Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1180 Қаулысы

      Ескерту. 1, 3-тармақтарды қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті құрылсын.

      2.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429  Қаулысымен.

         3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті деп қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6-тармақта:
      1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар алынып тасталсын;
      10) тармақшада:
      "Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту" деген сөздер "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Сауда қызметін реттеу" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 13-жол ", Астана қаласы" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      тақырыбындағы "Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту" деген сөздер "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы мыналарды:
      1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының төртінші, алтыншы, сегізінші, он төртінші абзацтарын;
      2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 13-тармағының 24), 25), 26), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 62) тармақшаларын және 14-тармағының 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 98), 100) тармақшаларын;
      3) 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға қосымшаның 14-тармағының 51) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1180 қаулысына
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекітілген   

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі туралы
ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустриялық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі, елді ғылыми-техникалық, инновациялық дамыту арнайы экономикалық аймақтарды реттеу саласында, сондай-ақ сауда қызметін, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, инвестицияларды мемлекеттік қолдау және қаржы ұйымдары бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, бәсекелестікті қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін сала) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
      Сауда комитеті, Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Инвестиция және өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті, Бәсекелестікті қорғау комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 000001, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

      8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

  2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
      мемлекеттің индустриялық дамуы, оның ішінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша;
      арнайы экономикалық аймақтарды құруды, олардың жұмыс істеуін және таратылуын мемлекеттік реттеу, экспорттық бақылау, елдің ғылыми-технологиялық дамуы, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
      құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту, оның ішінде құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту мен реформалау үшін жағдайлар жасау;
      техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін дамыту, сауда қызметін дамыту, оның ішінде теңгерімді кеден-тариф саясатын жүргізу және тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту;
      Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау;
      жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау және бәсекелестікті, оның ішінде қаржы ұйымдарының бәсекелестігін қорғау мен олардың монополиялық қызметін шектеу саласын қоспағанда, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен бәсекелестікті қорғау;
      мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы;
      2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;
      3) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру;
      4) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс жасап тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
      5) реттелетін салада салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

      13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) индустриялық дамыту, оның ішінде тау-кен-металлургиялық, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі, сондай-ақ сауданы дамыту саласы, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық сала, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігі, ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны реттеуді жүзеге асырады;
      2) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
      5) реттелетін салада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде реттелетін салада мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді;
      6) сауда қызметін дамыту бойынша, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      7) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді;
      8) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      9) биржалар қызметін және биржалық сауданы дамытуды талдауды жүзеге асырады;
      10) Биржалық сауданың үлгі ережесін бекітеді;
      11) биржалық құжаттарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;
      12) демпингтік тауарды жеткізушілердің сауда тәжірибесін демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      13) елеулі залал келтіру фактілері бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесін мемлекеттік реттеуді және оның мониторингін жүзеге асырады;
      14) өз құзыреті шегінде талқылау рәсімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
      15) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге және оған қатысуға бастамашылық жасайды;
      16) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      17) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан түседі;
      18) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеудің шараларын қолдану жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      19) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіреді;
      20) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өнім номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
      21) Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға хабарлайды;
      22) өнеркәсіптІ, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібін, сондай-ақ ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды реттеуді жүзеге асырады;
      23) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыруды үйлестіреді;
      24) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді немесе келіседі;
      25) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында қатерлерді бағалау бағдарламаларын әзірлейді;
      26) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау мақсатында тұтыну нарығының мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады;
      27) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы оператор компанияны айқындау ережесін әзірлейді және арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамаға сәйкес оператор компанияны айқындайды;
      28) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды жіберу ережесін әзірлейді және бекітеді;
      29) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін мынадай құжаттарды:
      арнайы экономикалық аймақтарды құруға арналған өтінімдердің нысандарын;
      уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арасындағы үлгі шарттарды бекітеді;
      30) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереже жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілейді;
      31) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтарды мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізеді;
      33) инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
      34) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердің персоналына және офистеріне, өндірістік үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындайды;
      35) бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттарды ұсынудың және өнеркәсіптік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептерді ұсынудың ережелерін, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін аккредиттеу ережесін, бюджет қаражаты есебінен инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргізу ережесін әзірлейді;
      36) салалық бағыттылыққа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      37) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласындағы ұсыныстарды дайындау үшін сараптама кеңестерін құрады;
      38) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде химиялық өнімінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша зерттеулерді көздейтін салалық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      39) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің нормаларын бекітеді;
      40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;
      41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау мақсатында тұтыну нарықтарының мониторингін жүргізеді және оны сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
      42) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және алдағы жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы туралы жер қойнауын пайдаланушылар есебінің нысанын бекітеді;
      43) құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге немесе келісім-шартпен байланысты жанама қызметке қатысты қазақстандық қатысуды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      44) құзыретті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан басымды жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін бекітеді;
      45) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрі жер қойнауын пайдалану саласындағы оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      46) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін айқындайды;
      47) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптар белгілейді;
      48) құрылыс объектілеріне техникалық қадағалауды жүзеге асыру ережесін әзірлейді және бекітеді;
      49) астананың әкімдігімен келісім бойынша:
      сәулет, қала салу және құрылыс қызметін ерекше реттеу ережесін, сондай-ақ, астананың аумағында және қала маңындағы аймақтарда қала салу регламентациясын;
      қолда бар ғимараттар мен құрылыстарды қайта жөндеу, оның ішінде, мансардтық және тұрғын жайлардың үлгілік қабаттарының салыну процесін реттеу ережесін бекітеді;
      50) егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, құзыретіне бұл мәселелер енгізілген басқа да орталық атқарушы органдармен келісім бойынша сәулет, қала салу және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, жою) тәртібін белгілейді;
      51) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу тәртібін айқындайды;
      52) құрылыс сапасына жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша жасалған және жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ, тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін анықталған ақауларды сипаттай отырып, объектілердің анықтамасы мен ведомостерінің нысанын белгілейді;
      53) бағалы сәулет-қала салу мұрасын сақтауды, сәулетте және қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру мен дамытудың басым бағыттары жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
      54) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      55) сәулет, қала салу және құрылыс қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлейді;
      56) шағын елді мекендерді дамыту мен салудың схемаларын әзірлеу және келісу тәртібін бекітеді;
      57) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;
      58) жобалар мен техникалық регламенттерді талдауды және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      59) техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      60) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады;
      61) реттелетін саладағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
      62) халықаралық талаптарға сәйкес орнатылатын химиялық өнімді ескерту таңбалау кезінде көрсетілуі тиіс қауіптіліктің стандартты нышандарының тізбесін бекітеді;
      63) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
      64) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      65) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
      66) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;
      67) өлшемдер бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;
      68) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салыстыру ережесін белгілейді, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;
      69) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға рұқсат етілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;
      70) өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін айқындайды және бекітеді;
      71) өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін айқындайды;
      72) өлшем құралдарының типтерін бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстыра тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгілейді;
      73) салыстыра тексеру таңбалауын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгілейді;
      74) өлшем құралдарына техникалық құралдардың тиістілігін белгілеу тәртібін айқындайды;
      75) Шамалар мен салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңнама метрологиясы ұйымы ұсынған Бірліктердің халықаралық жүйесінің шама бірліктерін Қазақстан Республикасының аумағына жіберу тәртібін белгілейді;
      76) өлшем құралдарын салыстыра тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
      77) өлшемдерді орындаудың әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестациялау, сондай-ақ заңды тұлғалардың өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу тәртібін айқындайды;
      78) өлшем құралдарын салыстыра тексеру және калибрлеу, қызметтің бұл түрін аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асыратын өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау тәртібін белгілейді;
      79) өлшем құралдарын салыстыра тексерудің тізбесі мен мерзімділігін, сондай-ақ оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
      80) тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыру және оларды өлшем құралдарын салыстыра тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығына беру тәртібін белгілейді;
      81) салыстыра тексерушілерді аттестаттау тәртібін айқындайды;
      82) аккредиттеуге жататын өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызметтердің тізбесін айқындайды;
      83) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды;
      84) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
      85) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      86) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы хабарламаларды толтыру және ұсыну нысанын, тәртібін айқындайды;
      87) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс, тарату тәртібін белгілейді;
      88) сәйкестікті, оның ішінде, шетелдік сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      89) сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының сәйкестікті растау жөніндегі орган құрамында аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      90) сәйкестікті растау схемасына сәйкес оның белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған, берілген сәйкестік сертификаттарының күші немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу күні тоқтата тұрылған немесе жойылған жағдайда сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге инспекциялық тексеру жүргізу тәртібін белгілейді;
      91) зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      92) сынақтарды жүргізу жөніндегі зертханалардың құқық қабілетінің туындау және тоқтату тәртібін белгілейді;
      93) зертханалар жұмысының нәтижелерін ресімдеудің және берудің тәртібі мен нысанын белгілейді;
      94) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен көрсеткіштерін басу және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      95) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар қызметінің тәртібін белгілейді;
      96) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторлар зертханаларын аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу тәртібін белгілейді;
      97) тауардың шыққан елін айқындау, сәйкестікті және аккредиттеуді растау, сарапшы аудитордың аттестатын беру, тоқтата тұру немесе жою жөніндегі сарапшы аудиторларды дайындаудың және аттестаттаудың біліктілік талаптарын, тәртібін белгілейді;
      98) мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және жою тәртібін белгілейді;
      99) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі тәртіпті белгілейді және сертификат береді;
      100) мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді;
      101) Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шетелдік мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамаларын және ұсынымдарын есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;
      102) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзірлеу тәртібін белгілейді;
      103) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді;
      104) сәйкестікті және зертханаларды растау жөніндегі органдарды аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      105) тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілейді және оны дайындауды ұйымдастырады;
      106) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережесін әзірлейді;
      107) ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін белгілейді;
      108) стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту тәртібін белгілейді;
      109) мемлекеттік стандарттаудың жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту тәртібін белгілейді;
      110) шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді;
      111) сәйкестік сертификатын толтыру нысаны мен тәртібін белгілейді;
      112) сәйкестік белгісін бейнелеуді, оған қойылатын техникалық талаптарды және оны таңбалау тәртібін әзірлейді, бекітеді және белгілейді;
      113) сәйкестік туралы декларация нысанын, декларацияны ресімдеу және тіркеу тәртібін белгілейді;
      114) шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақтар хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды;
      115) заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша субъектілерді аккредиттеу тәртібін белгілейді;
      116) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды бұзушылықтарды жою туралы немесе өнімдерді сатуға тыйым салу және оларды беру тәртібі туралы нұсқамалардың нысандарын белгілейді;
      117) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растаудың нәтижелерін өзара тану бойынша жұмыстарға қатысады;
      118) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;
      119) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелерінде инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдайлар жасайды;
      120) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді;
      121) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне хабарлайды;
      122) кәсіпкерлік саласындағы сараптамалық кеңестердің жұмысына талдау және мониторинг жүргізу үшін үйлестіру кеңесін құрады;
      123) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының тексеру (бақылау) жүргізу фактісі туралы міндетті белгі салу үшін барулар мен тексерулерді есепке алу кітабының үлгісін белгілейді;
      124) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
      125) шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттайды;
      126) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
      127) жеке кәсіпкерлік қызметі саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      128) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастырады және үйлестіреді;
      129) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастырады;
      130) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін жағдайлар жасайды;
       131) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық тауар (жұмыстар, қызметтер) нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасайды;
      132) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестер қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      133) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді;
      134) ақпараттық-тұсаукесер іс-шараларын, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу мәселелері бойынша мәжілістер ұйымдастырады және өткізеді;
      135) бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
      136) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асырады;
      137) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар береді;
      138) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлейді және оны қолдану тәжірибесін жинап қорытады;
      139) тауар нарықтарының жұмыс істеуі, бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
      140) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мыналар:
      бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары;
      реттеуші органмен бірлесіп мемлекеттің бағаны реттеуді енгізуге қажетті тауарлар номенклатурасы бойынша ұсыныстарды енгізеді;
      141) монопольды табысты айқындау ережесін, монопольды жоғары (төмен) бағаларды белгілеуді бекітеді;
      142) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолданудың ережесін бекітеді;
      143) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-қимылдарын) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
      144) тауар нарықтарын талдау бойынша мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректер нысандарын белгілейді;
      145) тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;
      146) тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындайды;
      147) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, қаржылық ұйымдардың қатысуымен экономикалық шоғырлануға рұқсат алу үшін қаржылық ұйымдардың активтер құнының мөлшерін немесе жеке капиталдың шамасын белгілейді;
      148) экономикалық шоғырлануға рұқсат туралы ұсынымдарды ұсыну мен қарау және экономикалық шоғырлануға рұқсат беру тәртібін белгілейді;
      149) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді.

      14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) реттелетін салада, оның ішінде, тау-кен-металлургиялық, химия, өңдеуші, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпте, ірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту саласы, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық сала, техникалық реттеу және өлшем бірліктері, ғылыми-технологиялық, инновациялық және инвестициялық қызмет, қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) тауар биржаларының тізілімін жүргізу;
      3) биржалар туралы заңнаманы сақтауды бақылау;
      4) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындыны әзірлеу;
      5) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуді ұйымдастыру және қатысу;
      6) демпингтің және материалдық залалдың немесе оны келтіру залалының болуын белгілеу және демпингке қарсы шаралар енгізу қажеттілігі жөнінде демпингке қарсы талқылауды жүзеге асыру;
      7) демпингке қарсы талқылау рәсімінің басталуы туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      8) демпингке қарсы талқылау жөніндегі істі жүргізудің тәртібін белгілеу;
      9) демпингтің бар болуы және оларға материалдық зиян келтіру немесе оны келтірудің қаупі туралы алдын ала айқындаманы шығару;
      10) демпингке қарсы бажды қайта қарауды дайындау рәсімін жүзеге асыру;
      11) елеулі залал келтіру фактісі бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесіне мониторингті жүзеге асыру;
      12) талқылауды жүргізудің орындылығы туралы не саудада елеулі зиянның бар екендігін анықтау немесе оны келтірудің қаупі және қорғау шараларын енгізудің қажеттілігі туралы қорытынды дайындау;
      13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ отандық өндірушінің немесе өндірушілер бірлестіктерінің өтінімдері бойынша әзірленген қорытындының негізінде елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды бастау туралы шешім қабылдау;
      14) елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды жүзеге асыру;
      15) елеулі залалдың болуы немесе саудаға елеулі залал келу қаупі және қорғау шараларын енгізу қажеттігін белгілеу жөнінде талқылауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      16) "Субсидиялар және өтем шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда және өндірістік қызметтің мониторингін жүзеге асыру;
      17) материалдық залал келтірудің болуын немесе қатерін және өтемдік шаралар қажеттілігін белгілеу жөніндегі талқылауларды жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша өтемдік шаралар енгізу туралы шешім қабылдауы үшін шетелдік мемлекет (шетелдік мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импортының болуы және олардың материалдық залал келтіргені немесе оның келтіру қаупі туралы алдын ала қорытындыны шығару;
      19) шетелдік мемлекет (шетелдік мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импорты кезінде отандық өндірушілерге келтірген материалдық залалдың болуын белгілеу және шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импорты мен ол келтірген материалдық залал немесе оның қаупі арасындағы себептік-салдарлық байланысты белгілеу;
      20) тауарлары талқылау мәні болып табылатын шет мемлекеттер (шет мемлекеттер одағы) өтініші бойынша талқылауды бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсат ету;
      21) "Субсидиялар және өтем шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда талқылау рәсімін бастаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
      22) жеткізуші ұсынған бағалар бойынша кімнің міндеттемесі қабылданған болса, бағалар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғаны туралы деректердің дұрыстығын тексеруді жүргізу;
      23) өтем баждарын енгізумен мүдделері қолайсыз қозғалуы мүмкін шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидияланатын импортталатын тауарларын пайдаланатын жергілікті мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, оны енгізу үшін барлық талаптар орындалған жағдайда өтемдік баждарды енгізудің орындылығы туралы шешім қабылдау;
      24) өз бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың негізделген ұсынымының негізінде өтемдік баждарды қайта қарауды жүзеге асыру;
      25) өтемдік шаралардың дара мөлшерін айқындау;
      26) демпингке қарсы заңнамаға және субсидиялар мен өтемдік шаралар туралы заңнамаға сәйкес бағалар бойынша міндеттемелерді орындауды бақылау;
      27) шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялайтын тауар импортын бақылау;
      28) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      29) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді аккредиттеуді жүзеге асыру;
      30) арнайы экономикалық аймақтар құру және қалыптастыру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      31) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын келісу;
      32) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      33) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімді тіркеу және оның есебін жүргізу;
      34) өз құзыреті шегінде химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласында заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
      35) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексеру;
      36) "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру;
      37) өз құзыреті шеңберінде машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
      38) "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды өндіру, өткізу мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар беру;
      39) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғалардан жүргізілетін және жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұрау;
      40) жер қойнауын пайдаланушылардың олардың қазақстанда шығарылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға қатысу;
      41) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және оларды шығарушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалаудың өлшемдерін әзірлеу;
      42) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдер қабылдау;
      43) инвестициялық преференцияларды беру туралы шешім қабылдау;
      44) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдау және тіркеу;
      45) инвестициялық преференциялар беруге келісім-шарттар жасасу, тіркеу және бұзу;
      46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылау;
      47) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құруда ұйымдарға жәрдемдесу және оларға қажетті ақпараттық-әдістемелік жәрдем көрсету;
      48) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) беру;
      49) өнімдер транзитіне рұқсаттар беру;
      50) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытынды беру;
      51) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өнімдерді қайта өңдеуге рұқсат беру;
      52) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарға) сүйене отырып Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсат беру;
      53) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 6-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызметтермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен рұқсат беру;
      54) қорғаныстық тапсырыстың міндеттерін орындау жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау;
      55) белгіленген құзырет шектерінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылау;
      56) экспорттық бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асыру;
      57) қару-жарақ, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      58) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, іске асыру, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      59) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асыру;
      60) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау;
      61) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
      62) белгіленген тәртіппен құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
      63) белгіленген тәртіпте сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
      64) астана әкімдігімен келісім бойынша астананың және қала маңы аймақтарында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) жобаларын бекіту;
      65) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің мемлекеттік нормативтік құжаттарын белгілеу;
      66) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеуге тапсырысты жүзеге асыру;
      67) республикалық маңызы бар қалалар, сондай-ақ халқының саны жүз мыңнан астам өзге қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісуді жүзеге асыру;
      68) шағын елді мекендерді салу мен дамытудың құрамын айқындау және схемаларын ұстау;
      69) құрылыс үшін жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларды әзірлеуге тапсырмаларға нормативтік талаптарды бекіту;
      70) республикалық маңызы бар объектілер бойынша (құрылыс-монтаждау жұмыстарын ендіру) жобаны іске асыруды бастау үшін рұқсат беру;
      71) жобаны (құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіру) іске асыруды бастау үшін рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілеу тәртібін айқындау;
      72) бағалы сәулет-қала құрылысы мұраларын сақтау, сәулет пен қала құрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамытуды ескере отырып, аумақтарды және елді мекендерді игеру және дамытудың басым бағыттары бойынша бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      73) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызды объектілерді құруға (аумақтарды салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыстық және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларды қарастыру және бекіту;
      74) жүз мыңнан асатын тұрғындардың есептік санымен республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қалалардың бас жобаларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылыстық сараптамасын ұйымдастыру және өткізу;
      75) жобалық құжаттама сапасына, жобалардың мемлекеттік сараптамасын басқаруға қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      76) республикалық маңызы бар объектілері құрылыс сапасына, олар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне рұқсат беруді ресімдеуге және беруге, осы құрылыстарды қала құрылысы және сәулет құрылыс тәртібін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік шараларын қолдануға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;
      77) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылау;
      78) жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы, сондай-ақ облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      79) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      80) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;
      81) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      82) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      83) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту;
      84) өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындау;
      85) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;
      86) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдау;
      87) өлшем құралдарының үлгісін бекіту белгісінің нысанын белгілеу;
      88) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
      89) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу бойынша жұмысты лицензиялауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      90) өлшем құралдарын өндіру және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
      91) мемлекеттік емес сарапшылық орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттауды жүргізу;
      92) сәйкестігін растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу, сондай-ақ оларды кәсіби даярлауды және қайта даярлау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды ұйымдастыру;
      93) саудадағы техникалық тосқауылдар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      94) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шетел мемлекеттерінің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басуды және таратуды ұйымдастыру, олар туралы ақпаратты жариялайды;
      95) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      96) техникалық регламенттермен белгіленген талаптарды сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
      97) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асыру;
      98) ойыншықтардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзырет шегінде техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылау;
      99) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
      100) тамақ өнімдерінің санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалауға жататын рәсімдерін қоспағанда, оны іске асырудың сатысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      101) мемлекеттік метрологиялық қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
      102) стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құру;
      103) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттарды жою туралы ұсыныстар дайындау;
      104) Техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізу;
      105) Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпараттарды сыныптау мен кодтау жүйесін жұмыс істетуді құруға және бақылау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді белгілеу;
      106) кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу;
      107) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
      108) реттеуші органға заңнамалық актілерді бұзуға жол берген нарық субъектілерінің кесімді бағаларын енгізу туралы ұсынымдар енгізу;
      109) тауар нарығы жай-күйінің, ондағы бәсекелестіктің деңгейін зерделеу және осы негізде монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегі шараларын әзірлеу;
      110) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында талдау жүргізу;
      111) тиісті тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      112) "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
      113) орындалуы міндетті болатын нарық субъектілеріне мыналар:
      "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзуларды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;
      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
      "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      басқа да нарық субъектілерімен шарт жасасу;
      тұтынушыларға залалды өтеу және (немесе) бюджетке монопольды кірісті аудару туралы ұйғарымдар беру;
      114) мемлекеттік органдарға орындалуы міндетті олар қабылдаған шешімдерді бұзу немесе өзгерту туралы, заң бұзуларды тоқтату туралы ұйғарымдар беру, сондай-ақ "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      115) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте әкімшілік жазалар қолдану;
      116) талап-арыздармен және өтініштермен сотқа жүгіну, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және оны бұзумен байланысты істерді соттар қараған кезде процеске қатысу;
      117) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуымен байланысты қылмыстардың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
      118) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуды тергеу жүргізуі;
      119) экономикалық шоғырлану үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      120) "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді алдын ала келісу;
      121) монополияға қарсы заңнама талаптарына қайшы экономикалық шоғырлануға жол бермеуді қамтамасыз ету;
      122) мемлекеттік органдардың бәсекелестікті шектеуге бағытталған актілерін, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерін) тию;
      123) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланудың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету;
      124) бәсекеге қарсы, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және тиюды жүзеге асыру.

  3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және босататын Министрдің орынбасарлары (Вице-Министрлері) болады.

      17. Министр Министрлікке жүктелген міндеттерді орындауға және оларға өз функцияларын жүзеге асыруына басшылықты жүзеге асырады және дербес жауапты болады.

      18. Министр:
      1) реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
      3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
      4) өз қызметінде оның бақылауындағы ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) ведомстволар актілерінің әрекетін толықтай немесе жартылай тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      8) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
      9) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
      10) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.

      20. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

      21. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.

      22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп беруі тиіс.

      23. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларына орынбасарларын тағайындауды келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, орталық атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселелерді шешеді;
      13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыны дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Жауапты хатшы мыналарға:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.

      25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.

      26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрлік құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен министр бекітеді.

      27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

  4. Министрліктің мүлкі

      28. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.

      29. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      30. Егер заңда өзгедей белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады