Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 1182 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.

      2. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелер туралы ережені бекітсін және олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 169-1-жолмен толықтырылсын:
      "169-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы";

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2007 ж., N 7, 82-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      "Маңғыстау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-1-жолмен толықтырылсын:
      "165-1. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясы.";

      3)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады