Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
"Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
"Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 73-жолда:
4-бағандағы "2005-2009" деген сандар "2005-2008" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "3 000 000" деген сандар "4 000 000" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы "1 000 000" деген сандар алып тасталсын;
"Бағдарлама бойынша жиыны" деген жолдағы "10 156 707" деген сандар "11 156 707" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 303-жолда:
5-бағандағы "1 689 000" деген сандар "689 000" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "1 689 000" деген сандар "689 000" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бағдарламадан тыс жиыны" деген жолдағы "155 629 262" деген сандар "154 629 262" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі