Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1244 Қаулысы.

      "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

      3) Өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығын салуды;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады