"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлімінде:
09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" әкімшісі бойынша:
027 "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау" бағдарламасында:
100 "Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы" кіші бағдарламасындағы "107753" деген сандар "134287,2" деген сандармен ауыстырылсын;
101 "Оралмандардың көшіп келуі және әлеуметтік қорғалуы" кіші бағдарламасындағы "2723075" деген сандар "2711144,8" деген сандармен ауыстырылсын;
102 "Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" кіші бағдарламасындағы "8761186" деген сандар "8746582" деген сандармен ауыстырылсын.