Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1352 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 № 1072 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 101 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "2004-2010" деген сандар "2008-2013" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі С.М. Мыңбаевқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1352 қаулысына  
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 101 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана, 2007 жыл

Мазмұны

1.  Бағдарламаның паспорты
2.  Кіріспе
3.  Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібінің қазіргі жай-күйін талдау
4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.  Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі
5.1. Бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешені
5.2. Атырау МӨЗ-нің базасында хош иісті көмірсутектер шығару бойынша кешені
5.3. Бензол және параксилол өндіретін мұнай-химия кешені
5.4. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру
5.5. Ақтау пластикалық массалар зауытын әртараптандыру
5.6. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы бойынша мұнай-химия өнімдерін өндіру
5.7. Көмірсутек шикізатын тереңдей өңдейтін мұнай-химия өндірістерін дамытудың перспективалық бағыттары
6.  Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7.  Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8.  Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

  1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
                    жылғы 29 қаңтардағы N 101 қаулысына
                    өзгерістер енгізу туралы
Әзірлеу үшін        "Мемлекет басшысының 2005-2007
негіздеме           жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы
                    жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі
                    бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
                    жоспарын және Қазақстан Республикасы
                    Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған
                    бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар
                    жоспарын бекіту туралы" Қазақстан
                    Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
                    сәуірдегі N 319 қаулысы және Қазақстан
                    Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға
                    арналған бағдарламалары (286-тармақ)

Әзірлеуші           Қазақстан Республикасы Энергетика және
                    минералдық ресурстар министрлігі
 
  Мақсаты             Қазақстан Республикасында отандық
                    көмірсутек шикізатын (мұнай/газ)
                    тереңдей өңдейтін мұнай-химия
                    өндірістерін құру және базалық әрі
                    жоғары қосылған құнмен
                    мұнай-химия өнімдерін шығару

Міндеттері          Бағдарламаның мақсатына мемлекеттік-жеке
                    меншік әріптестік тетіктері негізінде
                    мынадай стратегиялық міндеттер іске
                    асырылған кезде қол жеткізілетін болады:
                     Құрылатын "Ұлттық индустриалдық мұнай-
                    химия технопаркі" арнайы экономикалық
                    аймағының (бұдан әрі - АЭА) шеңберінде
                    базалық және жоғары қосылған құнмен
                    мұнай-химия өнімдерін шығаратын мұнай-
                    химия өндірістерін құрудың серпінді
                    инвестициялық жобаларын әзірлеу және
                    іске асыру.
                     АЭА және "Интеграцияланған мұнай-химия
                    кешенін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
                    объектілері" концессиялық жобасының
                    шеңберінде базалық мұнай-химия өнімдерін
                    шығаратын бірінші интеграцияланған
                    мұнай-химия кешені құрылысының
                    инвестициялық жобасын іске асыру.
                     Кен орындарының көмірсутек шикізаттары
                    мен базалық және жоғары қосылған құнмен
                    мұнай-химия өнімдерін шығару жөніндегі
                    жаңғыртылған мұнай және газ өңдеу
                    кәсіпорындарынан қосымша шикізат
                    қорларын терең өңдеу.
                     Халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес
                    АЭА-да және Қазақстан Республикасының
                    облыстарында құбырлар, құрылыс,
                    буып-түйетін, қаптамалық материалдар
                    мен басқа да өнімдер шығару үшін
                    базалық мұнай-химия өнімдерінен
                    жоғары қосылған құнмен инновациялық
                    өнімдер шығаратын шағын және орташа
                    бизнес кәсіпорындарын құру және дамыту.
 
  Іске                2008-2013 жылдар:
асыру мерзімі      1-кезең - 2008-2010 жылдар
                    2-кезең - 2011-2013 жылдар
 
  Қажетті            Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы
ресурстар          жылына арналған "Республикалық бюджет
мен                 туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
қаржыландыру       сәйкес нақтыланатын болады.
көздері             2009 жыл - 337 000 мың теңге
                    2010-2011 жылдар - 8 750 000,0 мың
                    теңге.
                    "Бюджеттік қаржыландыру" Ұлттық
                    индустриалдық мұнай-химия технопаркі"
                    АЭА-ның инфрақұрылымын құруға
                    сұратылады (2009 жылы жобалық-сметалық
                    құжаттамаларды дайындау және 2010-2011
                    жылдары инфрақұрылым объектілерін салу).
                    Мұнай-химия өндірістері құрылысының
                    инвестициялық жобаларын әзірлеу мен
                    іске асыру тікелей шетелдік және
                    отандық инвестициялардың қаржылары;
                    мемлекет кепілдігімен тартылатын
                    мемлекеттік емес заемдар, сондай-ақ
                    кәсіпорынның өз қаражаты, оның ішінде
                    концессиялық жобаның шеңберінде бірінші
                    интеграцияланған мұнай-химия кешенінің
                    инфрақұрылымдық объектілерін салу есебінен
                    жүзеге асырылатын болады.
 
  Күтілетін            Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
нәтижелер           тетіктерін қолдана отырып:
                     қазақстандық көмірсутек шикізатын
                    тереңдей өңдеу және базалық және жоғары
                    қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін
                    шығару бойынша әлемдік деңгейдегі
                    мұнай-химия өндірістерін пайдалануға қосу;
                     мұнай-химия өндірістерінің қызметін
                    қамтамасыз ету үшін осы заманғы
                    инфрақұрылымдарды іске асыру;
                     отандық нарықты (2013 жылдан кейін)
                    және қазақстандық бәсекеге қабілетті
                    мұнай-химия өнімдерінің, оның ішінде
                    өнеркәсіптік және тұтыну мақсатындағы
                    полиэтиленнің, полипропиленнің,
                    полистиролдың әртүрлі түрлерінің және
                    олардан жасалған бұйымдардың, сондай-ақ
                    қосылған құны жоғары басқа да
                    мұнай-химия өнімдерінің
                    (полиэтилентерефталат, поливинилхлорид,
                    синтетикалық каучуктер, қара майлар, және
                    метанолдың туындылары) экспорттық
                    жеткізілімдерін молықтыру.

