Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 мамырдағы N 429 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті болып бірігуі жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 7 мамырдағы
N 429 қаулысына   
қосымша       

  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      6. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      9. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      12. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      13. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      14. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

      16. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 7 мамырдағы
N 429 қаулысымен  
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 123-9, 123-57 жолдар алынып тасталсын;
      "Қарағанды облысы" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 214-13-жол алынып тасталсын.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 237-21-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" деген бөлімде реттік нөмірі 264-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімде:

      тақырыбындағы "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздер "Өнеркәсіп" деген сөзбен ауыстырылсын.

      реттік нөмірі 288-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетіне" деген бөлім алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1180  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 546-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.

      7. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті "Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 72  қаулысында :
      тақырыбындағы және 1, 2, 4-тармақтардағы "Инвестиция және өнеркәсіп" деген сөздер "Өнеркәсіп" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады