Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1288 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
      "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 563-жолда:
      5-бағандағы "1448527" деген сандар "1237140" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "767452" деген сандар "578025" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 564-жолда:
      4-бағандағы "2007" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "8072500" деген сандар "11472500" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "5049059" деген сандар "5238486" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-баған "4010573" деген сандармен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 566-жолда:
      4-бағандағы "2008" деген сандар "2009" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "5000000" деген сандар "5056572" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "3955000" деген сандар "1189427" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-баған "2867145" деген сандармен толықтырылсын;
      "Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолда:
      8-бағандағы "169248592" деген сандар "170493592" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-бағандағы "27462374" деген сандар "30329519" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:
      206 "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" әкімшісі бойынша:
      006 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламада:
      "Қоянды өзенінің су қоймасында Астана қаласының тұрғындарына арналған қысқа мерзімді демалыс аймағы" деген жолдағы "767452" деген сандар "578025" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Астана қаласында 3500 орындық киноконцерт залын салу" деген жолдағы "5049059" деген сандар "5238486" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады