы осы Келісімнің қатысушы мемлекеттері,

      халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби даярлауға және құзыреттілігіне үйлестірілген талаптарды құру қажеттілігін негізге ала отырып,

      2003 жылғы 18 қыркүйектегі ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді,

      ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі Шешімімен бекітілген ТМД қатысушы мемлекеттердің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған келісілген көлік саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер мынадай мәндерге ие:

      бірыңғай бағдарламалар - халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілікке қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленген және Тараптардың құзыретті органдарымен бекітілген кәсіби құзыреттілікке қосымша оқыту бағдарламалары;

      кәсіби құзыреттілік - халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру үшін қажет білімнің, дағдылар мен тәжірибенің жиынтығы;

      автомобиль көлігі саласындағы құзыретті органдар - автомобиль тасымалдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын ТМД қатысушы мемлекеттердің басқару органдары;

      халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы құзыретті органдар - халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби құзыреттілікке қосымша оқыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын ТМД қатысушы мемлекеттердің басқару органдары;

      халықаралық автомобиль тасымалдаушысы - халықаралық қатынаста жолаушыларды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды осы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Тараптың заңды немесе жеке тұлғасы;

      кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар - халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін құжат;

      қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар - халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби құзыреттілікке қосымша оқыту бағдарламаларының ең аз мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін құжат.

2-бап

      Осы Келісім халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру мәселелерін реттейді.

3-бап

      1. ТМД Экономикалық кеңесі бекітетін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын бірыңғай талаптардың негізінде халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдары бірыңғай бағдарламаларды әзірлейді.

      2. Осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуға қойылатын бірыңғай талаптардың ұсынылған тізбесі оған 1-қосымшада келтірілген.

4-бап

      1. Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуды халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы және автомобиль көлігі саласындағы Тараптардың уәкілетті құзыретті органдарының оқыту ұйымдары жүзеге асырады.

      Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдары осындай оқыту ұйымдарының тізбесін белгілейді.

      2. Осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесін белгілеудің ұсынылған тәртібі оған 2-қосымшада келтірілген.

5-бап

      Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының кәсіби құзыреттілігі халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуды жүзеге асыратын Тараптардың оқыту ұйымдарының бірінде бірыңғай бағдарламалар бойынша оқытудан және аттестаттаудан өткеннен және біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптың құзыретті органы беретін белгіленген үлгідегі куәлікпен расталады.

      Біліктілік емтиханын өткізу тәртібін автомобиль көлігі саласындағы Тараптардың құзыретті органдары белгілейді.

6-бап

      1. Тараптар олардың құзыретті органдары берген куәлікті қабылдайды және өзара мойындайды.

      2. Куәлікті автомобиль көлігі саласындағы Тараптардың құзыретті органдары тиісті ұлттық куәліктермен бірдей мойындайды.

7-бап

      1. Куәлік бланкілерін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдары орыс тілінде басып шығарады.

      Куәлікті куәліктің белгіленген көлемі және оның тармақтарының орналасуы сақталған жағдайда Тараптардың әрқайсысы мемлекеттік тілде қоса шығаруы мүмкін.

      Куәлік типографиялық әдіспен жасалады және оның қорғау жүйесі болады.

      2. Куәліктің нысанына қойылатын талаптар осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген.

8-бап

      Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы Тараптардың құзыретті органдарының іс қимылын ақпараттық қамтамасыз етуді және үйлестіруді ТМД қатысушы мемлекеттердің үйлестіруші көлік кеңесінің Автомобиль көлігі жөніндегі кеңесі ұсыныс түрінде жүзеге асырады.

9-бап

      Осы Келісім, оған қол қойған Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қажетті рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін, ол тиісті құжаттар депозитарийға сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша, жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің 9-бабының ережелеріне сәйкес күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

11-бап

      Осы Келісімді қолдануға және/немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың келіссөздер жүргізуі арқылы шешіледі.

12-бап

      Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптар басқа шешім қабылдамаса, бұл мерзім өткеннен кейін осы Келісім келесі 5-жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.

      Егер қатысушылардың Келісімнен шығуы нәтижесінде оның саны үшеуден кем болса, осы Келісімнің қолданылуы Тараптардың қалауы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

13-бап

      Осы Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына басқа қатысушы мемлекеттердің қосылуы үшін ашық және қосылу туралы тиісті хабарламаны депозитарийге берген күннен бастап күшіне енген деп есептеледі.

      Осы Келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы болып табылмайтын, оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін үшінші мемлекеттердің қосылуы үшін ашық және егер депозитарий тиісті хабарлама жібергеннен кейін үш ай ішінде Тараптардың бірде бірі осындай қосылуға қарсы шықпаса, күшіне енген деп есептеледі.

14-бап

      Әрбір Тарап шығу күніне дейін 6 айдан кешіктірмей осы туралы депозитарийге хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.

      Минск қаласында 2006 жылғы 24 қарашада бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының

      Үкіметі үшін Үкіметі үшін


      Армения Республикасының Ресей Федерациясының

      Үкіметі үшін Үкіметі үшін


      Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының

      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

      Грузия Үкіметі үшін Түркіменстан Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының

      Үкіметі үшін Үкіметі үшін


      Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін

      Үкіметі үшін

  ТМД қатысушы мемлекеттердің
халықаралық автомобиль
тасымалдаушыларын қосымша
оқытуға және кәсіби
құзыреттілігіне қойылатын
талаптарды үйлестіру туралы
келісімге 1-қосымша

      КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ ҚОСЫМША ОҚЫТУҒА

      ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАРДЫҢ

      ТІЗБЕСІ

      Модуль: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

      Халықаралық автомобиль қатынасының жалпы шарттары

      Қаралатын мәселелер:

      БҰҰ Еуропалық Экономикалық комиссиясы, Халықаралық автомобиль көлігі одағы.

      Халықаралық көлік конвенциялары:

      - жол қозғалысы, жол белгілері және сигналдар туралы конвенциялар мен келісімдер;

      - кеден конвенциясы;

      - халықаралық жүк тасымалы шарты туралы конвенция;

      - жүктердің жеке түрлерінің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім;

      - халықаралық тасымалдар кезіндегі автокөлік құралдары экипаждарының еңбек және демалу режимі туралы келісім.

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын құқықтық реттеу және рұқсат жүйесі:

      - халықаралық автомобиль қатынасы туралы екіжақты үкіметаралық келісім;

      - көпжақты конвенциялар мен келісімдер;

      - ішкі заңнаманың нормалары.

      ТМД қатысушы мемлекеттердегі халықаралық автомобиль тасымалдарының жағдайлары туралы негізгі мәліметтер.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Халықаралық

көлік

конвенциялары

Құқықтық реттеу

Негізгі халықаралық конвенцияларды > атауы

Рұқсат жүйесінің мәнін >


"Каботаж" деген ұғымды > анықтауы тиіс


      Модуль: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

      Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың қызметтерін лицензиялау, халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру

      Қаралатын мәселелер:

      - Лицензиялық талаптар.

      - Лицензияланатын қызметтер үшін көлік құралдары.

      - Лицензиялау кезінде сақтауға жататын экологиялық талаптар.

      - Лицензия беру шарттары.

      - Лицензия беруден бас тарту себептері.

      - Лицензияны ұзарту.

      - Лицензияның күшін жою.

      - Халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыруға рұқсатты регламенттейтін ұлттық нормативтік құқықтық құжаттар.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Лицензиялау

Лицензияланатын тасымалдар

үшін көлік құралдарын > атауы

Лицензияны ұсыну өлшемдерін > түсіндіруі

Лицензияға, лицензияны

жаңартуға, беруден бас тартуға

өтініштерді беру рәсімдерін > сипаттауы

АКК-на қойылатын

экологиялық талаптарды > қалыптастыруы

Халықаралық автотасымалдарды

жүзеге асыруға рұқсат

тәртібін > сипаттауы тиіс


      Модуль: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

      Шарт жасасу

      Қаралатын мәселелер:

      Тасымалға арналған келісім-шарт жасасу қағидаттары.

      Келісім-шарт құрылымы:

      - автомобиль тасымалына арналған шарттың атауы;

      - уағдаласушы тараптар;

      - шарттың мәні;

      - төлемнің бағасы және шарттары;

      - міндеттемелерді орындау мерзімдері, шарттан біржақты бас тарту;

      - буып-түю, тасымалдау, сақтандыру;

      - меншік құқығына өту, меншік құқығына өтудің жағдайлары туралы ескертпелер;

      - кездейсоқ жағдай, жойылмайтын күш;

      - кепілдік, өнімге жауаптылық, кепілдеме;

      - шығынды өтеу, конвенционалды айыппұл;

      - мәміле жасасудың жалпы шарттары;

      - қолданыстағы құқықтық тәртіп;

      - ресми талаптар, әсіресе шарттың қосымшаларына қол қойған кезде;

      - төрелік сот, соттың қарауына жататын істер туралы ескертпе;

      - шарт талаптарынан туындайтын шығындар.

      Тасымалдаушының құқықтары мен міндеттері.

      Тасымалдаушының жауапкершілігі:

      - талап ұсынуға негіз болатын келісім-шартты бұзушылықпен немесе құқық бұзушылық шартымен байланысты емес;

      - ИНКОТЕРМЗ-2000 - сыртқы саудадағы жеткізілімнің шарттарын түсіндірудің халықаралық ережесі.

      Алған білімдері мен машықтарының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар
ауызша және жазбаша ->

Құқықтық норма-
лардың негіздері
 
Заңдық күші бар
келісім-шарт
 
 
Тасымалдаушының
құқықтары,
міндеттері мен
жауапкершілігі

 
 
Келісім-шарттың баптарын > атауы
 
Жүктерді тасымалдауға
келісім-шартты > жасауы
 
Тасымалдаушы мен агенттің;
келісім-шарт жасасушымен
субкелісім-шарт жасасушының
өзара міндеттерін >
Талап үшін негіз болатын
құқық бұзушылықтарды > қалыптастыруы
тиіс


      Модуль: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР НЕГІЗДЕРІ

      Салықтар

      Қаралатын мәселелер:

      - Салықтар туралы жалпы мәліметтер.

      - Қосымша құн салығы.

      - Ұлттық салық заңнамасы.

      - Салық мәселелері жөніндегі конвенциялар.

      - Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының бактарындағы салық салынбайтын отын саны.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар
ауызша және жазбаша ->

Салық салу

Көлік кәсіпорындарынан
өндіріп алынатын салықтарды > атауы
 
ҚҚС есептеу тәртібін > сипаттауы
 
Салық салу саласындағы ЕО
заңнамасының негізгі
ережелерін > қалыптастыруы
тиіс


      Модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

      Менеджмент

      Қаралатын мәселелер:

      Менеджменттің негізгі функциялары:

      - жоспарлау;

      - ұйымдастыру;

      - көшбасшылық;

      - бақылау.

      Шешім қабылдау процесі.

      Адамзат қорларын басқару:

      - кадрларды іріктеу;

      - жалақы мен көтермелеу жүйесі;

      - дәлелдеу теориясы және оны тәжірибеде қолдану.

      Іскерлік этикет:

      - жұмыстағы қарым-қатынас;

      - мәжілістерді ұтымды өткізу;

      - іскерлік мағыналы қағаздарды құрастыру ережесі;

      - іскер адамдардың (сөз сөйлеуі) сөздері.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар
ауызша және жазбаша ->

Менеджмент

Менеджменттің негізгі
қызметтеріне > түсініктеме беруі
 
Шешім қабылдаудың алгоритмін > түсіндіруі
 
Көшбасшының қасиеттерін,
басшылық ету әдістерін,
көтермелеудің қағидаттарын,
қызметті ынталандыру
әдістерін > атауы тиіс


      Модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

      Маркетинг стратегиясы

      Қаралатын мәселелер:

      - Маркетингтің негізгі функциялары.

      - Маркетингтік орта.

      - Маркетингтік зерттеулер алгоритмі.

      - Тұтынушы рыноктарды талдау.

      - Рынокты бөлшектеу және тауарды тұғырландыру:

      - көлік тасымалдары саласындағы рыноктың бөлшектері.

      - Бағаны қалыптастыру және пайдалылық.

      - Тасымалдар маркетингі.

      - Сыртқы рынокқа шығудың орындылығы.

      - Рынокты таңдау.

      - Рынокқа шығудың әдістері.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар
ауызша және жазбаша ->

Маркетинг
стратегиясы

Маркетингтің негізгі
функцияларын > қалыптастыруы
 
Рыноктарды бөлшектеудің,
ақпаратты жинақтаумен
өңдеудің процесін > сипаттауы
 
Көліктік қызметтер
көрсету саласындағы
маркетингтік
стратегияны құрудың
қағидаттарын > түсіндіруі тиіс


      Модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

      Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау

      Қаралатын мәселелер:

      - Шығындарды бағалау.

      - Пайдалар мен шығыстар туралы есеп.

      - Теңгерімдік есеп.

      - Ақша ағындарының қозғалысы.

      - Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау өлшемдері:

      - өтімділік;

      - төлем қабілеттілігі;

      - банкротқа ұшырау мүмкіндігі.

      - Шығыссыздық кестесі.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Теңгерімдік

есеп

Теңгерімдік есепті тағайындауды >

Кассалық жоспардың қалай

құрылатынын > түсіндіруі


Құралдардың көздерін > атауы


Рентабельділікті және басқа

да көрсеткіштерді есептеуді > жүргізуі


Шығыссыздық кестесін > салуы тиіс


      Модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

      Қаралатын мәселелер:

      Кәсіпорынды қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері:

      - жарғылық капитал;

      - пайда;

      - тозу;

      - кредит;

      - лизинг;

      - факторинг.

      Инвестициялық шешімдерді бағалау өлшемдері:

      - инвестицияны қайтару мерзімі;

      - пайдалылық коэффициенті;

      - таза нақты құндылығы;

      - ішкі табыстылық нормасы.

      Тәуекелді бағалау:

      - тәуекел түрлері;

      - сезімталдылықты және шығыссыздықты талдау;

      - шығыстардың орындылығын талдау;

      - салыстырмалы тәуекелді талдау.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Қаржыларды

басқару



Бухгалтерлік

есепке алу


Теңгерімдік

есеп

Теңгерімдік есепті тағайындауды >

Кассалық жоспардың калай

құрылатынын > түсіндіруі


Құралдардың көздерін > атауы



Рентабельділікті және басқа

да көрсеткіштерді есептеуді > жүргізуі

тиіс


      Модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

      Бизнес-жоспар

      Қаралатын мәселелер:

      - Сала, компания, өндірілетін өнім.

      - Рынокты зерттеу және талдау.

      - Бизнес экономикасы.

      - Маркетингтік жоспар.

      - Өнімді жасау және әзірлеу жоспарлары.

      - Өндіріс жоспары және жедел жоспарлар.

      - Компанияны басқару.

      - Бас күнтізбелік жоспар.

      - Сыни проблемалар және тәуекелдер.

      - Компанияның мүмкіндіктері (инвестр ұсынған).

      - Қосымшалар.

      - Резюме.

      - Есептік жұмыс: халықаралық тасымалдар бойынша кәсіпорын қызметінің бизнес-жоспары.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Бизнес-жоспар

Бизнес-жоспарды

тағайындауды > түсіндіруі


Бөлімдерді > атауы


Бизнес-жоспарды > жүргізуі тиіс


      Модуль: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУҒА

      ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

      Қаралатын мәселелер:

      - 1958 жылғы Женевалық келісім.

      - Аттестация тәртібі туралы ЕО нұсқаулары.

      - Автомобильдерді аттестаттау:

      - жүккөтергіштігі шағын көлік құралдары;

      - жүк көлік құралдары;

      - құрылымына, пайдалануына, жарықтандырғыш аспаптарына техникалық шарттар;

      - тіркеу;

      - паспорттау.

      - Жүккөтергіштігі үлкен жүк көлік құралдарын сынақтан өткізу және паспорттау.

      - Автомобильдің техникалық жай-күйіне жүргізушінің жауапкершілігі.

      - Көлік құралдарының салмақтық сипаттамалары және өлшемдері.

      - Автомобильдерге қауіпсіз тиеу.

      - Ең қажетті проблемалар және қатерлер.

      - Автомобильдердің құрылымдық параметрлеріне ЕО талаптары:

      - қуаттары мен салмақтарының өрістері;

      - шуды бәсеңдеткіштер;

      - тежегіштер;

      - шығарынды газдар;

      - сапалы радио байланыс;

      - отын бактері;

      - көлік құралдарының рұқсат етілген габариттері;

      - айналар;

      - қауіпсіз шынылар;

      - қауіпсіздік белдіктері;

      - жылдамдықты шектеуіштер;

      - спидометрлер;

      - шиналар.

      - Жарықтандыру және таңбалау ережелері.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Техникалық

стандарттар

және автомобиль

көлігін

пайдалану

Техникалық стандарттарға және

автокөлік құралдарын пайдалануға

қатысты ЕО заңнамалық

актілерін > атауы


Көлік құралдарының салмақтары

мен габариттеріне қойылатын

негізгі талаптарды > қалыптастыруы


Әртүрлі тасымалдар үшін

көлік құралдарын таңдау

өлшемдерін > негіздеуі тиіс


      Модуль: ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ

      Қаралатын мәселелер:

      - Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүргізетін көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты 1970 жылғы келісім (ҚҚЕК).

      - Тахографтар.

      - Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы 1957 жылғы келісім (ҚЖХЖТ):

      - барлық класстардағы қауіпті заттарды тасымалдауға қолданатын жалпы ережелер;

      - жүктерді тасымалдау тәсілі;

      - көлік құралдары және олардың жабдықтары қанағаттандыруға тиіс арнайы жарлықтар;

      - жалпы қызметтік жарлықтар;

      - жүктерді тиеуге, түсіруге және өңдеуге қатысты арнайы ережелер;

      - көлік жүйелерін пайдалануға қатысты арнайы ережелер;

      - кейбір елдердегі қолданыстағы өтпелі ережелер, ережеден бас тарту және ерекше ережелер.

      - Әртүрлі үлгідегі жолдарда рұқсат етілген жылдамдық.

      - Жазатайым оқиғаларды ресімдеу рәсімі.

      - Шет елдердегі ұлттық органдар мен ұйымдар.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Жүргізушілердің

жұмыс сағаты





Рұқсат етілген

жылдамдықтар



Қауіпті жүктер-

ді тасымалдау


Жазатайым

оқиғаларды

ресімдеу рәсімі

Жүргізушілердің жұмыс сағатын

реттейтін заңнамалық актілерді >

Жұмыс сағаттарын тіркеу

тәсілдерін > атауы

Тахограммаларды > ашып

түсіндіруі

Әртүрлі үлгідегі жолдарда

рұқсат етілген жылдамдық

өрістерін > атауы


ҚЖХЖТ-ның негізгі ережелерін >



Жазатайым оқиғалар кезіндегі > баяндауы тиіс

іс-қимыл дәйектілігін


      Модуль: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАРДЫ

      ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Паспорттық-борыштамалық ресімдеу

      Қаралатын мәселелер:

      - Кіру және шығу тәртібі туралы ұлттық заңнама:

      - шетелдік паспорттарды ресімдеу;

      - шетелдік азаматтардың кіру тәртібі.

      - Азаматтардың сапары туралы үкіметаралық келісімдер.

      - ТМД қатысушы мемлекеттердің шекараларынан өту тәртібі:

      - визасыз режимді елдерге кіру үшін құжаттама ресімдеу;

      - Визалық режимді елдердің аумағына кіру тәртібі:

      - шетелдік мемлекеттің визаларын ресімдеу.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Паспорттық-

бұрыштамалық

ресімдеу

Паспорттар мен визаларды

ресімдеу рәсімдерін > сипаттауы

Визалық режимді елдердің

аумағы бойынша транзиттік

жүріп өту ережесін > қалыптастыруы тиіс



      Модуль: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАРДЫ

      ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Шекара: кеден, басқа бақылау органдары

      Қаралатын мәселелер:

      - Шекарадағы мемлекеттік бақылаудың түрлері, негізгі міндеттерімен функциялары.

      - Кеденнің рөлі мен оның негізгі функциялары.

      - Кедендік баждар, акциздер, қосымша құн салығы.

      - Әкелу және әкету кезіндегі кедендік рәсімдер.

      - Кедендік транзит.

      - ХЖТ (ТIR) кітапшасын қолданып халықаралық жүктасымалдары

      туралы кедендік конвенция.

      - ХЖТ (ТIR) үзбе кітапшасы:

      - ХЖТ кітапшасын қолдану ережесі;

      - ХЖТ кітапшасын пайдалану кезіндегі жүргізушінің міндеттері;

      - ХЖТ кітапшасын кедендік тазарту.

      - Басқа да кедендік жүйелер туралы ақпарат:

      - кедендік талондық кітапша (карнет де пассаж);

      - "Т" жүйесі;

      - Уақытша әкелу туралы конвенцияға қосылған елдер үшін АТА үзбе кітапшасы.

      - Оңайлатылған рәсімдер:

      - жүктерді тазарту;

      - басқа да рәсімдер.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы

Тыңдаушылар

ауызша және жазбаша ->

Кеден

Кеденнің рөлі мен функцияларын > сипаттауы


Жүкті әкелу және әкету кезіндегі

рәсімдерді > сипаттауы


Транзит ережесін > қалыптастыруы тиіс


      Модуль: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАРДЫ

      ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      Автокөлік тәуекелін сақтандыру

      Қаралатын мәселелер:

      - Экономикалық мән және сақтандырудың мақсаттары.

      - Сақтандыру компанияларының ұйымдастырушылық нысандары.

      - Сақтандырудың орнын толтыру түрлері.

      - Халықаралық автокөлік тасымалдары кезіндегі жүктерді сақтандыру және тасымалдаушының жауапкершілігі.

      - Сақтандыру шарты және оның ерекшеліктері:

      - сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі;

      - сақтандыру полисі және оның мазмұны;

      - сақтандыру төлемдерінің тарификациясы;

      - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және шарттары.

      - Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру кезіндегі зиянды өтеу шарттары және шектеулері.

      Тыңдаушылардың материалдарды ұғынуының сапа өлшемдері

Тақырыбы


Сақтандыру

Сақтандыру түрлерін > атауы


Сақтандыру шартының

ерекшеліктерін > баяндауы тиіс

      Тасымалдаушының кәсіби құзыреттілігі куәлігін алуға

      арналған БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

Модульдің атауы

Емтихан тапсырушылар мыналарды

1-модуль: ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Халықаралық автомобиль қатынасының жалпы шарттары

1.1.1. Ұлттық

халықаралық шарттар

Халықаралық

конвенциялар

(а) Негізгі көлік конвенцияларын және

басқа халықаралық ұлттық шарттарды атауы.

(б) Тасымалдаушының іс-жүзіндегі

қызметін регламенттейтін негізгі

ережелерді құрауы.

1.1.2. Құқықтық

реттеу және рұқсат

беру жүйесі

(а) Рұқсат беру жүйесінің мәнін

белгілеуі.

(б) Тасымалдаушының іс-жүзіндегі қызметін

регламенттейтін ішкі заңнаманың

негізгі нормаларын құрауы.

(в) "Каботаж" ұғымын белгілеуі.

1.1.3. Халықаралық

тасымалдарды

лицензиялау

Халықаралық

автотасымалдарды

жүзеге асыруға

жіберу

(а) Лицензиялаудың мәнін белгілеуі.

(б) Лицензияны ұсыну өлшемдерін құрауы.

(в) Лицензияны алу үшін өтініш берушінің

іс-қимылын сипаттауы.

(г) Халықаралық автотасымалдауды жүзеге

асыруға рұқсат тәртібін тізімдеу

1.1.4. Шарт жасасу

(а) Келісім-шарт бойынша тасымалдаушының

құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін қалыптастыруы

(б) Тәуекелге негіз болатын құқық

бұзушылықты атауы

1.1.5. Салықтар

(а) ХАТ кезіндегі ҚҚС-ны есептеу және

өтеу тәртібін сипаттауы тиіс

2-модуль: ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

2.1. Менеджмент

(а) Стратегиялық жоспарды құру кезіндегі

іс-қимылдың дәйектілігін атауы.

(б) Кадрлармен жұмыс кезіндегі

дәлелдеудің мәнін белгілеуі

2.2. Маркетинг

стратегиясы

(а) Маркетингтің мәнін және рынокты

зерттеу әдістерін құрастыруы

2.3. Кәсіпорын

қызметін қаржылық

талдауы

(а) Теңгерімдік есептің мақсатын

түсіндіруі.

(б) Кәсіпорынның рентабельділігін

есептеуі.

(в) Кассалық жоспардың баптарын

түсіндіруі тиіс.

3-модуль: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Модульдің атауы

Емтихан тапсырушылар мыналарды білуге

тиіс:


(а) Көлік құралдарының салмақтары мен

габариттеріне қойылатын негізгі

талаптарды атауы.

(б) Жылжымалы құрамның әртүрлі

үлгілерінің артықшылығын, әртүрлі жүк

түрлерін тасымалдауы үшін таңдау

өлшемдерін атауы.

(в) ХАТ кезінде жылжымалы құрамға

қойылатын талаптарды орындау жөніндегі

тасымалдаушының міндеттерін атауы тиіс.

4-модуль: ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ


(а) Жүргізушілердің жұмыс сағатын және

олардың еңбек және демалу нормаларын

реттейтін заңнамалық актілерді атауы.

(б) ҚЖХЖТ-ның негізгі ережелерін

баяндауы.

(в) ЖҚО кезіндегі іс-қимылдың

дәйектілігін сипаттауы тиіс.

5-модуль: ХАТ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5.1. Паспорттық-

бұрыштамалық

ресімдеу

(а) Паспорттар мен визаларды ресімдеу

рәсімдерін сипаттауы.

(б) Визалық режимді елдердің аумағы

бойынша транзиттік жүріп өту ережесін

қалыптастыруы

5.2. Шекара

(а) Жүкті әкелу және әкету кезіндегі

рәсімдерді сипаттауы.

(б) Жүкті кедендік тазалау рәсімдерін

сипаттауы.

(в) Шекарадағы бақылау түрлері мен

міндеттерін сипаттауы

5.3. Сақтандыру

(а) Сақтандыру түрлерін атауы.

(б) ЖТШК негізгі ережелерін

қалыптастыруы.

(в) Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру

кезіндегі зиянды өтеу шарттарымен

шектеулерін атауы тиіс.

  ТМД қатысушы мемлекеттердің
халықаралық автомобиль
тасымалдаушыларын қосымша
оқытуға және кәсіби
құзыреттілігіне қойылатын
талаптарды үйлестіру туралы
келісімге 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 09.08.2018 № 487 қаулысымен.

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫН

      КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ ҚОСЫМША ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ

      АСЫРАТЫН ТМД ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОҚЫТУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ

      ТІЗБЕСІН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ

      1.1. Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуды жүзеге асыратын ТМД қатысушы мемлекеттердің оқыту ұйымдарының тізбесін белгілеу тәртібі (бұдан әрі - оқыту ұйымдары) - бұл халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы және автомобиль көлігі саласындағы Тараптардың құзыретті органдары оқу процесінің сапасына қоятын талаптарға сәйкес оқыту ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру мүмкіндіктерін растау рәсімі.

      1.2. Осы Тәртіп кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуға қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленген бірыңғай бағдарламалар бойынша халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындауды жүзеге асыратын барлық үлгідегі және түрдегі оқыту ұйымдарына қойылатын талаптарды белгілейді.

      1.3. Тізбені анықтау мақсаттары:

      - білім беру қызметінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;

      - оқу процесінің сапасын тәуелсіз сараптамалық бақылау болып табылады.

      1.4. Тізбені белгілеу рәсімдерінің негізгі қағидаттары:

      - объективтілік;

      - құзыреттілік;

      - жариялылық.

      1.5. Тізбеге енгізу үшін міндетті шарттар:

      - оқыту ұйымында қосымша кәсіби білім беру саласындағы білім беру қызметін енгізу құқығына арналған лицензияның болуы;

      - оқыту ұйымдары - өтініш берушілердің сараптама қорытындылары бойынша оң қорытындылар болып табылады.

      1.6. Оқыту ұйымдарын сараптау халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдарының талаптарына олардың сәйкестігін кешендік бағалау болып табылады.

      2. Сараптау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.

      2.1. Тізбеге кіргізу белгіленген нысан бойынша (1 нысан) оның басшысы беретін оқыту ұйымдарының өтініштері бойынша өткізілетін сараптаманың оң қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      2.2. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      а) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      б) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияның көшірмесі (білім беру қызметінің рұқсат етілген бағыты көрсетілген лицензияға қосымшамен бірге);

      в) оқытылатын курстар, білім беру ұйымының материалдық техникалық базасы, қолданылатын оқыту-зертханалық база және педагогикалық кадрлар туралы ақпарат (2, 3, 4, 5-нысандар).

      Құжаттардың көшірмелеріне білім беру ұйымы басшысы қол қоюы және мөрмен куәландырылуы тиіс.

      2.3. Бірыңғай бағдарламалардың мазмұнына және сапа өлшемдеріне сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын даярлау жөніндегі қызметті оқыту ұйымдарының сапалы жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау сараптаманың мақсаты болып табылады.

      2.4. Оқыту ұйымдарына сараптау жүргізу үшін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдарының өкілдерінен сараптау комиссиясы құрылады. Комиссияның құрамы халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдарының бұйрығымен бекітіледі. Сараптауды өткізу мерзімдері өтінішті тіркеген сәттен бастап белгіленеді және екі айдан аспауы тиіс.

      2.5. Сараптау қорытындысының жобасын дайындаған кезде комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне барлық ұсынылған құжаттарға сараптау жүргізуді тапсырады. Қажет болғанда комиссия мүшелерінің оқыту ұйымдарына шығуы мүмкін.

      2.6. Сараптау қорытындысы комиссия отырысында оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 болған кезде бекітіледі. Комиссияның шешімі барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді. Сараптау комиссиясы қорытындысының көшірмесі оқыту ұйымдарына жіберіледі.

      2.7. Комиссия бас тартудың себептерін міндетті түрде көрсетіп, оқыту ұйымдарын тіркеуден бас тарта алады. Комиссия шешімі теріс болған кезде оқыту ұйымы бас тартудың себептерін жойғаннан кейін қайтадан өтініш бере алады.

      2.8. Комиссия шешімі оң болған кезде оқыту ұйымына кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесіне енгізу туралы куәлік беріледі.

      Аталған куәлік үш жылда бір рет тексерумен шектелмейтін мерзімге беріледі.

      2.9. Оқыту ұйымы қызметтерінің нәтижелері тізбеге енгізу туралы куәлікте белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін фактілер анықталған кезде тізбеге енгізу туралы куәлік мерзімінен бұрын күшін жойды деп танылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқыту ұйымына куәлікті қайтарып алу туралы шешім жіберіледі. Көрсетілген жағдайда куәлікті мерзімінен бұрын қайтарып алу туралы шешім қабылданғаннан кейін бір жылдан соң оқыту ұйымы тізбеге енгізуге қайтадан өтініш бере алады.

      2.10. Тізбеге енгізілген оқыту ұйымдары халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдары бекіткен бірыңғай бағдарламалар бойынша жұмыс істеуге құқық алады.

      2.11. Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы Тараптардың құзыретті органдары тізбеге енгізілген оқыту ұйымдары туралы ақпаратты ТМД бойынша оқыту ұйымдарының бірыңғай тізілімін жүргізетін ТМД қатысушы мемлекеттердің Үйлестіруші көлік кеңесі Автомобиль көлігі жөніндегі кеңесінің назарына жеткізеді және Тараптардың барлық құзыретті органдары мен көлік әкімшіліктерін ақпараттандырады.

      1-нысан

      Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби

      құзыреттілікке қосымша оқытуды жүзеге асыратын ТМД қатысушы

      мемлекеттердің оқыту ұйымдарының тізбесіне кіргізуге оқыту

      мекемесі беретін

      ӨТІНІШ

      _________________________________________________________

      (Жарғыға сәйкес оқыту ұйымдарының атауы, заңды және нақты

      мекен-жайы,

      _______________________________________________________________

      телефоны, факсі, банк реквизиттері)

      _______________________________________________________________

      (халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту

      саласындағы

      ________________________________________________ бекіткен

      Тараптардың құзыретті органдарының атауы)

      бірыңғай бағдарламалар бойынша халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын кәсіби құзыреттілікке қосымша оқытуды жүзеге асыратын оқыту ұйымдарының тізбесіне кіргізуіңізді өтінемін.

      Қосымша: __________________________________________

      (қоса берілген барлық құжаттар аталсын)

      Білім беру мекемесінің басшысы _________ ___________

      (қолы) (Т.А.Ә. аты)

      200 жылғы "__" _______

      2-нысан

      Оқытылатын курстар және оқытылатындар құрамы туралы ақпарат

Р/с
N

Оқытыла-
тындар
санаты

Оқытылатын
курс: атауы,
сағат саны

Әрбір аталған
курстардың әркайсы-
сының бағдарламалары
бойынша жылына орта
есеппен қанша адам
оқытылады

Бітіргеннен
кейін қандай
құжат бері-
леді (құжат-
тың үлгісі
қоса
берілсін)

















      3-нысан

      Оқыту ұйымының материалдық техникалық базасы туралы ақпарат

Р/с
N

Құрылыс
үлгісі,
қабаттылық,
нақты
мекен-жайы

Иелік
нысаны
(меншік
құқығы,
жалға алу
және т.б.)

Салын-
ған
жылы

Жалпы
ауданы

Дайындықтың көрсе-
тілген бағыттары
бойынша оқыту
процесі үшін
қолданылатын оқыту
үй-жайлары (ауданы,
дәрісхана үлгісі)




















      4-нысан

      Қолданылатын оқыту зертханалық база, оқыту процесінің техникалық

      жарақталуы

Р/с
N

Қолданы-
латын
оқыту
зертха-
налық
база

Техника-
лық
құралдың
түрі

Техникалық
құралдың
үлгісі,
маркасы,
моделі

Техникалық
құралдың
жасалған жылы

Иелік нысаны
(меншік
құқығы,
жалға алу
және т.б.)




















  5-нысан

Оқыту процесін қамтамасыз ететін педагог кадрлар туралы мәліметтер

Р/с №

Т.А.Ә.
 

Оқытылатын курс1

Лауа-зымы2

Білімі (мамандығын көрсету)

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс өтілі3, педагогикалық өтілі

Көрсетілген курсты қанша уақыт оқытады

























      Ескертпе:

      1. Тараптардың құзыретті органдары бекіткен халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы бірыңғай бағдарламаларға сәйкес тақырыптары (пәндері, сабақтары) көрсетіледі.

      2.Негізгі жұмыс орны бойынша және оқыту ұйымындағысы/білім беру ұйымындағысы көрсетіледі.

      3.Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының кәсіби құзыреттілігіне қосымша оқытумен байланысты негізгі мамандығы бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 5-нысан жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.08.2018 № 487 қаулысымен.


  "2006 жылғы 24 қарашадағы
ТМД қатысушы мемлекеттердің
халықаралық автомобиль
тасымалдаушыларын қосымша
оқытуға және кәсіби
құзыреттілігіне қойылатын
талаптарды үйлестіру туралы
келісімге
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 09.08.2018 № 487 қаулысымен.

Куәлік нысаны

ТМД қатысушы тиісті мемлекеттің
атауы және айырым символы
(1)

Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы құзыретті орган
(2)


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КУӘЛІГІ


      (3) берілді, туған жылы..................................

      (4) ретінде кәсіби құзыреттілікке (жылы:.....; күні:......) біліктілік емтиханын тапсырды және кәсіби жұмыс үшін білікті деп танылды.


Осы куәлік 2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге сәйкес кәсіби құзыреттілігінің жеткілікті дәлелі болып табылады және осы салада кәсіби жұмыс істейтін адамдарға халықаралық көлік операцияларына еркін қатысу құқығын қамтамасыз ету үшін арналған.


берілді

(куәлікті беру орны)


(куәлікті беру күні)

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы _________________ ____________________

      (қолы) (аты-жөні және тегі)

      Хатшы ______________________ ____________________

      (қолы) (аты-жөні және тегі)


      1) ТМД қатысушы мемлекеттердің атауына сәйкес келетін атауы, айырым символы.

      (2) ТМД қатысушы мемлекеттің сертификат беретін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы құзыретті органының атауы.

      (3) Тегі, аты, әкесінің аты.

      (4) Маманның санаты (халықаралық автомобиль тасымалын орындауға жауапты лауазымды адам/халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізуші).


      *Куәліктер бланкілері қорғау элементтері (құралдары) (қорғалған полиграфиялық өнім) бар қатаң есептілік бланкілері болуға, ТМД қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қатаң есептілік бланкілерінің қорғалу деңгейіне қойылатын талаптарға және оларды іске асыру және есепке алу тәртібіне сәйкес әзірленуі және өткізілуі тиіс.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтері басшыларының

      Кеңесі күн тәртібінің 12-тармағы бойынша

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ

      2006 жылғы 24 қараша Минск қаласы

      ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге 2-қосымшаның 1.5-тармағына қатысты Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының ережелері қолданылатын болады.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      күн тәртібінің 12-тармағы

      ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль

      тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне

      қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімнің 6-бабына

      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ

      2006 жылғы " " қараша Минск қаласы

      Ресей Федерациясы үшін автомобиль көлігі саласындағы құзыретті орган белгіленген үлгідегі куәліктерді беру және тану құзыретіне кіретін орган болып табылады.

      Ресей Федерациясы

      Үкіметінің төрағасы

      Қоса беріліп отырған мәтін 2006 жылғы 24 қарашада Минск қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында қабылданған ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімнің түпнұсқа көшірмесі болып табылатынын осымен куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады.

      ТМД Атқару комитеті төрағасының -

      Атқарушы хатшының бірінші

      орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады