2002 жылы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасы Үкіметінің қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 57 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасы Үкіметінің қосылуы туралы хаттама жобасы мақұлдансын.

      2. 2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасы Үкіметінің қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 57 қаулысымен 
мақұлданған   

жоба

  2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы
24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және
Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми
дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және
олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасы
Үкіметінің қосылуы туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі бір тараптан және Өзбекстан Республикасының Үкіметі екінші тараптан,
      2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Тәжікстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ескере отырып,
      2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,
      2002 жылғы 26 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамамен енгізілген өзгерістері бар 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімнің 23-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 26 ақпанда қол қойылған хаттамамен енгізілген өзгерістері бар 1998 жылғы 24 қарашадағы Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы туралы келісімге Өзбекстан Республикасы қосылады және одан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді толық көлемде қабылдайды.

  2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап күшіне енеді.

      200__ жылғы "__" ______ ________ қаласында орыс тіліндегі бір данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшірмесін Тараптарға жіберетін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде депозитарийде сақталады.

Беларусь Республикасының      Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының     Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының        Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады