Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.27 № 1211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 қаңтардағы
N 31 қаулысымен
бекітілген
Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлу тәртібін анықтайды.
2. Субсидиялар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік мұражайлардың шығындарын пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.
2. Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты
мемлекеттік мұражайлардың шығындарын жабуға бюджеттік субсидиялар алу тәртібі
3. Республикалық бюджеттен субсидиялар бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу жергілікті атқарушы орган бекіткен қаржыландыру жоспарына және бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.
4. Мемлекеттік бюджеттен субсидияларды бөлу сомасы мұражайлардың өздері өз қаражатынан жабатын құнды шегере отырып, мемлекеттік мұражайлардың ағымдағы шығыстарының құнын жабуға жіберу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидиялардың мөлшері мемлекеттік мұражайлардың жалпы ағымдағы шығыстарының 80 %-ынан аспауы тиіс.
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
1) субсидиялардың мөлшерін анықтайды;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мұражайларға бөлінетін субсидиялардың көлемі туралы мәліметті жеткізеді;
3) ай сайын субсидияларды бөлу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын береді.
6. Аумақтық қазыналық бөлімшесіне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жауапты болады.
7. Мемлекеттік мұражайлар алатын субсидиялар екінші деңгейдегі банктерде ашылатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде арнаулы мақсаты бойынша жұмсалады.
8. Мемлекеттік мұражайлар субсидиялар алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне:
1) жыл сайын ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес алынған субсидиялар көлемінің негізінде алдағы жылға көрсетілетін қызметтер бойынша кірістер мен шығыстардың бекітілген есептемелерін;
2) ай сайын айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес алдағы айға шығындарды жабу есептемелерін ұсынады.
9. Мемлекеттік мұражайлар есептемелердің анықтығы мен дұрыс жасалуына жауапты болады және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
10. Мемлекеттік мұражайларға субсидияға бөлінген бюджет қаражатының тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.
Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
1-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
кіріс жоспары
Р/ c N № |
Көр- мелер саны |
Экскур- сиялар саны |
Келуші- лер саны (мың адам) |
Кірістер (мың теңге) |
Ескертпе | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Билет сату- дан |
Жалға беру- ден |
Өзге- лер |
|||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
2-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_________
шығыс жоспары
мың теңге
Р/с N № |
Көрсеткіштердің атауы | Сомасы | Ескертпе |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және реставрациялануын
қамтамасыз етуге байланысты
шығындарды жабуға бюджеттік
субсидиялар бөлу ережесіне
3-қосымша
__________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20__ жылғы_____ айына
мемлекеттік мұражайлардың шығындарын жабу есептемесі
мың теңге
Сатылатын қызметтердің өзіндік құны |
Меншікті кірістер сомасы |
Субсидиялар сомасы |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |