Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 510 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Shе11 Glоbаl Sоlutіоns" компаниясы (Голландия)»Ақтау пластикалық массалар зауытының ("Sat; Ореrаtіоn Аktаu" АҚ) базасында жол битумын шығару" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      2. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады