"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1379 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қаруына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж, N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж, N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 79-1-баппен толықтырылсын:
      "79-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат беруі
      Серіктестіктің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы барлық қатысушыларды хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс";
      2) мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
      "92-1-бап. Акционерлік қоғамның ақпарат беруі
      Қоғамның атқарушы органы корпоративтік дау бойынша сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, жасалған талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы барлық қатысушыларды хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс.";
      3) мынадай мазмұндағы 99-1-баппен толықтырылсын:
      "99-1-бап. Өндірістік кооперативтің ақпарат беруі
      Кооперативтің корпоративтік дау бойынша сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, жасалған талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы кооператив мүшелерін хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс.".
      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
      1) 30-бапта:
      бірінші бөлік "даулар жөніндегі" деген сөздерден кейін ",оның ішінде корпоративтік даулар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-3-бөлікпен толықтырылсын:
      "1-3. Корпоративтік дауларға заңды тұлғалар арасындағы даулар, сондай-ақ бір тарабы заңды тұлға (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және/немесе оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) және/немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылатын:
      1) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына не заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден жалтаруға байланысты;
      2) заңды тұлғаның мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің, мүшелерінің) талаптарынан туындайтын;
      3) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарын есепке алуға байланысты бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметінен туындайтын;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процессінде жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты даулар жатады.";
      2) 66-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуі және тікелей сотқа жіберілуі тиіс.";
      3) 158-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Корпоративтік даулар бойынша талаптар қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды енгізуге заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сот рұқсат береді."
      3. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат):
      мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      "10-1-бап. Кооперативтің ақпарат беруі
      Кооперативтің корпоративтік дау бойынша сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, жасалған талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы кооператив мүшелерін хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс".
      4. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; N 20, 153-құжат):
      1) 50-бапта:
      бірінші бөлік "Жалпы" деген сөздің алдынан "1." санмен толықтырылсын;
      екінші бөлік "Жауапкершілігі" деген сөздің алдынан "2." санмен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
      "60-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат беруі
      Серіктестіктің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы барлық қатысушыларды хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс".
      5. "Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 23, 413-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ауылшаруашылық серіктестігінің мүшелері сот тәртібімен басқару органдарының шешімдері мен әрекеттеріне шағымдана алады.
      Серіктестік мүшелері жалпы жиналысының осы Заңның, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, серіктестіктің жарғысын бұза отырып қабылданған және серіктестік мүшесінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімді сот дауыс беруге қатыспаған немесе шағым жасалатын шешімге қарсы дауыс берген серіктестік мүшесінің өтініші бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
      Ауылшаруашылық серіктестіктің өзге органдарының шешімдеріне дау айту осы тармақта көрсетілген тәртіп пен мерзімдерде жүзеге асырылады";
      2) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
      "32-1-бап. Серіктестіктің ақпарат беруі
      Серіктестіктің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы, талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісім жасасу туралы, корпоративтік дау бойынша қабылданған сот актісін қабылдау туралы барлық мүшелерін хабардар етуге міндетті.
      Осы бапта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс.".
      6. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4 28,33-құжат; N 9 67-құжат; N 20, 153-құжат):
      1) 37-бап 2-тармақтың 2) тармақшасы "талап ету күні ірі акционер болып табылатын оның" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-бап. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
      1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап қоғамның атқарушы органының орналасқан жеріне тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
      2. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдарына өзгерістер енгізуге және ұсынылған жүргізілу нысанын өзгертуге құқығы жоқ.
      Қойылатын талаптарға сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысын шақырған кезде директорлар кеңесі өз қалауы бойынша жалпы жиналыстың күн тәртібін кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
      3. Егер акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап акционерлерден (акционерлерден) шыққан жағдайда, онда осындай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) аттары (атаулары) және оларға тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуі тиіс.
      Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші тұлғалар (тұлға) қол қояды.
      4. Директорлар кеңесі көрсетілген талапты алған күннен бастап он күн ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған сәтінен бастап үш күннен кешіктірмей осы талапты қойған тұлғаға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы немесе оны шақырудан бас тарту туралы хабар жіберуге міндетті.
      5. Ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешім егер:
      1) осы бапта белгіленген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап қою тәртібі сақталмаған;
      2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізу үшін ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
      Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотқа шағымдануға болады.
      6. Егер осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қоғамның директорлар кеңесі талап ету бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның шақырылуын талап етуші тұлға қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.";
      3) 43-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Шешім егер орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берсе, күн тәртібі артықшылығы бар акцияларға ие акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.";
      4) 58-бап мынадай мазмұндағы 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
      7. Қоғамның директорлар кеңесінің дауыс беруге қоғамның директорлар кеңесінің отырысына қатыспаған немесе осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген тәртіпті бұзып қабылдаған шешіміне қарсы дауыс берген мүшесі көрсетілген шешім бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.
      8. Егер көрсетілген шешіммен акционердің құқығы мен заңды мүдделері бұзылса, осы акционер қоғамның директорлар кеңесінің осы Заңның және қоғам жарғысының талаптарын бұзып қабылдаған шешімі бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.";
      5) 59-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қоғамның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге тұлғаға, оның ішінде қоғамның атқарушы органының басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Құқығы мен заңды мүдделері бұзылған тұлға сотқа жүгінген кезде қоғамның мәмілесін жарамсыз деп тану туралы талапты қоғамның атқарушы органының шешіміне шағым жасаумен байланыстыруға құқылы.";
      6) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасауы
      1. Қоғамның ірі мәміле жасауы туралы шешімді осы бапқа сәйкес директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
      2. Нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан кем мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен айыратын (сатып алынған немесе иеліктен айырған болуы мүмкін) ірі мәміле жасау туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесінің барлық мүшелері бір ауыздан қабылдайды.
      Егер ірі мәміле жасау туралы мәселе бойынша директорлар кеңесі бірауыздан қабылдауға қол жеткізбеген жағдайда, қоғамның директорлар кеңесінің шешімі бойынша ірі мәміле жасау туралы мәселе акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне енгізілуі мүмкін. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі дауыс беруге қатысатын қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
      3. Нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызын және одан көбін құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен айыратын (сатып алынған немесе иеліктен айырған болуы мүмкін) ірі мәміле жасау туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында айқын басым көпшілігімен қабылданады.
      4. Ірі мәміле жасау туралы шешімде оның тарабы (тараптары), пайда алушы (пайда алушылар) болып табылатын тұлға, бағасы, мәміленің мәні және өзге де оның елеулі шарттары көрсетілуі тиіс.
      5. Егер ірі мәміле бір мезгілде жасалуына мүдделілік бар мәміле болып табылса, оны жасау тәртібіне осы Заңның 73-бабының ережелері ғана қолданылады.
      6. Қоғам акционерлер мен кредиторларды хабардар ету мақсатында директорлар кеңесі қоғамның ірі мәміле жасауы туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күн ішінде мәміле туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және басқа тілдерде хабарлама жариялауға міндетті.
      7. Қоғам жарғысында жасасу туралы шешімдерді акционерлердің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелердің тізбесі, сондай-ақ оларды жасау тәртібі айқындалуы мүмкін.";
      7) 79-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) сотта корпоративтік дау жөніндегі іс қозғалуы, берілген талаптың негіздемесінің немесе мәнісінің өзгертілуі, талаптан бас тарту, бітімгершілік келісімге келу, корпоративтік дау жөніндегі сот актісінің қабылдануы;
      осы тармақта көрсетілген ақпарат оның берілгені туралы хабарламасы бар жазбаша нысанда, телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын қолдана отырып корпоративтік дау жөнінде азаматтық істің қозғалуы туралы ұйғарым шығарылған сәттен бастап жеті күн ішінде ұсынылуы тиіс;";
      2-1-тармақтағы "және 9)" сөздер ", 9) және 9-1)" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады