Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі N 10 қаулысына (1999 жылғы 30 сәуірдегі және 2004 жылғы 18 маусымдағы өзгерістері және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" деген сөздер "Жоғарғы Сотының" деген сөздермен, "қаулысы" деген сөз "нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспедегі "Жоғарғы Сот Пленумы" деген сөздер "Жоғарғы Соттың жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-тармақта:
үшінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Заңдарымен деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "iрi" деген сөзден кейін ", аса ірі" деген сөздермен толықтырылсын.
4) 9-тармақта:
екінші абзацтағы:
"лауазымды" деген сөз алып тасталсын;
"лауазымдық қылмыс туралы" деген сөздер "мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық және өзге де қылмыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "басқа лауазымды адамдарға" деген сөздер "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті не соған теңестірілген басқа тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |