"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1363 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
балық шаруашылығы мәселелері бойынша толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. 2003 ж. 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат);
      1) 23-бабы 6-тармағының 2) тармақшасы ", балық шаруашылығын жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 107-ші бапта:
      1-ші тармақтағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөліктері, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелері жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдарға сәйкес жүргізілетін балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) олардың учаскелерін бекіту бойынша конкурстар нәтижесілерінің негізінде жергілікті орындаушы органдарының шешімімен пайдалануға беріледі.".
      2. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат):
      1) 1-бап мына редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аквакультура - балық және басқа да су биологиялық ресурстарын жасанды өсімін молайту және өсіру;
      2) аншлаг - балық шаруашылығы су тоғандары учаскелерінің, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдері мен орындары белгілейтін маңдайшадағы жазу;
      3) аңшы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
      4) аңшы куәлігі - жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;
      5) аңшылық алқаптардың және балық шаруашылығы су тоғандарының және олардың учаскелерінің резервтік қоры - жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелері;
      6) аңшылық минимумы (аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары бойынша арнайы бағдарлама;
      7) аңшылық шаруашылығы - аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану, жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаруашылық қызметтің түрі;
      8) аңшылық шаруашылығының санаты - аңшылық шаруашылықтарының шаруашылықаралық аңшылық ұйымдастыру негізінде аңшылық шаруашылықтарына аңшылық шаруашылықтарының алқаптары өнімділігінің, күзет және өсімін молайту іс-шаралары сипатының белгілері бойынша белгіленетін сыныптамалық бөлу бірлігі;
      9) аңшылық шаруашылығы ұйымы - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізуші шаруашылық субъектісі;
      10) аулауға мүмкін болатын жалпы мөлшері - оның ағымды жай-күйіне және осы қор үшін алынған қанау стратегиясына сәйкес кәсіпшілік үшін керек балық қорының ғылыми-негізделген жылғы мөлшері;
      11) балық аулаушы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен спорттық және әуесқойлық балық аулауға құқық алған жеке тұлға;
      12) балық және басқа да су биологиялық ресурстары - су объектілерінде мекендейтін және (немесе) ол арада таралған барлық омыртқалы және омыртқасыздар, өсімдіктер мен су өсімдіктерінің жалпы жиынтығы;
      13) балық қырылу қаупі бар су тоған және (немесе) учаске - қайта-қайта балық қырылуына душар болатын су тоған;
      14) балықтың қырылуы - су тоғаны және (немесе) оның учаскесі гидрохимиялық және басқа режимінің бұзылуымен болатын балықтың және басқа су жануарларының жаппай қырылуы;
      15) балық өсіру - сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтар және (немесе) тауарлы өнімдерді алу үшін жасанды өсімін молайту мен өсіру бойынша аквакультураның бағыты;
      16) балық ресурстарын және басқа су жануарларын мемлекеттік басқарудың бассейндік принципі (бұдан әрі - бассейндік принцип) - әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан, балықтар мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуы мен өріс аударуының ерекшеліктері ескеріле отырып, балық шаруашылығы су тоғандарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстары мен басқа да су жануарларын басқарудың біртұтас жүйесі;
      17) балықтандыру - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтарды сақтау және (немесе) тауарлы өнімді алу мақсатымен су тоғандарға балық өсіру материалдарды және балықтарды жіберу;
      18) балық шаруашылығы - балық аулау, аквакультура, оның ішінде балық өсіру, балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қорғау, өсімін молайту, қайта өңдеу және өткізумен байланысты шаруашылық қызметінің түрі;
      19) балық шаруашылығын ұйымдастыру - балық шаруашылығы су тоғандарын және (немесе) учаскелерін түгендеу, паспорттандыру, балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелерін бекітуіне дейін өткізілетін балық және басқа да су биологиялық ресурстарын алдын-ала бағалау, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленуіне негізі болатын балық-су-мелиоративтік, қорғау және өсімін молайту іс-шараларын жобалау, балық және басқа да су биологиялық ресурстарының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайынғы түзету;
      20) балық шаруашылығы ұйымы - негізгі қызмет ету бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын шаруашылық субъектісі;
      21) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарда және (немесе) учаскелерде балық және басқа да су биологиялық ресурстарын аулауды (балық аулау) жүзеге асыратын балық шаруашылығы ұйымының жұмыскері;
      22) балықшы куәлігі - жеке тұлғаның балықшы қызметін іске асыру құқығын куәландыратын балық шаруашылығы ұйымы беретін белгіленген нысандағы құжат;
      23) биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға, балық аулауға және жануарлар дүниесінің басқа да объектілерін алып қоюға мүмкін болатын жалпы мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендейтін ортасына ықпал ететін шаруашылық және өзге қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды;
      24) биологиялық-экономикалық тексеру - жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға оңтайлы түрде жол берілуін айқындау әрі аңшылық және балық шаруашылығын ұтымды жүргізу мақсатында аумақ пен акваторияны биологиялық және экономикалық бағалау;
      25) будандастыру - жақсы шаруашылық пайдалы белгілері немесе сапаларымен жеке түрлерін алу үшін әр түрлі түрдегі немесе тұқымдағы жануарларды шағылыстыру;
      26) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайда болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары);
      27) жануарлар дүниесі - Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жатқызылатын аумақтарда тұрақты немесе уақытша мекендейтін жануарлар жиынтығы;
      28) жануарлар дүниесін қорғау - жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені;
      29) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру (бұдан әрі - тексеру) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және (немесе) аумақтық органдардың лауазымды адамының немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жасалатын іс-әрекеті;
      30) жануарлар дүниесін пайдалану - жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың пайдалы қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану;
      31) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалану құқығын беретін белгіленген нысандағы құжат;
      32) жануарлар дүниесін пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;
      33) жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесі объектілерінің бір түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердің сан алуандығы;
      34) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасы - жануарлар дүниесінің объектілері табиғи еркін жағдайда мекендейтін табиғи орта;
      35) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркін жағдайда жануарлар дүниесі объектілерінің орнықты тіршілік етуі және өсімін молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған қызмет;
      36) жануарлар дүниесінің объектісі - жануарлардың жеке түрі немесе популяциясы;
      37) жануарлар дүниесіне келтірген шарасыз зиян - көзделіп отырған кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді салу, қайта құру және кеңейту, балық шаруашылығы су тоғандарында алуан түрлі жұмыстарды жүргізу нәтижесінде пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен жануарлар дүниесіне келтірілетін, алдын ала жүргізілетін балық қорғау шараларына жойылмайтын қалдық залалдар;
      38) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою - біржолғы аулау кезінде бір балықшыға балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограмға дейін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың негізінде табиғи еркін жағдайда мекендейтін жануарларды мекендеу ортасынан айыру (алу, атып алу, аулау);
      39) жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану - жануарлар дүниесі объектілерін олардың түрлік сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсімін молайту мен қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті сақталатын тәсілдер арқылы пайдалану;
      40) жануарларды жасанды өсіру - жануарлар дүниесі объектілерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
      41) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңыздылығын жоғалтқан жаңа мекендеу орнына тұрақты популяцияларын жасау мақсатымен мекендету;
      42) жолдама - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су тоғандарына және (немесе) учаскелеріне жануарлар дүниесі объектілерін алу мақсатында бару үшін жеке тұлғаларға берілетін құжат;
      43) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдардың, океанариумдардың жинағы;
      44) интродукция - жануарлардың жеке түрлерін олардың кеңістігінен (таралу аймағы) тысқары жерлерге бұл түр бұрын мекендемеген немесе өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан, олар үшін жаңа орынға әдейі немесе кездейсоқ тасымалдау;
      45) ихтиофауна - белгілі бір су тоғаны немесе оның бөлігінің балық және дөңгелек ауыздылар түрлерінің жиынтығы;
      46) кәсіпшілік аулау құралдар - белгілі су тоғанды немесе оның бөлігін қоршап тастайтын немесе басып алатын және (немесе) бір уақытта көп көлемінде балық аулау мүмкіншілік беретін аулау құралдар;
      47) кәсіпшілік емес аулау құралдар - су тоғанды немесе оның бөлігін қоршап тастамайтын немесе басып аламайтын және балықты тек қана біртіндеп аулауға мүмкіншілік беретін аулау құралдар;
      48) кәсіпшілік үшін керек балық қоры - өз бетінше кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақытта орнықты оның кеңістіктік-оқшау бөлігі;
      49) қорықшы - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін қорғауды жүзеге асыратын қорықшы қызметінің қызметкері;
      50) қорықшы куәлігі - жеке тұлғаның қорықшы қызметін іске асыру жасау құқығын куәландыратын аңшылық шаруашылығы ұйымдары мен балық шаруашылығы ұйымдары беретін белгіленген нысандағы құжат;
      51) қорықшылық қызмет - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі;
      52) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айырығымен шектеулі және олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келіп түсетін, топырақты жер үсті мен жер қалыңдығының бөлігі;
      53) паспорттандыру - балық шаруашылығы су тоғанының және (немесе) учаскесінің шекарасын, алаңын, максималды және орташа тереңдігін, ихтиофауна жағдайын, су тоғанның судың үстіндегі және судың астындағы өсімдіктермен өсіп кетуін, ихтиофауна және басқа да су биологиялық ресурстарын түрлік құрамын, ластаудың көздерін, бас саға құрылыстарын айқындау;
      54) рекреациялық балық аулау аймағы - уәкілетті органмен айқындалатын спорттық немесе әуесқойлық балық аулау үшін балық шаруашылығы су тоғаны және (немесе) учаскесі мен іргелес жағалау аймағының учаскесі;
      55) сервитут - аңшылық шаруашылығының және (немесе) балық шаруашылығының қажеттері үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғанынының және (немесе) учаскесінің шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
      56) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су тоғандарының балық өнімділігін ұлғайтуға және сақтауға, балық және басқа су биологиялық ресурстарын, оның ішінде сирек кездесетін және жоғалып бара жатқандарды көбейту мен мекендеу жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың жалпы жиынтығы;
      57) сүзу - балық аулау мақсатымен сүзу аулау құралдарымен (жылымдармен) су тоғанының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын, кешенді процесс;
      58) трансшекаралық су биоресурстары - бірнеше мемлекеттердің аумағында таратылған су биоресурстар;
      59) уәкілетті орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану аясындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      60) ұйық (ұйықтық учаске) - кәсіпшілік балық аулау мұқтаждықтары үшін уақытша тұрғын, өндірістік орындар салуға және басқа да өндірістік жұмыстарға арналған су тоғанның және іргелес жағалау телімінің шектеулі су акваториясы бар өзен және өзге жылға учаскесі;
      61) шаруашылықаралық аңшылық өсіруді ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын бекітіп беруге дейін жүргізілетін жануарлар дүниесі мен олар мекендейтін ортаның шекараларын белгілеу, алаңын, жай-күйін есептеу;
      62) шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, биотехникалық және пайдалану шараларын жобалау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы, олардың негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленеді.";
      2) 7-баптағы "тоғандарында (учаскелерінде)" деген сөздер "тоғандарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 8-бапта:
      7) тармақшасындағы "бекітеді" деген сөз "белгілеу тәртібін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8), 20) тармақшаларында "тоғандарының (учаскелерінің)" және "тоғандарын (учаскелерін)" деген сөздер тиісінше "тоғандарының және (немесе) учаскелерінің" және "тоғандарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) тармақшадағы "бекітеді" деген сөз "белгілеу тәртібін бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақшасында "ұйымдардың" деген сөзден кейін "айырым белгілері бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 9-бап мына редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарының құзыреті
      1. Уәкілетті орган:
      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі стратегиялық бағдарламаларды әзірлейді;
      3) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін бекітеді;
      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді, оның ішінде балық аулау ережелерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      5) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттерді бекітеді;
      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырмашылық белгілері бар нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      7) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін белгілеудің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      8) жануарлар дүниесін мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
      9) бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу тәртібін белгілейді;
      10) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысаны мен оның берілу тәртібін белгілейді;
      11) балық аулаудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін бекітеді;
      12) сыртқы және ішкі нарықта сату үшін бекіре түрлес балықтардың уылдырығын Қазақстан Республикасында таңбалау тәртібін анықтайды;
      13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерін бекітеді;
      14) аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызмет туралы үлгі ережесін бекітеді;
      15) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелу және әкету рұқсаттар беру тәртібін белгілейді;
      16) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін белгілейді;
      17) балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттардың үлгі нысанын белгілейді;
      18) жолдаманың үлгі нысанын, сонымен қатар оны беру тәртібін бекітеді;
      19) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерінің санаттарын белгілейді және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстырады;
      20) пайдалануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары тізімін бекітеді;
      21) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырады;
      22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулер мен жобалау-ізденістіру жұмыстарын өткізуін қамтамасыз етеді;
      23) бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
      24) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізеді және басып шығаруды қамтамасыз етеді;
      25) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгілейді;
      26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның мониторингін жүргізеді;
      27) интродукция, сонымен қатар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      29) бас сағалық ғимараттардағы балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды қондыруға келісім береді;
      30) ғылыми ұйымның келісімі бойынша балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің паспорттандыруын жүргізеді;
      31) рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
      32) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу мерзімінде, сондай-ақ тыйым салынған су тоғандарда және (немесе) учаскелерде су көліктерінің қозғалыс тәртібін айқындайды;
      33) ғылыми ұйымның келісімі бойынша балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеп, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
      34) интродукция, будандастыру, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, балықтандыру бойынша жүргізілетін жұмыстар тәртібін, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтік-техникалық іс-шараларды айқындайды;
      35) сыртқы нарықта бекіре түрлес балықтардың уылдырығын сату үшін таңба нысанын бекітіп, ішкі нарықта оны сату үшін, таңба беруді жүзеге асырады;
      36) балық аулаудың әдістері мен жаңа құралдарын қолдануға арналған рұқсаттарды береді;
      37) бақылаулық аулауды, интродукция мен жерсіндіру мақсатындағы аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу және апатты тұншығу су тоғандарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды ұйымдастырады;
      38) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
      39) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелу және әкетуіне рұқсаттар береді;
      40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
      41) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
      42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      43) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізеді;
      44) балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекарасын белгілейтін аншлагтар және белгілердің үлгілерін, балық және басқа да су биологиялық ресурстарын аулауды есепке алу жорналдың нысанын белгілейді.
      2. Аумақтық органдар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.";
      5) 10-баптың 2 тармағында:
      2) тармақшадағы "жөніндегі" деген сөзден кейін "олардың" сөзімен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы "тоғандарын (учаскелерін)" деген сөздер "тоғандарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) мына мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      "11-1. Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия.
      Табиғи ортадан алынған бекіре түрдегі балықтарды сатып алу, олардың уылдырығын қайта өңдеу және сату (экспорт және ішкі рынокта көтерме сауда) бойынша қызмет мемлекеттік монополияға жатқызылады және тек қана мемлекеттік заңды тұлғамен жүзеге асырылуы мүмкін.";
      7) 12-баптың 1-тармағында:
      "әсер ететін" деген сөзі "әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      "келтірілген зиянды" деген сөздері "келтірілетін немесе келтірілген, сонымен қатар шарасыз зиянды" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      8) 14-бапта:
      3-тармағында:
      5) тармақшасындағы "аппараттарының" деген сөзден кейін "итбалықтар," деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтінінде "тыйым салынады." сөздері ";" белгімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) балық қыстайтын шұңқырлардың уылдырық шашатын жерлердің, балық аулау учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтардың жою немесе бүлдіруге тыйым салынады.";
      мына мазмұндағы 4-тармағымен толықтырылсын:
      "4. Жануарлар әлемі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлар таралу аймақтарының географикалық, климатикалық ерекшеліктерді ескере отырып енгізіледі.";
      9) 17-баптың 2-тармағында:
      "құрылыстарын" деген сөзден кейін "пайдалану," деген сөзбен толықтырылсын;
      10) 19-бабында:
      3-тармағында:
      "I және II қосымшаларына" деген сөздер " 1 қосымшасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) мына редакциядағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      "20-1-бап. Су тоғандарды балықтандыру мен балықтарды жерсіндіру
      1. Жерсіндіру және балықтандыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң тұжырымын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасында биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Қазақстан су тоғандарына бөтен, балықтар түрлерімен жерсіндіру өткізуіне тыйым салынады.";
      12) 21-бапта:
      1-тармақтағы "тоғандарында (учаскелерінде)" деген сөздер "тоғандарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Дүлей" деген сөз "Балық қырылатын су тоғандарынан және (немесе) учаскелерінен ауланатын балықтарды қоспағанда дүлей" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Балықтың қырылуы ашылғанда балықтар және басқа да су жануарларын құтқару бойынша барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиоративтік аулау да өткізілу қажет.
      4. Балықтардың шарасыз опат болуына әкеліп соғатын балықтың қырылуы болған жағдайда және осындай қатерді су тоғандары және (немесе) олардың учаскелерін ағымды мелиорацияны өткізу жолымен жою мүмкін еместігінде, уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы балық шаруашылығы бағыттағы ғылыми ұйымының ұсынысы бойынша балықтарды мелиоративтік аулау жөнінде шешім қабылдауға құқылы.";
      13) 22-баптың:
      1-тармақтағы:
      5) тармақшадағы "нормативтерді" сөзінен кейін "және ұсыныс әзірлеуге" сөздерімен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) мемлекеттік есепке алу және кадастр, балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелерін бекітуіне дейін жүргізілетін балық шаруашылығын ұйымдастыру;";
      3-тармақтағы "балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелердегі)" деген сөздер "жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарындағы және (немесе) учаскелеріндегі" сөздерімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Бекітіліп берілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде мемлекеттік бюджет есебінен бюджеттік заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.";
      14) 25-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "тоғандарын (учаскелерін)" деген сөздер "тоғандарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 27-бапта:
      2-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "4) балық шаруашылығын ұйымдастыру жүргізу;";
      10) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтінінде "міндетті." сөзі ";" белгімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) ғылыми жұмыстарды, бақылаушылық балық аулау жүргізу үшін уәкілетті органға, ғылыми ұйымға, жеке тұлғаларға сервитут беруге;
      12) уәкілетті органның келісімімен биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық және басқа да су биологиялық ресурстарының жай-күйін жыл сайынғы бағалауын жүргізуге;
      13) аншлагтар және белгілер үлгісімен балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекарасын белгілеуге;
      14) әр балық шаруашылығы су тоғанында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктерде, бригада немесе буындарда балық және басқа да су биологиялық ресурстарын аулауды есепке алу жорналын жүргізіп, уәкілетті органның лауазымдық тұлғаларының талабы бойынша оны ұсынуға;
      15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану үшін жасасқан барлық шарттарды уәкілетті орган бекіткен тәртібімен және мерзімдерінде уәкілетті органда тіркеу, оларды бұзу туралы ақпарат беруге;
      16) уәкілетті органмен белгіленген нысандарға сәйкес балық және басқа да су биологиялық ресурстарының аулануы (олжау), су тоғандағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметті уәкілетті органмен белгіленген мерзімде және тәртіппен оған ұсынуға міндетті.";
      16) 29-бапта:
      1-тармағының 2 бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағының бірінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "2. Жануарларды алу квотасы - аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары үшін, сондай-ақ мелиоративтік, эксперименталды, бақылаушылық, өсімді молайту мақсатындағы аулауға уәкілетті органмен белгілі бір мерзімге белгіленген жануарларды алу лимитінің бөлігі.
      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау, балықтың өсімін молайту мақсатында балық аулау үшін, сондай-ақ, спорттық және әуесқойлық балық аулауға уәкілетті орган лимит шегінде жеке квота белгілейді.
      Балықтың қырылуына қарсы іс-шаралар ретінде өткізілетін мелиоративтік аулау жолымен алынған балық көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.";
      17) 30-баптың 5) тармақшасындағы "тоғандары (учаскелері)" деген сөздер "тоғандары және (немесе) учаскелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 34, 35-баптар мына редакцияда жазылсын:
      "34-бап. Балық аулау ұғымы және түрлері
      1. Балық аулау - балық аулау және балық аулау объектісі болып табылатын басқа да су биологиялық ресурстарын аулау.
      2. Балық аулау келесі түрлерге бөлінеді:
      1) кәсіпшілік балық аулау;
      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.
      3. Кәсіпшілік балық аулау - балықты және басқа да су биологиялық ресурстарын мекен ету ортасынан кәсіпшілік аулау құралдарымен алуды жүзеге асыратын кешенді процесс.
      Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызметі, ғылыми-зерттеу және балық және бесақада су жануарлардың өсімін молайту жұмыстарын, бақылаулық, мелиоративтік және эксперименталды аулау өткізу мақсатымен жүзеге асырылады.
      4. Кәсіпшілік балық аулау жағалаулық, теңіздік аулаумен жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) жағалаулық аулау - бекітілген балық шаруашылығы тоғандарында және (немесе) учаскелерде жүзеге асырылатын балықты аулау және басқа да су биологиялық ресурстарын аулау;
      2) теңіздік аулау - белгілі балықтар және басқа да су жануарлардың миграциялық және басқа да ерекшеліктерін есепке алып бекітілген учаскелер шегінен тыс су тоғандардың (теңіздердің, көлдердің) ашық бөліктерінде жүзеге асырылатын балықты аулау және басқа да су биологиялық ресурстарын аулау.
      Уәкілетті орган халықтың жаппай демалатын орындарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейтін рекреациялық балық аулау аймақтарын жасайды.
      5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - кәсіпшілік емес аулау құралдарымен жүзеге асырылатын спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық сайыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ олжаланылған өнімді өзі пайдалануы үшін балықты аулау және басқа да су биологиялық ресурстарын аулау.
      Спорттық және әуесқойлық балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберуімен ("ұстап алу - қоя беру" қағидаты бойынша), сонымен қатар қайтадан жібермей де жүзеге асырылуы мүмкін.
      6. Кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі уәкілетті органымен белгіленеді.
      35-бап. Балық аулауға құқық
      1. Кәсіпшілік балық аулауға құқық жеке және заңды тұлғаларға:
      1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;
      2) балық аулау үшін уәкілетті органмен жасасқан шарты болған кезде беріледі.
      2. Спорттық, әуесқойлық балық аулауға, өсімін молайту мақсатындағы, мелиоративтік және эксперименталды аулауға құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдама болған кезде беріледі.
      3. Бақылаулық аулау тек қана уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
      4. Ғылыми-зерттеулік аулауға құқығы ғылыми ұйымдар жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдама болған кезде болады.";
      19) 37-баптағы "тоғандарын (учаскелерін)" деген сөздер "тоғандарын және (немесе) учаскелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 39-бапта:
      атауы мен мәтіні бойынша "тоғандары (учаскелері)", "тоғандарына (учаскелеріне)", "тоғандары (учаскелері)", "тоғандарынан (учаскелерінен)", "тоғандарында (учаскелерінде)" деген сөздер тиісінше "тоғандары және (немесе) учаскелері", "тоғандарына және (немесе) учаскелеріне", "тоғандары және (немесе) учаскелері", "тоғандарынан және (немесе) учаскелерінен", "тоғандарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "балық аулау және басқа су жануарларын аулау" деген сөздер "балық және басқа су биологиялық ресурстарын аулау, өсіру және көбейту" сөздерімен ауыстырылсын;
      Мына редакциядағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
      "3-1. Балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) олардың учаскілері балық өсіру және аквакультура мақсаттарында биологиялық негіздеме болған кезде пайдалану мүмкін.
      Балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) олардың учаскілері балық өсіру мақсатында балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаны толығымен немесе ішінара ауысуымен пайдалану мүмкін.";
      4-тармақтағы:
      3) тармақшадағы "балық аулау кәсіпшілігі" деген сөздер "балық шаруашылығы" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "ойылған жерден шыққан өлі және ауру балық пен балық аулау құралдарын" деген сөздер "жүзу құралдары және балық аулау құралдарынан өлі және ауру балықты" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      8) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "8) мұз қатқан кезде балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерде уәкілетті органның келісімінсіз автомобиль көлігі, су көлігі және өзге механикалық жылжымалы құралдармен баруға;";
      мына мазмұндағы 9)-10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) жеке және заңды тұлғаларға бір түрдегі балықты басқа атаумен немесе "өзге" және "майда" атауымен тапсыруды және қабылдауды өткізу;
      10) бір мезгілде екі және одан артық салма жылымды сүзу (жауып тастау), сондай-ақ салма жылымды, алдыңғы салма жылым жағаға толық шығарылмай тұрып тастауға;
      11) балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерде балық аулауға тыйым салынған мезгілде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органның келісімінсіз су көлігінің барлық түрлеріне қосулы мотормен жүруіне тыйым салынады.";
      5-тармақта:
      7) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтінінде "балық аулауға тыйым салынады." сөздері ";" белгімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "8) балық аулау ережелері мен шектеулер мен тыйым салулармен жол берілмейтін тәсілдермен;
      9) уәкілеті органның рұқсатынсыз аулаудың жаңа түрдегі құралдар мен тәсілдермен, сондай-ақ рұқсатта көзделгендерден ұясы кем мөлшердегі аулау құралдарын қолдануымен;
      10) аулау құралдарын өзен немесе саға енінің үштен екісінен астам бөлігіне орналастырумен;
      11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен құрумен, сондай-ақ өзендер мен бастаулардың, құятын арналардың сағасынан бес жүз метр радиуста вентерлер мен секреттер орнатумен;
      12) бөгеттерден, шлюздерден және көпірлерден бес жүз метрден жақын емес қашықтықта (кәсіпшілік балық аулау);
      13) балықтар мен басқа да су жануарлары шоғырланған және миграция жолдарында олар көбейетін кезінде;
      14) жарылғыш және улы заттар, сондай-ақ атыс қару қолданумен балық аулауға тыйым салынады.";
      21) 40-бап мына редакцияда жазылсын:
      "40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын және(немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі
      1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелері, облыстық атқарушы органның шешімімен конкурстық негізде бекітіліп беріледі.
      Конкурс конкурсты өткізу ережелеріне сәйкес жасалынған құрамында уәкілетті органның, облыстық атқару органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдардың өкілдері қосылған комиссиямен өткізілінеді. Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілінген жағдайларда, конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.
      Балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су тоғандарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі он жылдан қырық тоғыз жылға дейін болып анықталады.
      Жергілікті маңызы бар балық қырылу қаупі бар су тоғандары және (немесе) олардың учаскелері балық аулау үшін бір жылдан бес жылға дейін мерзімге бекітіліп беріледі.
      Бұрынғы ұйымдастырылған аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтар шекаралардағы аңшылық алқаптар және балықшаруашылық тоғандар және (немесе) учаскелер қосымша шаруашылықаралық аңшылық өсіруді ұйымдастыруды өткізбей-ақ - алдыңғы тексерулер материалдарында конкурстық негізде қайтадан бекітіледі.
      2. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануында болатын жер учаскелеріндегі аңшылық алқаптар белгіленген біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және уәкілетті органның ұсынымы болғанда конкурс өткізілмей, олардың өтінімі бойынша облыстық атқарушы органның шешімімен өздеріне бекітіліп беріледі.
      3. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы тоғандары және (немесе) олардың учаскелері орналасқан жеке меншігінде немесе уақытша жер пайдалануына жер учаскелер бар болған жеке және заңды тұлғалар олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес және уәкілетті органның ұсынысы болған жағдайда осы су тоғандары және (немесе) учаскелерін бекітуіне басымдығы болады.
      4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы балық шаруашылығы тоғандары және (немесе) учаскелерінің аумақтары немесе акваторияларына жататын учаскелерде мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу және аң аулау және (немесе) балық аулауға сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.
      5. Мемлекеттік тапсырыс негізінде өсімін молайту мақсатында балық шаруашылығы тоғандары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелері) уәкілетті орган ұсынысы бойынша 49 жылғы мерзімге дейін өсімін молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілуі мүмкін.";
      22) 45-ші бапта:
      3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтінінде "болуы мүмкін." сөздері ";" белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 4)-ші тармақшамен толықтырылсын:
      "4) балықтың қырылуына әкеліп соғу мүмкін су тоғандарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және басқа да режімдерінің бұзу қауіптері туындауы болуы мүмкін.";
      47-баптың 2-тармағында "тоғандарында (учаскелерінде)" деген сөздер "тоғандарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 50-ші бапта:
      5)-ші тармақшадағы "жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарт және рұқсат" деген сөздер "балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу шарт, балық аулауға және (немесе) аң аулауға шарт, жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарт, жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтінінде "болып табылады." сөздері ";" белгімен ауыстырылсын;
      25) 51-ші бапта:
      3-тармақта "облыстың" деген сөзден кейін "бассейіннің" деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақтағы "облыстың" деген сөзі "облыстың (бассейіннің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "облыстағы" деген сөз "облыстағы (бассейндегі) және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 52-ші бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақшадағы "(учаскелерінің) аумақтарында және" деген сөздер" және (немесе) учаскелерінің аумақтарында, балықты қорғау аймақтарда, балық шаруашылығы су тоғандары және (немесе) учаскелерінің жағалау белдеуінде, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "8) заң актілермен белгіленген тәртіппен заңдарды бұзушылықпен пайдаланылатын жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарды, көліктерді, және жүзу құралдарды тиісті шешім қабылдағанға дейін сақтау үшін алып қоюға;";
      11) тармақшасында мемлекеттік тілде "құқығы бар." деген сөздері ";" белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 12), 13) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "12) бас сағалық су тартқы ғимараттарын құрал-жабдықтары тиісті балық қорғау құралдарымен жабдықтандыру және су тұтыну талаптарын уәкілетті органымен келістіру нысанасына оларды тексерулерді жүргізу;
      13) балық шаруашылығы тоғандарында немесе учаскелерде, жаға жолағында және олардан шығуда табылатын тұлғаларда жануарлар дүниесін пайдалануды жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарын тексеру қағу құқығы бар.";
      2-тармақта:
      7) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялау, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;";
      3-тармақта "адамдары" деген сөзден кейін "айырым белгілері бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 56-бапта:
      1, 3-тармақтарында "тоғандарында (учаскелерінде)" деген сөздер "тоғандарында және (немесе) учаскелерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мына мазмұнда жазылсын:
      "2. Қорықшылар:
      1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қорықшылардың кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға не уәкілетті органға міндетті түрде беру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
      2) қорықшы қызметінің айырым белгілері бар арнаулы киім кию, атыс қару алып жүру құқығы бар.".
      3. Қазақстан Республикасының 2006 ж. 7-ші шілдедегі "Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар туралы"  Заңында  (Қазақстан Республикасының Парламент Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; 2007 ж. N 1, 4-құжат):
      1) 20-баптың 4-тармағы мына мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
      "Балық аулауға және басқа да су жануарларын ұстауға қолданылатын немесе қолдануға болатын, немесе олардың қор өсімін молайту үшін маңызы бар су объектілерін және (немесе) олардың учаскелерін ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар құрамына қосу балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісімімен және осы су объектілері бекітілген тұлғалардың мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.";
      2) 69-шы бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында "аң аулауға, балық аулауға, кез келген тәсілдермен және құралдармен жабайы жануарларды олжалауға" деген сөздер алып тасталсын;
      мына мазмұндағы 1-2-тармағымен толықтырылсын:
      "1-2. Кешендік, зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға, балық аулау және басқа да су жануарларын олжалауға жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақталуына қауіп туғызбайтын жануарлар әлемі объектілерін алып қоюына жол берілетін көлеміне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жағдайда рұқсат береді.".
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады