"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Астана қаласының бюджетіне төрт мектеп құрылысын бастауға нысаналы даму трансферттерін аудару үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен 387314000 (үш жүз сексен жеті миллион үш жүз он төрт мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1196 қаулысына
қосымша
Астана қаласы мектептерінің тізбесі және 2007 жылы оларды
салуды бастауға қалалық бюджетке нысаналы трансферттер
ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
бөлінетін қаражат көлемі
Р/с N |
Жобаның атауы | Жобалық қуаты (орын) | Салуды бас- тауға қаражат көлемі (мың теңге) |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Астана қаласының Оңтүс- |
1200 |
96892 |
2 |
Астана қаласының гараж кооперативі ауданында (Степной) 1200 орындық орта мектеп салу |
1200 |
97374 |
3 |
Астана қаласы Тілендиев даңғылының оң жақ ауданында 1200 орындық орта мектеп салу |
1200 |
96166 |
4 |
Астана қаласының әкім- |
1200 |
96882 |
БАРЛЫҒЫ: |
4800 |
387314 |