  2. Кіріспе

      Осы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 (286-тармақ)  қаулысына сәйкес әзірленді.
      Бағдарламаға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде мұнай-химия өндірістерін салу мен дамытудың экономикалық және технологиялық тиімді және негізделген инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру кезеңіне өтуге байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан дамуының 30 маңызды бағыттарының ішінде "Біздегі энергетика мен мұнай-химияны дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосымша құнын өсіру арқылы осы секторлардың пайдалылығын арттыру. Әсіресе басым секторлар - мұнай-химия, газ қорлары, экспорттық энергия маршруттарын басқару тиімді болуы тиіс. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай-газ өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және қайта жабдықтау бағдарламаларын жасауы және іске асыруы, жаңа мұнай-химия өндірістерін құруы керек" деп белгіледі.
      Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы АҚ-пен және мұнай-химия кәсіпорындарымен бірлесіп Қазақстан Республикасында құрылысы инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын мұнай-химия өндірістерін дамытудың экономикалық және технологиялық тұрғыда негізделген бағыттарын анықтады.
      Инвестициялық жобалардың ауқымын, олардың әлемдік деңгейге сәйкестігін, сондай-ақ жобаларға салынатын теңдессіз бір жолғы инвестицияның көлемін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ны құру бойынша және концессиялар бойынша заңнамалық актілер негізінде қолайлы экономикалық, әкімшілік, инфрақұрылымдық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік жағдай жасауға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде шешім қабылдады.
      АЭА-ға жағдай жасау күрделі қаржыны қажет ететін мұнай-химия өндірістерінің құрылысына және бәсекеге қабілетті өнім шығаратын өндірістер құруға инвестиция тарту үшін елеулі экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. АЭА мәртебесі бар аумақтардағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттің талаптар көлемін қысқартуы алынатын өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық өнімдерді әлемдік нарыққа жеткізу кезіндегі көлік шығынының құрамдасуы маңызды көрсеткіш екенін ескерсек бұл оның сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
      Бірінші кезеңде АЭА Атырау облысында құрылатын болады. Екінші кезеңде Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында. Мұнай-химия өндірістері аталған өңірлердің игерілген кен орындарының көмірсутек қорларын тереңдей өңдеу негізінде алғашқы өңделген қорлармен бірге үйлестікте, сондай-ақ жаңғыртылған мұнай- және газ өңдеу зауыттарының (бұдан әрі - МӨЗ, ГӨЗ) өнімдерімен жұмыс істейтін болады.
      АЭА шеңберінде негізгі өндірістік мұнай-химия қондырғыларын жасауды инвесторлар жүзеге асыратын болады, оларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен және/немесе концессиялық жобалар шеңберінде құрылған АЭА инфрақұрылымының мүмкіндіктері есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Бұл Бағдарламада мұнай-химия өндірістерін құрудың инвестициялық жобаларын іске асыру кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің негізгі бағыттары мен іс-шаралары айқындалатын болады. Жаңа мұнай-химия өндірістерін, жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін шығаратын шағын және орташа бизнес кәсіпорындарын құру бойынша іс-шаралардың негізділігі мен шынайылығын қамтамасыз ететін инвестициялар, арнайы экономикалық аймақтар, концессиялар жөніндегі заңнамалық нормаларға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне негізделген тетіктері пайдаланылатын болады.

  3. Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібінің
қазіргі жай-күйін талдау

      Әлем елдерінде, әсіресе азия елдерінде, мұнай-химия өндірістерінің құрылыс көлемдерінің белсенді өсуі және пайдалануға берілуі байқалады. Бұл мұнай-химия өнімдерінің жоғары сұранымымен және оны қолдану мүмкіндіктерінің кеңеюімен ғана емес, көмірсутекті шикізаттарды тереңде өңдеудің экономикалық тартымдылығымен де түсіндіріледі. Мұнай-химия өндірістерін салуды тіпті көмірсутекті шикізаттардың жеткілікті қорлары жоқ және технологиялардың лицензиярлары болып табылмайтын азия елдері де жүзеге асырады.
      Қытай, Иран, Малайзия, Сингапур және басқа да азия елдері мұнай-химия өнімдерін шығаратын бірнеше кәсіпорындардың құрылысын жүргізуде - Азия маңызды өткізу нарығы ғана емес, сонымен бірге мұнай-химия саласында күшті өндірістік база болып қалыптасуда. Мысалы, Сингапурдың құрылыс жобаларына немістің "Shell Chemicals" компаниясы, жапонның "Sumitomo", "Mitsui Chemicals" фирмалары, ал Қытайда және Азияның әртүрлі мемлекеттерінде құрылыс жобаларын немістің BASF фирмасы, HaJdor Topsoe, Lurgi, Тоуо Engineering, Mitsubishi, Gas chemicals, NKK Corporation және тағы басқа жетекші компаниялар - технологиялардың лицензиярлары жүзеге асырады.
      Экономикасы мен өнеркәсіп әлеуетін белсенді дамытушы Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін ойдағыдай сала алатын және қамтамасыз етуге тиісті бірнеше айқын артықшылықтары бар, олардың негізгі дәлелдері мыналар болып табылады:
      1)   жеткілікті шикізат қоры (мұнай және газ) бар. Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі кенорындары (Теңіз, Каспий) табиғи және ілеспе газдары пайдаланылатын болады, құрамында 13-тен 16%-ға дейін этан бар фракция және газдың жалпы көлемінен жоғары болады, бұл негізгі мұнай-химия өнімі базалық этилен өндіру үшін, экономикалық және технологиялық артықшылық болып табылады;
      2) этилен мұнай-химия өнімдерін кең спектрде өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасы үшін ең экономикалық тиімділік полиэтилен мен полипропиленнің әртүрлі маркаларын, стиролды және полистиролды, этиленгликол және этилбензолды және басқа да 20-дан астам атаулы өнімдер шығару болады;
      3) Атырау мұнай өңдеу зауытына технологиялық жаңғырту мен толық жарақтандыру жүргізілді және осындай жұмыс басқа да мұнай және газ өңдеу зауыттарында жалғастырылатын болады, бұл өндірілетін көлемдердің және мұнай-газ шикізаттарының алғашқы өңделген өнімдерінің кеңейтілген номенклатурасы негізінде мұнай-химия өндірісі үшін қосымша шикізат ресурсын пайдалануға мүмкіндік береді;
      4) халықаралық сарапшылар мен мамандар Қазақстан Республикасында мұнай-химия өндірістерін құрудың экономикалық тиімділігін растады - Exxon Mobil, Shell, Вasell - жетекші халықаралық компанияларының және Nexant консалтингтік компаниясының зерттеу нәтижелері алынды;
      5) Қазақстан Республикасы жағымды инвестициялық беделге ие. "Moody's Unvestors Service" және "Standart & Poors" халықаралық рейтингтік агенттіктерінің бағалауы бойынша Қазақстанға инвестициялық класс және перспективалығы мен тиімділікті анықтайтын бірнеше басқа экономикалық, саяси және әлеуметтік аспектілер рейтингі берілді.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде инвестициялық жобалардың ойдағыдай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жобаларды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді мемлекет АЭА-ның және концессиялық жобалардың мүмкіндіктері мен шарттарын пайдалану арқылы жүзеге асырады.
      Бұл шаралар корпоративтік табыс және жер салығы, мүлік және қосылған құнға салынатын салықтар бойынша салықтық жеңілдіктер беру арқылы қолайлы экономикалық, әкімшілік, инфрақұрылымдық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, шеттен әкелінген технологиялар, жабдықтар, аспаптар мен материалдар бойынша кедендік баж салығын төлеуден босату көзделеді. Нәтижесінде - АЭА мәртебесі өндіруге жоспарланған қазақстандық мұнай-химия өнімінің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, оның халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігі артады. Бұл ретте ескеретін маңызды жағдай, қазақстан өнімін әлемдік нарыққа жеткізу кезінде көлік шығынының құрамдасуы маңызды көрсеткіш болғандықтан, дайын өнімнің соңғы бағасына және оның бәсекеге қабілеттілігіне елеулі ықпал етеді.
      Қазіргі уақытта республикада мұнай-химия өндірістерін құру мен базалық және жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету үшін министрлік "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ-пен, "Кazakhstan Petrochemical Industries" АҚ-пен бірлесіп құрылысы инвестициялық және концессиялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын жаңа мұнай-химия өндірістерінің және оңтайлы саны мен өндірістік бағытын анықтады.
      Әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерінің технологиялары мен параметрлері қаралды, егжей-тегжейлі талқыланды және негізделген шешім қабылданды, олардың технологиялық және шикізаттық өзара байланыстылығы анықталды, лицензиялық технологиялардың және оларды жабдықпен қамтамасыз етудің түрлерінің экономикалық және технологиялық жағынан артықшылық жағы таңдалып алынды, келешекте басқа мұнай-химия өндірістерін құрудың басым бағыттары белгіленді.
      Мұнай-химия өндірістерін құрудың оңтайлы бағыттарын технологиялық өңдеу кезінде технологиялық жаңғыртылған Атырау мұнай өңдеу зауытының мүмкіндіктері мен ресурстары анықталды және ескерілді.
      Мұнай-химия өндірістерінің негізгі өндірістік объектілері және оның инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілері Атырау облысында жалпы аумағы 1787,7 гектар аумағында орналасатын болады.
      Сонымен, көмірсутек шикізатын терең өңдейтін жаңа мұнай-химия өндірістерін жаңғыртылған мұнай және газ өңдеу зауыттарының алғашқы өңделген қорларымен үйлестіріп салу Қазақстан Республикасы экономикасының өсуін қамтамасыз етеді, ЖІӨ-де өңдеу өнеркәсібінің үлесі артады, әлемдік деңгейдегі қаланың негізін салушы кәсіпорындар құрылатын болады, шағын және орташа бизнес кәсіпорындарын құруға шикізат қорлары пайда болады, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, бұл тұтас алғанда Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін өсіруді қамтамасыз етеді.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның басты мақсаты - отандық көмірсутек шикізатын (мұнай/газ) тереңдей өңдеу және базалық әрі жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін шығару бойынша Қазақстан Республикасында әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құру.
      Бағдарламаның міндеттері:
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде Бағдарламаның мақсатына мынадай стратегиялық міндеттерді жүзеге асырғанда жетеді;
      Құрылатын "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА-ның шеңберінде базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерін шығаратын мұнай-химия өндірістерін құрудың серпінді инвестициялық жобаларын әзірлеу және іске асыру;
      АЭА және "Интеграцияланған мұнай-химия кешенін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілері" концессиялық жобасының шеңберінде базалық мұнай-химия өнімдерін шығаратын бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешені құрылысының инвестициялық жобасын іске асыру;
      Кен орындарының көмірсутек шикізаттарын және базалық әрі жоғары қосылған құн салығы бар мұнай-химия өнімін шығару жөніндегі жаңғыртылған мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарының қосымша шикізат қорларын тереңдетіп өңдеу;
      АЭА-да және Қазақстан Республикасының облыстарында халықаралық стандарттарға (ИСО) сәйкес құбырлар, құрылыс, буып-түйетін, қаптамалық материалдар мен басқа да өнімдер шығару үшін базалық мұнай-химия өнімдерінен жоғары қосылған құнмен инновациялық өнімдер шығаратын шағын және орташа бизнес кәсіпорындарын құру және дамыту.

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетіктері

      Мұнай-химия өндірістерін құру екі бағытта көзделеді.
      Бірінші бағыт - тереңдей өңделген өнімдердің МӨЗ бен ГӨЗ-дің алғашқы өңделген өнімдерімен өзара әрекет ету технологиясын пайдалана отырып, базалық және жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін шығаратын көмірсутек шикізатын тереңдей өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін құру.
      Екінші бағыт - қызметі базалық мұнай-химия өнімін қосымша өңдеуге және жоғары қосылған құнмен өнеркәсіптік және тұтыну мақсатында инновациялық өнімдер шығаруға бағытталған шағын және орташа бизнес кәсіпорындарын салу.
      Бірінші бағыт бойынша, мұнай-химия өндірістері құрылысының инвестициялық жобаларын табысты іске асыру үшін "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА-ны құру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
      АЭА мәртебесі өндіруге жоспарланған қазақстандық мұнай-химия өнімінің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, халықаралық нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл ретте сонымен қатар қазақстандық өнімдерді әлемдік нарыққа жеткізу кезінде көліктік құрамдасушы елеулі көрсеткіш екенін ескеру маңызды.
      Мұнай-химия бейініндегі қазақстандық АЭА-ны құру негізінде АЭА-ға шикізаттық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарға жақын орналасқан әртүрлі географиялық аумақтарды қосу - зонттық қағидат пайдаланылған.
      АЭА құру, техникалық-экономикалық негіздеме, қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау тұжырымдамасы әзірленді (ҚОЫБ), "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА туралы ереженің жобасы, Үкімет қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы дайындалған.
      "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА материалдарына мемлекеттік және салалық қорытындылар, Индустрия және сауда министрлігінің АЭА-ның мәселелері бойынша сарапшылар кеңесі отырысының хаттамасы алынған, 2007 жылғы 5 қарашада Атырау қаласында қоғамдық тыңдаулар жүргізілді.
      АЭА аумағы 1787,4 гектарды құрайды және Атырау облысында орналасқан.
      АЭА-ның негізгі өндірістік объектілерінің құрылысы инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бюджеттік қаржыландыру шеңберінде және концессиялық заңнаманың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешені мен басқа да инвестициялық жобаларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылатын болады.
      2009-2011 жылдары АЭА-ның инфрақұрылымы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады және объектілердің құрылысы, оның ішінде энергия және сумен қамтамасыз ету, көлік және телекоммуникациялық, салық және кеден құрылымдары басталатын болады.
      Екінші бағыт бойынша, базалық мұнай-химия өнімін қосымша өңдеудің технологиялық тізбегінің негізінде қалыптағыдан жоғары технологиялық деңгейге дейінгі жоғары қосылған құнмен өнім шығаратын өнеркәсіптік, азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық мақсатқа арналған өнімдер шығаратын пластмассалық, буып-түю, құрылыс, қаптайтын материалдар мен бұйымдар шығаратын шағын және орташа бизнес кәсіпорындары құрылады.
      Төменде осы бағыттардың серпінді инвестициялық жобалары жөнінде ақпарат келтірілген.

  5.1. Бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешені

      Көмірсутек шикізатын алғашқы өңдеуде маномерлер - полиолефин (полимер) шығару үшін қолданылатын төмен молекулярлық қосылыстар алынады. Этилен, пропилен, бутендер, стирол, винилхлорид және басқа да мономерлер - олефиндер және полимерлер мен әртүрлі мұнай-химия өнімдерін алу үшін негізгі шикізат болып табылады.
      Маномерлердің ішінде этилен - базалық мұнай-химия өнімдері ішінен осындай өндіріс көлемі бойынша бірінші орын алатын, мұнай-химия өнімдерін шығаратын ең ірі тонналы шикізат болып табылады. Оның негізінде этилен оксиді, этиленгликоголь, синтетикалық этил спирті, сондай-ақ полимерлік материалдар полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол сияқты - органикалық синтез өнімдерінің көпшілігі шығарылады.
      Бұл өнім басқа жоғары қосылған құнды өнім шығару үшін базалық болып табылады, бұл өз кезегінде өнеркәсіптік және пластикалық құбыр, буып-түйетін, құрылыс, композициялық материалдар мен тағы басқа халық тұтынатын тауарлардың кең спектрін шығаруға мүмкіндік береді.
      Жобаны жүзеге асыруға дайындау үшін мынадай жұмыс жасалды: халықаралық компаниялар өткізген тендерлердің нәтижесінде - "Shell Global Solutions Int." (Нидерланды) алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі - ТЭН) және "Foster Wheeler UK" кешенінің егжей-тегжейлі ТЭН-і әзірленді; "Basell International Holdings B.V." компаниясы жобаның стратегиялық серіктесі болып бекітілді; күрделі және ағымдағы шығындардың есебі жүргізілді; қаржылық - НSВС Ваnк және құқықтық - "White & Case" кеңесшілер таңдап алынды; "КазЭкоПроект" АҚ компаниясы әзірлеген Қоршаған Ортаға Әсер ету Бағасының жобасы әзірленді (ҚОӘБ); Атырау қаласында ҚОӘБ Қоғамдық тыңдаулар өткізілді; мемлекеттік және салалық сараптамалардың оң қорытындылары алынды.
      Кешен 2 газ өңдеу зауыттарынан, 3 олефин шығаратын қондырғыдан және 2 полимерлеу қондырғысынан тұратын болады. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 1,2 млн. тоннадан астам: жылына 800 мың тонна полиэтилен және 400 мың тонна полипропиленнің әр түрлі маркаларын құрайды.
      Жобаның операторы - арнайы құрылған "Кazakhstan Petrochemical Industries" АҚ (бұдан әрі - КРІ) компаниясы.
      Жобаны іске асыру орны - Атырау облысының Қарабатан станциясы.
      Өндіруге жоспарланған өнім: жылына 800 мың тонна әртүрлі маркадағы полиэтилен және жылына 400 мың тонна әртүрлі маркадағы полипропилен. Іске асыру мерзімі - 2008-2012 жылдар. Жобаның құны - 624 000 000 000 теңгеден астам. Жобаның жалпы құнынан 70% қарыз кредит қаражаты (банктер) және әріптестіктердің қаражаты 30% көлемінде жобалық қаржыландыру көзделіп отыр.
      Ұзақ мерзімді негізде кешенге газ шикізатын жеткізуді "Теңізшевройл" ЖШС (бұдан әрі - ТШО) жүзеге асыратын болады. Жеткізудің негізгі ережелері мен талаптары ТШО және КРІ арасында келісілген.
      Қазіргі уақытта мұнай-химия кешенінің құрылысы екі бөлікке бөлінген - кешеннің сыртқы инфрақұрылымы концессиялық жобалар негізінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылады, ал негізгі технологиялық қондырғылардың құрылысын жобаның операторы жүзеге асыратын болады.
      Концессиялық жобаға 12 инфрақұрылымдық жобаны салу, оның ішінде күрделі шығындарының жалпы көлемі 156 000 000 000 теңге мөлшерінде газ турбиналық электр станциясы, газ сепараторлық қондырғылар, шикізат және отын құбырлары, энергия беру желілері, авто және теміржол тармақтары, жұмысшы кенттері және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету объектілері енгізілген. Концессионер таңдау рәсімдері 2007 жылдың аяғына дейін аяқталатын болады.

  5.2. Атырау МӨЗ-нің базасында хош иісті көмірсутектер шығару
бойынша кешені

      Мұнай-химияда мейлінше маңызды қосылыстар хош иісті болып табылады. Бензол және оның изомерлері негізінде әртүрлі мұнай-химия өнімдері өндіріледі, бензолды пайдаланып этилбензол, стирол сияқты бағалы өнімдерді, ал стиролдан - полимерлер және пластмассаның сан алуан түрін алуға болады; ксилолды және оның изомерлерін қолдануда синтетикалық талшық, каучук, пластмасса және бояғыштар шығару негізделген.
      Бензолды әлемдік өнеркәсіптік өндіру мынадай технологиялық процестермен жүзеге асырылады: тікелей айдалатын бензиннің каталитикалық риформингі - 36%; мұнай және газ шикізатының пиролизі - 34%; толуолдың гидродеалкилденуі - 16; толуолдың диспрапорциялануы - 8%; таскөмірдің кокстелуі - 6%.
      Бензол өндірудің келтірілген көрсеткіштері каталитикалық риформинг және пиролиз - бензолды алудың негізгі тәсілі екенін көрсетеді. Бензолдың 70% мұнай өнімдерінен және мұнай өңдеу өндірістерінде өндіріледі.
      Параксилолдың негізгі қолданылуы синтетикалық талшықтар мен пластикалық бөтелкелер шығаруда қолданылатын терефтал қышқылын (ТФҚ) және полиэтилентерефталат (ПЭТФ) алу.
      Жобаны жүзеге асыру орны - Атырау қаласы, Атырау МӨЗ-дің аумағы. Өндірілетін өнім - бензол жылына 133 мың тонна, параксилол жылына 496 мың тонна. Инвестицияның болжалды көлемі 102 000 000 000 теңгені құрайды. Жүзеге асыру мерзімі - 2008-2012 жылдар. Жоба әзірлену сатысында. Инвестициялық комиссия отырысының хаттамалық шешімімен жоба "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың инвестициялық бағдарламалар жобаларының тізбесіне енгізілді. 2007 жылғы 15 тамызда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның ТЭН әзірлеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасады.

  5.3. Бензол және параксилол базасында мұнай-химия кешені

      Жобаның операторы - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ.
      Жобаны жүзеге асыру орны - Атырау облысының Қарабатан станциясы - бірінші интеграциялық кешеннің өндірістік алаңының жанындағы аумақ.
      Хош иісті көмірсутектердің негізінде терафтел қышқылын (ТФҚ), полиэтилентерефталат (ПЭТФ), этилбензол және поливинилхлорид шығару жоспарлануда.
      Өнімдер - этиленгликоль - жылына 70 мың тонна, терафтел қышқылы - жылына 170 мың тонна, ПЭТФ - жылына 200 мың тонна, этилбензол - жылына 127 мың тонна, поливинилхлорид - жылына 200 мың тонна.
      Инвестицияның болжалды көлемі 144 000 000 000 мың теңгеге жуық. Жобаның жалпы құнынан 80% қарыз кредит қаражаттарын (банкілер) және 20% көлемінде орындаушының қаражатын тартуды көздейді. Іске асыру мерзімі - 2008-2012 жылдар.
      Қазіргі уақытта "Мицуи и Ко" компаниясы JETRO (Жапонияның сыртқы сауданы дамыту ұйымы) жапон ұйымының гранты қаражатына ТЭН әзірлеуде. "Мицуи и Ко" компаниясы жобасының алғашқы ТЭН-нің нәтижесін 2008 жылдың қаңтар айында алу жоспарлануда. Осы жоба бойынша жұмыстардың түпкілікті жоспар-кестесі жобаның ТЭН бітіргеннен кейін анықталады.

  5.4. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын
өндіру

      Жобаның операторы - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ.
      Жобаны жүзеге асыру орны - Ақтау қаласы, Ақтау пластикалық масса зауыты. Іске асыру мерзімі: 2007-2010 жылдар. Шикізат - жылына 1-2 млн. тонна көлемінде Қаражанбас кенорнының мұнайы. Өнім - Қазақстан Республикасының жағдайына сәйкес келетін үш маркалы жол битумы - жылына 400-500 мың тонна.
      Инвестицияның болжалды көлемі 18 000 000 000 теңгеге жуық. Жобаның жалпы құнынан 80 % қарыз кредит қаражаттарын (банкілер) және 20 % көлемінде орындаушының қаражатын тартуды көздейді.
      2005 жылы Башқұрстан Республикасының мұнай-химия өңдеу институты Қаражанбас, Қаламқас кенорындарының шикі мұнайы мен олардың қоспасының негізінде жобаның техникалық-экономикалық есебін (ТЭЕ) орындады. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың инвестициялық комиссиясының 2007 жылғы 26 ақпандағы N 58 хаттамалық шешімімен бұл жоба "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың Инвестициялық бағдарламасының инвестициялық ниет жобаларының тізбесіне енгізілді. "Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 510  қаулысына сәйкес жобаның ТЭН-ін әзірлеу үшін мердігер тарту мақсатында қызметті бір көзден сатып алу бойынша жұмыс жүзеге асырылды. "Shell Global Solutions" компаниясымен шартқа 2007 жылғы 14 тамызда қол қойылды. Жобаның ТЭН-нің нәтижелерін 2007 жылдың аяғында алу жоспарлануда.

  5.5. Ақтау пластикалық массалар зауытын әртараптандыру

      Жобаның операторы - "Кazakhstan Petrochemical Industries" АҚ. Қазақстан Республикасында өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін Ақтау пластикалық масса зауытында (қазір - ТОО "Sat Operating Aktau") стирол мен полистирол толық технологиялық схема бойынша өндіріліп келді. Ағымдағы уақытта полистирол шығаратын желілер ғана жұмыс жағдайында екені өткізілген техникалық аудит нәтижесінде белгіленді (полистирол шығаратын технологиялық желілерді сынама іске қосуы Татарстан Республикасы, Нижнекамскіден, әкелінген шикізат - стиролмен 2005 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылды. Полистиролдың қолданылу саласы: автомобильдердің элементтері, тұрмыстық техника, құрылыс индустриясы, жиһаз және т.б. Стирол өндірудің толық технологиялық схемасын жасау қажет.
      Өнімдер - полистирол - 155 мың тонна/жылына, және "Бензол және параксилол негізіндегі мұнай-химия кешені" жобасының шеңберінде жылына 178,0 мың тонна көлемінде негізгі шикізат этилбензол алу жоспарланып отыр. Іске асыру мерзімі - 2008-2012 жылдар.
      Жоба алдын-ала пысықтау сатысында, 2008 жылы зауытқа егжей-тегжейлі техникалық инспекция жүргізу және жұмыс істеп тұрған қондырғыларды жаңғырту жөнінде ұсыныс әзірлеу жоспарлануда.

  5.6. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы бойынша
мұнай-химия өнімдерін өндіру

      Шымкент мұнай өңдеу зауытында - "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС (бұдан әрі - "ПКОП" ЖШС, CNPCI (ҚХР) үлесі - 50% және "ҚазМұнайГаз" Сауда Үйі" АҚ - 50%) ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерін өндіруді бастауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның технологиялық циклдарын жаңғырту және оңтайландыру шаралары басталды.
      Шығыс Қытай мұнай және газ жобалау-зерттеу институты және Пекин мұнай өңдеу ғылыми-зерттеу институты жаңғырту жобасының нұсқаларын орындады. Зауытты жаңғыртудың ҚОӘЕалды жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді, Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің оң қорытындылары алынды.
      "ПКОП" ЖШС-ін жаңғырту жобасында полипропилен және бензол өндірісін құру көзделеді.
      Жаңғырту жобасында полипропилен өндіру бойынша зауытта бар технологиялық әлеуетті барынша қолдана отырып, әлемдік деңгейдегі үш қондырғы салу көзделген. Мазуттың каталитикалық крекингі қондырғысын (RFCC), сіңірілу - газофракциялық қондырғысын (СГФҚ) және полипропилен алу қондырғысын салуды жүзеге асыру қажет.
      Мазуттың каталитикалық крекингі қондырғылары каталитикалық крекингінің технологиясындағы соңғы әлемдік жетістіктерге негізделген, ауыр атмосфера қалдығы - мазутты өңдеуге арналған. Қондырғының жоспарланған қуаты жылына 1 800 мың тонна. "ПКОП" ЖШС-і қазіргі уақытта мынадай компаниялар лицензия иелері ЮОПи, Аксенс, Грейс, Шелл, Пекин мұнай өңдеу және мұнай-химия институты - талдау жасайды және технологиялар мен катализаторларды салыстырады.
      СГФҚ құрылысы каталитикалық крекинг қондырғысына ұқсайды. Қондырғының шикізат жөніндегі қуаты жылына 320 мың тонна. Жаңғырту Жобасына сәйкес шикізат ағыны RFCC-тан оларды одан әрі өңдеу үшін СУГ-ті жіңішке фракцияларға бөлуге арналған СГФҚ-ға бағытталады. СГФҚ-тің құрылысы жаңа технологияларды пайдалана отырып зауытта бар жабдықты барынша пайдалану көзделген.
      Зауытта шығарылатын шикізаттан полипропиленді алу қондырғысы. Қондырғының қуаты полипропилен бойынша жылына 66,8 мың тонна. Қазіргі уақытта полипропилен өндірісінің осы заманғы лицензияланған технологияларға Spheriol, Unipol, Аmосо және Novelen және Borstar таңдау жүргізілуде.
      "ПКОП" ЖШС-тің жаңғырту жобасында газофракцияланған қондырғы (ГФҚ) салу көзделген. Қондырғы бензолдың риформаттағы құрамын азайтуға және ЕВРО-3 стандартына сәйкес бензин алуға арналған. Керосин мен дизель отынын гидротазалау қондырғыларының тұрақсыз бензин шығаруы ГФҚ-ға шикізат ретінде қосымша жіберіледі. ГФҚ-тан кейін шикізат изомеризациялауға және риформингке, ал одан кейін бензолды экстракциялауға жіберіледі. Бензолды экстракциялау қондырғысының қуаты жылына - 493,7 мың тонна. Қазіргі уақытта жаңғырту Жобасына енгізу үшін бензолды экстракциялау технологиясының осы заманғы лицензия иелерін таңдау жүргізілуде.

  5.7. Көмірсутек шикізатын тереңдей өңдейтін мұнай-химия
өндірістерін дамытудың перспективалық бағыттары

      Қазіргі уақытта автомобиль жасау белсенді дамуда, әлемде үш жүзден астам әртүрлі нұсқалы автомобиль шығаратын компаниялар бар. Автомобильдің қорабы мен ішкі салонын қаптайтын негізгі шикізат композициялық мұнай-химия өнімі болып табылады. Бүгінде осы заманғы автомобильдер дөңгелектен бастап, мұнай-химия материалдарының сан алуан түрін пайдаланады.
      Сондықтан, автомобиль шығарушылар үшін әртүрлі шикізат ресурстарының болуы маңызды, оның ішінде шиналар мен камералардың әртүрлі үлгілерін шығаруға арналған резеңке масса шығару үшін синтетикалық каучук қажет. Қазақстан Республикасы үшін синтетикалық каучук өндірісін құру шина өндірісінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін маңызды.
      Қазіргі уақытта "ИнкомТаир" АҚ-ы Шымкент зауытын технологиялық жаңғырту аяқталуда және Ақмола облысында қуаты жылына 3 млн. данадан астам әртүрлі нұсқалы шиналар мен камералар шығаратын екі кәсіпорын салу жоспарланып отыр. Қарағанды облысында шеттен әкелінген шикізатпен резеңке техникалық бұйымдар шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді.
      Сонымен, Қазақстан Республикасында синтетикалық каучук өндірісін құру ішкі нарықтағы елеулі сұранысқа, сондай-ақ, экспортқа өнім өндіру мүмкіндігіне негізделген.
      Синтетикалық каучуктар (бұдан әрі - СК) - резеңке дайындауға арналған жоғары полимерлі материалдар, эластомерлер. Оларды әртүрлі маномерлер - каучукогендерді полимеризациялау және сополимеризациялау (кейбір жағдайларда поликонденсациялаумен) алады. Каучукогендер ретінде бутадиен, стирол, изопрен, хлоропрен, изобутилен және т.б. қолданылады.
      СК екі үлкен классқа бөлінеді: резиналық өнімдерді кеңінен дайындау үшін қолданылатын жалпы қолданысқа арналған әмбебап каучуктер: автомобильдік шиналар, көліктік ленталар, жеңдер, резиналық аяқ киімдер және резинатехникалық өнімдердің тізбегі, және де ерекше жағдайларда - жоғары температурада, агрессивті сұйықтықтар, еріткіштер ортасында жұмыс істеу үшін арналған резиналық өнімдерді дайындау үшін қолданылатын арнайы техникалық қасиеттері бар каучуктер.
      Шина өндірісінде резеңке массасы 82,1 %-ды, қалғандарын - тоқыма арқан (10,5%), металл арқан (4,4%), борт сымы (3%) құрайды. Резеңке массасының негізгі құрамдас бөлігі синтетикалық каучук (бұдан әрі - СК) жалпы көлемнен - 48,66%, табиғи каучук - 7,4%, техникалық көміртек - 3,6%, қалғандары - толтырғыштар, вулканизаторлар (күкірт), мырышты сыр болып табылады.
      Полиизопрендік, полибутадиендік және эмульсиялық бутадиен-стирольды (метилстирольды) каучуктар СК-ның негізгі түрлері болып табылады. Қазіргі уақытта шина өндірісі халықаралық нарықта этилен - пропиленді каучук - СКЭПТ, галобутилкаучук, хлоропренді каучук үлкен сұранысқа ие, осындай каучуктерді барлық алдыңғы қатарлы мемлекеттерде, атап айтқанда, АҚШ-та, Италияда, Германияда, Голландияда, Ұлыбританияда, Канадада, Жапонияда, Францияда және басқаларында өндіреді.
      Әлем нарығында этилен-пропилендік каучуктердің жетіспеушілігі байқалады, бұл Қазақстан Республикасында осындай өндіріс құрудың орынды екенін білдіреді. Сондықтан, министрліктің және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың мамандары қазіргі уақытта СК өндірісін құрудың келешегіне талдау жүргізуде және СК өндіру үшін шикізаттың нақты көздерін, оның ішінде СКЭПТ талдау аса маңызды.
      Қазақстан Республикасында СК өндірісін құру үшін оның құрамдас компоненттерінің - изопрен, изобутан, бутадиеннің технологиялық мүмкіндіктерін МӨЗ бен ГӨЗ-дің технологиялық ресурстарын қолданып, немесе қосымша қуаттар мен кәсіпорындар құру арқылы айқындау қажет. Этилен және стирол сияқты басқа да шикізат компоненттерін өндіру операторлары "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ-ы және "Кazakhstan Petrochemical Industries" АҚ болып табылатын, мұнай-химия өндірістерін құрудың жоғарыда көрсетілген серпінді жобаларын іске асырғанда (2012 жылдан кейін) жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасында мұнай-химия өндірістерін дамытудың басқа перспективалық бағыты - метанолдың және оның туындыларының өндірісін құру.
      Метанолға және оның туындыларына әлемдік сұраныс 2005 жылдан бастап өсуде, таяудағы онжылдық ішінде жыл сайынғы өсім 2,8 % болуы болжауда. Метанолға сұраныстың елеулі өсуі оның туындыларын - формальдегид, уксус қышқылын және МТБЭ ең аз дәрежеде тұтынудың өсуі есебінен болады.
      2014 жылға метанол нарығының 70%-дан артығы негізгі үш маңызды тұтынушылар - формальдегид, уксус қышқылы және метилтретбутилді эфир (МТБЭ) арасында бөлінеді. Сонымен бірге формальдегид пен уксус қышқылының үлесі МТБЭ-ні тұтынудың азаюы есебінен артатын болады. Сондай-ақ, отынның балама түрлері арқылы метанол тұтыну, біршама көп емес мөлшерге дейін өседі. Метанолға сұраныстың өсуі, күтілім бойынша, Азия және көбінен барлығы Еуропа есебінен сақталады, бұл аймақтың шығыс бөліктерінің нарығын қайта құруының қарқындауы арқасында - негізінен бұл формальдегидке қатысты.
      Метанолға сұраныстың артуы негізінен Азияның Қытай және Индия елдері есебінен сақталады.
      Метанол өндіру технологиясы нарықта, әрбірі өз техникалық сипаттамалары бар, лицензиарлар тобымен көрсетілген. Метанол өндіру технологиясы үш негізгі саты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
      Риформинг (синтез-газ өндіру);
      Синтез (шикі метанол өндіру);
      Тазарту (ІМРСА және АА стандарты метанол өндіру).
      Қазақстан Республикасы құрамы және мөлшері жағынан газды метанолға және оның туындыларын өңдеу бойынша жаңадан салынып инновациялық өндірістердің қызметін қамтамасыз ететін жеткілікті газ ресурстарына ие.

  6. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы жаңа кенорындары мен жаңғыртылған МӨЗ бен ГӨЗ-дің ресурстарын пайдалану, нақты шикізатты тереңдей өңдеудің нақты технологиялық шешімдерінің, кешендерді, қондырғыларды, орналастыратын жерді анықтау, олардың өндірістік қуаттары негізінде шикізат ресурстарының отандық базасын құру мәселелерін шешуден бастап, көмірсутек шикізатын тереңдей өңдейтін жаңа мұнай-химия өндірістерін құру және жұмыс істеп тұрған мұнай-химия өндірістерін дамыту мәселелерін жүйелі шешуді көздейді.
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері, оның ішінде, инвестициялық және концессиялық заңнамалар пайдаланылатын болады.
      Тұтас алғанда мұнай-химия өндірістерін құрудың инвестициялық жобаларын іске асыру үшін мынадай ресурстар мен қаржыландыру көздері.
      Республикалық бюджеттен 2008-2013 жылдарға арналған шығындардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады: 2009 жылы - 337 000 мың теңге, 2010-2011 жылдары - 6 689 884,9 мың теңге.
      Бюджеттік қаржыландыру "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА инфрақұрылымын құруға сұратылады (жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және инфрақұрылым объектілерін салу).
      Жекелеген мұнай-химия өндірістері құрылыстарының инвестициялық жобаларын әзірлеу және іске асыру тікелей шетелдік және отандық инвестициялардың қаржысы; мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың, сондай-ақ кәсіпорындардың өз қаржылары, оның ішінде концессиялық жобаның шеңберінде бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенінің инфрақұрылымдық объектілерін салу есебінен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының 2008-2013 жылдардағы кезеңде мұнай-химия өнеркәсібін құруға қажет инвестициялық қаражатының мөлшері 8,0 млрд. астам АҚШ доллары көлемінде, оның ішінде бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін салуға 5,2 млрд. АҚШ доллары болжануда.

  7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      Құрылатын "Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі" АЭА-ның шеңберінде мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады және 2013 жылға қарай мынадай мұнай-химия өндірістері пайдалануға берілетін болады:
      Жылына 800 мың тонна полиэтиленнің және 400 мың тонна полипропиленнің әртүрлі маркаларын шығаратын Атырау облысындағы бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешені;
      Жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилол шығаратын Атырау қаласындағы Атырау МӨЗ-дің базасында хош иісті көмірсутектерді өндіретін кешені;
      Атырау облысындағы бензол мен параксилол негізіндегі мұнай-химия кешенінде этиленгликоль - жылына 70 мың тонна, терефтал қышқылы - жылына 170 мың тонна, ПЭТФ - жылына 200 мың тонна, этилбензол - жылына 127 мың тонна, поливинилхлорид - жылына 200 мың тонна өндіру;
      Ақтау қаласындағы Ақтау пластикалық масса зауытында Қазақстан Республикасының климаттық жағдайларына сәйкес келетін жылына 400-500 мың тонна жол битумдарының үш маркасын өндіру.
      Шаралар жүзеге асырылатын болды:
      Ақтау пластикалық масса зауытын әртараптандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады ("Sat Operationg Aktau" ЖШС). Жылына кемінде 155 мың тонна көлемінде полистиролдың әртүрлі маркаларын өндіру жолға салынатын болады. "Бензол мен параксилол негізінде мұнай-химия кешені" жобасының шеңберінде жылына 178,0 мың тонна көлемінде негізгі шикізат - этилбензол алу жоспарланып отыр;
      Шымкент мұнай өңдеу зауытын ("ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС) жаңғырту және жылына 66,8 мың тонна полипропилен және жылына 43,5 мың тонна - бензол өндіру.

         8. Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін
      дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасын іске
                  асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N
Іс-шаралар Аяқтау
нысаны
Орында-
луына
жауапты-
лар
Орын-
далу
мер-
зімі
Болжан-
ған
шығыс-
тар*
мың.
теңге
Қаржы-
лан-
дыру
көзі
1 2 3 4 5 6 7
1 кезең - 2008-2010 жылдар

1.

"Ұлттық индуст-
риялық мұнай-хи-
мия технопаркі"
арнайы экономи-
калық аймағын
құру (АЭА)

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы
Прези-
денті-
нің
Жарлығы

ЭМРМ,
Атырау
облысының
әкімдігі

2008-
2011
жылдар

2009 жыл
- 337000,0;
2010 -
2011
жылдар -
8750000,0

Респуб-
ликалық
бюджет

1.1.

"Ұлттық индуст-
риалық мұнай-хи-
мия технопаркі"
АЭА инфрақұрылым
-дарын құруға
жобалық-сметалық
құжаттамалар
әзірлеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭМРМ,
Атырау
облысының
әкімдігі

2009
жылғы
желтоқ-
сан

337 000,
0

Респуб-
ликалық
бюджет

1.2.

"Ұлттық индуст-
риалық мұнай-хи-
мия технопаркі"
АЭА-ның инфра-
құрылым объекті-
лерін салу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭМРМ,
Атырау
облысының
әкімдігі

2010
жылғы
желтоқ-
сан;
2011
жылғы
желтоқ-
сан

6 750000,0

Респуб-
ликалық
бюджет

2.

Бірінші интегра-
цияланған мұнай-
химия кешенін
салу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
Атырау
облысының
әкімдігі,
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ
(келісім
бойынша),
жобаның
операторы
"КРІ" АҚ
(келісім
бойынша)

желтоқ-
сан
2008-
2012
жылдар

624000000,0

Инвес-
тиция
қаража-
ты

3.

"Бірінші интег-
рацияланған
мұнай-химия  
кешенін
инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету
объектілері"
концессиялық
жобасын іске
асыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
Атырау
облысының
әкімдігі,
"КРІ" АҚ-
ы (келіс-
ім бойын-
ша), "Қаз
-МұнайГаз
" ҰК" АҚ
(келісім
бойынша)

желтоқ-
сан
2008-
2012
жылдар

156 000
000,0

Инвес-
тиция
қаража-
ты

4.

Атырау МӨЗ-нің
базасында хош
иісті көмірсу-
тектер өндіру
жөніндегі кешен
салу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
"Самұрық"
МАБҚХ" АҚ
(келісім
бойынша),
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ
(келісім бойынша)

желтоқ-
сан
2008-
2012
жылдар

102000
000,0

Инвес-
тиция
қаража-
ты

5.

Бензол және
параксилол база-
сында мұнай-хи-
мия кешенін салу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
"Самұрық"
МАБҚХ" АҚ
(келісім
бойынша),
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ
(келісім
бойынша)

желтоқ-
сан
2008-
2012
жылдар

144000000,0

Инвес-
тиция
қаража-
ты

6.

Жол битумдары
өндірісін салу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
"Самұрық"
МАБҚХ" АҚ
(келісім
бойынша),
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ
(келісім
бойынша)

желтоқ-
сан
2008-
2012
жылдар

18000000,0

Инвес-
тиция
қаража-
ты

2 кезең - 2011-2013 жылдар

7.

Ақтау пластикалық
массалар зауытын
әртараптандыру
жөнінде ұсыныстар
әзірлеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭМРМ,
"КРІ" АҚ
(келісім
бойынша)

2011
жыл

Талап
етілмей-
ді


8.

Шымкент мұнай
өңдеу зауытын
жаңғырту жөнін-
дегі іс-шаралар-
ды және мұнай-
химия өнімдерін
өндіруді жүзеге
асыру

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат
, жыл
сайын

ЭМРМ,
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ (келі-
сім
бойынша),
("Петро-
Казахстан
Ойл Про-
дактс"
ЖШС
(келісім
бойынша)

желтоқ-
сан
2009-
2013
жылдар

Анықтал-
маған

Инвес-
тиция
қаража-
ты

9.

Метанол және
оның туындылары
өндірісін құру
жөнінде ұсыныс-
тар мен іс-шара-
лар әзірлеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭМРМ,
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ 
(келісім
бойынша)

2010
жыл

Талап
етілмей-
ді


10.

Синтетикалық
каучук шығаратын
өндірістер құру
жөнінде ұсыныс-
тар мен іс-шара-
лар әзірлеу

Қазақс-
тан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
ақпарат

ЭМРМ,
"ҚазМұнай
-Газ" ҰК"
АҚ 
(келісім
бойынша)

2011
жыл

Талап
етілмей-
ді


   Ескертпе :
* - Бағдарламаны іске асыруға қаражат Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес нақтыланатын болады

ЭМРМ                     - Қазақстан Республикасы
                           Энергетика және минералдық
                           ресурстар министрлігі
"Самұрық" МАБҚХ" АҚ      - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
                           басқару жөніндегі қазақстандық
                           холдингі" акционерлік қоғамы
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ     - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
                           акционерлік қоғамы
"КРІ" АҚ                 - "Кazakhstan Petrochemical
                           Industries" акционерлік қоғамы
"ПетроҚазақстан Ойл      - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс"
Продактс" ЖШС              жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады