Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау бойынша тәуелсіз сарапшыны айқындаудың кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1280 Қаулысы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "НИПИ Caspian Engineering & Research" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" Атырау облысындағы интеграцияланған мұнай-химия кешенін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілері" объектісі бойынша конкурстық өтінімдердегі концессиялық жобаларды бағалау және сараптау бойынша 2007 жылға арналған тәуелсіз сарапшы болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 117 "Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде концессиялық жобаларды бағалау және сараптау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады