"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 19 Қаулысы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Президенті
Өкім Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

     "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Кармазина                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Лена Мағауияқызы                және бюджеттік жоспарлау
                               вице-министрі, хатшы

Сағынтаев                     - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Әбдірұлы               Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы               министрі

Пірматов                      - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы                және бюджеттік жоспарлау
                               вице-министрі

     мына:

"Орынбаев                     - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы               Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы                және бюджеттік жоспарлау
                               вице-министрі, хатшы"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Орынбаев                     - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы               Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төрағаның орынбасары

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы                Экономика және бюджеттік
                               жоспарлау вице-министрі";

     көрсетілген комиссияның құрамынан Н.А. Коржова шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады