Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 731 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1181 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 731 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

      5-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацында ", қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақта ", қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер алынып тасталсын;

      10-тармақта "жұмыс күнінен" деген сөздерден кейін ", ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мен 2-тармақтың 3) тармақшасында ", қоршаған ортаны қорғау" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады