1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы туралы келiсiмге Тәжікстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы және 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) 2002 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған, 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Pecей Федерациясының Yкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы туралы келiсiмге Тәжiкстан Республикасының қосылуы туралы хаттама;
      2) 2002 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған, 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан
Республикасының Yкiметi, Қырғызстан Республикасының
Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы бiлiм,
ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара
тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы
24 қарашадағы келiсiмге Тәжiкстан Республикасының
қосылуы туралы
XATТAMA

      Бұдан әpi "Тараптар" деп аталатын, Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi бiр тараптан және Тәжiкстан Республикасы екiншi тараптан,
      "1996 жылғы 29 наурыздағы экономикалық және гуманитарлық салаларда ықпалдастықты тереңдету шартына Тәжiкстан Республикасының қосылуын құқықтық ресiмдеу туралы" 1999 жылғы 26 ақпандағы Мемлекетаралық Кеңестiң N 34 шешiмi және Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмнiң 23-бабын басшылыққа ала отырып,
      Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге Тәжiкстан Республикасының қосылуы туралы үндеуiн назарға ала отырып,
      Бiрыңғай еңбек рыногын құруға Тараптардың талпынысын ескере отырып,
      бiлiм, ғылым және мәдениет саласында Тараптар арасындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту мен тереңдетудi жетiлдiруді тiлей отырып,
      бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттардың белгiленген нормаларын өзара тануға талпына отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) Тәжiкстан Республикасы қосылады және осы Келiсiмнен туындайтын құқық пен мiндеттердi толық көлемде қабылдайды.

2-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бiр бөлiгi болып табылады.

3-бап

      Тараптар Тәжiкстан Республикасының қосылуына байланысты Келiсiмге қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi, олар жеке Хаттама болып ресiмделедi.

4-бап

      Осы Хаттаманың Депозитарийi болып Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Ықпалдастық Комитетi болып табылады.

5-бап

      Осы Хаттама қол қойылғаннан кейiн уақытша қолданылады және депозитарийге Тараптардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарламаны сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама Келiсiмнiң қолданыстағы кезеңiнде әрекет етедi.
      2002 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында бiр түпнұсқалы данада орыс тiлiнде жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Тараптардың әр бiрiне расталған оның көшiрмесiн жiберетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Ықпалдастық Комитетiнде сақталады.

      Беларусь                         Ресей         
      Республикасының                  Федерациясының
      Үкіметінен                       Үкіметінен

      Қазақстан                        Тәжікстан
      Республикасының                  Республикасының
      Үкіметінен                       Үкіметінен

      Қырғызстан
      Республикасының
      Үкіметінен

Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының
Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм,
ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара
тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24
қарашадағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясы Үкiметi, Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,
      Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге қосылу туралы хаттаманың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғызстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар жөнiндегi құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы қосылу келiсiмiнiң (бұдан әрi - Келiсiм) аты және Келiсiмнiң кiрiспе сөзiндегi бiрiншi абзацындағы "Ресей Федерациясы" деген сөзден кейiн оған тиiстi септiк жалғаулармен "және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi" деген сөзбен толықтырылсын.

2-бап

      Келiсiмнiң кiрiспе сөзiндегi төртiншi абзацында "төртжақты" деген сөз "көпжақты" деген сөзбен ауыстырылсын.

3-бап

      Келiсiмнiң 2-бабы "Ресей Федерациясында берiлетiн" деген сөзден кейiн "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн, аяқталмаған орта бiлiм туралы куәлiк" деген сөзбен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

4-бап

      Келiсiмнiң 3-бабы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн орта бiлiм туралы аттестат".
      Аталған баптың бесiншi абзацы жеке алтыншы абзац болып саналсын.

5-бап

      Келiсiмнiң 4-бабы "Ресей Федерациясында берiлетiн" деген сөзден кейiн "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн арнаулы орта бiлiм туралы кiшi маманның дипломы" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

6-бап

      Келiсiмнiң 5-бабы "Ресей Федерациясы" деген сөзден кейiн "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн кiшi маманның дипломы (жоғарғы бiлiм базасында)" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

7-бап

      Келiсiмнiң 6-бабы "Ресей Федерациясы" деген сөзден кейiн "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн аяқталмаған жоғарғы бiлiм туралы куәлiк" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

8-бап

      Келiсiмнiң 7-бабы "Қырғызстан Республикасында" деген сөзден кейiн "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн толық жоғарғы бiлiм туралы маманының дипломына нормативтiк оқу мерзiмi 5 жыл кәсiбiн беру, Медициналық университеттен басқа" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

9-бап

      Келiсiмнiң 8-бабы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Тәжiкстан Республикасында және Peceй Федерациясында берiлетiн бакалавр дәрежесiн беру туралы куәландыратын бакалавр дипломы кәсiптiк жоғарғы бiлiм туралы, жоғарғы бiлiмдi жалғастыру және Тараптар мемлекетiнiң аумағында жұмысқа қабылданған кездер тараптар тарапынан танылады, егерде құжатты берген бiлiм мекемелерi бiлiм туралы құжаттардың баламалылығын өзара тану жөнiндегi белгiленген органдардың өлшемдерiне жауап бередi."

10-бап

      Келiсiмнiң 9-бабы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн жоғары бiлiм туралы маман бiлiктiлiгiнiң берiлгендiгi туралы куәландыратын диплом".
      Аталған баптың бесiншi абзацы жеке алтыншы абзац болып саналсын.

11-бап

      Келiсiмнiң 10-бабы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тәжiкстан Республикасында берiлетiн жоғары бiлiм туралы магистр дәрежесiнiң берiлгендiгi туралы куәландыратын дипломы".
      Аталған баптың бесiншi абзацы жеке алтыншы абзац болып саналсын.

12-бап

      Келiсiмнiң 13-бабының екiншi бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын: Бiлiм туралы құжаттарды өзара тану жөнiндегi орган бiлiм туралы құжаттарды тану өлшемдерi жөнiнде шешiм қабылдайды және Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Ықпалдастық Комитетi бекiткен Ереже негiзiнде әрекет етедi, Хатшылық осы органның қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

13-бап

      Осы Хаттаманы қолданумен байланысты туындаған даулы мәселелер Тараптардың келiссөздер және кеңестерi арқылы шешiледi.

14-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып саналады.

15-бап

      Осы Хаттаманың Депозитарийi Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Ықпалдастық Комитетi болып табылады.

16-бап

      Осы Хаттама қол қойылғаннан кейiн уақытша қолданылады және депозитарийге Тараптардың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлік рәсiмдердiң орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарламаны сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама Келiсiмнiң қолданыстағы кезеңiнде әрекет етедi.
      2002 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында бiр түпнұсқалы данада орыс тiлiнде жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Тараптардың әр бiрiне расталған оның көшiрмесiн жiберетiн Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Ықпалдастық Комитетiнде сақталады.

      Беларусь                         Ресей         
      Республикасының                  Федерациясы
      Үкіметінен                       Үкіметінен

      Қазақстан                        Тәжікстан
      Республикасының                  Республикасының
      Үкіметінен                       Үкіметінен

      Қырғызстан
      Республикасының
      Үкіметінен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады