Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1381 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:

      тақырыбында "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен, кіріспесінде, 2-бөлімнің тақырыбында "аударымдарды есептеудің" деген сөздерден кейін "және аударудың" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың екінші абзацындағы және 7-тармақтың төртінші абзацындағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      9-тармақта:

      алтыншы, жетінші, және сегізінші абзацтардағы "тиісті" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші абзацтағы "3 пайызы" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;

      2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы";

      сегізінші абзацтағы "құрайды" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен жалақының кемінде 4 пайызын;

      2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы, бірақ тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен жалақының кемінде 5 пайызын құрайды.";

      Ережеге 1, 2-қосымшаларда "аударымдарды есептеу" деген сөздерден кейін "және аудару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады