Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы N 25 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1313 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429 Қаулысымен. 

      Инвестициялық және өндірістік әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау, отандық машина жасау өнімінің экспортқа бағдарлануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429 Қаулысымен. 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестіктің жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні машина жасауды ғылыми, техникалық және технологиялық дамыту саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін;
      2) серіктестіктің жарғысын бекітсін;
      3) серіктестіктің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын берсін;
      5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.05.07  N 429 Қаулысымен. 

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 17 қаңтардағы
N 25 қаулысымен   
бекітілген     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 525-жол алынып тасталсын.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-114-жолмен толықтырылсын:
      "123-114         "Машина жасау" салааралық ғылыми-
                        технологиялық орталығы" ЖШС.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетіне" деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-1-жолмен толықтырылсын:
      "291-1           "Машина жасау" салааралық ғылыми-
                        технологиялық орталығы" ЖШС;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетіне" деген бөлім алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
      "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы".

      5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483  қаулысында :
      1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
      "11-1. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлімде:
      "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген 4-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады