"Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 7 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2008.06.26  N 620  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Су кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су   кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органда", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бап:
      мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11-1) сумен жабдықтау - су тұтынушыларға сумен жабдықтау жүйелері арқылы су алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және бөлуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
      11-2) су бұру - су объектілеріне және/немесе жергілікті жер рельефтеріне су бұру жүйелері арқылы ағынды суларды алуды, тасымалдауды, тазартуды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;";
      22) тармақшадағы "су дайындаумен, ағынды суларды бұрумен" деген сөздер "сумен жабдықтаумен, су бұрумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) тармақшадағы "суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "24-1) сумен жабдықтау жүйесі - суды тұтыну орындарына суды алуға, сақтауға, дайындауға, беруге және бөлуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      24-2) су бұру жүйесі - тазарту құрылыстарын қоса алғанда, олар арқылы ағынды суларды алу, тасымалдау, тазарту және бұру жүзеге асырылатын инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;";
      25) тармақшада:
      "су объектілерінде" деген сөздер алып тасталсын;
      "халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету ағынды суларды бұру" деген сөздер "сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) тармақшада:
      "дайындау,", "беру," деген сөздер алып тасталсын;
      "суды су пайдаланушыларға тасымалдау" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      31) тармақшадағы "су пайдалану" деген сөздер "сумен жабдықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      49) тармақша "қорғау" деген сөзден кейін "сумен жабдықтау және су бұру аясында реттеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу.";
      4) 10-баптың 1-тармағындағы "құрылыстарын" деген сөз "жүйелерін" деген сөзбен ауыстырылсын, "басқару" деген сөзден кейін "сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Су шаруашылығы жүйелері және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.";
      6) 35-бапта:
      1) тармақшадағы "экономика салаларын," деген сөздерден кейін "елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "су тұтыну, су беру" деген сөздер "сумен жабдықтау және су бұру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын" деген сөздер "су шаруашылығы жүйелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 36-бап:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін бекітеді;
      1-2) Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;";
      8) 37-бапта:
      1) тармақша "су қорын" деген сөздердің алдынан "өз құзыреті шегінде" деген сөздермен, "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
      3-2) Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін әзірлейді;";
      мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
      "26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;";
      9) 38-баптың 3) тармақшасындағы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау, су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 39-бапта:
      5) тармақша "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау, су бұру" сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшасындағы "су объектілерінің" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 79-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "су пайдаланушыларға" деген сөздердің алдынан "су дайындау және/немесе" деген сөздермен "су пайдаланушыларға" деген сөздерден кейін "және/немесе су тұтынушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 87-баптың 2) тармақшасындағы "су беру" деген сөздер "сумен жабдықтау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 134-бапта:
      тақырыбы "Су беру" деген сөздердің алдынан "Су пайдаланушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға және басқа да су шаруашылығы іс-шараларын орындауға байланысты көрсетілетін қызметтер ақылы негізде жүзеге асырылады.";
      2-тармақтағы "су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері" деген сөздер "Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 139-баптың 1) тармақшасы "өз бетінше су пайдалану" деген сөздерден кейін "және/немесе сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелеріне қосылу" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) 3-баптың 1-тармағында, 2-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында;
      10-баптың тақырыбында;
      3-бөлімнің тақырыбында;
      5-тараудың тақырыбында;
      33-баптың 1-тармағының тақырыбында;
      34-баптың тақырыбында, бірінші абзацында, 1) тармақшасында;
      35-баптың тақырыбында, бірінші абзацында;
      6-тараудың тақырыбында;
      36-баптың тақырыбында, 1) тармақшасында;
      37-баптың 14) тармақшасында;
      38-баптың тақырыбында, 1) тармақшасында;
      39-баптың тақырыбында;
      40-баптың 16), 20) тармақшаларында;
      41-баптың 3) тармақшасында;
      43-баптың 3-тармағында;
      8-тараудың тақырыбында;
      44-баптың тақырыбында, 1, 2-тармақтарында;
      11-тараудың тақырыбында;
      61-баптың тақырыбында, 1, 3-тармақтарында;
      71-баптың 9) тармақшасында;
      72-баптың 18) тармақшасында;
      79-баптың 1, 2, 3-тармақтарында;
      15-тараудың тақырыбында;
      81-баптың тақырыбында, 1, 2-тармақтарында;
      85-баптың тақырыбында, 1, 2-тармақтарында;
      9-бөлімнің тақырыбында;
      132-баптың тақырыбында, 2), 3) тармақшаларында;
      139-баптың тақырыбында, 1, 2-тармақтарында;
      140-баптың тақырыбында, бірінші абзацында
      "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады