"Хорватия Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1200 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Хорватия Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
Жарлығы     

Хорватия Республикасында Қазақстан Республикасының
Елшілігін ашу туралы

      Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Загреб қаласында (Хорватия Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады