Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы
N 3859 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы N 3859 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті