"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1366 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытынды (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2007 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарабына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2007 жылғы 29 желтоқсандағы  
N 1366 қаулысымен      
бекітілген         

  "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың
және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға
арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарабы дипломатиялық арналар арқылы ұсынған (Ресей Федерациясы СІМ 2007 жылғы 19 қарашадағы шығыс N 11445/3дснг) Ресей Федералдық ғарыш бағдарламалары, "Ғаламдық навигациялық жүйе" федералдық мақсатты бағдарлама, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарын, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарын және Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2008 жылға арналған жоспарын қарады.
      2007 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның он бірінші отырысының хаттамасында 2008 жылдың бірінші тоқсанында Ресей Тарабының зымыран отынының улылығы жоғары құрауыштарын пайдаланатын зымырандардың кейбір типтерін ("Протон", "Циклон", РС-20) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыруды кезең-кезеңмен қысқарту жөнінде ұсыныстар беруі көзделгенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі "Союз", "Зенит" зымыран-тасығыштары бойынша 2008 жылға арналған және "Протон", МБР РС-18 зымыран-тасығыштары бойынша 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған көрсетілген жоспарларды зымырандар ұшыруларының қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізуге және әр жоспарланған ұшыруға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-тасығыштардан бөлінетін бөлшектердің құлау аудандарын пайдалануға қатысты барлық екі жақты шарттардың талаптары орындалған жағдайда ғана келіседі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады